ӘСКЕРИ ЛЕКСИКАНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ ҚЫРЫ (Б. МОМЫШ-ҰЛЫ ӘСКЕРИ ПРОЗАСЫ МАТЕРИАЛЫ НЕГІЗІНДЕ)

ӘСКЕРИ ЛЕКСИКАНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ ҚЫРЫ (Б. МОМЫШ-ҰЛЫ ӘСКЕРИ ПРОЗАСЫ МАТЕРИАЛЫ НЕГІЗІНДЕ)

Арнайы лексика кез келген тілдің лексика-семантикалық жүйесінде ерекше орын алады. Осы уақытқа дейін Ұлы Отан соғысы тақырыбы өз өзектілігін жоғалтқан жоқ. Ол туралы шығармаларда әскери лексика жиі қолданылады. Зерттеудің мақсаты Б. Момышұлы прозасындағы әскери лексиканың семантикалық ерекшеліктерін қарастыру болып табылады. «Москва үшін шайқас» романы, «Бір түннің оқиғасы» повесінің және т.б. шығармалар мәтініндегі әскери лексиканың қызметі талданады және оның негізгі лексикасемантикалық топтары жіктеледі. Әскери лексиканың тақырыптық топтар бойынша толық жіктелуі ұсынылған, олардың кейбіреулері көп компоненттілігі мен элементтердің әртүрлілігіне байланысты неғұрлым ұсақ лексикосемантикалық топтарға бөлінген. Талдау көрсеткендей, шығармалар тілінде әскери саладағы орыс, неміс және француз тілдерінен енген кірме сөздер көптеп кездеседі. Жазушы өз шығармаларында қолданған әскери лексика мағынаcы қазақ тілінің қазіргі сөздіктеріндегі мағынасымен дәл келетіні анықталған.

Түйін сөздер: әскери лексика, семантика, тақырыптық топ, кірме сөз, әскери роман, әскери проза.

КІРІСПЕ
Әскери лексиканы зерделеуге, жүйелеуге және жіктеуге лингвист-ғалымдар Ю. Н. Караулов, Л. Л. Кутина, С. Д. Ледяева, Ф. П. Сороколетов, Ф. П. Филин және т. б. еңбектері арналған.
Жұмыстың мақсаты Б. Момыш-ұлының «Москва үшін шайқас» романы [1], «Бір түннің оқиғасы» повесі [2] және т.б. шығармаларындағы әскери лексикаға семантикалық талдау жүргізу болып табылады.
Зерттеу материалдары Б. Момыш-ұлының жоғарыда атап өткен туындыларынан жалпы іріктеу жолымен алынған әскери лексиканы қамтиды.
Белгіленген мақсатқа жету үшін зерттеу әдістері мен әдістемелері анықталды. Жұмыста талдау мен синтездің жалпы ғылыми әдістері, сондай-ақ сипаттау, компоненттік және контекстуалды талдау сияқты лингвистикалық әдістер мен тәсілдер қолданылды.

НЕГІГІ БӨЛІМ
Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы Бауыржан Момышұлының шығармаларын жазу барысында дереккөздерді пайдаланғаны белгілі, сондықтан болар шығармада қолданыс тапқан әскери лексика КСРО мен Германия арасындағы соғыс кезеңін дәл береді.
Орыс ғалымы А. Н. Кожин [3; 48-58 б.] жіктемесіне сүйене отырып, біз әскери лексиканың келесі тақырыптық топтарын бөлдік:
1) Әскер түрін білдіретін сөздер:
АРТИЛЛЕРИЯ – ‘негізгі қаруы снарядпен атылатын ірі соғыс құралдары болып келетін әскер түрі’: Дұшпанның алпыс танкы алдымен тіке шабуылға шығады, бірақ артиллерияның дәлме-дәл нысанасына тап болып тойтарылады.
БОМБАРДИРОВЩИК – ‘бомбалаушы ұшақ’: Теріскей жақтан қатарын тізген тырнадай аспанда бомбардировщиктер көрінді.
ИСТРЕБИТЕЛЬ – ‘Жойғыш ұшақ (жау авиациясын атып түсіретін ұшқыр ұшақ)’: Олардың үстін ала қаршығадай зымырап истребительдер ұшып жүр.
ГВАРДИЯ – ‘әскердің іріктелген таңдаулы бөлімі’: Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады.
2) Әскери құралымдардың түрлерін айқындайтын сөздер:
БАТАРЕЯ – ‘артиллериядағы тактикалық-ұйымдық бөлім’, ‘артиллериның бекініс орны’, ‘артиллерия бөлімшесі’: Батареялар мен дивизиондар, бақылау пункттері, зеңбіректердің тұрған жері, біз сияқты атқыштар полктарыныңбақылау пункті — оның аралайтындары осылар.
БАТАЛЬОН – ‘бірнеше ротадан құралған жаяу әскер бөлімі’: 1941 жылғы күзгі, қысқы кескілескен шайқастар кезінде өз батальонын 27 рет шабуылғабастап шықты.
ГАРНИЗОН – ‘бекіністе, бекіністі аудандарда немесе жеке қорғаныс құрылысында орналасқан әскери бөлімдер мен бөлімшелер’: Генералдың ойы бойынша, егер біздің бөлімшелер шегініп келе жатып осы аймаққа, Руза өзенінің бойына табан тіреуге шамасы келмей тұрақтай алмаса, мына үлкен даңғыл жолды кесе-көлденең күні бұрын дайындалып қойған қорғаныс орда үйін және өзен жағасындағы тың күші бар гарнизон жаудың алдын белгілі уақытқа дейін бөгеп, шегініп келе жатқан бөлімшелеріміздің есін жиып, күш біріктіріп, топтанып жаңа шепке бекініп алып, жаудың алдына қайта бөгет болуына мүмкіндік беруге тиісті екен.
ОТРЯД – ‘арайы немесе жекеленген әскери бөлім, бөлімше’: Жаудың алдыңғы қатардағы отрядтары осы түйінді екпінмен басып өтуге талай рет әрекет жасайды, бірақ қаншама тырысса да түк шығара алмайды.
ПОЛК – ‘3-5 не одан да көп батальоннан тұратын, әкімшілік, шаруашылық жағынан дербс басқарылатын әскери бөлім’: Алда біздің дивизияның полктары соғысып, қан майданда дұшпанмен кеңірдек шайнасып арпалысуда.
РОТА – ‘жаяу әскер, танк, механикаландырылған, инженерлік, байланыс т.б.
бөлімдердегі негізгі әскери бөлімше’: Алдымнан роталар топ-тобымен өз командирлерінің соңынан бұрынғысынша қаз-қатар тізіліп өтіп барады.
ДИВИЗИЯ – ‘3-4 полктан құралған құрама әскер’: Олар жау жолын үш күн, үш түн бөгеп, біздің дивизия үшін маңызды бағыттың бірін жаумен тістесіп, бір сүйем жер шегінбей ұстап тұрды.
3) Әскери қызметшілердің қызметтік-лауазымдық жағдайын саралайтын сөздер:
ГЕНЕРАЛ – ‘армия мен әскери-теңіз флотында, әуе флотында жоғары офицерлік шен және сол атақтың иесі’: Телефонды орнына қойып, генерал картаға тағы үңілді.
ГЕНЕРАЛ-МАЙОР – ‘майор шеніндегі генерал’: Жалт қарасам, көшенің ортасында дивизиямыздың командирі генерал-майор Иван Михайлович Чистяков жаяу, жайбарақат келе жатқаны рас екен.
ПОЛКОВНИК – ‘подполковниктен жоғары офицерлік атақ’: Олар генерал Доватор мен полковник Катуков басқарған «Конномеханизированная группа» екен.
ЛЕЙТЕНАНТ – ‘әскери адамдар мен өкімет орындарында істейтін кейбір қызметкерлерге берілетін орта дәрежелі офицерлік атақ, шен’: Мен лейтенант Донских пен Брудный бастаған алдыңғы шептегі взводтардың соғысы туралы, олардың ерліктері туралы қысқаша баяндап бердім. Взводты басқаратын лейтенанттар Ташкент, Алматы училищелерінен жаңа ғана шыққан тәжірибелері аз жас жігіттер.
АҒА ЛЕЙТЕНАНТ – ‘дәрежесі лейтенанттан жоғары әскери атақ’: Барлық Қызыл Армияда полкқа командир болған аға лейтенант жалғыз сіз ғана деп айта алмаймын.
КАПИТАН – ‘армия мен флоттағы, полициядағы (милициядағы) аға лейтенанттан кейінгі офицерлік шен; атақ, осы шен иесі’: Кір-кір маска-халат киген, шаңғы мінген капитан Клименко алып-ұшып жетті.
КОМАНДИР – ‘Әскери құрамаларда, бөлІмдерде немесе әскери мекемелерде әкімшілік қызмет атқаратын ресми атағы бар адамдар – генералдар, офицерлер, прапорщиктер, сержанттар’: Полк командирінің рапортын қабылдап, саппен сәлемдесін, жайбарақат тұруға рұқсат еттім.
КОМАНДАШЫ – ‘Команда беруші, әскери бастық’: Командашы сөзге келген жоқ, көнді.
САПЕР – ‘инженерлік құрылыс жұмысымен айналысатын әскери қызметкер, маман’: Саперлер жолдың орманнан шыға берістегі екі жиегіне екі үлкен фугас көміп кетті.
МИНОМЕТЧИК – ‘миномет бөлімшесінде істейтін әскери адам’: Минометчиктер қызу қимылдап, шапшаң атқылауға кірісті.
ПУЛЕМЕТШІ – ‘пулеметтен оқ атушы жауынгер’: Оның қасында танктың жылан бауыры белуардан төмен жанша басып өткен пулеметшінің денесі жатыр.
АРТИЛЛЕРИСТ – ‘артиллериялық әскердің жасақшысы’: Біздің артиллеристер де қатты қысыла қимыл жасайды.
АТУШЫ – ‘атқан, ататын адам’: Блоха ауыр пулемет «Максимның» атушысы еді.
СНАЙПЕР – ‘көздеген нысанасына дәл тигізетін мерген’: Мен снайпермін.
ГВАРДИЯШЫ – ‘гвардия құрамындағы жауынгер’: Генерал Панфиловтың жауынгерлік тапсырмасын гвардияшыларша абыроймен орындадыңдар. Олардың көбі тіс қаққан жауынгерлер, гвардияшылар.
4) Жауынгерлік техниканы білдіретін сөздер:
МИНОМЕТ – ‘жарылғыш жарықшақты снаряд, минаны ататын зеңбірек, минаатар’: Олар көп ұзамай-ақ немістер бізді артиллерия, минометпен атқылай бастады.
ЗЕҢБІРЕК – ‘жер үсті, су үсті және әуедегі нысаналарды атуға арналған артиллериялық қару’: Алыстан ірі зеңбіректер бізге оқ жаудырды.
ПУЛЕМЕТ – ‘жердегі және әуедегі нысананы көздеп атуға арналған автоматтық қару’:
Ірілі-уақты бомбаларды араластыра тастап, оралып ұшып, үстімізден пулеметпен атқылап өтеді.
ГРАНАТА – ‘қарсыластың адам күші мен техникасын 1000 м-ге дейінгі қашықтықта жоюға арналған оқ-дәрі’: Өзіміз тұрған үйдің бұрышынан өте бергенімізде, менің артымда келе жатқан Курбатов танктің ішіне граната лақтырып жіберді.
5) Жауынгерлік қаруды, қару-жарақты білдіретін сөздер:
БОМБА – ‘Іші оқ-дәрімен толтырылған жарылғыш, тұтанғыш снаряд’: Жарылған бомабалардың сарыны күннің күркірегеніндей гүрілдей естіледі.
ОҚ – ‘дәрімен атылатын қарудың жез гильзаларына ыңғайлап орнатылған домалақ немесе сопақша қорғасын’: Дұшпанның самолеті бомбаламаса, оқ, снарядтары жетпейді…
СНАРЯД – ‘үш жағы үшкір, цилиндр формалы зеңбірек оғы’: Айналада әлемді тұншықтырып тарсылдап, гүрсілдеп жау снарядтары жарылып жатыр.
МИНА – ‘жарылған жеріндегі нәрселерді талқандап, қопарып тастайтын жарылғыш соғыс қаруы; минаатар және зеңбіректен атылатын оқ-дәрі’: Кейбір жауынгерлерге оқ, әйтпесе снаряд пен минаның жаңқалары дарып, оларды екеулеп жолдастары сүйемелдеп, әйтпесе көтеріп барады…
6) Әскерлердің жауынгерлік қызметінің жедел-тактикалық ұғымдарын айқындайтын сөздер:
АТАКА – ‘шабуыл’: Кешікпей-ақ екінші атака да тойтарылды.
ҚОРҒАНЫС – ‘қорғану ісі, қорғану бағытында жүргізілетін жұмыс; жау күшіне тойтарыс беріп, қарсы шабуылға шығу мақсатында жүргізілетін ұрыс; қорғанатын жер, бекініс’: Жақсы жасалған қорғаныс солдаттарды оқ пен снаряд жарықшақтарынан сақтайды. Біз қорғаныстамыз. Ал, қорғаныстағы негізгі міндет — өрекпіп келе жатқан жауды қайткен күнде де тоқтату.
ШЕГІНІС – ‘позицияларын беріп, кейін кету’: Мұндай шегіністі кімнің заңдандырып, кімнің бекіткенін білмеймін.
ШАЙҚАС – ‘жаумен алысу, майдан шебінде соғысу’: Енді, міне, генерал маған сол
Гарипов туралы, оның жауынгерлері туралы, жолдастарын басқа төнген бәледен құтқармақ болып, өзінен күші әлденеше артық жаумен шайқаста ерлікпен мерт болғанын айтып отыр.
БЕКІНІС – ‘шабуылдан қорғану үшін сыртын айналдыра биік дуалмен қоршаған қорған, қамал’: Үшінші қорытынды: дұшпанның бекінісі мықты, күші мол, біздің күшіміз аз.
7) Жаудың атауы:
ФАШИСТ – ‘фашизмді жақтаушы, фашистік германия басқыншылары’: Кең көшенің ортасымен сәнді саппен қатарларын түзеген фашистер полктары тақыр асфальтті сартсұрт теуіп, салтанатпен өтіп барады.
НЕМІС – ‘Екінші дүниежүзілік соғыста халық арасында қалыптасқан фашистік Германия әскерінің аты’: Бас көтерсек немістер жан-жақтан анталап келіп қалыпты.
ОККУПАНТ – ‘басып алушы, басқыншы’: Бірақ бүл мақсаттарды іске асыру үшін біздің Отанымызды құлдауға келіп отырған неміс басқыншыларының соғыстық қуатын қирату керек, неміс оккупанттарын бірін қалдырмай құрту керек.
БАСҚЫНШЫ – ‘Бір елдің жеріне қарулы күшпен басып кіруші, талаушы, тонаушы’: Коп соғыстарда біздің Советтік Отанымызды гитлершіл басқыншылардан қорғауда, 316атқыштар дивизиясы ерлік, табандылық, тәртіптілік пен ұйымшылдықтың енегелі үлгілерін көрсетті.
ЖАУ – ‘Біреудің елін-жерін жаулап алмақ болып шабуыл жасаушы, шапқыншы’: Жау жылжып, сырғанап тоқтай алмай шегініп барады.
ДҰШПАН – ‘Қас, жау, қара жақ’: Соғыста, бір жерге табан тіреп арпалысып қалған дұшпанды орнынан қозғау қиын, жау жеңіліп орнынан бір қозғалса, оған тұрақтап тоқтау оңайға түсе қоймайды.
ҚҰЗҒЫН – ‘Қорек талғамайтын, көбіне өлексені жемтік ететін қарға тұқымдас құс’: Қашан қуып шыққанша біз құзғындарды төпеп ұра береміз.
8) Әскери құжаттама:
УСТАВ – ‘Жарғы (ұйымдардың, мекемелердің міндеттері мен қызметін белгілейтін сөзсіз орындалуын қажет ететін ережежелр жиынтығы, ұағида)’: Мен де бәрін тура устав бойынша жүргіздім.
РАПОРТ – ‘Әскери қызметшілердің әскери шені жоғары бастықтарына ауызша не жазбаша ресми баяндауы’: Мен ауыз үйден өтіп, адъютант көрсеткен маңдайшасы аласа есікті ашып, табалдырықтан аттап тік тұрып, тәртіп бойынша рапорт бермекші бола бергенімде, генерал Панфильов аузымды ашуға да мұрша берместен, сергек басып алдымнан қарсы шықты.
СӨГІС – ‘Белгілі бір ұйымның тәртіп бұзушыларға бұйрық арқылы беретін ескертпе жазасы’: Сол түні батальонның ат қорасындағы күзетшінің ұйықтап қалғаны үшін сөгіс жариялапты маған.
БҰЙРЫҚ – ‘Мемлекеттік, мемлекеттік емес әкімшілік, басқару шені жоғары әскери орындар тарапынан берілетін ресми әмір, басқару актісі’: Солдаттар, командирлер бұйрықты ойдағыдай орындады.
9) Бұйрық және командалық сөздер:
КОМАНДА – ‘Командирдің белгілі бір үлгідегі ауызша берілген қысқа бұйрығы’: Рассохинның командасы бойынша минометшілер жалма-жан қимылдап, қыстақты дәлдеп көздей бастады…
ДАБЫЛ – ‘Жаугершілікте, жорықта халықты бір жерге жию үшін, саяткершілік құрғанда аң үркіту үшін пайдаланылған ұрмалы аспап’: Бәрі де қатты ұйқыда, дабыл қақсаң оянбастай.
ШАГОМ МАРШ – Шагом марш! — деп артыма бұрылмастан сап алдына түсіп жүріп кеттім.
ОГОНЬ – Дивизион екі дүркін огонь!
10) Әскери қызметі үшін берілетін марапат белгілері:
ОРДЕН – ‘Қоғамға сіңірген ерекше еңбегі үшін үкімет тарапынан берілетін, бағалы металдардан жасалатын марапат белгісі’: Бірақ оны үлкенірек орденге ұсынуға даболатын еді ғой.
МЕДАЛЬ – ‘Беті түрлі суреттермен, жазулармен бейнеленіп металдан дөңгелек, ромб түрінде істелетін, әскери немесе еңбектегі қызмет, ғылым мен мәдениеттегі жетістіктерді марапаттау үшін берілетін белгі’: Ол бірнеше орден, медальдармен наградталады.
ҚЫЗЫЛ ТУ ОРДЕНІ – Неміс басқыншыларымен ұрыста көрсеткен ерлігі үшін біздің командир генерал Иван Васильевич Панфилов бірінші азамат соғысына қатынасқан жауынгер, Ұлы Отан соғысының айбынды командирі Қызыл Ту орденімен үшінші рет наградталды
НАГРАДА – ‘марапат’: Бұл наградалар да Әкімгерейге сол жерде табыс етілді.
ДАҢҚ ОРДЕНІ, ҚЫЗЫЛ ЖҰЛДЫЗ ОРДЕНІ – ‘ Отан соғысында ерлігімен көзге түскен жауынгерлер мен офицерлерге берілетін орден’ – Майор Мазурин медальді тағып болғаннан соң ерлігі үшін медалімен және Даңқ, Қызыл Жұлдыз ордендерімен де наградталатындығын жеке-жеке жарияладым.
Осылайша, Б. Момыш-ұлы әскери прозасындағы әскери лексика орыс тіліне француз және неміс тілінен енген кірме сөздер болып табылады. Олардың көпшілігі өзінің бастапқы мәнін өзгертті немесе жоғалтты.
ҚОРЫТЫНДЫ
Осы мақалада Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы Бауыржан Момыш-ұлы әскери прозасы лексикасының семантикалық ерекшеліктері қарастырылды. Әскери лексиканың лексико-семантикалық жіктелуі бірнеше тақырыптық топтардан тұрады. Оның негізіне Бауыржан Момыш-ұлы шығармалары мәтінінен тұтас таңдау жолымен алынған картотекасы салынған. Зерттеу барысында әскери бірліктердің ең көп саны алғашқы үш тақырыптық топта шоғырланғаны анықталды. Жазушы аталған топтардың әскери лексикасын өз шығармаларында кеңінен қолданады. Олардың үлесіне жіктеу бірліктері мазмұнының жалпы көлемінің 73,9% келеді.

ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ
1 Момыш-ұлы Бауыржан. Москва үшін шайқас. – Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1959. – 244 б.
2 Момыш-ұлы Бауыржан. Майдан: Ұлы Отан соғысы туралы әңгімелер мен очерктер. – Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1961. – 402 б.
3 Кожин А.Н. О развитии русского литературного языка в эпоху Великой
Отечественной войны // Филологические науки. – 1975. – № 3. – С. 48-58.

С.С. Есимкулова
Семантический аспект изучения военной лексики (на материале военной прозы Б.
Момыш-улы)
Казахский национальный женский педагогический университет, г. Алматы, Республика Казахстан,
Специальная лексика занимает особое место в лексико-семантической системе любого языка. До сих пор остается актуальной тема Великой Отечественной войны, в произведениях о которой активно используется военная лексика. Цель исследования состоит в рассмотрении семантических особенностей военной лексики в прозе Б. Момышулы. На материале текста романа «За нами Москва», повести «История одной ночи» и др. анализируется функционирование военной лексики и дается классификация ее основных лексико-семантических групп. Представлена подробная классификация военной лексики по тематическим группам, некоторые из которых, в силу своей многокомпонентности и разнообразия элементов, были разбиты на более мелкие лексико-семантические группы. Как показал анализ, язык произведений характеризуется наличием большого пласта заимствованной лексики, в том числе в военной сфере, основная часть которой пришла из русского, немецкого и французского языков. Анализ показал, что значительная часть военной лексики, использованной в военной прозе Б. Момыш-улы, фиксируется в современных словарях казахского языка в указанных в произведениях значениях.

S.S. Esimkulovaˡ
Semantic aspect of the study of military vocabulary (on the material of military prose B. Momysh-uly)
Kazakh national women’s pedagogical University,
Almaty, Republic of Kazakhstan Special vocabulary has a remarkable place in the lexical-semantic system of any language. The theme of the Great Patriotic War is still relevant and in the works about this war military vocabulary is actively used. The purpose of the research is to consider the semantic features of military vocabulary in the prose by B. Momyshuly’. On the basis of the text of the novel “Moscow Behind Us,” the novel “The Story of One Night,” and others, the functioning of military vocabulary is analyzed and its main lexical and semantic groups are classified. A detailed classification of military vocabulary by thematic groups is presented, some of which, due to their multicomponent nature and variety of elements, were divided into smaller lexical and semantic groups. As analysis has shown, the language of the works is characterized by the presence of a large layer of borrowed vocabulary, including the military sphere, the most of which came from Russian, German and French. The analysis showed that a significant part of the military vocabulary used in B. Momyshuly’s military prose is recorded in modern dictionaries of the Kazakh language in the meanings indicated in the works.



ӘӨЖ 004.81: 159.9
М.Т. Есматова1, Ж.С. Құлыбекова2, Г.С. Хамзина3, Ж.Т. Қадыров4
1,2,3филология ғылымдарының кандидаты, доцент, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік
Қазақстан мемлекеттік университеті, Петропавл қ., Қазақстан, е-mail: еsmatova@mail.ru,
19zhanka71@mail.ru, Gulzada_76@gmail.com
4филология ғылымдарының кандидаты, профессор, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік
Қазақстан мемлекеттік университеті, Петропавл қ., Қазақстан, е-mail: zhkadyrov_777@mail.ru

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІ АҚЫНДАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ «ТУҒАН ЖЕР» КОНЦЕПТІСІ

Қазіргі қазақ тіл білімінде көркем мәтіннің құрылымдық және мазмұндық жақтарын қарастыру, зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттарының біріне айналып отыр. Осыған байланысты суреткерлік қырын танытатын көркем мәтін мазмұнын бейнелеуге қатысты сөз қолданыстардың бір түрі – «Туған жер» концептісінің сырын ашу мақаланың басты мақсаты болып отыр. Солтүстік Қазақстан өңірінің ақындары М.Жұмабаев, С.Мұқанов, Е.Зікібаев, Е.Асқаров, К.Салықов, Ғ.Малдыбаев, З.Әкімжановтардың өлеңдерінде ұлттың рухани-мәдени құндылықтар жүйесінде маңызды орын алатын «қасиетті, киелі мекен» ұғымының берілуі талданады. Себебі әрбір адам баласы үшін тұрақтап, өсіп-өнген, мекен етіп, бауыр басқан жері – киелі. Ұлттың ұлт болып қалыптасуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі – ұлттың рухани болмысының табиғатпен тікелей байланысты. Осы тұрғыда қазақтар үшін Отанды, туған жерді, кеңістік пен еркіндікті бейнелейтін дала, жайлау сөздерінің де ақындардың өлеңдерінде кездесуіне және концепт жасау мүмкіндігіне тоқталамыз.

Кілт сөздер: «Туған жер» концептісі, кеңістік, когнитивтік таным, метафора, ұлттық болмыс, поэзия, рухани-мәдени құндылықтар.

КІРІСПЕ
Сөз қолданысының танымдық сипаты шығарма тақырыбы, идеясымен алмасып, соның жүгiн арқалап, образдылығын арттыру негiзiнде толығымен ашыла түседi. Сондықтан да көркем мәтiндi бiртұтас күрделi кұрылым ретiнде карағанда ғана, когнитивтiк деңгейi айқындала түседi.
Туған жер – бұл әрбір адамның маңызды әрі алғашқы танып-білетін түсінігі. «Туған жер» образы оның санасында анасы, бауырлары, достары образымен ассоциация жасауы мүмкін. Туған жер – Отан, туған ел, туған тіл, өлке, табиғатымен, халқымен, қоғамымен, мәдениетімен, тұрмысымен, салт-дәстүрімен, тарихымен ерекшеленетін, ыстық сезімді еш нәрсеге айырбастауға келмейтін, өзіндік ерекше орта.
Туған жердің сипатын, маңызын зерттеу халықтың менталитетін, рухын, жан дүниесін жете түсінуге, сол ұлттың әлемдік бейнесін көзімен көруге мүмкіндік береді. Жеке адамдардан бастап, қоғамдық топтардың, бүкіл бір ұлттың, халықтың ой-өрісінің, дүниетанымының, ерекшеліктерін анықтауға болады. Мәдениет адам баласының ақылойының маңдай терінен туындаған жетістіктерінің барлығын қамтығандықтан, оның атауы да кең. Ұлттық ерекшеліктерді, таным түсініктерін, ой-өрісін, яғни бір сөзбен баяндағанда мәдени болмысын танытатын лексемалары көркем шығармаларда өте жиі ұшырасады. Көркем шығармаларда берілген «туған жер» ұғымын қарастыру арқылы біз қазақ танымында қандай ұғым беретіндігін түсіне аламыз және де қазақ халқының басынан кешкен өмірін, ұлттық ерекшелігін, дүниетанымын көре аламыз, адамзатты табиғатты, Отанын сүюге тәрбиелейміз.
«Туған жер» ұғымын зерделеу арқылы адамның ой мен түсінігін тұжырымдап, этнолингвистикалық сипатын айқындай аламыз. Бұл тікелей халыққа байланысты, қатысты. Қазақ халқы үшін ерекше құнды дүние болып табылады. Қазақ халқы үшін туған жер, ел, атамекен, атақоныс, атажұрт, кіндік қаны тамған жер сияқты модельдермен анықталады. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын мәңгі мұра.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Елбасымыз Н. Назарбаевтың тарихи құжатқа айналған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «…Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегіміз әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды» — деп туған жердің қасиетіне ерекше тоқталады.
Әрбір адамның табан тірер туған жері болады. Туған елге, жерге деген сүйіспеншілік адамды алға жетелеп отырады. Дана халқымыз: «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» — деп бекер айтпаған ғой. Расында, сонау ел басына күн туған зар заманда ата-бабаларымыз туған жердің топырағын бір иіскеу үшін айшылық жерден ат арытып келген. Әйгілі Бейбарыс бабамыз шетте жүріп, туған елін сағынған шағында әрдайым туған елден алдырған жусанды иіскеп, туған жерге деген сағынышын басқан екен. Сондықтан, әрбір азамат қайда жүрсе де жүрегінің түбінде туған жерге деген құрметін сақтау керек.
Зерттеуші К.Күркебаев когнитивтік таным туралы өз ойын айта келіп: «Адамның бүкіл танымдық әрекетін қоршаған әлемде өзін-өзін бағдарлау қасиетін дамыту деп қарастыруға болады. Өз кезегінде бұл әрекет нысандарды айыра білу қажеттілігімен ұштасады. Бұндай қажеттілікті қамтамасыз ету барысы ақиқаттың когнитивтік бөлшектенуін талап етеді. Когнитивтік бөлшектеудің мәні бүкіл этнологиялық кеңістіктің түрлі категориялық аймақтарға бөлінуінде жатыр. Қоршаған дүниемен қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде адам болмысын сипаттайтын іргелі ұғымдар – «ғалам бейнесі», «ғаламның тілдік бейнесі» қалыптасады» [1, 19] деген тұжырым жасайды.
«Туған жер» концептісі өзіндік құрылымы бар өріс жиынтығынан құралады. «Туған жер» концептісінің ішкі мазұнын «ата мекен», «ата қоныс», «ата жұрт», «кіндік қаны тамған жер» секілді модельдердің қатысымен анықтауға болады. Ол жалпы адамзаттық және ұлттық мәдениеттің негізгі категорияларының бірі болып табылады. Объективті дүние формаларының бірі болып саналады, ол өз бетінше өмір сүретіндей көрінеді, алайда оның басты ерекшеліктерінің бірі – мұнда адамның (адамзаттың) тіршілік ететіндігі. Ата мекен онтологиялық болмысқа ғана емес, ол, сондай-ақ, ментальдік болмысқа да ие, яғни ментальдік болмыс адам санасында бейнеленіп, адам санасында өмір сүреді. Кеңістіктің ментальдік болмысы оның концептілігін анықтайды, яғни адамның концептілік және тілдік санасында ментальдік болмыс, ең алдымен, концепт немесе концептілер түрінде қызмет атқарады.
Әрбір тілдің сөз байлығы мен көркемдік қуатын сол тілдегі көріктеу амалдары және сөздік қордың деңгейімен өлшеу жеткіліксіз, сонымен қатар, тілдің байлығы ұлттың тілдің тұлғасының танымдық-концептуалды деңгейімен де өлшенеді. Ол үшін сол ұлттың концептуалды әлемі және содан өрістейтін концептуалды кеңістігіне тұтастай барлау жасалуы керек. М.Жұмабаев, С.Мұқанов, К.Салықов, Е.Асқаров пен Е.Зікібаев, Ғ.Малдыбаев, З.Әкісжанов шығармаларында «Туған жер» дала, атамекен сөздерімен мағыналас ұғымдарда сипатталады. Оны мына мысалдар байқаймыз: «туған жер» ең алдымен, туып-өскен, өсіп-өнген мекен. Мысалы:
Жалатылдым топырағыңнан, сен – түбім. Жалғаны жоқ, бәрі сенен жан-тәнім.
Сенен басқа жерде маған қараңғы,
Жарық болар Шолпан, Айым, сен – Күнім (М.Жұмабаев, «Туған жер»). Өзінің туған жердің топырағынан жаралғандығын жырлайды. Туған жердің тау-тасын, өзен-көлін ғана емес, тіпті, бар әлемге ортақ шуақ төгіп тұрған Күні мен Айын да ерекше жақсы көрген. Ол үшін атамекеніне қатысты әр құбылыстың, әр заттың орны өзгеше болғаны осыдан байқалады.
Кім сүймес туған жердің топырағын, Қиялдап майсасында отырамын.
Алыста жүрсем-дағы білсін елім –
Жүректе сағыныштың оты барын (Е.Зікібаев, «Бесігім – Есілім).
Кіндік кескен жерім, сені жырға мен,
Қосам талай —
Саған тәнті бір жан ем.
Іздеп мені ақ бораның ұли ма?
Құлдыраңдап тауды кезген құлжаң ем (Е.Асқаров, «Туған жер»)
Адам баласы үшін тұрақтап, өсіп-өнген, ұрпақ жайған, мекен етіп, бауыр басқан жерінен артық жер болмайды. Соның ішінде туған жер – белгілі бір тұлғаның дүниеге келген ортасы, географиялық атау мен қазақ баласының туып-өскен мекенінің жиынтық формасы. Яғни туған жер – кіндік қан тамған жер. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде туған жер жайлы фразеологизмдердің саны өте көп емес. «Кіндік кесіп, кір жуған жер» немесе керісінше «Кір жуып, кіндік кескен жер» деп алынады. Адам дене мүшесіндегі ең қасиеттісі кіндік. Кіндік қастерлі. Кіндік кесу тіркесінің туған жер ұғымымен астасып жатуының өзі сол қасиеттілігінде. Адам баласы жерге шыр етіп дүние есігін ашқаннан кейін оның анасымен байланыстырып тұрған мүшесі кесіледі. Кіндік – о дүние мен бұл дүниені жалғастыратын көпір ретінде орасан қызмет атқарады. Бұл жарыққа аяқ басым туған жер,
Кіндік кесіп, кірім сенде жуған жер.
Жастық – алтын, қайтып келмес күнімде,
Ойын ойнап, шыбын-шіркей қуған жер (М.Жұмабаев, «Туған жер») деген өлең жолдарында ақын туған өлкесіне деген сағынышын, балалық шағы өткен ауылына деген перзенттік махаббатын білдіреді. Жастық шақты алтынға бағалап, өткен уақыттың қайтып келмейтінін жырға қосқан.
О, туған жер!
Менің байлық – ырысым,
Арманымның шешек атқан гүлісің.
Өмірім де, бір өзіңе өзектес,
Тірлігім, Қуанышым,Тынысым! (Е.Зікібаев, «Туған жер»).
Әрбір адам баласы үшін тұрақтап, өсіп-өнген, мекен етіп, бауыр басқан жері – киелі. Ақындардың танымында дала мен ана ұғымдары – егіз ұғым. Осындағы тау, тас, бұлт, т.б. тілдік бірліктер «туған жер» концептісін анықтаушы тілдік құралдар. Туған жер, туған өлке, кіндік қаны қамған жер – ғасырлар бойы тіршілік етіп, өмір сүріп келген атабабаларымыздың кең аспан астындағы құтты мекені, кірін жуып, кіндігін кескен ана-жұрты, өсіп-өнген өлкесі. Өскен жердің кәусар бұлағы мен салқын самалы, орманды тоғайы мен жазира даласы, асқар тауы мен айдынды көлі – бәрі де әркімнің жанымен сезінетін табиғи ортасы. Мысалы:
Отан!
Ана!
Туған жер!
Бөлінбейтін бір бейне, Өр тұлғасы тұратын
Нұрға оранып күнгейде.
Осы сезім – жанымда алау болып жанады,
Осы сезім – жадымда жалау болып қалады (Е.Зікібаев, «Үш алыптың ұлымы»).
Өлеңнің атауының өзі Отан, Ана, Туған жерді алыпқа теңеп, бөлінбейтін бейне, қасиетті бір ұғым ретінде суреттейді.
Үшеуінің үнімін,
Үшеуінің гүлімін,
Үш алыптың емшегін қатар емген ұлымын,
Осы үшеуі қашан да менің алтын тұғырым! (сонда) Ажырамас үш ұғымды алтын тұғырға, сол үш алыптың ортақ ұлы екендігін жақсы суреттейді. Туған жерді суреттеуде ақын-жазушылар өз шығармаларында метафоралық сөз ауыстыруды қолданады. Біздің қарастырып отырған ақындарымыз да туған жердің табиғатын суреттеуде осы амалды өте орынды қолдана білген. Мысалы: Жауып жатыр жапырақтар жалтылдап, Күзгі леппен дем алады алтын бақ. Ойға батқан әлденеге ақ қайың Жапырақсыз тұр, әнеки, қалтылдап. Күні кеше шілде өткіздік бәріміз, Келіп қапты-ау қоңыр салқын кәрі күз.
Ыдырадық жел айдаған ақ бұлттай,
Бір белестен әрі біз (Е.Асқаров, «Жауып жатыр жапырақтар жалтылдап…)
Күзгі леп, алтын бақ, ақ қайың, қоңыр салқын кәрі күз, жел айдаған бұлт сияқты метафоралардың мағынасы контексте ғана ашылып, ақынның түйсінуімен сабақтастырылып күрделі дүниелерді береді. Мекеннің нақты суреттемесіне бармай-ақ, абстрактылы түрде шолып шығатын автордың, ең алдымен, кейіпкер көңіліне мән беретіні келесі жолдарда бірден аңғарылады: Бұл өңірдің әрбір бел-белесі, қыр-ойпаты мен қатпарлы шыңдарының сай-саласы оған бала күнінен таныс болғанымен, дәл бүгінгі таңдағыдай көсіле түсіп жатқан шалқар айдыны аңдай қоймаған болатын. Бәрі де түр-тұлға, сыр сипатымен көріністеп қалғысы келгендей бір-бірінен оқшау дараланады. Кең жайлаудың ұлан-ұзаққа мегзей түскен ыңғайынан көпті аңдап, еркін тыныстаған ол әйтеуір өзіне деген мол ілтипатты сезінбей келе жатқан жоқ-ты [2, 94].
«Туған жер» — тыныштық, мәңгілік орны. Туған жер тақырыбы барлық заманда өзекті. Әр заманның ақыны, аталмыш тақырыпты жырына қосып, атамекеніне деген ыстық ықыласын білдірген. Мысалы, К. Салықовтың «Қызылжар» атты өлеңінде: Ақ қайың елі жайдары, Сарыарқа алтын айдары.
Абылай ақ үй орнатқан,
Қазақтың ғажап аймағы, — дей келе К. Салықов солтүстік өңір табиғатының сұлулығын жырға қосқан. Небәрі осы бір шумақтың арқасында ол біздің өңірдің ақ қайыңдар өлкесі екендігін, мұнда хан Абылайдың отау тіккендігін, өз туған жерінің қаншалықты тарихи маңызды, құнды екендігін жеткізе алды. Яғни, жылдар мен ғасырларға созылатын тарихтың белгілі бір бөлігін төрт жолға сыйғызған. Бұл ретте ақын ағамыздың Отан-анаға деген махаббатын ғана емес, зор мақтанышын да анық байқаймыз. Атамекенінің тарихи жетістіктерін суреттей келе, ол өз өлкесінен шыққан ақиық ақындарға, танымал тұлғаларға, ел мақтаныштарына тоқталады.
Мағжандай қайсап жаралған,
Ұлдары арыс сан алуан, Атадан мирас нәр алған,
Қыраны елдің — Қызылжар,
Жұмағы жердің — Қызылжар. Бұл шумағында ақын Қызылжардың киелілігін кеңінен ашты. К. Салықов Қызылжарды елдің қыранына да, жердің жұмағына да балайды. Демек, осы өлең жолдарымен ол еш нәрсенің туған өлкеге тең келмейтінін, әр азамат үшін Отанның алар орны бөлек болатынын жеткізген. Мағжандай арыс ұлдар дүниеге келген біздің өлке да ата-бабадан қалған мирас, асыл мұра. Сондықтан, оны қорғап, аялап өту, бұрынғы ақындардың жырларын әрі қарай жалғастыру, бүгінгі жастардың міндеті.
«Туған жер» өзі дүниенің ауқымын, оның байланыстылығын, үздіксіздігін, құрылымдылығын, өлшемділігін сипаттайды. Оның құрылымына «аспан», «жер», «су», «тау» сияқты түрлік ұғымдар кіреді. Олардың өзі іштей тағы бірқатар концептілерге бөліне алады. Кез келген концептілер сияқты «туған жер» концептісі де өзіндік ұлттық ерекшелікке ие, өйткені оның көп өлшемді көлемінде объективті дүниенің маңызды бір категориясы — әлем туралы ұлттық ментальдік түсінік орын алған. Ұлттың ұлт болып қалыптасуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі – ұлттың рухани болмысының табиғатпен тікелей байланысты. Осы тұрғыда қазақтар үшін Отанды, туған жерді, кеңістік пен еркіндікті бейнелейтін дала сөзінің концепт жасау мүмкіндігіне тоқталайық.
Дала лексемасының көркем мәтіндегі берілген мәні — жалпы адамзаттың өмір сүріп, тіршілік етер ортасы. «Дала» лексемасының ұлттың рухани-мәдени құндылықтар жүйесін маңызды орын алатын «қасиетті, киелі мекен» деген ұғымы ақын дискурсында одан әріге тереңдеген. Мысалы: Қуанамын сары сайран даланың, Қос қанатым – алтын Алтай, Оралым.
Сар даланың ардақтысы, еркесі… (М.Жұмабаев, «Тез барам») деген өлең жолдарында берілген сары сайран дала мен сар дала шетсіз, шексіз, ұшы-қиыры жоқ әдемі өлке жайлы айтылған.
Даланы қазақ поэзиясының өкілдері әр уақытта жырлап өткен. Р. Сыздық «Сөз құдіреті» атты кітабында дала сөзін сөз-символдардың қатарына жатқызады: «…дала сөзі қазақ поэзиясында, тіпті прозасында да бұрын да, қазір де туған жердің қасиетті отанының символы» [3, 190], – деп жазады. Астана… Бұл сөзде байтақ дала бар, Теңіздер, өзен, көлдерім.
Қорғаған ата-бабалар
Асқар тау, самал белдерім (К.Салықов, «Астана») дей келе, дала ұғымына туған Отанының теңізін де, өзен-көлдерін, таулары мен белдерін жатқызады. Дала ұғымын кең мазмұнда жырлайды. Оның қазақ даласын, табиғатын төгіле жырлаған «Дала» поэмасы – соны сүйген ақынның көңіл-күйіне толы патриоттық туынды. Ол дала келбетін танытар суреттермен қоса, дала өмірі мен ондағы өзгерістерді, сырласу күйінде бейнелеп, өзін қоршаған ортаның тағлымды тұстарына мән береді. Даламенен өлшеймін ғарыш-ғаламды,
Дала мен ана сезімтал етті санамды, — дейді.
Е.Асқаров та дала ұғымына ақ қайыңды, теректі теңеп, жылдың қай мезгілінде болмасын даланың сұлулығына таң қалып, жырлайды. Желек жапқан ақ қайың да, терек те, Жаз да сұлу менің туған даламда.
Абай айтқан шыбынсыз жаз керек пе, —
Мына біздің Қызылжарға кел онда… (Е.Асқаров)
Қазақ халқының санасында «дала» – ең бір төл, етене әрі көп мағыналы ұғым.
Дала – ең алдымен, туған жер, бейнелі тілмен айтқанда алтын бесік. Көшпелі халықтың түсінігінде даладан артық нәрсе жоқ. Жалпақ дала – сол дәстүрлі түсініктен бастау алып тұр. Жалпақ дала ұғымының сыртында қарапайымдылық бар. Ал қарапайымдылықтың астарында Ұлылық жататыны белгілі. Дала – сонымен бірге, еркіндіктің, тәуелсіздіктің, шексіздіктің символы. С. Мұқанов оны былайша сипаттайды:
Машина заулап ағады. Зауламақ түгіл ұшса да, Тез таусылар дала жоқ.
Жалпайып жатыр сұстана,
Теңіздей шексіз қара көк («Алдабергенов туралы аңыз»).
Даланы сағыну – шексіздікті, еркіндікті сағыну. Мұқанов даланы ешбір «курортпен» айырбастамайды:
Балтықтың курортына бара қалып, Демалып жатқан шақта, елеңдедім Құлағым дала үнін шала қалып.
Келе ғап, сол бір сәтте ұшып кеткім…(«Шынығу»)
Дала үні – әрбір қазақ баласына таныс, ыстық үн. Демек, дала – туған жерге деген махаббаттың, сүйіспеншіліктің, мейірімнің белгісі. Дала – байлықтың, қазынаның Отаны:
Іші-сырты кең жерің, Екен толы қазына.
Игілікті мол меңгердің,
Қанатың кең жазыла («Алдабергенов туралы аңыз»).
Дала – сұлулық, көркемдік әлем Көркем далам, кең далам, Тіл жетпес сені бағалап.
Тауыса алмадым, мен балаң,
Үздіксіз қырық жыл аралап («Алдабергенов туралы аңыз»). Дала – жаңалықтар, дүбірлі оқиғалар әлемі:
Тұрған кезде, Түрсиб
Жүректен қалай қан лықсып…
Тірілді, тұрды дала, құм!.. («Жүйткі, қара айғырым»)
Немесе Көзіме елестеді көрінісі,
Келбеті – бұрқанған майдан іші… («Астық майданы»)
Бәріміз де даламыздай жарқынбыз,
Құшақ жайып қарсы алады қалың ел (Е.Асқаров «Туған топырақ») өлеңінде даламыз кең, жарқын болғандай, қазақ халқы да дарқан, кеңпейілді екендігін сезімге толы жолдардан байқаймыз.
Туған жер ұғымының негізгісі туған ауыл, ол басқа ұғымдарға қарағанда доминантты рөлге ие. Ақындар өлеңдерінде көбіне туған ауылына, туған жеріне оралады. Өйткені ол туып-өскен үйі, тербетілген бесігі, балалық шағы, жастық шағы өткен ора, өмір сүрген тұтас әлемі. Туған ауылдың тағы бір ерекшелігі – тарту күшінде, әрбір адам өзінің туған жерін өз ауылым деп атап, тіпті ол жер ауыл емес қала, аудан орталығы болған күннің өзінде, сонда қарай орала береді, ол қазақтың этномәдени ерекшелігін көрсететін константа. Мысалы: Жерлес ақынымыз М. Қанғожиннің мына өлең жолдарына назар аударайық: Қызылжарым – қасиетті мекенім,
Сені айтса шалқып, тасып кетемін.
Жүрегімнің қызуымен ып-ыстық.
Тірлігімде сені жылытып өтемін («Қасиетті мекенім»). Туып-өскен жері Қызылжарды қасиетті мекенге теңеп отыр. Сондай-ақ, өзінің туып-өскен ауылы жайлы Күміс көл, айбындым, аяулым,
Суыңа қойған ба бал қатып Қарағашым… («Қарағаш»)
Күмбірлей ме, естимін қоңыр үнді
Тәтті әуен бойды алып балқытатын,
Бабамның еске салып мол мұрасын… («Ауылды сағынғанда»)
Өмірдің алтын оттарын,
Лаулатам сенде әр уақыт… («Үйіме»)
Автордың күміс көл, алтын оттар, меруерт күлкі, күміс орамал, алтын ұя, күміс қар, тәтті қиял, үкілі орман, бура толқын, қара орман, ақ жалды арна, бала қайың, көк Есіл сияқты образды тіркестері де өлеңдеріне стильдік ажар беріп, әрлендірген, туған елге деген сүйіспеншілігін білдірген.
Қызылжардың табиғатын суреттеуге де М.Қанғожинның «Қызылжарым – қымбатым» атты өлеңдер топтамасында атап өтуге болады. Күйбіңсіз тіршіліктің, СҚО орталығының, Есіл өңірінде орналасқан қаланың асқақтатқан символы ретінде көрінетін негізі — Қызылжар қаласының, өңірінің табиғатын метафоралар арқылы бейнелейді.
Арқаның жүрегі деп лүпілдеген, Тыңдаймын тынысыңды әр күнде мен, Қызылжар мәңгі жастық жәрмеңкесі, Жағалай жасыл орман желкілдеген. Ту тіккен Абылайдың Ақ ордасы, Өнердің сан салалы «қағыбасы».
Шаттанам, Қызылжарым, болғаныма
Өзіңдей сұлу шаһар бел баласы («Қызылжарым – қымбатым») деген өлең жолдарында арқаның жүрегі, лүпілдеген жүрегі, жастық жәрмеңкесі, Ақ орда, сұлу шаһар, ту тіккен Абылай деген метафоралар еңсесін көрсетететін, үміт, сүйініш, арман сияқты мағыналарды білдіреді.
Туған ауылмен қатар қазақ ұғымында дала мағынасы жазушылардың шығармаларындағы базалық негіздің қатарын құрайды. Дала әрбір автор үшін жай ғана ауыл жұрты көшіп-қонып жүреін көше емес, дала әлем, азаттық символы, халықтың дәсүрі мен жол-жорасы, тербетілген бесігі мен ой-томалағы. Өзге тілдерде де дәл осылай. Мысалы, туған жерді қырғыздар – айыл, тәжіктер – қышлақ, өзбектер – гүлдеген бағым, қарақалпақтар – ақ алтынның кеніші (мақта мен күріш) деп бейнелейді. Әр елдің менталитеті мен мәдениеті, қыры мен сыры олардың сөздік қорынан, тұрмыс-салтынан көрініс тапса керек.
Сарыарқа – сары теңіз ұлан байтақ,
Қазақтың кең даласын тұрсаң байқап… (Ғ.Малдыбаев, «Орал-Жайық») деген жолдарда берілген сары теңіз – Сарыарқа қазақ даласының ұлан байтақ кең екендігін білдіріп, сұлу келбетін суреттейді.
Осылардың өзара нақты, дәл, қарапайым, табиғи үйлесімі көркем шығарманы тудырады. «Туған жер» концептісінің әлеуметтік мәнін білдіретін лексема – жайлау. Тілдің қоғамдық қызметі мен әлеуметтік мәні және таңбалық сипаты сияқты бірқатар мәселелер зерттеу барысында «таза» лингвистикалық заңдылықтармен қатар, философиялық қағидалардың да басты әдіснамалық бағдарына айналғаны белгілі. Оның бір себебі – тілдің ерекше философиялық категория болғандығымен шарттас келсе, екінші уәжі оны адамның болмыс-бітімі арқылы дәйектейтін ғылыми ұстанымына байланысты болса керек. Лингвистикалық философия тіл мүмкіндігін тарылтпай, оған үнемі жол ашып отырады, өйткені тілдің ғалам мен адамның қатынасын анықтайтын әлеуеті мықты.
Маңызды кумулятивтік қызметке ие және этноәлеуметтік мәнімен ерекшеленетін жайлау лексемасы да көркем шығармаларда пейзажды бейнелеуде метафорларардың лингвокогнитивтік деңгейін анықтайтын тілдік таңба қызметінде тұр. Көшпелі қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымын айқындайтын басты көрсеткіштің біріне – жайлау кіреді.
Кең жайлау – көшпелілердің мекені ғана емес, рухани әлемі де болған. “Жайлау” лексемасының ассоциациялық өрісі былайша кеңейе түседі: 1) жайлау – тұрмыс-шаруа жағдайына қарай ауыстырылатын мекен, бұл — негізгі денотаттық, сөздік мағынасы. “Ботагөз” романында С.Мұқанов «…Бірақ оның көңілі асыққанмен, керілген кең жайлау асығар емес). Ғ.Мүсіреповтің «Жұмбақ» әңгімесінде «Керілген сар жайлау қоңыр тартып,.. жайлаудың қалың қауы жайқалып,.. жайлау біткенді жалғыз жайлаған семіз қызыл Күн…» жайлау лексемасы өзінің негізгі денотат мағынасында тұрып-ақ, лингвомәдени код міндетін атқарған.
2) жайлау – адамның жан дүниесі, ішкі әлемі, рухани кеңістігі. Бейнелі, эмоциялыэкспрессия арқалаған жайлау лексемасы жаңа поэтикалық образ қызметін атқаруда. Шаттық күйін келеді шерте бергім, Еркелесем, далама еркелермін.
Көз алдымда кең жайлау зымырайды,
Тұяғымен таласып кертөбелдің (З.Әкімжанов, «Алагеуім»). Өлеңнің өрісі толығымен көңіл – жайлаудың семантикалық құрылымын толықтыруға ықпал етіп, өлең өзегімен жымдаса өрілген, шығарма идеясын ашу үшін маңызды рөл атқарып тұр.
Кез-келген суреткер көркем образ жасай отырып, онда қажетті ерекшеліктерді жымдастырып, біріктіреді, оларды жеке даралайды, көрініс табатын құбылыстың жеңілжелпі болып кеткен тұстарын алып тастайды. Сондықтан олардың шығармашылығы – жоғары мәндегі толғаныстың жемісі. Тіпті табиғатты суреттеуде де суреткердің шындыққа қарым-қатынасы арқылы оқырманда автордың ойы мен сезімі, көңіл-күйі сезіледі, табиғатқа деген қарым-қатынастары анық көрсетіледі.

ҚОРЫТЫНДЫ
Біз сөз етіп отырған қаламгерлердің қайсысын алып қарасақ та, шығарма тілінің стильдік және дүниетанымдық ерекшелігі таныммен, болмыспен тығыз байланыста алынып, дәл берілуімен сабақтасып жатады. Әсіресе, кейіпкердің туған жер туралы дүниетанымы, оған деген эстетикалық көзқарасы үш қаламгердің шығармасында да ерекше талғаммен берілген.
«Туған жер» — әлемдік бейне ретінде қай елде болмасын сол ұлттың жеке тілдік бірлігінен бастап, сол қоғамның тұтас лингвомәдени тұрғыдан кілті болып саналады. Туған жер – әрқашанда жеке, менікі, өзімдікі мәнінде белгілі бір ортаны, аумақты, территорияны өзге ортаға қарама-қарсы мәнде қою. Осыдан келіп, туған жер, туған өлке, туған орта секілді тіркестер пайда болған. «Отан» сөзі туған жермен ассоциацияланады. Бұдан ары қарай қарастырсақ, тіршілікті тірілткен, дүниеге алып келген Ана сөзінен өмірінің соңында өзге өмірге жол тартқан, топыраққа айналған сынды тіркестер «туған жер» концептісінің екі ұшы болады. Жекеден жалпыға өту арқылы жеке, менікі, өзімдікі мәнді сөздер жалпылана келе біздікі, біздің жер, біздің отан деген көпше, ортақ мәнге ие болары сөзсіз. Жекеліктен гөрі жалпылықты білдіретін сөздер қоғамның бірлескен, ажырамастай ғұмыр кешетінін білдіретін сияқты.
Қоршаған ортасына, ата-анасына, туған-туысына деген ыстық ықылас Отанға деген сүйіспеншілікке ұласса, ол адамның рухани деңгейінің биіктігі. Ұлтымыздың әйгілі шешені Қазыбек би: «Алтын ұяң – Отан қымбат… Туып өскен елің қымбат, кіндік кескен жерің қымбат», — деп туған жердің қасиетін ерекше бағалаған. Сондықтан әрқайсымыз Отанмызды ардақ тұтып, оның тарихын жете білуіміз керек. Және де жас ұрпақтың бойына ел тарихын, шежіресін сіңіру аға ұрпақтың басты міндеттерінің бірі болып табылады.

ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ
1 Күркебаев К.Қ. Қазақ тіліндегі өлшемдік атаулардың этнолингвистикалық сипаты. Филол.ғылымдар.канд. дәрежесін алуға жазылған автореф. – Алматы: 2003. – 26 б.
2 Айтуғанова С.Ш. Лирикалық прозадағы пейзаждың көркемдік қызметі// Қарағанды университетінің Хабаршысы. №03, 2009. – 92-96 бб.
3 Сыздықова Р. Сөз құдіреті. – Алматы: Санат, 1997. – 224 б.
4 Қанғожин М. Өлеңдер мен поэмалар. – Петропавл: 2007. – 664 б. 5 Әкімжанов З. Мизамшуақ. – Петропавл: 2001. – 118 б.

М.Т. Есматова1, Ж.С. Кулибекова2, Г.С. Хамзина3, Ж.Т. Кадыров4
Концепт «Туған жер» в произведениях поэтов Северо-Казахстанского региона 1,2,3,4Северо-Казахстанский государственный университет им. М. Козыбаева
г. Петропавловск, Казахстан
Одним из основных направлений в современной казахской лингвистике является рассмотрение структурных и содержательных сторон художественного текста исследовательских работ. В связи с этим целью статьи является раскрытие содержания в отношении художественных аспектов концепта «Туған жер». Анализируется понятие и своеобразные способы использования концепта «Туған жер» в произведениях поэтов СевероКазахстанского региона М.Жумабаева, С. Муканова, Е.Аскарова, К.Салыкова, Г. Малдыбаева, З.Акимжанова, авторская передача в стихах мировоззрения нации, духовнокультурных ценностей. Потому что для каждого человека родная земля, родные просторы – наиважнейшие духовные факторы, определяющие рост и развитие человека в общем. Одним из основных факторов, влияющих на формирование нации и духовного бытия нации, непосредственно является связь человека с природой. Для казахов в этом плане понятия Родина, родная земля, свобода и пространство – тесно взаимосвязаны со словами джайлау и бескрайная степь.

M. T. Esmatova1, Z.S. Kulibekova2, G.S. Hamzina3, Z.T. Kadyrov4
The concept of » Туған жер » in the works of poets of the North Kazakhstan region
1,2,3,4North-Kazakhstan State University named after M. Kozybayev, Petropavlovsk
One of the main directions in modern Kazakh linguistics is the consideration of the structural and substantive aspects of the literary text of research works. In this regard, the purpose of the article is to reveal the content in relation to the artistic aspects of the concept «Туған жер». The concept and peculiar ways of using the concept » Туған жер » in the works of poets of the North Kazakhstan region M. Zhumabayev, S. Mukanov, E. Askarov, K. Salykov, G. maldybayev, Z. Akimzhanova, the author’s transfer in verses of the worldview of the nation, spiritual and cultural values are analyzed. For each person native land, native expanses are the most important spiritual factors that determine the growth and development of a person in General. One of the main factors influencing the formation of the nation and the spiritual existence of the nation is the direct connection of man with nature. For Kazakhs in this regard, the concepts of homeland, native land, freedom and space are closely linked with the words of “джайлау” and the endless steppe.








ӘОЖ 800.8
О.А. Жумагулова1, И.С. Каирбекова 2, Л.К. Мусин 3
1 ф.ғ.к., доцент, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Көкшетау қаласы, Қазақстан Республикасы, J_Omirgul_A@mail.ru
2 г.ғ.м., аға оқытушы, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Көкшетау қаласы, Қазақстан Республикасы, kairbekova_1966 @mail.ru
3 г.ғ.м., аға оқытушы, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Көкшетау қаласы, Қазақстан Республикасы, Lais68@mail.ru

ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ – ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗІ

Мақалада адамға қоршаған шынайы болмыс туралы жан-жақты мәлімет беретін, сезім, қиял, қабылдау, ақыл-парасат сияқты әрекеттермен бірлікте дамитын таным құбылысы адамның когнитивтік жүйесі аясында қарастырылады. Адамның когнитивтік жүйесі болмыспен қарым-қатынасына әсер ететін таным әрекеті негізінде, ұжымдық әрі жеке тәжірибесі арқылы қалыптасады.
Когнитивтік үдеріс – таным механизмі болғандықтан болмысты тану және зерделеу үшін ақпаратты алу, трансформациялау және соның нәтижесінде жинақталған білімді сақтау тәсілі ретінде танылады. Жинақталған білім таным қызметін атқаратын әмбебап когнитивтік стратегияларға бекітіліп, жаңа білімді интерпретациялауға негіз болады. Адамның когнитивтік жүйесі кез келген ақпаратты интерпретациялайды да когнитивтік жүйеде түсіну үдерісі басты рөл атқарады. Мәтінді түсінуде немесе оқу сауаттылығын қалыптастыруда білім алушының когнитивтік жүйесіндегі базалық және мәдени концептері қалыптастыру маңызды, себебі ақпаратты интуитивті тану, ондағы мағынаны пайымдау түсіндіруге негіз болуы тиіс.

Кілт сөздер: когниция, когнитивтік лингвистика, когнитивтік жүйе, интерпретация, функционалды сауаттылық, когнитивтік семантика.

КІРІСПЕ
Мақала – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жоба бойынша гранттық қаржыландыру байқауында «ХХІ ғасырдағы білім берудің мәселелерін іргелі және қолданбалы зерттеулері» мамандандырылған ғылыми бағыттың, «Мәңгілік ел» ғылыми негіздері (ХХІ ғасырдағы білім беру гуманитарлық ғылым саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер)» ғылымды дамытудың басым бағытты бойынша жеңіп алынған, жеке тіркеу нөмірі АР05135711 «Жаңа білім мазмұнына сай когнитивті-компенсаторлық (бейімдеушілік) стратегиялар негізінде функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың методологиясы» тақырыбындағы ғылыми жоба аясындағы ізденістердің көрінісі.
Қазіргі тілтанымның ғылыми парадигмасында тіл мен айтылым бірліктерін зерделеуде семиотикалық аспектімен шектеліп қалмай, тілдің когнитивтік, коммуникативтік қызметін және олардың іске асырылуын кешенді зерттеуді ұсынады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Адамзаттың қоршаған ортаны, қоғамдық ортаны тануы, оның тілде көрініс табуы сияқты когнициялық мәселерді когнитивтік лингвистика зерттейді. Когниция ұғымы сана, ес, қиял, арман, ойлау, білім, шығармашылық, жоспарлау және оны іске асыру жолдарын іздестіру сияқты адамның рухани дүниесін ғана емес, сонымен қатар моторика құрылымы, қабылдау, еске түсіру, зейін аудару және тану сияқты қарапайым үдерістерді де қамтиды [1,
23].
ХХ ғасырдың аяғында тілді зерттеу адамның танымдық қызметі тұрғысынан қарала бастағанын, когнитивтік лингвистика антропоцентристік парадигма аясында когнитивизм базасында пайда болатынын ғалым Б.И.Нұрдәулетова айта келіп, когницияны когнитивтік лингвистиканың негізгі ұғымы деп тұжырымдайды [2,5].
Демек, когниция – бұл танымның өзгеше сипаты, ол адамға қоршаған шынайы болмыс туралы жан-жақты мәлімет беретін, сезім, қиял, қабылдау, ақыл-парасат сияқты әрекеттермен бірлікте дамитын құбылыс ретінде айқындалады. Адамның когнитивтік жүйесі оның болмыспен қарым-қатынасына әсер ететін таным әрекеті, ұжымдық әрі жеке тәжірибесі арқылы қалыптасады.
Когнитивтік үдеріс – таным механизмі, болмысты тану және зерделеу үшін ақпаратты алу, трансформациялау және соның нәтижесінде жинақталған білімді сақтау тәсілі. Жинақталған білім таным қызметін атқаратын әмбебап когнитивтік стратегияларға бекітіледі. Адам есейген сайын оның когнициясы да жетіле түседі. Жинақталған білімі толықтырылып, жүйеленеді. Бұл когнитивтік жүйенің кеңеюін жүзеге асырады. Ол адамның жеке және ұжымдық тәжірибесі мен біліміне негізделеді. Адам танымының белсенділігі – жаңа ақпараттың тану, оны бұған дейінгі жинақтаған білімі негізінде өңдеп, қабылдауы және еске сақтауы. Жаңа ақпарат есте сақталу үшін адамның когнитивтік жүйесінде когнитивтік байланыстар болуы шарт. Ондай байланыстар бұрынғы білім жүйесінде жаңа мәліметтерді орналастырады әрі оны еске сақтау жолдарын қалыптастырады. Адамның когнитивтік жүйесі тілдік қатынаста негізгі қызмет атқаратыны белгілі. Ғалым Р.Якобсон ана тілінде сөйлеуші мен тыңдаушы мәдени кодталған тілдік бірліктерге үнемі назар аударуы табиғи жағдай екендігін айтып, тілдің когнитивтік қызметі грамматикалық құрылымға тәуелділігі төмен болатынын, тілдің когнитивтік деңгейі металингвистикалық операцияларды, яғни кодты ашу, интерпретациялау қажеттілігін көрсетеді [3].
Ғылыми ортада «интерпретация» термині түсіну мен түсіндіру өнерін білдіреді. Интерпретация ұғымы тіл білімінде кең және тар мағынада түсіндіріледі. Кең мағынада интерпретация – ұжымдық немесе жекелік деңгейдегі білім алуға бағытталған ойлау үдерісі. Тар мағынада жеке тұлғаның тілдік таным белсенділігінің нәтижесінде жеке және ұжымдық білім мен тәжірибе негізінде интерпретациялану нысанын субъектінің түсінуі. Интерпретациялану мәнін терең түсіну үшін оның екі негізгі сипатын анықтаймыз. Біріншіден, интерпретация типтік білімге негізделеді: фреймдер, скриптер, танымның когнитивтік үлгілері. Екіншілік таным үдерісі ретінде типтік білім жаңа білім нысанын алып, оның ұжымдық санада репрезентациялануын қарастырады. Екіншіден, интерпретация үдерісі адамның жеке когнитивтік жүйесіне тәуелді болады да әрқашан субъективтілігімен ерекшеленеді. Демек, интерпретация ұжымдық және жекелік білімге негізделеді. Олай болса, адамның когнитивтік жүйесі кез келген ақпаратты интерпретациялайды да когнитивтік жүйеде түсіну үдерісі басты рөл атқарады. Мәтінді түсінуде немесе оқу сауаттылығын қалыптастыруда білім алушының когнитивтік жүйесіндегі базалық және мәдени концептері қалыптастыру маңызды, себебі ақпаратты интуитивті тану, ондағы мағынаны пайымдау түсіндіруге негіз болуы тиіс. Демек, түсінудің басты шарты – интерпретация. Интерпретациялаудың негізгі мәселелердің бірі – теориялық тұрғыда оның дәлме-дәл, шынайы, яғни адекватты болу мүмкіндігі ғалым Ю.Боревті де толғандырады [4]. Бұл мәселенің шешімі мәтінді интерпретациялауда, оқу сауаттылығын қалыптастыру үдерісінде көрініс табады.
Тілші Н.Н.Болдырев адамның когнитивтік жүйесіндегі когнитивтік байланыстардың танымдық заңдылықтарын зерделеп, таным үдерісінің нәтижелері лексикалық, грамматикалық және интерпретациялық тілдік жүйесінің категориялануында бейнеленетінін көрсетеді [5,3]. Тілдік жүйесінің категориялануы өзара байланысты үш саланың онтологиясы бойынша жинақталған білім арқылы көрініс табады: әлем онтологиясы (лексикалық жүйе), тіл онтологиясы (грамматикалық жүйе), адам санасының онтологиясы (үш түрлі білімнің интерпретациялану құралдарының жүйесі). Лексикалық категориялар әлем туралы білімді жүйелейді, грамматикалық категориялар тіл туралы және тілден тыс білімді репрезентациялайды, ал интерпретациялық категориялар адам санасы үш түрлі білімнің қорытылуын қарастырады. Тілдік категориялану жүйесін үшке бөліп көрсету арқылы профессор Н.Н.Болдырев тілдің когнитивтік және коммуникативтік қызметін ескереді әрі танымның ұжымдық және жекелік сипаты мен сөздің тілдік және сөздік мағына арасындағы қайшылықты болдырмайтынына көз жеткізеді.Тілдік категориялану жүйесінде тілге тән категорияларға сәйкес білім элементтері когнитивтік сызбалар (схема) түрінде сақталады да интерпретациялауда маңызды болады. Оқу сауаттылығын қалыптастыруда интерпретациялау бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңі – эмоционалды-экспрессиялық кезең. Білім алушының когнитивтік жүйесі мәтіннен алған әсеріне, көңіл-күйіне, сезіміне негізделеді. Жалпы санада дүние бейнесін қалыптастыруда адамның сезіну, қабылдау, түйсіну, түсіну және ойлау, өзінше ұғыну сияқты барлық психикалық әрекеттері қатысады. Солар арқылы танылған дүниенің бейнесі дүниені танудың алғышарты болып табылады [5,37].
Тілші Б.И.Нұрдәулетова дүние туралы белгілі бір дүниетанымның қалыптасуы психикалық сәулеленудің үш деңгейінің өзара қатысымдылығына байланысты: сезімдік қабылдау деңгейі, қабылдауды қалыптастыру деңгейі (жалпыландыру, дерексіздену), сөйлеуойлау (регемыслительный) процесс деңгейі когнитивтік лингвистика мен дәстүрлі құрылымдық-семантикалық лингвистика бір-бірімен альтернативті ойлаудың ағымы емес, олар лингвистикалық ақиқатты танудың әртүрлі қырлары деп ой өрбіткен [2,5].
Ғылыми ортада бұл кезең интерпретацияның субъективтік аспектісі ретінде танылады. Осы ретте ғалым Н.Д.Арутюнованың пікірі де бұған дейінгі зерттеушілердің тұжырымдарын толықтыра түскендей: «Для того чтобы оценить объект, человек должен «пропустить» его через себя: природа оценки отвечает природе человека» [6, 14]. Интерпретациялау үдерісі қазіргі білім беру саласындағы оқу сауаттылығын қалыптастырумен тығыз байланысты. Интерпретациялау таным үдерісіне негізделген ақпаратты түсіну және бекіту болса, оқу сауаттылығы да мәтінді түсіну, тілді дұрыс пайдалануға үйрету үдерісі. Мысалы: … Өмірдің уы Шәйзаның балаң ойына түгел жайылғандай, уланғандай болады. Қоңыр көлеңке үйдің қоңыр сәулесі Шәйзаны да қоңырландырып, сұрғылтқа таңдық түс береді. Үй де қоңыр, көлеңке де қоңыр. Қоңыр үйдегі тұрмыс та қоңыр. Қоңыр үйдегі Шәйзаның ойы да қоңыр. Қоңыр ойлы Шәйзаның әні де қоңыр… Қоңырлатып, ыңырсып өлең айтып отырады. Өлең емес, қоңыр күймен ішіндегі зарын төгіп отырады» (Ғ.Мүсірепов). Келтірілген үзіндідегі «қоңыр» сөзін алсақ, ол әр түрлі сөздермен анықтауыштық қатынаста (қоңыр көлеңке, қоңыр сәуле, қоңыр Шәйза, қоңыр үй, қоңыр көлеңке, қоңыр тұрмыс, қоңыр ой, қоңыр ән, қоңыр күй) тіркесіп келіп, бірнеше рет қайталанып тұр. Қайталанып, түрлі символдық мағына береді. Тіліміздегі түр-түс атауларының негізгі атауыштық мағынасынан басқа әр түрлі лексика-семантикалық, символдық мағыналары – халық болмысындағы әмбебап категория. Бұл ұрпақтан-ұрпаққа үздіксіз жеткізілетін тілдік-мәдени кодтар болып табылады. Кез келген тілдегі түр-түс лексемаларының символдық мағыналары түр-түске тіпті қатысы жоқ немесе қазіргі кезде мүлдем алшақ ұғымдар мен семаларды білдіруде. Ғалым А.Вежбицкая түс концептісін табиғат концептісімен байланыста қараудың қажеттігін «Тіл, мәдениет, таным» деген еңбегінде былай деп түсіндіреді: «В данной работе я предположила, что универсальные тенденции в нашем понимании цветовых категорий могут быть связаны универсалиями человеческого опыта вообще и в особенности – с универсальными чертами жизни человека на земле. И я истолковала цветовые концепты через понятия окружающей среды, такие которые заключены в английских словах fire ‘огонь’ , sun ‘солнце’, sky ‘небо’, grass ‘трава’, sea ‘море’, ground ‘земля’. … они тоже рассматриваются как конструкты, построенные людьми на базе их жизненного опыта, полученного на земле» [7, 7]. Шынында да, айналадағы табиғатты біршама таныған адам өзін танып-білуге көп әрекет етіп келеді. Ол өзінің адамдық қасиетін, рухани дүниесі мен мінез-құлқын, жүріс-тұрысы мен басқа да ерекшеліктерін танып-білумен ғана шектелмей, сыртқы пішінін, бет-әлпетін, реңін, шырайын, денесінің (көзінің, қас-кірпігінің, шашының, сақал-мұртының) түсін анықтауға да көп көңіл бөлген. Осының нәтижесінде тілімізде жүздеген түр-түстік тіркестер, теңеулер, салыстырулар пайда болған.
…Әйелдерді еркектерден көп дейді.
Ойбай, Ойбай!..
Бола берсін көп, мейлі!
Әйел деген әдемі ғой, әдемі,
Әдемілік бізге көптік етпейді… (М.Мақатаев). Берілген өлең жолдарынан адамның сезіміне ерекше әсер ететін тілдік құралдардың қызметі эмоционалдық кезеңді тудыруға алғы шарт болған. Мәтіндегі «әдемі» сөзінің лексикалық қайталануы, «ойбай» эмоциялық одайғайының қайталануы әрі ерекше интонациямен айтылуы мәтінді түсінудің алғашқы кезеңінде ерекше қызмет атқарады.
Интерпретациялаудың екінші кезеңі – ақпараттың өңделуі. Бұл кезеңде жаңа білім адамның жеке және ұжымдық білімі мен тәжірибесі негізінде өңделеді, тұлғаның құндылықтар жүйесі мен ментальді ерекшеліктеріне қарай талданып, когнитивтік жүйесінде орын алады. Бұл жаңа білімді өз іс-әрекетімен, тәжірибесімен салыстыру, ассоциациялық бейнелер түрінде әртүрлі заттар мен құбылыстардың ұқсас жақтарын табу, солардың негізінде ассоциациялық таным бейнесін кеңейту сияқты когниция үдерістеріне негізделеді.
Бүгінгі когнитивтік ғылым саласында концептуалдық байланыстың негізгі мәселелері ретінде: коммуникацияға қатысушылардың концептуалдық жүйесінің сәйкестігі; бұл жүйелердің мазмұн сәйкестігі; тыңдаушының (оқырманның) концептуалдық жүйесін шынайы бағалауы; әлеуметтік және мәдени ерекшеліктеріне негізделген тілдік тәжірибе мен ұжымдық білімді меңгеруі; коммуникация барысында берілген ақпаратты түсіну үшін когнитивтік ұстанымдар мен тетіктер, мәнмәтіндердің сәйкестігі танылады.
Коммуникацияға қатысушылардың концептуалдық жүйесінің сәйкестігі жеке концептуалдық жүйенің құрылымдық ерекшеліктеріне негізделеді де концептер мен олардың байланысы арқылы көрініс табады. Тілдік қатынастың мүмкіндігін, концептуалдық негізін қамтамасыз ететін кез келген танымдық үдерістің статикалық және динамикалық екі негізгі аспектісі ажыратылады.
Танымдық қызметтің статикалық аспектісінде таным үдерісінің белгілі бір нәтижелері бейнеленеді (концептуалдық немесе категориялық жүйелер түріндегі білім жиынтығы). Динамикалық аспект концептуалдық немесе категориялық жүйелер түріндегі білім жинақтауға мүмкіндік беретін әрі осы білімді интерпретациялайтын ойлау үдерісімен байланысты болады. Концептуалдау таным нәтижелерін ажырату, жан-жақты анықтау, талдау және жинақталған білімді концепт түрінде бекітуге бағытталған таным үдерісі болып табылады. Категориялау барысында концептер белгілі бір тәжірибе аймағына, категорияға бекітіліп, атау беріледі. Адамның когнитивтік жүйесінде статикалық және динамикалық аспектілер жекелік сипатта болады, себебі олар интенсионалды беріледі де адам өмірінің белгілі бір саласына шоғырланады. Сондықтан әрбір адам тілдік концептуалдау мен категориялау үдерісінде өмірлік тәжірибесі негізінде жинақтаған білімін өзінше белгілі бір құрылымға бекітеді. Бекіту барысында түрлі концептуалды салаларды ажыратады және оларды белгілеу мен кескіндеудің түрлі үлгілерін пайдаланады. Осыған сәйкес, түрлі адамдардың, түрлі кәсіп иелерінің, түрлі ұлт өкілдерінің концептуалдық жүйесінде ерекшелік болады. Мысалы, қазақ тіліндегі «құндыз» сөзін алайық. Қазақ халқының дүниетанымында аң, көздің жауын алатын әдемі, әркімнің қолына түсе бермейтін бағалы терісі үшін «байлық, барлық, сұлулық» ұғымымен астасып жатады. Қазақтың қызын «Аспандағы жұлдызым, жағадағы құндызым» деп еркелетуі, оған Құндыз есімін беруі – ұлттық таным ерекшелігінің айғағы. Ал оның орыс тіліндегі баламасы «выдра» сөзі орыс халқының когнитивтік жүйесінде «күйгелектік, қатыгездік» мінезінің символы ретінде жұмсалып, «арық, ұсқынсыз әйелмен» ассоциацияланады. Мұндай білім мазмұны этникалық құндылықтар жүйесімен, таным ерекшелігімен анықталып, мәдени концептілер арқылы когнитивтік жүйеде орналасады. Қыз дегенің – өмірдің қызғалдағы, Қылықтылар аз ба екен қыздан-дағы?.. (И. Сапарбай. Ғашықтың тілі.); Қырандай тиген кептерге, Қызғалдақ – ғұмыр, бозбала-ай! (М. Мақатаев. Аманат). Сондай-ақ «қызғалдақ» сөзі де қазақтар үшін бай лингвомәдени мәнге ие. Сирек өсімдік ретінде «Қызыл кітапқа» енген қызғалдақ кез келген жерде өсе бермейді. Биік жерде өсетін қызғалдақтың бүр жарып ашылуын, жайқалып өсуінің өзіндік мәні, кезеңі бар. Оның басқа гүлдерге ұқсай қоймайтын ерекшелігін қазақ даласында өскен бала ғана біледі. Қызғалдақтың отаны көп айтылып жүрген Голландия емес, Қазақстан деген де болжам бар. Көбінесе қыз сұлулығының, қайта айналып келмейтін жастық шақтың символы ретінде қолданылады. Гүлге қатысты мұндай ақпарат аялық білім арқылы белгілі болатын білім жүйесін құрайды. Ол ақпаратты өңдеу және талдаудың алғышарты болып табылады. Оның нәтижесі когнитивтік лингвистиканың көпдеңгейлі когнитивтік семантика теориясымен астасады.
Когнитивтік семантикада тілдік мағына тілдік жүйеден тыс, энциклопедиялық білімге жүгінетін мәнді саралайды. Бұл нақты тілдесім үдерісін түсінуге жағдай жасайды. Қазіргі тіл білімінің негізгі ұстанымы тілдік бірліктердің мәні мен мағынасын адамның когнитивтік жүйесі аясында интерпретациялау (Р.Джэкендофф, Р.Лэнекер). Интерпретация негізгі үш түрлі қызмет атқарады: сұрыптау, топтастыру және бағалау.
Сұрыптау барысында адам өзіне қажетті ақпаратты таңдап алады. Оны сол ақпаратпен мазмұндас мәліметтер қорына қосады да барлық мәліметтерді жинақтайды, қорытады, бағалайды. Демек, сөйлеуші мен тыңдаушының (оқырманның) өзара концептуалдық байланысы кез келген тілдік қатынастың тиімділігіне тікелей әсер етеді.

ҚОРЫТЫНДЫ
Интерпретацияның танымдық мақсаты – шығарманың мән-мағынасын ұғыну, мазмұнына терең бойлау.
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыруда оқушылардың мәтінге жасаған интерпретацияларын талдау барысында келесідей когнициялық тоқырау белгілері анықталды:
1) сөз немесе сөз тіркесінің мағынасын түсінбеуі;
2) сөздердің тіркесімділік ерекшеліктерін білмеуі;
3) синонимдерді қолданбауы, сөйлем құрылымындағы сөздердің орын тәртібін сақтамауы;
4) өз ойын жеткізуде сөздік қорының жетіспеуі.
Функционалды сауаттылықты қалыптастыруда мұндай олқылықтарды түрлі шығармашылық жұмыстар арқылы жоюға болады. Сабақ барысында түрлі тапсырмаларда міндетті түрде сөздікпен жұмыс істеу кезеңдері болса, ол білім алушының сөздік қорын толықтырады, таным көкжиегін кеңейтеді, сөздікпен жұмыс істеген сайын, таныс емес сөздердің мағынасын түсініп, еске сақтап, оны тілдесім кезінде пайдаланып отырса интерпретациялау кезінде көп көмегін тигізеді. Заман ерекшелігіне қарамай оқушыларды көркем шығармаларды жиі оқуға баулып, шығарма, эссе жазу сияқты жұмыстарды жиі орындаса, когнициялық тоқырау белгілеріне ұшырымасы анық.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Демьянков В.З. Когнитивная лингвистика как разновидность интерпретирующего подхода // Вопросы языкознания, 1994. № 4. С.17-33. 2 Нұрдәулетова Б.И.Когнитивтік лингвистика. – Алматы,2011. – 312 б.
3Jakobson R. Language in literature / Ed. by Krystyna Pomorska, Stephen Rudy. – Cambr. (Mass.); L.: The Balknap Press of Harvard UP, 1987.
4 Борев Ю. Эстетика. –М., 2005. – 158 с.
5 Болдырев Н.Н. Языковые категории как формат знания // Вопросы когнитивной лингвистики. 2006. № 2. С. 5-22.
6 Арутюнова Н.Д. Типы языковых значений: Оценка. Событие. Факт. –М., 1988. – 158 с.
7 Вежбицкая А. Язык.Культура. Познание. – М.: Наука, 1996. – 421 с

В статье определяются основы интерпретации. Раскрывается содержание статического и динамического аспектов познавательной деятельности человека. Проблема концептуальной связи в реализации процесса интерпретации изучается с точки зрения формирования функциональной грамотности. Рассматриваются основы
интерпретирования, интерпретация смысла в формировании читательской грамотности базовых и культурных концептов в когнитивной системе обучающегося.
Указываются виды когнитивных стрессов и рекомендуются способы их устранения.

The article defines the basics of interpretation. The content of the static and dynamic aspect of human cognitive activities is disclosed. The problem of conceptual communication in the interpretation process is studied in terms of functional literacy. The formation of literacy is considered as the basis for the intuitive recognition of information, the interpretation of meaning in it by forming basic and cultural concepts in the cognitive system of the student.
Types of cognitive stagnation are shown and methods of its removal are proposed.



Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *