САЯСИ ДИСКУРСТАҒЫ ИНТЕРНЕТ-ТҮСІНДІРМЕШІЛЕРДІҢ ТИПТЕРІ
Зерттеу пәні болып саяси мақалаларға білдірілген қазақстандық интернеттүсіндірмелердің мәтіндерінде ұсынылатын және линвоперсонологиялық аспектіде қарастырылатын мәтін сөзжасамының вариативті стратегиялары табылады. Зерттеу нысаны – саяси мақалаларға білдірілген қазақстандық интернет-түсіндірме мәтіндері. Зерттеуде ментальды-психологиялық тұрғыда тілдік ерекшеліктері көрініс беретін саяси мақалаларға білдірілген интернет-түсініктемелер негізінде қайта құрылатын тілдік тұлғаға көңіл бөлінеді. Зерделеу барысында дискурсивті әдіс, мәтін сөзжасамы және лингвоперсонологиялық талдау әдістері, сипаттау әдісі қолданылды, сондай-ақ зерттеу формальды, мазмұндық және функционалдық тұрғыда қарастырылатын туынды мәтіндердің мәтін сөзжасамы талдау моделіне негізделді.
Кілт сөздер: саяси интернет-түсіндірмелер, лингвоперсонология, мәтін сөзжасамы, тілдік тұлға, мәтіндік және персондық параметрлер, туынды мәтін.
КІРІСПЕ
Әлеумет дамуының қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиясыз, әсіресе интернетжелісіз өмірді елестету мүмкін емес. Интернет адам қызметінің барлық салаларын қарқынды қамтуда. Ол қажетті ақпаратты алуға мүмкіндік беріп қана қоймай, тез әрі тиімді қарымқатынас жасауға көмектеседі. Интернет-кеңістікте адам, сондай-ақ тұтас қоғам да қарымқатынастың ауызша-жазбаша формаларының өзара іс-қимылы арқылы өзінің коммуникативтік қажеттіліктерін жүзеге асырады. Мұндай тілдік қарым-қатынасты жүзеге асыруда чаттар, форумдар, блогтер, әлеуметтік желілер және т.б. пайдаланылады.
Интернет әлемі адамдардың виртуалды өмірін тудыратын ақпараттық технологиялар арқылы құрылады, онда тілдік тұлға коммуникативтік стратегиялар арқылы өзін-өзі таныстыра алады. И. Г. Сидорова интернет-дискурсты қарым-қатынас жағдайына бағытталған мәтін ретінде қарастыра отырып, Интернет арқылы қатысым үрдісіне қатысатын адамға (тілдік тұлға, интернет-тұлға) назар аударады [1, 30]. Адам іске асыратын интернет желісіндегі кез келген қарым-қатынас өз ерекшеліктері бар интернеттің қатысымдық жанрларында жүзеге асырылады.
Е. И. Горошко мен Е. А. Жигалина интернет-жанрлар мен гипержанрлар барын айтады. Интернет-коммуникацияның гипержанрларына сайттар, блогтер, әлеуметтік желілер, электрондық кітапханалар, ал интернет-жанрларға электрондық хат, форум, чат, хабарландыру тақталары, жарнамалық баннерлер, жылдам хабар алмасу бағдарламасы арқылы байланыс, виртуалды конференция, автордың посты немесе жазбасы, түсіндірмені жатқызады [2, 110-124]. Екіншісі біздің ғылыми қызығушылығымыздың нысаны болып табылады.
Қазіргі заманғы сөздіктердің бірі – «Үлкен энциклопедиялық online сөздікте»: «Түсіндірме (лат. сommentarius – жазбалар – түсіндіру) — 1) кітаби түсіндірме (ескертпелер) – мәтінге түсініктеме, кітаптың ғылыми-анықтамалық аппаратының бөлігі; 2) бұқаралық ақпарат құралдары жүйесінде – өзекті қоғамдық-саяси оқиғалардың, құжаттардың және т.б. мағынасын түсіндіретін жедел талдау материалдарының бір түрі», – деген анықтама берілген
[3].
Ғалым Е. В. Холодковская: «Интернет-түсіндірме – бұл мотивациялық нысанды бағалау мақсатын көздейтін пікірлер. Олар динамизммен, қысқа мерзімділігімен, экспрессивтілігімен ерекшеленеді», – деп тұжырым жасайды [4, 80]. В. А. Каменева пайымы бойынша «интернет-түсіндірмелерде экспрессивті және түсіндірме авторының мақаластимул мазмұнына қатынасын анық түсінуге мүмкіндік беретін бағалау лексикасы бар» [5,
16].
Интернет-түсіндірмелердің аталған белгілері саяси мақалалардың түсіндірмелеріне де тән. Олар түсіндірме білдірген мақала авторы – журналист анықтайтын тақырыптық белгі бойынша біріктіріледі. И.В.Савельеваның пікірінше, «интернет-түсіндірме қарапайым лингвосаясаттану зерттеу саласына сай келеді, өйткені саяси тақырыптармен сипатталады және сонымен бірге тіл тасымалдаушылардың әдеттегі саяси санасын, олардың идеологиясын, дүниетанымын бейнелейді» [6, 44].
Мұның барлығы интернет-түсіндірмені одан әрі лингвистикалық талдау үшін маңызды дереккөз ретінде қарастыруға мүмкіндік тудырады. Дегенмен, белгілі бір оқиғаның ақпаратын қамтитын түсіндірме өздігінен пайда болмайды, ол бастапқы (негізгі) мәтінге байланысты және оны талдау негізгі мәтіннен тыс жүзеге асырылмайды.
Интернет-түсіндірмелер екінші (туынды) мәтін бола отырып, бастапқы мәтіннің сөзжасамдық әлеуетін жүзеге асырады. Бұл мәтіннің ішкі формасын, оның функционалдық бағытын өзгертуді көрсететін интернет-түсіндірмелерде мутациялық инновациялар бар екенін дәлелдейді. Алайда біз мәтінді тек сөзжасамдық аспектіде қарастыра алмаймыз, өйткені кез келген мәтіннің артында өз авторы, өз тілдік тұлғасы болады. Ю.Н.Карауловтың пайымынша, «тілді оның шегінен, шекарасынан шықпай, оның тудырушысына, тасымалдаушысына, пайдаланушысына, яғни адамға, нақты тілдік тұлғаға жүгінбестен тану мүмкін емес» [7, 7]. Сөзжасамдық-уәждемелік үдерістер нәтижесінде хабарлама жаңа форма мен мазмұнға ие бола отырып, қайта жүргізілетін ішкі сөйлесім арқылы өтеді.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Зерттемеде тілдік тұлға саяси мақалаларға білдірілген интернет-түсіндірмелер негізінде қайта құрылады. Оның тілдік қабілеті ментальды-психологиялық тұрғыдан көрінеді.
Зерттеу формальды, мазмұндық, функционалдық тұрғыда мәтінді зерделеуді болжайтын туынды (екінші) мәтіндердің мәтін сөзжасамы талдауының арнасында жүргізілді [8, 9, 10]. Шығарылған әдістеме саяси мақалаларға білдірілген қазақстандық интернеттүсіндірмелер мәтін сөзжасамының персондық және мәтіндік факторларын анықтауға мүмкіндік берді. Зерттеу барысында біздің тарапымыздан персондық және мәтіндік мәтін сөзжасамдарының бірқатар параметрлері анықталды:
— персондық сөйлеу туындысының негізгі параметрлері: ассоциативтік, эмоционалдық, қиялдау;
— мәтіндік мәтін сөзжасамының параметрлері: кілтті сөздер, мазмұн көшірмесі, форма көшірмесі.
Интернет-түсіндірмелер мәтін сөзжасамының әзірленген параметрлері саяси мақалаларға білдірілген интернет-түсіндірмелердің лингвоперсонологиялық әлеуетін анықтауға көмектесті. Деректер қазақстандық (nur.kz, today.kz) интернет-ресурстардан алынды.
Түсіндірмешінің (комментатордың) үйлесетін тактика түрлерін пайдалануы, олар іске асыратын стратегиялар мен тактикалардың жиынтығы сөйлеу портретінің негізіне алынуы мүмкін.
Түрлі стратегияларды жүзеге асыратын үш интернет-түсіндірмеші болады:
1) мәтін сөзжасамының персондық стратегиясы (ассоциативтілік, эмоциалдық, қиялдау тактикаларымен жүзеге асады);
2) мәтін сөзжасамының мәтіндік стратегиясы (кілтті сөздер, мазмұн көшірмесі, форма көшірмесі тактикаларымен жүзеге асады); 3) аталған екі стратегия.
Қазақстандық саяси интернет-сайттарда интернет-түсіндірмешілердің аталған типтерін қарастыру виртуалды тілдік тұлғаның инвариантты және вариантты ерекшеліктерін анықтауға және оларды лингвомәдени тұрғыда түсінуге мүмкіндік береді.
1. Мәтін сөзжасамының персондық стратегиясын ұстанатын түсіндірмеші
АдольфZzz есімді түсіндірмеші Dixinews.kz жаңалықтар порталында жарияланатын түрлі саяси мәтіндерді талқылауда белсенді виртуалды сұхбатқа қатысушы болып табылады. Түрлі мәтіндерге білдірілген түсіндірмелер қатарын талдайық.
«Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда болған оқиғаны лаңкестік деп атады» сынды мәтінге білдірілген түсіндірмелер: Да, называйте как хотите, гнилой стабильности конец! Түсіндірмеші өз мәтінінде болашаққа деген пессимистік сценарийді болжайды. Ол виртуалды сұхбатқа қатысушыға тисе сөйлеп, кейін болған саяси оқиғаның теріс салдары туралы өз болжамын жасайды. Мәтін қиялдау тактикасын қолдану арқылы пайда болған, болжалды нәтижелер туралы хабарлама эмоционалдық тактикасы арқылы ресімделген. Виртуалды тілдік тұлға мәтін сөзжасамын персондық стратегияның қиялдау мен эмоционалдық тактикаларын пайдалану арқылы жасаған.
АдольфZzz есімді тілдік тұлға «Теңге салымы – азаматтар жинақтарын сақтаудың ең үздік құралы» атты саяси мәтінге өз ойын білдіреді.
а) Бред! Воровали, грабили народ и казну по полной. Когда дерьмо полезло оно же «кризис», заговорил и такое уже не в первый раз. «Бұндай бірінші рет емес» деп түсіндірмеші бұл жағдайды өмірлік тәжірибеге сүйене отыра қиялмен толықтырады, саяси мәтінде айтылғанға күмән келтіре және өзінің үзілді-кесілді келіспейтіндігін көрсете отыра ол халықтың саяси соқырлығын, жеткілікті дамымағанын және қалыптаспағанын тікелей және батыл түрде мәлімдейді. Эмоционалды-экспрессивті бағалау жалпы лексиканы қолдану арқылы көрінеді.
АдольфZzz есімді түсіндірмеші қиялдау және эмоционалдық тактикаларды қолдана отыра интернет-түсіндірме мәтінін құрастырды. Бұл бастапқы мәтін мазмұнының бұрмалануына ықпал еткен, нәтижесінде мутациялық инновация болды.
б) Наивные, сенат был в древнем Риме (РИМСКАЯ ИМПЕРИЯ) У них был огромный гос. опыт в управление. Здесь слово сенат неуместно. Не надо ждать ни чего хорошего от них! Түсіндірмеші «сенат» деген кілтті сөзге назар аударып, оның тарихи мәнін ашып түсіндіреді, заманауи, қазіргі қолданыстағы басқару органы үшін мұндай атаудың орындылығына күмән келтіреді, өйткені қазіргі сенаттан өнімді жұмыс күту орынсыз екенін сендіреді. Түсіндірмеде мемлекеттік билік жұмысына теріс көзқарас білдірілген. «Аңғал» деген қолданыс виртуалды сұхбатқа қатысушылардың барлығына бағытталады, олар, түсіндірмеші пікірінше, жеткілікті тәжірибелі емес. Тілдік тұлға мәтінде сипатталған мәселеге өз көзқарасын көрсету және түсіндірмені жандандыру үшін қиялдау тактикасын қолданады.
Жүргізілген лингвистикалық талдау нәтижелері АдольфZz есімді тілдік тұлғаның портретін жасауға мүмкіндік береді: оған персондық стратегия (эмоционалдық, қиялдау тактикасы) арқылы мәтіндерді жасау, саяси мәселелерді шешуге өзіндік көзқарасты ашық көрсету тән. Бұл аталған тілдік тұлғаға турашылдық, ашушаңдық және экспрессивтілік тән екенін көрсетеді.
2. Мәтін сөзжасамының мәтіндік стратегиясын ұстанатын түсіндірмеші
Dixinews, Nur.kz жаңалықтар порталдарының саяси мәселелеріне ерекше қызығушылық танытатын, виртуалды коммуникацияның белсенді қатысушысы Баха атты тілдік тұлға білдірген түсініктемелерді талдайық.
«Назарбаев қару жасау үшін ғылымды пайдалануға тыйым салуды ұсынды» сынды саяси мәтінге көзқарас: Правильно, науку не нужно использовать в целях создания атомного оружия. Да и вообще нужно отказаться всем от этого зла. Как сделал наш президент.
Түсіндірме екіұшты оқылатындай етіп ресімделген. Интерпретацияның бірінші нұсқасы: тілдік тұлға қарудың жаңа түрлерін жасауды болдырмау туралы саяси оқиғаны түсіндіре отырып, мәтіннің жалпы идеясымен келіседі. Түсіндірме мәтінінде бастапқы мәтіннен ғылым, жасау, атомдық қару сынды кілтті сөздер пайдаланылған. Кілтті сөздердің қолданылуы бастапқы мәтінмен формальды-семантикалық байланысты сақтауға мүмкіндік береді.
Интерпретацияның екінші нұсқасы: тілдік тұлға бастапқы мәтінде айтылған пікірге иронияны білдіреді. Бұл жағдайда бастапқы мәтінмен формальды-семантикалық арақатынаспен қоса мутациялық түрдегі инновацияға әкелетін функционалдық күрделендірулер жүзеге асады.
Қалай оқыса да комментатор түсіндірмеде саяси мәтіннің сөзжасамдық әлеуетін іске асыруға мүмкіндік беретін кілтті сөздер тактикасы арқылы өз мәтінін жасайды.
«ҚР Қорғаныс министрі әскерді даярлаудың басты бағыттарын белгіледі» сынды саяси мәтінге түсіндірме: Я служил при ПКНШ (Жасузакове), и знаю, уверен, что этот человек все поставит на свои места! Горд за него! Аталған мәтін түсіндірмешісі Қазақстан әскерінің жоғары жауынгерлік дайындығын қолдау қажеттілігі туралы мәтінді түсіндіреді. Ол «В Министерстве обороны РК состоялось селекторное совещание с командным составом Вооруженных Сил под руководством главы оборонного ведомства генерал-полковника Сакена Жасузакова» сынды бастапқы мәтіннің жекелей фрагментіне назар аударып, оның негізінде өз мәтінін жасайды.
Түсіндірмеші бастапқы мәтін авторының көзқарасын жақтайды, леп белгісін пайдалану арқылы оны эмоционалды тұрғыдан қолдайды, Онымен мақтанамын! деген сөздер арқылы мақұлдайды. Бұлар эмоционалдық тактиканы көрсетеді.
«Назарбаев Бішкектегі (фото) ТМД мемлекет басшыларының «ерекше» саммитінде не туралы айтты» сынды саяси мәтінге түсіндірме: В условиях кризиса странам СНГ надо тесно сотрудничать. Вести торговые отношения. Мәтін сөзжасамның мәтіндік стратегиясы, яғни ТМД, ынтымақтастық сынды бастапқы мәтіндегі кілтті сөздер тактикасын қолдану арқылы жүзеге асырылған. Бұл саяси мәтін мен оның дериваты арасындағы формальды-семантикалық байланысты көрсетеді. Бастапқы мәтін жоғары құрылымдық деңгейде өзгеріске ұшырайды. Бұл модификациялық инновация пайда болды дегенді білдіреді. Түсіндірмеші мәтін сөзжасамы мәтіндік стратегиясының кілтті сөздер тактикасын пайдаланады.
Жүргізілген талдау Баха атты тілдік тұлғаның мәтіндік стратегиясы, дәлірек айтқанда, бастапқы мәтіннің сөзжасамдық әлеуетін көрсететін кілтті сөздер тактикасы арқылы интернет-түсіндірмелердің мәтіндерін өндіретінін көрсетті.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жүргізілген зерттеу нәтижелері қазақстандық интернет-түсіндірмелердің мәтіндік (объективті) және тіл тасымалдаушыларының тілдік қабілетінің әртүрлі сапасымен тікелей байланысты персондық (субъективті) сипаты бар деп тұжырымдауға мүмкіндік береді. Екінші (туынды) мәтіннің мазмұны, формасы және қызметінің параметрлерін топтастыруды негізге ала отырып, біз мәтін сөзжасамының персондық және мәтіндік стратегияларының ішінде мәтін сөзжасамы параметрлерін белгіледік. Персондық көрсеткіш ассоциативтілік, эмоциалдық, қиялдау, ал мәтіндік көрсеткіш кілтті сөздер, мазмұн көшірмесі, форма көшірмесі параметрлері арқылы көрініс табады. Сонымен, мәтіндік және персондық сипаттағы тактиканың деректері саяси мақалаларға білдірілген қазақстандық интернеттүсіндірмелерге қатысты, алайда олардың сандық арақатынасы әртүрлі болып келеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ
1 Сидорова И.Г. Коммуникативно-прагматические характеристики жанров персонального интернет-дискурса (сайт, блог, социальная сеть, комментарий): дис. … канд. филол. наук: 10.02.19 / Сидорова Ирина Геннадьевна; [Место защиты: Волгоградский государственный социально-педагогический университет]. – Волгоград, 2014. – 249 с.
2 Горошко, Е. И. Виртуальное Жанроведение: устоявшееся и спорное / Е. И. Горошко, Е. А. Жигалина // Ученые записки Таврического национального университета им.
В. И. Вернадского. Сер. «Филология. Социальные коммуникации». 2011. Т. 24 (63). № 1.
Ч. 1. – С. 105-124.
3 Большой энциклопедический словарь онлайн, 2000.
http://www.onlinedics.ru/slovar/bes/k/kommentarij.html
4 Холодковская Е. В. Особенности синтаксиса англоязычного интернет-комментария социальной сети Facebook // Вестник ВолГУ. 2014. № 1. Режим доступа:
http://cyberleninka.ru/article/n/osobennosti-sintaksisa-angloyazychnogo-internet-kommentariyasotsialnoy-seti-facebook (дата обращения: 24.01.2017). – С. 79-83.
5 Каменева В. А. Интернет-комментарий к англоязычным статьям политической и культурной тематики. Коммуникативные цели // Политическая лингвистика. 2016. №1 (55). – С. 15-19. 6 Савельева И. В. Вариативность стратегий текстовосприятия и текстопорождения: лингвоперсонологический аспект (на материале текстов политических интернеткомментариев): дис. … канд. филол. наук; Кемеровский гос. ун-т. Кемерово, 2013. – 251 с.
7 Караулов Ю. Н. Русский язык и языковая личность. –М., 1987. –263 c.
8 Мельник Н. В. Деривация русского текста: Лингвистические и персонологические аспекты. –М.: ЛЕНАНД, 2014. – 280 с.
9 Мельник Н. В. Дериватологическая интерпретация вторичных текстов разных типов // Вестник ЧелГУ. 2012. №13 (267). –С. 69-73.
10 Мельник Н. В. Дериватологическая и лингвоперсонологическая интерпретация вторичного текста // Вестник КемГУ. 2010. №4. – С. 148-153.
С.Ж. Ергалиева1,К.С. Ергалиев2
Типы интернет-комментаторов в политическом дискурсе
1Павлодарский государственный университет им. С.Торайгырова, г. Павлодар, Республика Казахстан,
2Павлодарский государственный педагогический университет, г. Павлодар, Республика Казахстан
Предметом исследования является вариативные стратегии текстопорождения, представленные в текстах казахстанских интернет-комментариев к политическим статьям и рассматриваемые в линвоперсонологическом аспекте. Объект исследования – тексты казахстанских интернет-комментариев к политическим статьям. В нашем исследовании особое внимание уделяется языковой личности, реконструируемая на основе произведенных ею интернет-комментариев к политическим статьям, в которых проявляются ее языковые особенности в ментально-психологическом плане. При их изучении используются дискурсивные методы, метод текстодериватологического и лингвоперсонологического анализа, описательный метод, также исследование базируется на модели текстодериватологического анализа производных текстов, которые рассматриваются в формальном, содержательном и функциональном планах.
S.Zh. Yergaliyeva1, К.S.Yergaliyev2
Types of Internet-commentators in Political Discourse
1S.Toraighyrov University, Pavlodar, Kazakhstan,
2 Pavlodar State Pedagogical University,
Pavlodar, Kazakhstan The subject of the study is the variational strategies of text generation, presented in the texts of Kazakhstani Internet commentaries to political articles and considered in the linvopersonological aspect. The object of the research is the texts of Kazakhstani Internet commentaries to political articles. In this study, special attention is paid to the virtual linguistic persona, reconstructed on the basis of their political Internet comments which manifest the linguistic abilities in the mental and psychological aspect. When studying them, we use discursive methods, the method of text-derivatological and linguopersonological analysis, and the descriptive method, and the research is based on the text-derivative analysis of derived texts, which are considered in the formal, content and functional plans.