САЯСИ КОММУНИКАЦИЯНЫҢ ФОНОСТИЛИСТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

САЯСИ КОММУНИКАЦИЯНЫҢ ФОНОСТИЛИСТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Мақалада қазіргі лингвистикада саяси коммуникацияның фоностилистикалық өзекті мәселелерін зерттеудің маңыздылығы туралы айтылған. Фоностилиастика тек қана интонация теориясы мен стилистикадан құрылмайды. Саясаткерлердің ел алдында сөйлеген сөзінде жеке тұлғасы ғана емес, дыбыстық образы да зерттелуі-лингвистиканың жаңа бағыты. Жаңа саяси жағдайда коммуникативті әсер етудің де әдістері өзгерді, алайда саясат-билік үшін күрес. Бұл куресте жеңімпаз болу үшін, коммуникацияны меңгеру қажет екені ғалымдар дәлелдейді. Автор мақалада саяси коммуникация кеңістігінде фоностилистикалық сипатын зерттеу ауқымын баяндайды. Саяси коммуникацияны лингвистиканың аспектісі ретінде жүйелі және толыққанды феномен ретінде зерттеу аса қажетті. Авторлар саяси коммуникацияның зерттеу әдістерін ұсынады. Саяси коммуникацияның пайда болу тарихы, бағыттары, маңыздылығы, басқа тіл білімінің саласларымен байланысын, саяси коммуникацияның тілі, атқаратын функциясы, зерттеуші ғалымдар туралы кеңінен мәлімет береді.
Түйін сөздер: саяси коммуникация, фоностилистика, просодия, коммуникация теориясы, саяси лингвистика

КІРІСПЕ

Қазіргі заманғы саяси коммуникацияның функциясы жаһандану мен урбандалумен тығыз байланысты өзгеруде, саяси үдерістің дамуы күнделікті өмірде кең қолданыстағы ақпараттық технологиялардың дамуы да әсер етуде. Заманауи қоғам ақпараттық даму үстінде. Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың өсіп халықаралық саяси кеңістіктің дамуына әсер етері сөзсіз.
Қандайда бір ғылымды қарастырмас бұрын шығу тарихына, әр даму этаптарына талдау жасау арқылы бұл ғылымның қазіргі заманда алған бағыты мен алдына қойған мәселелерді қарастыруға көмек береді.
Қазіргі саяси лингвистиканың тарихы антикалық риторика кезеңі яғни, саяси қызыл тілге ерік берген сонау Ежелгі Греция мен Римнен бастау алады. Саяси коммуникацияны зерттеу әлеуметтік қажеттіліктен туындаған ғылымның саласы әсіресе, демократиялық қоғамға тән болғандықтан демократия дамуымен қоса Батыс Еуропадан бастау алады.
Ақпараттық технологиялардың үстемдік алуы әлеуметтік-саяси, экономикалық және қоғамның жаңа тілдік мәдени құрылымын жаңартып, коммуникацияның бет-пердесін де өзгертіп, қоғамдағы ақпарат алмасу ерекшеленуде. Француз әлеуметтанушысы Клод Леви-
Стросс ХХ ғасырдың 50-ж.ж. әлеуметтік ғылымдар коммуникация теориясына сүйене отырып, әлеумет интерпритацияланып, өзгеріске әкеледі деген.
Осылайша, жаһандық саяси-коммуникативті үдерістің фундаменталды базасы қызметін коммуникация теориясы және қоғамдық ақпараттық теориясын талқылау атқарады.
«Коммуникация» термині саяси ғылымда ХХ ғ.бастау алды, ертеректе техникалық термин ретінде қолданылған еді. Коммуникация ұғымы демократиялық практиканың, әлемдік саяси үдерістің ашықтығы әсерінен тіл мамандарының қызығушылығын оятып тіл ғылымында да кең қолдана бастады.
Қазіргі әлемде не болып жатқанын, саяси көсемдердің ел алдында сөйлеген сөздерінің не мақсатта айтылғанын, түпкі ойын анықтау үшін, көпшіліктің назарын аударып, олардың санасын билеп, монипуляциялау тәсілдерін қалай қолданатынын көре білу үшін саяси лингвистиканы зерттеу маңызды.
Фоностилистикалық зерттеулердің өзектілігін бірнеше факторлар арқылы анықтауға болады, олар индивидке сонымен қатар кең ауқымды аудиторияға әсер етуші құрал болып табылатын дыбыстық сөйлесімге қызығушылықтың артуы себеп. Адам санасындағы мәліметтің өзгеге әсері қалай жүзеге асатынын зерттеу, түсіндіру тіл ғалымдардың еншісінде. Лингвистика саласындағы ақтаңдақ болып қалған зерттеулерді толықтыру, саяси коммуникацияда просодиялық құралдардың функциялануы өзекті мәселе.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Тіл білімінің жаңа салаларының дамуы қазіргі кезде қалыптасқан ғылымдардың іліміне сүйене отырып жаңа бағытта дамуға, қалыптасуына негіз болады. Осындай лингвистиканың жаңа саласының бірі фоностилистика болып табылады.
Фоностилистика-ғылымның жаңа бағыты, стилистиканың бір бөлігі сөйлеу барысында дыбыстық және ртим-интонациялық құралдарды қолданудың заңдылықтарын зерттейді.
Ғылыми әдебиетте фоностилистиканың «дыбыстық стилистика», «айтылым стилистикасы», «фонетикалық стилистика», «стилистикалық фонетика», «функционалдық стильдер фонетикасы» атты атаулар кездеседі.
Соңғы кезде отандық және шетелдік лингвист ғалымдар арасында лингвистикада стилистикаға және фонетикада фоностилистикаға айрықша көңіл бөліне бастады. Н.С. Трубецкий, Ш.Балли, П. Леонның фоностилистиканың теориялық еңбектеріне сүйене отырып, К. К. Барышникова, А. С. Селях, Н. И. Портнова, Е. Нұрахметов француз тілінен; С. М. Гайдучик, Н. Л. Новицкая неміс тілінен; А. А. Антипова, О. П. Крюкова, Р. С. Трохина ағылшын тілінен фоностилистиканың қазіргі тіл біліміндегі мәселелерін зерттеп бірнеше еңбектер жазды. Қазақ тіл білімінде интонацияны зерттеуде З.М. Базарбаеваның еңбектерінде, «Сөйлемнің қай-қайсысы болса да, интонемасыз сомдала алмайды, олардың әрқайсының өзіне тән интонациясы бар. Сөйлемдердің қай түрінің болса да, сомдалып, аяқталып, коммуникативтік функцияға ие болып тұруында интонацияның мәні ерекше» дейді [1, 19]
Қазақ тілінде интонация мәселелері жөніндегі алғашқы пікірлер ұшқыны А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, І. Кеңесбаев, Н.Сауранбаев еңбектерінде де кездеседі. А. Байтұрсынов «Екпін буыны бірыңғай келетін тілдер және екпін буыны бірыңғай келмейтін» деп, интонацияға қатысы бар мәселе ретінде орыс, француз, қазақ тілі ерекшеліктерін екпінмен байланыста сөз етсе, Қ. Жұбанов интонацияны «дауыс сазы» деген атаумен атап, әр сөздің әні болатынын айтқан еді.
Ш. Балидің еңбектері фоностилистиканың қалыптасуына маңызды роль атқарады. Ауызекі сөйлеуде, ораторлық сөз, нақты бір тілдің фоностилистикалық тәсілдерін зерттеу әсер етеді. Фоностилистика лингвистиканың бірнеше фонетика, стилистика, әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, мәтін лингвистикасы сияқты лингвистикалық пәндермен тығыз байланыста дамиды.
Фоностилистика мәселелерін көтерген ғалымдар қатарында П.Леонның негізгі идеясы нақты бір эмоцияға негізделген, әртүрлі фоностиль мен просодиялық моделі басымдылық танытады.
Просодия термині интонация сонымен қатар, мелодия, тілдің әуезділігі деп түсіндірледі.
Мәтін талдауда лингвистиакалық тәсілдер арқылы семантикалық құрылымы мен мағынасын ашу толыққанды болмайды, оған просодиялық құралдарды қолдану арқылы интерпритациялауға мүмкіндік береді. Мәтін теориясы, әлемдік бейнесін зерттеу теориясына жүгінуге тура келеді. Просодиялық құралдар арқылы функциялануы, басқаша айтар болсақ, дыбыстық мәтін кешенді және санқырлы нысанды зерттеу барысында интонация теориясы мен мәтін лингвистикасын қарастыру қажет.
Мәтін тығыз байланысты әрі ерекше жүйе ретінде қарастырылмақ, просодиялық және лексико-семантикалық фактор арасындағы байланысты зерттеу де маңызды. Осындай зерттеу барысында фонетиканың жаңа саласы –лексикологиялық фонетика пайда болды.
Просодия мәтінге жүйелі сипаттама беруге иерархиялық бірнеше элементтерге бөліп оның ара-қатынасын, байланысын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, просодия мәтіннің функционалдық бағытын анықтайды. Талдау жасаудың нақты әдіс тәсілдері ретінде аудиторлық (тыңдалым) талдау, интонографикалық талдау, статистикалық талдаудың элементтері, стилистиканың кейбір тәсілдері мен психолингвистикалық (мәтіннің эмоцианалдылығын бағалау) талдау қолданылады.
Фоностилистикалық сипаттама просодиялық ерекшеліктерінің параметрлеріне негізделген. Бұл параметрлер просодиялық стиль жасаушы болып табылады да фоностилистикалық параметрлер деп аталады. Олар:
Тембр
Делимитация (бөліну)
Стиль жасаушы просодиялық ерекшеліктер: дыбыс, деңгей, темп, үзіліс, ритм.
Мағыналық екпін: терминдік тон, ядролық үлгі, екпінді және екпінсіз сегмент арасындағы үйлесім.
Сөз сөйлеу типологиясына қарай информативті стиль құрамына: информативті стиль (оқу, сөйлеу, алдын-ала жазылған мәтінді дауыстап оқу, дайындықпен/ дайындықсыз спонтанды сөйлеу); білім берушілік сипаттағы мәлімет; прессадағы баяндама. Коммуникацияның формалары монолог, диалог немесе полилог бірнеше адам қатысуымен ұйымдастырылған сұхбат (публикалық немесе публикалық емес дискурс) және олардың арасындағы қарым-қатынас (ресми/ бейресми) болып бөлінеді [2, 114].
Сөйлесу стилі фонетикалық стиль типінде жиі қолданылады, публицистикалық стиль – жұрт алдында сөйлеудің ораторлық ерекшеліктері.
Тіл –қоғамдық құбылыс. Қоғам дамыған сайын тілдің де коммуникативтік қызметі артып, таным көкжиегінің кеңеюіне алып келсе, ғылым да, оны зерттеу мәселесі де жаңа ортаға бет бұрып, дамып келеді. Қазіргі тілтанымның негізгі бағыттарының бірі тілдік құбылысты тек белгілі тар шеңберде қамап ұстамай, әлеуметтік ортада қолданылатын қарым-қатынас құралы ретінде басқа салалармен байланыстыра зерттеуге назар аудара бастады.
Академиялық стиль монолог, диалог, көпшілік және қоғамдық емес қатынастарды, оқуды немесе сөйлеуді ұсынатын жазбаша әртүрлілікті және тілдің ауызекі түрін қамтитын коммуникацияның келесі салаларында қолданылады, дайын немесе стихиялық жол.
Саяси тілге қатысты анықтама беруде лингвистердің пікірлері де әртүрлі, «ресмибейресми тіл» немесе «ғылыми тілге» жатпайтын саясаттың өзіне тән тілі бар, саяси коммуникация – саяси мәтіндерді зерттейді. Саяси мәтін дегеніміз, мағыналық байланысы бар, ретімен айтылған сөздер мен сөйлемдерден тұрады. Саяси мәтіннің ауызша (саяси тұлғалардың митингтер мен жиналыстарда сөйленген сөзі, парламенттік дискурсы, баяндамалары, саясаткердің теледидарда берген сұхбаты) және жазбаша мәтін (газет бетіндегі мақала, парақша, саяси партияның бағдарламасы) сияқты жанрларға жатады. Мәтіндердің мазмұны партияның қызметі, басқада қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік билік ұйымдары, қоғамдық көшбасшылар мен белсенділердің қоғамның әлеуметтік және экономикалық ахуалын дамыту туралы болып келеді.
Саяси сипаттағы мәтіннің белгісі–саяси ахуалға әсер ету, елдің санасына эмоцияналды әсер етіп, саяси әрекетке үндеу.
Саяси лингвистика әлеуметтік лингвистика, тіл мен қоғам арасындағы байланысты туындағын мәселелерді зерттейді, функционалды стилистика әсіресе, публицистикалық стиль зерттеулері, классикалық және заманауи риторика, когнитивті лингвистика мен мәтін лингвистикасы сияқты лингвистикалық бағыттармен тығыз байланыста дамиды.
А.П. Чудиновтың пайымдауынша саяси лингвистика үшін қазіргі тіл білімінің барлық сипаттамалары тән, мультидиссиплинарлық (әртүрлі ғылымдардың әдістемесін қолдану), антропоцентризм (тіл құбылыстарын зерттеуде тіл тұтынушы – адам болып табылады), экспансионизм (лингвистикалық бағыттың кеңею тенденциясы) функционализм (тілді өз функциясын іске асыруда, дискурста, әрекет барысында зерттеу) және экспланаторлық (дәйекті тек қана сипаттап қана қоймай оған түсініктеме беру)[3, 81].
Саяси лингвисика әлеуметке қатысты және ұлттық санамен байланысты ғылымның салалары әлеуметтік психология, мәдениеттану, әлеуметтану, саясаттану және этнографиямен тығыз байланысты.
Саяси лингвистиканың зерттейтін мәселесі –саяси коммуникация, яғни тілдің қызметі қандай да бір ұстанымды тарату, ел азаматтарын саяси әрекетке үндейтін эмоционалды әсер ету, қоғамда орын алған әртүрлі көзқарастар арасында әлеуметтік-саяси шешім қабылдау үшін көпшіліктің келісімін алу. Газет-журнал оқитын, теле-радио тыңдайтын кез-келген адам саяси коммуникацияның адресаты болып табылады. Адам сайлауға барғанда, саяси өмірге араласуы да саяси коммуникациясыз іске аспайды. Саяси коммуникацияның мақсаты адресатқа тек саяси ақпаратты жеткізу ғана емес, коммуникативті қызметтің үдеріс барысында саяси реалиді қабылауы мен баға беруі.
Қазіргі қоғам коммуникацияға оның әлеуметтік бөлшектеріне тәуелді болып келеді. И.М. Быховскаяның және А.Я. Флиердің пайымдауынша: «әр әлеуметтік әрекет коммуникативтік мағынада қарастырылып, әрі белгілі бір нақты ақпаратты қамтитын және ақпарат беруі мүмкін»8. Осыны негізге ала отырып, коммуникация мағыналық және әлеуметтік ара-қатынастық аспект деп қарастыруға болады[4, 59].
Коммуникацияның негізгі мазмұнды бірлігі: бір нәрсе жайлы көп аспектілі ақпарат немесе мәтін–бір нәрсе туралы кешенді ақпарат. Саясаткерлер, қоғамдық қызметкерлер, жазушылар, зерттеушілер, әртүрлі ұйым немесе қызығушы индивид жасаған мәлімдеме немесе мәтін. Саяси коммуникация мәліметтің қандай да бір арна немесе құрал арқылы рецепиентке жіберілуі.
Осылайша, адам қызметінің басым үдерісі коммуникация арқылы жасалынып, дамып, функцияланады. Коммуникация үдерісі ақпараттық қоғамдағы негізін қалаушы болып табылады. Г.Г. Почепцов коммуникативті технологияны біздің өркениетіміздің ерекше белгісі деп атап көрсетеді. Коммуникация барлық арақатынастың оның ішінде әлеуметтіксаясаттың негізі болып табылады.
Э.В. Будаевтың пікіpінше, саяси коммуникацияның жалпы заңдылықтарын зерттеу – әртүрлі саяси көшбасшылардың идиостилі мен саяси партиялардың саяси бағытын зерттеу болып табылады (Э.В.Будаев, А.П. Чудинов). Тіл ғалымдары саяси көшбасшылардың «тілдік портретіне» мән беріп, әр дәуірдегі саяси көсемдермен салыстыра, салғастыра отырып зерттейді, мамандар идиостильді сипаттап, көпшіліктің саясаткерді қабылдауы, нақты бір көшбасшының сөздерінің ерекшеліктеріне мінездеме береді.
1980 жылы Дж.Лакофф және М.Джонсон саясаткердің сөзінде концептуалды метафораны қолдануы көпшіліктің санасына қалай әсер ететінін зерттеген. Саясаткердің саяси ұстанымы мен сөз саптауына мән беріп зерттеудің маңыздылығын зерттеуші Д.Берхо да мақұлдайды. Ол Аргентиналық президент Х.Д. Перонның ел арасындағы танымалдығының құпиясы саяси дискурста үнемі метафораны қолдануы миллиондаған сайлау құқығынан айырылған аргинтиналықтардың ауыр жағдайда жұмыс істеуге мәжбүр жұмысшылардың алдында танымал болуына себепші болғанын Д.Берхо өзінің ғылыми зерттеу жұмысында дәлелдеп берген еді [5,87]
Әр елдің саясаткерлерінің коммуникативті тәжірибесіне сүйене отырсақ Дж.ЧартерисБлэктың еңбегінде британ-американдық саясаткерлердің риторикасын зерттеу барысында Ұлыбритания мен АҚШ-тың саясаткерлері өз сөздерінде метафораны жиі қолдануы эмотивті ассоциацияның дамуына және жәбірейілдей саяси мифтердің жасалуына себеп болғанын зерттеген.
Осындай зерттеулер нәтижесінде саяси шындықты сипаттауда кейбір саясаткерлер мысалы, «темір леди» М.Тетчэр әскери метафориканы, кіші Дж.Буш криминалды образды, С.Берлускони футболда қолданылатын метафораларды өз сөздерінде жиі қолданылатыны анықталған.
Саясаткерлердің белгілі бір саланың метафорикасын өз сөзінде жиі қолдануы белгілі бір жағдайды сипаттау үшін көз алдыңызға әскери қақтығыс, транспорттық көліктің істен шығуы сипаттағы метафораларды қолднауы қарапайым тыңдаушының мәселені терең түсінуге мүмкіндік берері сөзсіз.
Саяси коммуникацияның зерттеу әдістері когнитивті және дәстүрлі (риторикалық, мағыналық-стилистикалық) тілдің зерттеу әдістеріне сүйенеді. Саяси коммуникация ментальді және тілдік феномен ретінде талданады, когнитивті әдіс дискурстық критикалық талдау немесе контент талдау әдістері қолданылады.
Зерттеушілердің басым көпшілігі саяси метафораны, әр саясаткердің өз ұлтына тән метафориканы қолдануын зерттейді, салыстырады. Саяси тілде дискурсивті нұсқаларды қолдануды зерттеу өзекті мәселе, кейбір ғалымдар соңғы онжылдықта, тіпті ғасырлар бойы саяси коммуникацияның даму тарихының заңдылықтарын зерделейді, салыстыра, салғастыра қарастырады. Жалпы, саяси коммуникация теорясының негізін салушы Джордж Лакофф саяси тілдің зерттеу тәсілдерін: антикалық дәуірден келе жатқан риторикалық, когнитивті тәсілі, дискурсивті тәсілдермен шектеліп қана қоймай, елдегі саяси жағдаятқа қатысты болып жатқан саяси оқиғаларды ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрлермен бірге зерттеуді ұсынады. Осы теорияларды ескере отырып көпшілік ғалымдар когнитивті, дискурсивті және риторикалық талдаумен мәдениеттану (лингвокультурология), психология (лингвопсхология), әлеуметтану (әлеуметтік лингвистика), салғастыру және типологиялық лингвистика әдстерімен кешенді терең зерттейді[5, 63]
Саяси құбылысқа саяси үдеріс, саяси мәдениет, саяси санаға тура немесе жанама әсер етуші құбылыс ретінде қарастыратын еңбектер жемісті болып табылады. Олардың ішінде шетелдік авторлар К. Дойч, Ж.-М. Коттрэ, Л. Пай, Р. Перлофф, Р.-Ж. Шварценбергті атауға болады.
Француз саясаткері Р.-Ж. Шварценберг саяси коммуникацияны саяси мәліметті тарату үдерісін саяси жүйенің саяси жүйемен әлеуметтік жүйе арасында айналым үдерісі ретінде анықтама береді.
Р. Перлофф болса, саяси коммуникация деп «ұлт көшбасшыларының, медиа және азаматтардың, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік саясатты (public policy) жүргізу үшін өз пікірлерінің және мәлімдемелерінің (messages) мағынасын талқылайтын процесті» атайды [6,150].
М.Н. Грачевтің пікірінше, саяси коммуникация-ол «коммуникацияның ерекше түрі, саяси акторлердің бір-біріне және қоршаған ортаға (қоғамға) ақпараттық әсер етуі»
Сонымен, коммуникация саяси сипатта болуы үшін саясатқа билік пен басқаруға қатысты мақсатты түрде саяси үдерісті қозғаушы мәлімет жасалуы керек. Қазіргі қоғамда саяси коммуникацияны үздіксіз табиғи немесе электронды арналар арқылы трансляциялануы мен актерлардың құрылымдық қызметі деп қарастырылады.
Ақпараттық қоғамда коммуникация қоғамның алдыңғы қатарлы орынға ие. Коммуникация көрінбейтін жіп тәрізді қазіргі ақпараттық қоғамның маңызды әрі сапалы жағын көрсетеді. Яғни, қоғамның жүрек соғысы, күре тамыры іспетті.
Н.Винердің айтуынша коммуникация «дұрыс ақпаратпен құлақтанып, шынайы өмір сүру. Коммуникация мен басқару адам болмысының мазмұнымен тікелей байланысты, адамның қоғамдағы өмірі сияқты» деп адам өмірі мен қоғамды айта келе Винер «билікқоғам» жүйесінде коммуникациядағы кілтті рөл атқаратынын алғашқылардың бірі болып сезінген.
Ж.М. Коттрэ коммуникацияны саяси өмірді адам ағзасындағы қан айналымы іспетті дейді 1. К.Дойч саяси коммуникацияны «мемлекетті басқарудың жүйке жүйесіне» теңейді
[7,98]
Қазіргі зерттеушілер коммуникация арқылы саяси оқиғалардың қисынды реті арқылы дамитынын байқап, сюжетті тізбек жасалатынын атап өтеді.
Саяси коммуникация жалпы әлеуметтік және саяси белгілері бар ерекше оқиға болып табылады. Жалпы әлеуметтік саяси коммуникация дегеніміз, коммуникативті кеңістік, коммуникацияның «тірі» сипаты, тұрақты дамуы; техникалық және электорндық ақпараттық құралдар арқылы ақпарат алмасу және белсенді қатысушы болып нәтижесінде бірге қызмет жасау.
Саяси коммуникацияның сипатына саясаткердің мінезі, саяси үдеріс кезінде ақпарат алмасу және бұқаралық коммуникация арқылы әсер ету; саясаткердің нысаны, рецепиенті; билік үшін күрес, оны қолдану шеберлігі; саяси алаңға тура иә жанама әсер ету; саяси коммуникацияның ұлттық/жаһандық деңгейі.
А.П. Чудинов саяси коммуникацияның негізгі атқаратын функциясы –саяси билік үшін күрес деп атап көрсетеді. Саяи коммуникацияны билікті тағайындау үшін жанама немесе тура әсер ету мақсатында сайлау, тағайындау, қоғамдық пікірдің қалыптасуына әсер ету, заң қабылдау, өкім шығару, тағайындаулар арқылы пайдалану [3,25] Саяси коммуникацияның атқаратын функциясы:
Ақпараттандыру (саяси жүйе мен оның қызметі туралы тарату)
Регулятивті (саяси жүйе элементтері мен азаматтық қоғам арасындағы механизімін жасақтау)
Саяси әлеуметтену функциясы (саяси норма мен мәдениеттің маңызды қалыптасуына әсер ету)
Манипулятивті (саясат аясында маңызды оқиғалармен қоғамдық пікір тудыру) Саяси-мәдени байланыс.
Саяси коммуникация тәжірибеде көпқырлы құрылым, толықтырып, жаба тоқып, тереңдей отырып басқарушы мен басқарылушы арасында келісім жасауға мүмкіндік тудырады.
Саясаткерлер саяси коммуникацияның екі түрін анықтайды: горизантальді (бірдей статустағы деңгейдегі әлеуметтік-саяси иерархия) және вертикальді ( әртүрлі деңгейдегі адамдар арасындағы әлеуметтік саяси иерархия). Саяси коммуникацияның негізгі құралдары:
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы (пресса, әдебиеттер, афишалар)
Саяси партиялар мен қызықтырушы топтар арқылы
Жеке байланысы арқылы ресми емес арналар арқылы қарым-қатынас жасау болып табылады.
Саяси коммуникация тек қана біржақты ақпараттық лек коммуникатордың рецепиентке ғана емес, саяси сахнадағы іс-әрекеттің аралас (ашық, жасырын) акторлары арқылы іске асады [8, 96].
Коммуникацияның кең таралған типтері мен олардың пайда болуын табиғи (тіл, мимика, жесттер, сөз), жасанды немесе электронды (пресса, радио, телевидение, интернет) деп бөлінеді.
Саяси коммуникация – жалпы әлеуметтік және саяси белгілері бар коммуникацияның ерекше түрі. Жалпыәлеуметтік саяси коммуникация біртұтас коммуникациялық кеңістіктің бірегейлігі; коммуникацияның «жанды» сипаттамасы бар, яғни тұрақты прогресс; техникалық және электрондық ақпарат алмасу құрылғыларды арқылы өзара ақпараттандыру нәтижесінде біріккен қызмет жасақталады.
Заманауи саяси коммуникацияның ерекшеліктері ретінде саясаткердің «қоғамдық» мінезінің саяси процесте көрініс табатын ақпарат алмасу және бұқаралық коммуникация әрекеті және коммуникатор есебінде рецепиент субьект немесе обьект ретінде; билік үшін күрес процесі немесе оны пайдалану арқылы саяси ортаға тікелей немесе жанама әсер ету, ұлтық, ғаламдық саяси деңгейін саралауға болады.
Мемлекет үшін саяси коммуникацияның өзектілігі: энергетикалық процесті цифрландыру; «электрондық үкімет» және «е-демократия» ұғымдарын енгізу; қызметкерлердің өздері саясат саласындағы интернет-технологияларды пайдалану; халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру.
Бұл қызмет түрлерін билік органдары белсенді пайдаланады. Жалпы алғанда, Интернет-технологияларының потенциалы демократиялық дәстүрлерге ие елдерде жүзеге асырылады, бұл электрондық үкімет индексінің ауқымы бойынша олардың жоғары лауазымында көрініс табады.
Көбінесе, жаңа арналар мен коммуникация әдістерін пайдаланатын күш элитасы интернет-технологияларды саясатқа енгізгенге дейін ресми ақпаратты ғана жариялайды. Саяси интернетті институттандыру кезеңінде биліктің заңдылығын сақтау үшін толыққанды интернеттегі диалогты құру үшін жұртшылық тарапынан кері байланыс бар әдістерін жетілдіру қажет.
Саяси ақпаратты жеткізудің негізгі жолы вербальді яғни тіл арқылы ақпарат алмасу, алайда сонымен қатар вербальді емес маңызды саяси ақпарат жіберу құралы суреттер, символдар мен мимика, ым және басқалар.
Кейбір ғалымдар саяси коммуникацияны саясат тілі, саяси тіл деп түсіндіреді. Саяси коммуникация тілі қай тілдің болмасын грамматикалық қағидаларына сүйеніп, лексикалық нормаларға сай жасалынатыны сөзсіз. Ауызекі сөйлеу тілі, ресми тіл, бейресми, ғылыми тіл, ресми-іскерлік тіл сынды ұғымдар қалыптасқандай саяси тіл де белгілі бір ұлтқа тән тілдің саяси нұсқасына негізделген тіл.

ҚОРЫТЫНДЫ

Ораторлық сөз, парламенттік дебаттар, сұхбаттар, лекция, спорттық коментарий және
т.б. жанрларында саясаткерлердің тідік қолданысын зерттеу маңызды. Бұл саланың біраз бөлігі шетелдік және отандық ғалымдармен зерттелу үстінде, мәтін авторлары бүгінгі таңда алуан түрлі күнделікті радио-телевидениеде, интернет пен әлеуметтік желілерде, саяси шиеленістер белсенді болған сайын, ақпараттық дәуір дамыған сайын ғалымдардың қызығушылығын артқанын сипаттайды.
Өзінің саясаткер ретінде имиджін қалыпастыру үшін сөйлеуші сөйлеу «бетпердесін» жамылады. Бұл таңдау аудиторияның аурасын болжауға негізделеді де өзін презентациялау коммуникативті стратегияның дәйегі болып табылады. Таңдалып алынған коммуникативті қадам немесе әдісті сөйлеу тактикасы деп аталады.
Вербальді қарым-қатынастың бірнеше компоненттері сөйлеушінің тыңдаушы алдында жағымды имидж қалыптастыруына мүмкіндік береді және сөздің әдебилігі, эрудиттілігі, демократиялылығы, жұртшылықтық санасына әсер етуі сөйлеушінің негізгі мақсаты. Ол компоненттер: сасясаткердің сөзіне қойылатын талап–әдебилік, тілдік ережелердің сақталуы: айтылуы, акцент, сөздік қолданысы және т.б. болып табылады.
Саяси коммуникация мәселесіне тереңдеп ену үшін мәтін мағынасын терең түсінуде, оны интерпритациялау университеттерде филология факультетінің студенттеріне мәтінді талдауда таптырмайтын материал болары сөзсіз

ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ
1 Базарбаева З.М. Интонационная система казахского языка. АДД. – Алматы, 1997. – 53 с.
2 Нурахметов Е.Н. Проблемы супрасегментной фоностилистики (на материале французского языка): Автореф. Дисс. …докт. Филол. Наук. – М., 1997. – 42 с.
3 Чудинов, А. П.Политическая лингвистика : учеб. Пособие. – М. : Флинта : Наука, 2006. – 256 с. – ISBN 5-89349-897-6 : 9125.00.
4 Бронников И.А. — Политическая коммуникация и современность // Юридические исследования. – 2013. – № 4. – С. 66 – 88.
5 Будаев, Е. В. Чудинов, А. П. Зарубежная политическая лингвистика : учеб. Пособие. – М. : Флинта : Наука, 2008. – 352 с. – ISBN 978-5-9765-0104-1 : 23016.00.
6 Perloff R.M. Political communication: politics, press and public in America. Mahwah, NJ: Lawrence Erlbaum Associates, 1998. 492 р.
7 Cotteret J.-M. Gouvernants et gouvernes: La communication politique. [Paris]: Presses universitaires de France, 1973. 178 p. 2. Deutsch K.W. The Nerves of Government: Models of Political Communication and Control. London, Free Press of Glencoe, 1963. 316 p.
8 Василик М.А. Основы теории коммуникации. Учеб. Для студентов вузов, обуч. По спец. 0203000 “Социология” / под ред. М. А. Василика М.: Гардарики, 2003. 615 с.

Ә.Құрманова1, Г.Сарсикеева2
Фоностилистические характеристики политической коммуникации
1,2ЕНУ им.Л.Н. Гумилева, г.Нур-Султан, Казахстан В статье рассматриваются актуальные проблемы фоностилистических исследований политической коммуникации в современной лингвистике. Фоностилсистика не состоит только из теории интонации и стилистики. Новые политические условия привели к изменению методов коммуникативного воздействия. Но политика – это всегда борьба за власть. В этой борьбе победителем становится тот, кто владеет коммуникативным оружием.
Актуальность данного исследования определяется необходимостью системно и целостно осмыслить феномен политической коммуникации в лингвистическом аспекте.

A.Kurmanova1, G.Sarsikeyeva2
Phonostylic characteristics of political communication
1,2L.N. Gumolyev ENU, Nut-Sultan, Kazakhstan The article discusses the current problems of phonostylistic research political communication in modern linguistics. Phonostylistics does not consist only of the theory of intonation and stylistics. New political conditions have led to a change in the methods of communicative influence, but politics is always a struggle for power. In this fight, the winner is one who owns communicative weapons.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *