МАСС-МЕДИАЛЫҚ САЯСИ МӘТІНДЕРДЕГІ ГЕНДЕРЛІК МӘСЕЛЕЛЕРДІ ҚАРАСТЫРУДАҒЫ ТІЛДІҢ ҚЫЗМЕТІ
Мақалада масс-медиалық саяси мәтіндердің өзара ерекшеліктері болатыны туралы айтылған. Бір түрге жататын мәтіндердің ішінаралық айырмашылықтары әртүрлі экстралингвистикалық факторларға байланысты екені нақты екі медиамәтінді талдау негізінде көрсетілген. Айырмашылықтар мәтін авторының әлеуметтік дәрежесі, қоғамдағы рөлі, жоғарғы мемлекеттік билік аппаратымен байланысы, тақырыпқа деген авторлық позициясы, тақырыптың өзектілігі сияқты аспектілерге тәуелді екені дәлеледенді. Талдауға алынған мәтіндер гендерлік аспектіге деген екі көзқарасты қамтиді. Екі мәтін арасында мағынлық жағынан қайшылықтар жоқ. Бірақ бір автордың ресми жауапкершілігі эмоциялық ұстамдылыққа апарып отырса, екінші автор бейнелеуіш тілдік құралдарды кеңінен қолданады. Екінші автор халыққа жақын, сондықтан оның қолданылған коннотативтік лексикасы оқырманға толық әсер ететіні сөзсіз. Сонымен, екі автор гендер мәселесінің жағдайын талқылауға салғанда, саясат дискурсының әртүрлі тілдік басқарылуын көрсетіп отыр.
Кілтті сөздер: масс-медиа, саяси дискурс, гендерлік саясат, тіл қызметі, әлеуметтік институт өкілі, регламенттелген құрылым, лексикалық деңгей, грамматикалық деңгей.
КІРІСПЕ
Бұл мақала тақырыбының өзектілігі бүгінгі күндегі саяси дискурстың еліміздің массмедиасындағы көрінісі толық сипатталмағанымен және ғылыми еңбектердегі қарастырылмаған мәселелердің баршылығымен анықталады.
Зерттелу деңгейі. Мақалада қазіргі кезде толық талданбаған масс-медиалық саяси мәтіндердің дискурсының өзаралық ерекшеліктері зерттеліп отыр. Ол үшін бір тақырыптағы екі мәтіннің дискурсының айырмашылығы мәтін авторларының әлеуметтік қызметіне тәуелді екенін анықтап отырмыз.
Ғылыми маңыздылығы. Екі бір тақырыптағы мәтінді салыстыру нәтижесінде саяси мәтіндерді талдау механизмін шығарып отырмыз. Мақала авторының мақсаты оның тікелей қоғамда атқаратын рөлімен байланысты екенін, оның саяси позициясының мәтіннің мазмұнына әсерін тигізетінін, сонымен қатар, автор толық немесе жартылай өз пікірін білдіретіні қарастырылады.Ғылыми жаңалығы автордың субъективті пікірі айқын немесе жабық болып саналатыны.
Танымдық маңыздылығы. Саяси дискурсты талдау барысында мақақлалардың массмедиалық тобының ерекшеліктері қарастырылып отыр.
Теориялық – әдіснамалық негізі болып Е.И Шейгал, С.А.Громыко, В.И.Карасик, Р. Водак, Т.А. ван Дейк, Т. ван Леувен сияқты ғалымдардың мәтін дискурсы бойынша идеялары саналады. Мәтіннің сыртқы құрылыдық мазмұнымен қатар, оның ішкі терең мазмұнынынң сыртқы факторлармен байланысы туралы зерттеушілердің идеяларына сүйеніп отырмыз.
Зерттеу әдістері; талдау, салысытру, салғастыру, статистикалық әдіс, сипаттау, тұжырымдау (синтездеу).
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Әлеуметтік лингвистер көзқарасы бойынша екі негізгі дискурс түрлерін бөліп қарастыруға болады: арнайы (жеке-бағытталған) және институционалды. Бірінші жағдайда сөйлеуші өзінің барлық ішкі әлемінің байлығы негізінде тұлға ретінде сөйлейді, екінші жағдайда белгілі әлеуметтік институттың өкілі ретінде сөйлейді.
Масс-журналистермен жасалған және баспасөз, теледидар, радио, интернет арқылы таратылатын мәтіндер пайдаланылатын медиалық (медиалық) саяси дискурс; журналист немесе саясаткер жазған сұхбат, газеттегі аналитикалық мақала (БАҚ аясындағы маманның көмегімен) мысал бола алады. Тілшілер қаралып отырған жағдайда аудиторияның назарын мәселеге аударады, оны шешу жолдарын ұсынады, оған саяси ұйымдар мен олардың көшбасшыларына қатысты хабарлайды, саясаткерлерге олардың мақсаттарын жүзеге асыруға көмектеседі. Лингвистикалық зерттеулерде институционалды дискурстың шартты түрде екі жолын белгілеуге болады: дескриптивті және сыншыл.
Дескриптивті түрі келесідей аспектілерді қамтиды: 1) белгілі әлеуметтік институт шеңберінде сөйлесу тәртібін үйрену: лингвистикалық құрал, риторикалық жолдар және тілдік дамулар; 2) институционалды қарым-қатынастың мазмұндық жағына талдау. Тіл білімінде бұл жолдар бойынша институционалды дискурстың мынадай түрлері қарастырылады: саяси (Шейгал Е.И.[1], Громыко С.А.[2]), діни (Карасик В.И. [3], Олянич
А.В. [4]), педагогикалық (Карасик В.И. [5]), медициналық (Бейлинсон Л.С. [6], Алексеева Л.М. [7], Мишланова С.Л. [8], Жура В.В. [9]), дидактикалық (Олешков М.Ю. [10]), научный (Болдырева А.А.[11], Маслова Л.Н. [12]), дипломатиялық (Волкова Т.А. [13]), маркетингтік (Гусейнова И.А. [14]) и др.
Сыншылдық жол тіл және дискурс түрінде көрсетілген әлеуметтік теңсіздікті сын көзбен білуге мақсатталған [Wodak, Chilton, 2005] [15]. Бұл бағыттағы ғалымдар жұмыстарында тілді қолдану мәселесі билік және әлеуметтік бақылау құралы ретінде қарастырылады (Р. Водак [15], Т.А. ван Дейr [16], Т. ван Леувен [17] және т.б.). Институционалды дискурс туралы барлық қорытынды нәтижелерді талдай келе, Р. Водак былай көрсетеді, «институттар – статустық-бағытталған білім беру: <…> «белгілі әлеуметтік қабатқа бағыну, жыныс, жас, оқу, т.б. институционалды қабылдау және қатынаста басты рөлде ойнай отырып, бір-бірін қамтамасыз етеді және өзінше өріледі,» [Водак, 1997, Б. 2324]. [18] Отандық тіл білімінде сыншыл жол қазіргі кезге дейін міндетті дамуын алған жоқ.
Қоғам қызметі үшін өмірлік маңыздылықты орындауды қамтамасыз ететін ұйымдастырудың тарихи қалыптасқан түрі және қоғамдық өмірді бағамдау ретінде әлеуметтік институтты түсіну институционалды дискурстың негізгі параметрлерін көрсетуге мүмкіндік береді: регламенттелген құрылымы бар және белгіленген орын-уақыт координатында өтетін белгілі қарым-қатынас жағдайы аясында типті жинақтау және соған байланысты коммуникативтік уақиғалар, қарым-қатынасқа тапсырылған тақырыптар, коммуниканттардың белгілі мәселелі рөлдерді орындауда сөйлеудің және кең коммуникативтік тәртіптің типтік моделі.
Бірінші мәтін 10 сөйлемді қамтыған. Бұл мәтіннің идеясы – гендерлік бойынша қабылданған мемлекеттік тұжырымадамаға оң пікір беру. Оның статегиясы шешімнің дұрыстығын оқырманға жеткізу және сендіру. Негізгі идеяны ашу бағыттары мынадай: 1) бұл тұжырымдама алдынғы тәжірибені ескерген; 2) гендерлік саясат мазмұны ашылады; 3) гендерлік саясатты іске асыруға жол ашылған және оның мысалдары келтірілген; 4) қазақстандық гендерлік саясат халықаралық деңгейде белгілі, негізгі құқықтық құжаттарда нақты атылған; 5) гендерлік саясат демократиялық және құқықтық мемлекеттің негізгі шарттардың бірі болып саналады.
Автор – әйел адам.Сондықтан, бұл тақырып алдымен әйел үшін өзекті екені байқалады, сонымен қатар, бұл мәтінді тудыруда автордың ішкі және сыртқы уәждемесімен түсіндіріледі. Ішкі – ол өзі әйел адам болғандықтан, оған қоғамда қажетті рөл атқаруға жағдай болғанын қалайды (өзінен басқа әйел туыстарының да – сіңлісі, қызы, келіні – қамын ойлауы); сыртқы уәждеме – ол әлеуметтік статусына байланысты масс-медиаға саясатты түсіндіру міндетінен шығуы мүмкін. Ауданаралық сотының төрағасы болғандықтан, автор жұмыс барысында әйел адамның құқықтарының бұзылуының куәгері болып жүргенінен осы көтеріліп отырған мәселенің өзектілігі мақаланың шығуына түрткі болып отыр.
Лексикалық деңгейде тақырыпқа қатысты берілген сөздер (ерлер мен әйелдердің құқықтары, заңды мүдделері, қорғау, кемсітудің, саяси құқықтары, «Тұрмыс құрған әйелдің азаматтығы, гендерлік саясат, билік құрылымдарына теңгерімді қатысуына, әйелдердің экономикалық тәуелсіздігі, өз бизнесін дамытуы, отбасындағы құқықтар мен міндеттердің тең, жыныс нышаны , зорлық-зомбылықтан азат болуды, гендерлік теңдік, гендерлік теңдік стратегиясы, гендерлік саясаттың негізгі қағидалары, құқық теңділігі, мемлекеттiк қызметке кiру, кемсітушілік, демократиялық және құқықтық мемлекет) стилистикалық жағынан әдеби тілге жатады, нормадан тыс шығатын лексика байқалмайды. Кілтті лексика ұғымдарды жалғыз сөзбен шектемейді, сөз тіркестері гендерлік аспектіге қатысты болғандықтан жалпы мағынаны нақтылайды. Сондықтан, мысалы «құқық» ұғым ретінде жалпы болса, оған жататын бір түрі – әйелдер мен еркектер құқығы, құқық теңділігі. Ішкі мағыналық жағынан бірнеше лексикалық-мағыналық топтамалар шығаруға болады (1кесте.).
Жалпы оң мағыналы лексиканың жиілілігі мақаланың саяси дискурсын білдіреді: қабылдаушыға қоғамның прогрессивтік дамуын және нақты алғанда гендерлік саясат дұрыс және қарқынды іске асырылып жатқанын көрсетіп тұр. Теріс мағыналы сөздердің (21, 05%) аз да болса қоғамда бұл құбылыстың кездесетінін байқатады, бірақ бұл ұғымдар жалқы түрде беріліп отырған жоқ, олар оң әрекет мағынасы бар сөздермен тіркесіп берілген (зорлықзомбылықтан +азат болу; кемсіту + жою). Нейтралды сөздерді автор негізгі ұғымдарды беру үшін қолданған.Саяси дискурстың тағы бір лексикалық ерекшелігі – саяси сферада жиі кездесетін аббревиатураны автор түсініктемесіз беруі. Автор президент Н.А.Назарбаевтың саясатын ұстанатыны көрініп тұр: оның есімі 1 рет, ал лауазымы 2 рет, «Қазақстан Республикасы» – 6 рет, «Қазақстан» – 2 рет қолданылған.
Грамматикалық деңгейде барлық сөйлемдер мүшелері қажетті орындарында орналасқан, инверсиялық орын ауыстыру тәсілі қолданбаған. Эпитет, метафора және т.с.с. стилистикалық тілдік құралдар мәтінде кездеспейді. Осындай стиль саяси дискурстың ресми аясына қатысты екенін білеміз.
Ал келесі гендерлік тақырыпқа қатысты мақала өзінің ерекшеліктеріне ие. Оның шығу төркіні де белгілі. Қоғамдық сұраныспен жазылған емес, адамды толғандыратын мәселе ерікті түрде автордың өз ойымен бөлісемін деген ниетінен туындап отыр. Әрине, осындай мақалалар жасанды емес, табиғи сипат алып отыр. Автордың да ешкімге тәуелді емес екені көрінеді. Бұлмәтін – гендерлік саясатқа деген қазақ әйелінің көзқарасы ретінде жазылған пікір. Мәтіннің негізгі стратегиясы – өз еліміздегі гендерлік саясатқа батыстың гендерлік саясатының қалыбы келмейтінін көпшілікке жеткізу. Мәтін автордың өзекті мәселеге немқұрайлы қарамайтынын, батыстан қазақ қоғамына осы аталған аяда қауіп төніп тұрғанын баяндайды. Қазақ елінің ерді сыйлау және әйел адамның болашақ ұрпақты дұрыс тәрбиелеуге жауапты болуға, «бесікті түзеуге» шақырады («Ел болам десең, бесігіңді түзе»деп М.Әуезов айтқандай). Осы сөйлеу стратегиясын автор төмендегідей бағдарлармен ашып отыр: қоғамдағы қарама-қарсы пікір қалыптасқаны, батыстың гендерлік саясат моделіне қарсылық білдіру, көпшілік қауымды ұлттық менталитетке, әдет-құрыпқа сай гендерлік саясатты ұстану және қорғау,ұлттық салт-дәстүрлерге шолу жасау, ұлттық заңдылықтарға бағынбайтын ерекше қылықтарды сынға салу (қыздардың тұрмыс құруға асықпауы, қазақ отбасындағы балалар санының азаюы, ер адамдардың абыройын отбасында жоққа шығаруы, қазақ жерінен кетіп, шетелге барып босанып, «кіндік қанның тамған жері» ұғымын жоққа шығару) және т.с.с), осы мәселелерге қатысты оқырманды пікірталасқа шақыру.
Мәтін авторы – өмір тәжірибесі мол әйел адам. Оның дәлелі – әдеби тілді толық меңгерген, қазақ тілді оқырман түсігінде бар бейнелеуіш тілдік құралдардың кеңінен қолданылуы.
Лексикалық деңгейді талдайтын болсақ, ақиқатты метафоралық ойлау тәсілдермен жақсы бейнелеген: қоғам санасын жиі жарияланатын ойлар «қамшының өріміндей» «алды артыңды матап тастайды»; батысқа қарап «көш түзеуге», «жарияға жар салуға» қарсы; «тіс жармайды» деп қиналады; өз дәстүрімізді «қыр астында қалды» дейді; «отбасының тізгіні» еркек адамда болуы; қазақта әйелді «кемсітушілік, қорлау, мүсіркеу» жоқ екенін айтады; бірақ аналарымыз «тайраңдап төске өрлемеген»; «тамырымыздан ажырап барамыз» деп қиналады; гендер саясатының «ұлтымыздың менталитетіне қайшы келетін тұстарының» барын айтады; «қырыққа келгенше кареьера қуып «кемпір» болғанын білмей қалған қыздар көбейді» деп үлкен гендерлік мәселені көтеріп отыр; «биліктің дәмін татып қалған әйел затының, отбасы ошақ қасында үстемдік етпесіне кім кепілдік береді» деген тұжырым жасайды; «кәрі қыздардың көбі қызметтің «құлына» айналғандар» деген де мәселені келтіріп отыр; «еркек түздің адамы», ал онымен бірге «әйелі шапқыласа не болғаны» деп оқырманға сұрақ қояды. Осы айтқанн дәлеледерді қорытындылай келе, мына бір мағынасы терең метафоралы «Үйдегі бала тәрбиесіне зардабы тигенімен қоймай, «байтал шауып бәйге алмайтынын» ескеруі керек қой» сөйлемімен негізгі ойын білдіреді. Автор бұл мәтінде шеберлікпен метафораларды, синонимдес және қарсылас мағынасы бар сөздерді қолданған: «болмысы бөлек, қалыбы бөтен», «тіпті қазақы болмысымызға жат» (сөздерді градациялық принциппен орналастыру да бар – бөлек, бһтен, жат); «ұлттық мүддеге қайшы қылықтарды жіпке тізе беруге болады».
Мағына бойынша мәтін бес тақырыпшаға бөлінеді (2 — Кесте).
Синтаксистік деңгейде де автор саясат бойынша жазылған мәтін дискурсын әр түрлі бірліктермен және тәсілдермен бере білген. Көтеріліп отырған мәселе көкейкесті болғандықтан, автор эмоциялық аспектіні күшейте түскен. Ойды нақты етіп, автор сөйлемдерінің 78,4% – жай сөйлем, ал 21,6 % – құрмалас сөйлем. Газет-журнал оқырмандары қысқа сөйлемдерді тез қабылдайды. Сонымен қатар, эмоциялық аспект сұрау, лепті сөйлемдер арқылы беріліп отыр, осы сөйлем түрлері оқырманға терең ой салып отырады. Ойдың тізбегі де градация арқылы, антонимдік және синонимдік қатынастар, дәлеледемелер арқылы білініп отырады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Екі мақаланы талдау төмендегідей нәтижелерді берді. Бірінші мәтіннің лексикасының коннотативтің реңкі жоқ десе де болады, сонымен қатар, авто әдеби тілдік нормадан тыс шықпаған. Барлық жағдайды денотативті мағынасымен ғана берілген сөздермен атайды. Сөйлем көлеміндегі мүшелері өз орнында орналасқан, орын ауысу құбылысы кездеспейді. Эмоциялық аспект білінбейді. Мақала қоғамдағы ағартушылық жұмыс жасау сарынында жазылған. Бұл мақала тек қана осы салада еңбек етіп жүрген адамдарға жұмыс бойынша қолдануға жарамды деп ойлаймыз. Масс-медиалық саяси мақала болса да эмоциялық ұстамдылық басым және мазмұны объективті жағдайды саралаумен шектеледі. Біздің ойымызша, саяси мақалада жалпы халыққа арналуына байланысты, оның демократияланған сипаты болса деген ойымыз бар. Ол үшін әртүрлі риторикалық құралдарды қолданып, қызықты немесе альернативті мысалдар келтірілсе, мақаланың тартымдылығы аса түсуші еді. Ал екінші мақаланың қызықтыратын жері – оның тілі. Автор қазақ тілінің байлығын қолданып, әр фактіге өзінің субъективті ойын жазып, әдеби тілдегі фразеологизм, метафора, эпитет, салыстыру сияқты тәсілдерді ұтымды қолданып отыр. Автордың көтеріп отырған мәселесі оның өзі үшін көкейтесті болып отыр. Осы жағдайда ол оқырманға алдымен ойымен, сосын жатық қазақ тілімен жақынырақ болып саналады. Біз осы екі мақаланы 50 оқырманға ұсындық. Солардың бәрін қызықтырғаны екінші мақала болып шықты. Осы салаыстырмалы талдауымыздан шығарып отырған қорытынды: саяси дискурсты мәтіндерді де көптеген оқырманға жақындаттыратын тілдік құралдар. Тіліміздің байлығын кеңінен қолдана білу бәріміздің азаматтық борышымыз болып саналады. Осындай салыстырмалы жұмыстар болашақ БАҚ авторларына қажетті бағдар береді деген ойымыз бар.
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ
1 Шейгал Е. И. Семиотика политического дискурса. – М., Волгоград: Перемена, 2000. – 368 с.
2 Громыко С.А. Русский политический дискурс начала XX века (на материале дискуссии в I Государственной Думе 1906 года) — 2007. 20 с
3 Карасик В.И. Языковой круг: личность, концепты, дискурс. – Волгоград: Перемена,
2002. – 477
4 Олянич А.В., Карасик В.И. Презентация теория дискурса. Монография, 2013.
5 Бейлинсон Л.С. Функции институционального дискурса // Вестник Иркутского государственного лингвистического университета. – 2009. Вы. 3. – С. 142-147.
6 Алексеева Л.М., Мишланова С.Л. Медицинский дискурс: теоритический основы и принципы анализа. Пермь: Издательство Пермского Университета, 2002. 200с.
7 Мишланова С.Л. Метафора в медицинском дискурсе / Перм. гос. ун-т. Пермь, 2002. 160 с.
8 Жура В.В. Дискурсивная компетенция врача в устном медицинском общении:
автореф. дис. Доктора филол. наук. Волгоград, 2009. 44 с.
9 Олешков М.Ю. Лингвоконцептуальный анализ дискурса (теоретический аспект) .– Нижний Тагил, НТГСПА, 2009. – С. 68-85.
10 Болдырева А.А. Категория авторитетности в научном дискурсе Электронный ресурс. / А. А. Болдырева, В. Б. Кашкин. – Электрон, дан. М., 2001. – Вып. 1. – Режим доступа : http :
// tpl 1999/ narod/ru. – Заглавие с экрана 11 Маслова, Л.Н. Выражение несогласия в устной научной дискуссии Текст. / Л. Н. Маслова // Культура в зеркале языка и литературы: материалы междунар. науч. конф. 15-16 апреля 2008 г. Тамбов, 2008. – С. 262-266.
12 Волкова Т.А. Дискурсивно-коммуникативная модель перевода: монография. М.: ФЛИНТА : Наука, 2010. – 128 с.
13 Гусейнова И.А. Коммуникативно-прагматические основания жанровой системы в маркетинговом дискурсе: диссертация … доктора филологических наук : 10.02.19 [Место защиты: Моск. гос. лингвист. ун-т]. – Москва, 2009. – 466 с.
14 Ruth Wodak & Paul Chilton (eds.), A new agenda in (critical) discourse analysis: Theory, methodology and interdisciplinarity. Discourse Approaches to Politics, Society, and Culture, 13. Amsterdam: John Benjamins, 2005. – 321 p.
15 Дейк Т.А. ван. К определению дискурса / Т.А. ван Дейк – Москва, 1998. [WWWдокумент] URL http://www.nsu.ru/psych/internet/bits/vandijk2.htm.
16 Водак Р. Язык. Дискурс. Политика. / Пер. с англ. и нем. – Волгоград: Перемена, 1997. – 139., Б. 23-24].
Г.С.Давлеткалиева1, К.Н.Булатбаева2, А.А.Алибекова 3
Функционирование языка в свете гендерных проблем в масс-медийных политических текстах
1,2,3 Евразийский национальный университет имени Л.Н.Гумилева, г. Нур-Султан, Казахстан
В статье отмечается, что в масс-медийных политических текстах имеются внутренние различия. Различия текстов масс-медийного жанра определяются разными экстралингвистическими факторами, что доказывается на основе анализа двух текстов на гендерную тематику. Эти различия определяются социальным статусом автора, общественной ролью, связью с государственным аппаратом власти, позицией автора относительно рассматриваемой проблемы, актуальностью самой проблемы. Анализируемые тексты охватывают два мнения о гендерной политике. В то же время между этими текстами нет противоречий смыслового плана. Однако официальная ответственность одного автора приводит его к нейтральности в эмоциональном плане, тогда как в другом тексте автор ярко выражает свои эмоции с помощью различных изобразительно-выразительных средств языка. Второй автор близок народу, поэтому его речь имеет большую степень воздействия на читателя. В итоге мы видим разные формы проявления политического дискурса при рассмотрении двух публицистических статей по проблеме гендерной тематики.
G.Davletkalieva1, K.Bulatbaeva2, A. Alibekova3
The functioning of the language in the light of gender issues in mass media political texts
1,2,3 L.N. Gumilyov Eurasian National University,
Nur-Sultan, Kazakhstan The present article deals with the internal distinctions in mass media political texts. The distinctions of the texts of mass media genre are defined by different extralinguistic factors and this is proved on the basis of the analysis of two texts on gender theme. These distinctions are defined by the social status of the author,a social role, a connection with the governmental machine of the power, a position of the author concerning the problem considered and the urgency of the problem. The texts analyzed cover two opinions on gender policy. There are no semantic contradictions between these texts at the same time. Nevertheless, official responsibility of one author results in neutrality in the emotional plan whereas the author of the other text expresses his emotions by means of various graphic and expressive means of the language. The second author is close to the peopletherefore his speech has a large level of effect on the reader. As a result, we see different forms of manifestation of political discourse analyzing two publicistic articles on the problem of gender subject.