ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ
ЖҮЙЕСІНДЕ КЕЙС-ТЕХНОЛОГИЯНЫ ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ
Мақалада қазақ тілін қашықтан оқыту жүйесінде кейс-технологияны қолдану әдістері туралы қарастырылады. Қазақ тілін «экономика» бағытындағы студенттерге оқытуда қолданылатын кейстің қашықтан оқыту жүйесіндегі орны, оны әзірлеу және сабақ үдерісінде қолдану жолдарының ерекшеліктері талданады. Қашықтан оқыту барысында студенттерге арналған тапсырмалардың өмірлік экономикалық жағдаяттармен тығыз байланысты болуы маңызды болып табылады. Авторлардың біріккен әдістемесі бойынша әзірленген кейс-тапсырмалары студенттерге мамандығына қатысты мазмұнның қазақ тілін үйрену құралына айналу жолдары баяндалған. Кейстапсырмаларын орындауда тілдік талдау мен кейстік талдаудың әдістері араластырыла қолданады. Осы ретте кейс-тапсырмаларын талдаудың бірнеше түрі көрсетілген. Тәжірибеде бірнеше жылдан бері қолданылған кейс-тапсырмаларының тиімділігі екендігіне көз жеткізіліп келеді. Сондықтан, қазақ тілін мамандыққа байланыстыра үйретуде терминдерді жай жаттату немесе мамандыққа байланысты мәтіндерді тыңдату, оқыту сияқты тапсырмаларды жалаң орындатпай, мазмұнның ішкі қабаттарына маман ретінде көз сала білуге үйрету – басты міндет.
Кілт сөздер: кейс-технология, қазақ тілі, жаттығулар жүйесі, әдістемелік талаптар.
КІРІСПЕ
Қазақ тілін қашықтан оқытуда оның жүйесін толыққанды ететін маңызды әдістемелік компоненттің бірі — кейс технологиясы. Заманауи оқыту технологияларының бірі ретінде кейс-технология берілген проблемалық жағдаятты талдау тапсырмаларына негізделеді. Оның құрамында пәндік тақырып бойынша тапсырмалар жүйесі, рөлдік ойындар, жоба әдісі, жағдаяттық талдау болады [1].
Студенттің алған білімін нақты проблемалық жағдаятты тиімді жолмен шешуге үйрететін кейс технологиясының оңтайлылығы оның бірнеше қызметінен танылады:
— біріншіден, қазақ тілі пәнінен берілетін білім мазмұнын, қазақ тілінің функционалдық- коммуникативтік міндеттерін шешуде терең білім беру жолдарын қолдану;
— екіншіден, қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесінде өмірдің барлық саласында, оның ішінде білім алу және кәсіби салаларында еркін және сауатты қолдануға дағдыландыратын мәнді жаттығулар мен тапсырмалар жүйесін оқытушының жетекшілігімен, ал көбінесе өз бетімен орындайды; сол арқылы өмірде қазақ тілін өз бетімен түрлі коммуникативтік жағдаяттарға сәйкес қолдануға қалыптастырады;
— үшіншіден, қазақ тілін аудиторияда топпен бірге оқудан басқа, жеке түрде меңгеруге қалыптастырады.
Қазақ тілі пәні бойынша қашықтан оқыту жүйесінде қолданылатын кейс технологиясының өзіндік ерекшеліктері арнайы қарастыруды талап етеді. Сонымен бірге, белгілі бір мамандыққа арналған кейс құрылымын әзірлеу осы кезге дейін толыққанды қолға алынбай келеді. Мақала тақырыбының өзектілігі осы мәселелермен байланысты анықталады
[2].
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қазақ тілін қашықтан оқыту жүйесіндегі кейс технологиясының категориалдық аппаратын айқын тану арқылы кейс технологиясын пайдаланудың тиімділігін жоғарылатуға болады. Әрине, кейс-технологияның табиғатына тән басты ұғымдар :
• «талдау»;
• «жағдаят»;
• «жағдаяттық талдау».
Мақаланың көлеміне сәйкес, бұл ұғымдарға барлығына тоқталмай, кейс-технологиясын қолданудағы «талдау» жолдарын көрсетейік. Қазақ тілін оқытуда студенттердің талдаудың бірнеше түрін қолданады. Атап айтатын болсақ:
— құрылымдық/композициялық талдау;
— семантикалық/мағыналық талдау;
— проблемалық талдау;
— жүйелік талдау;
— болжалдық талдау;
— праксеологиялық талдау.
Кейс-әдісті біртұтас деп санасақ, оның құрамындағы әрбір компронент болып тұрған әдістердің атқаратын өзіндік функциялары бар. Атап көрсетейік.
Кейс-әдісте қолданылатын модельдеу әдісі дегеніміз – кейсте берілген тілдіккоммуникативтік жағдаятты модельдеу және оны жан-жақты қарастыруды, содан кейін ол модельді өмірлік шынайы тілдік-коммуникативтік жағдаятқа көшіруге дағдыландыратын оқу-танымдық әдіс.
Кейс-әдісте қолданылатын жүйелік талдау әдісі студентте қабылдайтын шешімі туралы нақты ақпараты болмаған кезде, ол жағдаятты формалдандырып, алға қойылған оқутанымдық міндетті шешуге алып келеді. Берілген тілдік-коммуникативтік жағдаятты жүйе түрінде анықтап, ол жүйенің құраушыларын, олардың өзара байланыстары мен қатынастарын талдауға түсіру арқылы шешімге келуге дағдыландыратын әдіс болып табылады.
Кейс-әдісте қолданылатын ой эксперименті әдісі дегеніміз студенттердің алдына қойылған тілдік-коммуникативтік жағдаятты шешуде қолданатын оқу-танымдық әдістің бірі болып табылады. Бұл ой эксперименті әдісінің мәнісі -алдына қойылған жағдаят туралы ақпаратты студент өз санасында, дерексіздендіре отырып, ойша оны өзгертіп, ойында идеалдандыра келе, жасанды түрде өзгертулер жасауға ақиқатты тануға дағдыландырады.
Кейс-әдісте қолданылатын сипаттау әдісі дегеніміз – берілген тілдік-коммуникативтік жағдаятты терең бақылау арқылы танып, оның мазмұнындағы маңызды әрекеттер мен кейіпкерлерді еш өзгертусіз жалпы шолу түрінде сипттауға дағдыландыратын әдіс.
Кейс-әдісте қолданылатын проблемалық әдіс дегеніміз – білім алуға белсенді ойлау әрекеті арқылы жетуге бағытталған іс-әрекет, амал-тәсілдер жиынтығына қолданып, жағдаяттың құрамындағы қайшылықтарды анықтау арқылы тілдік-коммуникативтік жағдаяттың негізінде жатқан проблеманы айқындауға дағдыландыратын әдіс.
Кейс-әдісте қолданылатын жіктеу әдісі дегеніміз – студенттердің жіктеу әдісінің құрамындағы эвристикалық, оптимизациялық, дивизимдік, агломеративтік, итеративтік тәсілдерін қолдана отырып, ақпаратты «сығымдау» үшін немесе типологиялық талдау жасау үшін қолданылатын әдіс. Жіктеу әдісі арқылы студенттер тілдік-коммуникативтік жағдаяттың ұқсас қырларын, қасиеттерін өзара топтастыруға дағдыланады.
Кейс-әдісте қолданылатын ойын әдістері дегеніміз – тілдік-коммуникативтік жағдаяттың кейіпкерлерінің іс-әрекеттерінің нұсқаларының көрінісі. Психологиялықпедагогикалық әдебиетте ойын әдістерінің екі типі айырқшаланған [4]. Олар:
— еліктеу негізіндегі ойын әдістері, бұған іскери-рөлдік ойындар жатады;
— ашық типтегі ойындар, бұған ұйымдастырушылық-әрекеттік, инновациялық, жобалық, тәжірибе-іскери ойындар жатады.
Кейс-әдісте қолданылатын «Ми шабуылы» әдісі дегеніміз – студенттердің шығармашылық белсенділігін ынталандыра отырып, түрлі шешім жолдарын, тіпті қиялифантастикалық шешім болса да, ұсына отырып, тілдік-коммуникативтік жағдаяттың проблемасын шешуге дағдыландыру.
Кейс-әдісте қолданылатын пікірталас әдісі дегеніміз – студенттердің топтық белсенді әдістерді қолданып, өзара коммуникативтік қарым-қатынас үдерісінде алға қойылған проблеманың шешімін іздеуге дағдылануы.
Қазақ тілін қашықтан оқытуда қолданылатын кейс технологиясын әзірлеу барысында осыған тікелей байланысты орындалуы міндетті көптеген талаптар бар. Олардың ішінде келесілерін атап көрсетуге болады.
Ең алдымен, қазақ тілі пәні бойынша алынған тақырыпқа сай белгілі бір тілдіккоммуникативтік жағдаят анықталады. Ол жағдаяттың шынайы өмірмен тығыз байланысты болғаны, тіпті өмірден алынған болса, тіпті дұрыс болады.
Екіншіден, берілген тілдік-коммуникативтік жағдаятта уақиғалардың хронологиясы, уақыт шегі болуы міндетті болып табылады.
Үшіншіден, шешілуі тиіс шанйы өмірге өте жақын келетін проблема, коммуникативтік мәселе, /кикілжің/ болуы міндетті.
Төртіншіден, берілген тілдік-коммуникативтік жағдаят мазмұнында уақиғалық стиль орын алуы керек, онда уақиғаға қатысушылар, олардың функциялары, іс-әрекеттері, атқаратын қызметтері т.б. берілуі тиіс.
Бесіншіден, кейсте көрініс тапқан іс-әрекеттердің өзара бір шытырмандау мазмұнда келуі де сол шиеленісті шешуге деген студенттің қызығушылығын тудыратын элемент болып табылады [5].
ҚОРЫТЫНДЫ
Кейс-технологиясы, заманауи қалпында, қазақ тілі пәнін ( басқа да түрлі пәндерді) оқытуда студенттерді ттілдік-коммуникативтік жағдаятты талдау және қолы жеткен нәтижелерді тәжірибеде қолдана білуге дағдыландыратын инновациялық әдіс ретінде құнды болып табылады [6].
Қазақ тілін қашықтан оқытуда кейс технологиясын қолданудың ерекшелігі — студент өз бетімен орындауға белгілі бір көлемдегі оқу материалын және сәйкесінше оқу тапсырмаларын алады. Өз бетімен жұмыс жасауда студент уақытын өзі бөлуге, асықпай орындауға, е-пошта арқвлы оқытушыға тексеруге салуға мүмкіндік алады. Бұл, бір жағынан білім алу үдерісіндегі студенттің жауапкершілігін арттырады [7].
Қазақ тілінен студенттің өз бетімен жұмыс жасауына көбірек бағытталған кейстехнологиясының ішкі мазмұндық ерекшеліктері туралы алдағы мақалаларда арнайы қарастырылады.
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ
1 Полат Е.С. др. Дистанционное обучение. – Москва: Владос, 1998. – 192 с.
2 Курманова Б.Ж. Жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқытуда ақпараттықкоммуникациялық технологияларды қолдану әдістемесінің ғылыми негіздері. Монография. – Ақтөбе. 2009.- 280 б.
3 Переход к Открытому образовательному пространству. Часть 1. Феноменология образовательных инноваций. Коллективная монография. Под ред Г.Н. Прозументовой. Томск. Изд-во Том. Ун-та 2005 г.
4 Смолянинова О.Г. Инновационные технологии обучения студентов на основе метода Case Study: М.- сборник «Инновации в российском образовании», ВПО, 2000г.
5 Ситуационный анализ, или анатомия Кейс-метода \ под ред .Ю.П. Сурмина – Киев: Центр инноваций и развития 2002 г.
6 Айтбаева Б.М. Қазақ тілін қашықтан оқытудың теориялық аспектілері // Bulletin KazNU. Filology series. 2012. — № 4 (138). – 146-149 с. 7 Құрман Н.Ж. Қазақ тілін оқытудың әдіснамалық негіздері. – Астана, 2018. -160 с.
Н.Ж. Курман , Б.М. Айтбаева
Разработка и пути применения кейс-технологии в системе дистанционного обучения казахскому языку в вузе
Казахстанский филиал МГУ им. М.В. Ломоносова,
г.Нур-Султан, Республика Казахстан КарГУ им.Е.А.Букетова, г. Караганда, Республика Казахстан
В статье рассматриваются методика разработки и применения кейс-технологии в системе дистанционного обучения казахскому языку в высших учебных заведениях. Анализируется место и значение кейс-технологии в системе дистанционного обучения казахскому языку студентов направления «экономика», рассматриваются оптимальные пути применения кейс-технологии в учебном процессе. В процессе дистанционного обучения важно иметь ввиду, что кейс-задания должны быть связаны с жизненными экономическими ситуациями. Кейс-задания, подготовленные авторами, становятся эффективными средствами при обучении казахскому языку, что описано в статье. На занятиях по казахскому языку применяется комбинированный подход языкового, речевого и кейсового анализа. Показаны несколько видов разбора кейс-заданий, которые показали свою эффективность на практике. Обучение студентов профессиональному казахскому языку не должно стать просто заучиванием терминов или простых действий чтения, письма, говорения. Кейс-задания учат студентов углубленному анализу профессиональных текстов, что является главной задачей применения данной технологии.
N.Zh.Kurman1, B.M. Aytbaeva2
Development and ways of application of case-technology in the system of distance learning of the Kazakh language in high school
become just memorizing terms or simple actions of reading, writing, speaking. The case study teaches students in-depth analysis of professional texts, which is the main task of using case studies.