ӘДЕБИ ПОСТМОДЕРНИЗМ БАҒЫТЫНДА ЖАЗЫЛҒАН «ИМЯ РОЗЫ» ШЫҒАРМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


ӘДЕБИ ПОСТМОДЕРНИЗМ БАҒЫТЫНДА ЖАЗЫЛҒАН «ИМЯ РОЗЫ» ШЫҒАРМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Бұл мақалада италияндық семиотик және постмодернистік жазушы Умберто Эконың «Имя Розы» шығармашылығының негізгі ерекшеліктері қарастырылған. «Имя Розы» романының көкей кесті мәселелерін тікелей зерттеп, қарастыру үшін, романның негізгі мазмұнына және тарихына қысқаша тоқталу керек. Умберто Эко шығармасын бірнеше сатыдағы қоғамға сай етіп жазған. Әдебиеттен түсінігі бар жоғарғы қауымға шығарма күрделі салынған детективтік тарих, ортанғы қауымға сол заманғы дәуірдің және ішінара сәнді детективтің тарихы туралы бірегей ақпараты баяндайтын тарихи шығарма, оданда төмендеу қауымға ортағасырлық дүниетанымның қазіргі дәуірден айырмашылығы, табиғат және әдебиеттің мақсаты, оның дінмен арақатынасы, адамзат тарихындағы орны және тағы басқа мәселелер туралы философиялық-мәдениеттанулық ойлауды баяндайтын тарихи шығарма.

Кілт сөздер: постмодернизм, типология, контекст, семиотика, шығарма.

«Имя Розы» романы атақты итальян жазушысы, Болон Университетінің профессоры Умберто Эконың ең алғашқы романы болып табылады. Ол ең алғаш рет 1980 жылы итальян тілінде халыққа ұсынылып, жарық көрді. Біз бұл шығарманы ағылшын аудармашысы Уильям Уивер аударған нұсқасын оқып, қарастырдық. Алайда ресейлік аудармашы Елена Александровна Костюкович аударған орыс тіліндегі нұсқасында қарастырып өттік. Бірақ, басым бағыт ағылшын тіліндегі нұсқаға берілді. Шығарманың мазмұнына сай романның көкей кесті мәселесін ішкі және сыртқы деп қарастырған жөн болады деп есептейміз. Романның ішкі мәселесіне шығарманың қысқаша мазмұнының сипатын, термин сөздер мен контекстік мазмұнның түсініктілігін, бұл детективтегі кейіпкерлердің қиыншылықтарын, шығармада актуальді болып саналған мәселелерді жатқызуға болады. Ал сыртқы көкей кесті мәселесі ретінде, шығарманың мазмұнының не себепті өзгеруі мүмкіндігінің, оқырмандар үшін не себепті роман желісі түсініксіз болу мүмкіндігі бар екендігін жатқызып, қарастыратын боламыз [1].
«Имя Розы» шығармасы толық қанды шығарма деп сенімді түрде айтуға болады. Осы шығармада романның бірнеше түрі қамтылған. Бірақ басымдылық детектив пен тарихи шығарма жағына жасалған. Детективті роман осы шығармада қалай ауқымды қамтылғандығын түсіну үшін сюжетке тоқтала кетку керек.
Бұл шығарманың сюжетіне тоқталмай жатып ен бірінші неге осы шығарма «Имя Розы» деп аталғаны жайлы баяндай кетсек. Себебі біз филология мамандары болғандықтан, біздер терең мағынаны іздеушілердің қатарына жатамыз, яғни бізді не, қайда, қашан, неге, не үшін деген сұрақтар көп толғандырады. «Имя Розы» шығармасы неге имя розы деп аталды, неге басқалай емес?
Себебі бұл шығарманың атын естігенде адамға бірден романтикалық шығарма ма деген сезім қалыптасады, романтикалық жанр бұл шығармада қамтылғанымен ол жанр шығарманың басты жанры емес. Бұл шығармада басты оқиға ретінде монахтың өлімі зерттелетіндіктен неғұрым «Аббаттағы қылмыс» (ен бірінші рет шығарма осылай аталған) немесе «Аббаттағы өлім» деп аталмады? Осы сұрақ шығарманың жазушысы Умбертто Экоғада қойылған. Ол өзінің түсіндірмесінде раушан қандай болсада раушан болып қалады. Басында әдемі, хош иісті, көз тартарлықтай сұлу болады, бірақ солып қалғанда сол бар сұлулығынан, хош иісінен тек қана аты қалады деген екен. Бұлай аталған себебі осы шығармада христиандық үлкен, аты жер жарған кітапхана ен соңында жанып кетеді, сонда ол кітапханадан раушанның солғаны сияқты тек қана аты қалады. Кітапхананы раушанға теңеп, артынан тек қана аты, даңқы және өртенген сұлбасы қалады делінген.
«Имя Розы» романының көкей кесті мәселелерін тікелей зерттеп, қарастыру үшін, романның негізгі мазмұнына және тарихына қысқаша тоқтала кетсек. Сонымен «Имя Розы» романы дегеніміз не? Оның мазмұнының мәнісі неде?
«Имя Розы» романыңдағы басты кейіпкерлері шығарманың басында қаза тапқан монах Адельма Ортанск, оның өлімін зерттемек болып жүрген тергеуші Вильгельм Баскервильс және оның шәкірті, әрі серігі Адсон Мелькск, сондай-ақ соқыр әрі, қатыгез монах Хорхе. Оқиға 1327 жылы, қараша айында, Италияның Лигурия, Пьемонта және Франциямен шектесетін солтүстік-батыс бөлігінде болған. У. Эконың бұл шығармасындағы сюжет бір апта шамасында сипатталған. Негізгі оқиғаның желісі детектив Вильгельм өзінің шәкірті, әрі серігі Адсон Мелькскпен бірге қаза тапқан Адельма Ортансктың өлімінің себебін іздеп, Аббад елді-мекеніне келуімен басталады.
Олар тергеу жүргізген жеті күн ішінде бірнеше адам қаза табады. Оның сырын ашу үшін детектив пен оның шәкіртінің өлімді ашу жолы баяндалады. Бұл ұлы туындыны оқу, орта ғасырға сапар шегу мен тең. Бұл жерде шығарманың мәні тура мағынадағы саяхат емес, адамның жан-күйін сол ғасырдағы заманның, шығармадағы оқиғаның желісі мен автор сөзінің сені құдды сол оқиғаға байланыстырып, сенің қатысуыңмен болған оқиға секілді сөзбен жеткізе алмастай күй кештіретін, шығарма тұрғысында болмақ. Бұл шығарманың рухтылығы мен басқа көптеген шығармалардан ерекшелігі ол автордың роман ішінде кейіпкерлердің диалогы, жазушының ұзақ бірінші жақтан әңгімелеуі мен романдағы оқиғаның мазмұның ашу үшін қолданылған цитаталары, діни-теологиялық қарама-қайшы көзқарастары мен философиялық мазмұның Умберто Эконың шебер жеткізуімен байланыстырдық [2].
Сондай-ақ шығарманың көтпеген детективтік сюжет мазмұныңда қызғушылық тудыратын тұстары өте көп. Мысалы, шығармадан бір кеіпкердің қазасы туралы мағұлмат іздесеңіз, оңай жаңылысасыз. Себебі, бұл жерде бірнеше адамның қазасы туралы, мистикалық оқиғалар мен интригаға толы сипатталып, оқырманды шатыстыратындай деңгейде баяндалған. Сол үшін, шығарманы оқу барысында үнемі ойлану, күмәндану, ойша болып жатқан іс-әрекетке өзіндік тұжырым жасау немесе әрі қарай қалай өрбиді екен деген қызғушылық құлшыныста отырасыз.
Алайда романның мәні ол емес. Себебі шығарманың детективті жағымен қоса бейбіт жағыда бар. Оған, роман кейіпкерлерінің рөлін, олардың өмірін, мақсатын, мансабын, дипломатиялық жетістіктерін, алған білімдерін (мысалы, өзінің Вильгелм атты ұстазымен сапар шеккен Уатсон) және де роман соныңдағы олардың өмірін жатқызуға болады [3]. Бұл романның барлық оқырмандарға ұнамды тұсының бірі – ол кеіпкер бейнесінің көп болуы.
Умберто Эконың мойындауы бойынша шығарманың ең алғашқы атауы «Аббад өілімі» болған. Бастапқыда бұл шығарманың олай аталуын У. Эко романда қаза тапқандардың көп болумен, Аббад елді-мекенінің жанып кетуімен, ең қасиетті болып саналған іші лабиринтке толы маңызды кітапханадағы (оның маңызды болу себебі, ондағы кітаптар тек рұқсат етілген адамдарға ғана берілгендіктен ) жауыз, әрі соқыр кітапханашы Хорхердің жасаған қылмыстары мен оның өмірінің шиленісінен деп түсіндірген. Неге Хорхе? — деген сұраққа, Умерто Эко: «солай болу керек болды, мен секілді романисттер үшін өз туындысындағы әр шығарманы өзіңдік мазмұнымен немесе оқиға желісімен айқындап, тұратын жемісті образ болады. Сол менің романыма мән беріп тұрған кейіпкер соқыр кітапханашы болды, алайда ол ешқандайда шынайы кеіпкер0емес»0-0деп0жауап0берген.
«Имя розы» шығармасы шынайы да және фантастикалық түрде жазылған. Шынайылықтан фонтастика, фонтастикадан шынайлыққа керемет өңделген түрде білінбей өтеді. Шығарманың барлық сыры және көп сұраққа жауабы тек шығарманың соңында ғана оқырман қауымға белгілі болады. Сонымен өлтіруші адам негізінде өлтіруші емес екен, себебі ешкімді өлтірмеді, бірақ сол құпиялы кітәптің бетіне қолынан келгенше уды жағып, сіңдіреді және ешкімнің ол құпиялы кітапты ашып, оқығанын қаламай, бар күшін салып ол кітапты көзінің қарашығындай сақтап бақты. Сол кітапты қызығушылықпен ашқан адам удың кесірінен бір-біріне жабысып қалған беттерді ашам деп бас бармағын сілекейлеп уды өзіне сіңіреді. Ол көп оқыған сайын, у не ғұрлым терең сіңе бастайды және құпиялы кітаптың соңғы беттері оданда көп у жағылған. Міне, осы жері шығарманы қиял-ғажайыпқа толы етіп көрсеті. Бірақ, шығарманың дәл осы жері өте маңызды сюжет. Себебі, шығарманың барлық жерлердегі мәселесі осы сюжеттің себебінен туындаған. Бірақ «қылмыстық» итриганың аяғында, осы қиял-ғажайып жері өте маңызды. Соқыр және жағымсыз көрінетін кәрі Хорхе адамзаттың бақытсыздықтарының басты көзі ретінде күлкіге қарсы күреседі, өйткені Шайтанның құралы (Евангелияда Христостың күлгені жайлы ештеңке айтылмаған, Христос ешқашанда кулмеген) деп барлық адамдарды осыған үгіттейді, күлмеуге шақырады, тіпті күлмеуге мәжбүр етеді. Бірақ осыны естіген Вильгельм сол сіз айтқан Евангелии кітабында Христостың күлгені жайлы айтпағанындай, күлмегені жайлы да айтпаған. Сондықтан, неге күлуге болмайды, Евангелия кітабында ол туралы шек қойып, жазбаған ғой деген сөзін естіген Хорхе өз ашуын баса алмай, Вильгельм кешірім сұрамаса атақты, әлемге әйгілі кітапханадан қуып шығуға дайын тұрды. Осыдан-ақ байқауға болады Хорхе бүкіл шіркеу қауымын, Аббатағы адамдарды кулмеуге мәжбүрлегенін.
Әрбір шығарма адамға сан түрлі сезім сыйлайды. Кітапты қолыңа алып оқи бастаған сәттен-ақ сол шығарманың ішінде бірге өмір сүріп жатқандай боласың. Сондықтан әрбір оқырман қандай да бір мақсатпен шығарманы оқи бастайды. Біреу романтиканың әсем әлемін кешкісі келсе, біреулер шытырман оқиғалы детективке бас қатырғысы келсе, біреулер тарихи шығармадан танып, білгісі келсе, біреулер фантастиканың әлеміне енгісі келеді.
Шығарма заман қарқынында ұзақ қалу үшін және елеулі шығармалардың бірі болу үшін ол шынайы түрде жазылуы керек. Тіпті шынайы дәлелдемелері болмаса да шындыққа ұқсағаны абзал. Міне, сонда шығарма адамның сана-сезімінде мәңгі қалып, заман талабының мықты шығармаларының бірі болады. Умберто Эко осы кілттік сезімнің құлпын әсемдікпен аша білді.
«Имя Розы» шығармасы ойдан құрастырылған сюжет болса да, өте сенімді түрде оқырман қауымына жазылған. Бұл шығарманың бойында фонтастикалық жаныр болғанына қарамастан оқырман шынайы тарих бетінде отырғандай сезім кешеді. Біз бұл кітапты басында үлкен сенімсіздікпен қолымызға алдық. Себебі тарихи шығармалардың көбі сәтті жазылмайды. Шығарма бірақ жәй ғана бестселлерға айналмайды. Әлем әдебиетінің карьерасын құрайтын осындай бестселлерді бірақ оқымау мүмкін емес. Осы шығарманы оқымас бұрын Умберто Эконың бұл шығармаға жазған арнауын іздестірдік.
Бұл романда бізді баурап алған тұсы өте көп, мысалы шығармада диалогтардың қалайша сәтті құрылғандығы, орта ғасырлық әдебиеттердің шығармада сәтті орның тауып, қолданылуы, цитаталардың болуы, және т.б. Сол жоғарыда айтылған цитаталардың біріне ортағасырлық әдебиеттерді қолдану турасында тоқтала кетейік. Умберто Эко өз романыңда ортағасырлық әдебиеттер мен ондағы терминдерді өте сәтті қолданған. Ол жайлы жазушы «Менің еңбегім оқырман үшін ең үздік болуы қажет екенің естен шығармадым, және сол үшін ауқымын кеңейттім. Маған ортағасырлық әдебиеттерді өз туындыма пайдалану аса қиындық тудырмады, себебі өз романымның әр сюжетінде бірге өмір сүрдім, яғни орта ғасырда да болып келдім» деген. Яғни, У. Эко бұл жерде романды оқыған кездегі алатын әсерді эксперимент ретінде ең алғаш өзіне жасаған.
Умберто Экодан романыңыздан қандай сезім сезінуге болады және оқырманға роман не бере алады дегенде «оны мен емес, оқырманым айтады сізге, себебі бұл шығармадан әр оқырман өзі қандай сезім сезінгісі келеді сондай сезім сезінеді, нені ойға түйгісі келсе соны түйеді» — деген. Расымен де «Имя Розы» романын біз бірнеше рет оқып шықтық. Әр оқыған сайын басты қызығушылық аспектіміз өзгеріп отырды. Себебі роман тек детектив түрінде жазылған деп шығарманың басында өлімнін себеіне және кім өлтірді деген қызығыушылық туса, сосын тарихи жайыттарда бейнеленіп ойынды сан-саққа жіберіп, неге күлуге болады, немесе неге күлуге болмайды деген оймен қосымша философиялық талдауды да қажет етеді. Яғни шығарма бастан аяқ бір түсінікте емес, жан-жақты ойлауды талап етеді. Сол себепті роман интелектуалды ортаға арналған [4]. Умберто Эко мен өзімнің шығармам жайлы өзім айтқанша, оқырман қауым менің шығармам жайлы айтқанды жөн көремін дегендіктен шығарма бізге одан әрі қызықты бола бастады.
«Имя Розы» шығармасының басы болашақ аудармашының және баспагердің қолына 1968 жылы Прагада «Мелькодағы Адсон әкенің жазбалары» түсуінен басталады. Аудармашы бұл жазбаға бірден қызығушылығы оянады. Өзінің жалғыздығын жұбату үшін аудармашы бұл қолжазбаны бірден аударып, қызыға бастайды. Өткен ғасырдың ортасындағы Франциялық кітаптың бастапқы титулдық бетінде XVII ғасырда латындық тілден аударылған неміс монахыныңи XIV ғасырдың аяғында жазған қолжазбасы деп жазылған. Осы жазба аудармашының қолына түскеннен кейін, Француз аудармасының авторы жайлы да, латын тілінде жазылған түпнұсқасы және Адсонның жеке басы туралы да жасалған ізденістер аудармашыға ешқандай нәтиже әкелмейді. Бірақ соған қарамастан аудармашы бұл жазбаны бастан-аяқ, бір деммен аударып шығады. Оған дәлел аудармашының мына сөздері: In a state of intellectual excitement, I read with fascination the terrible story of Adso of Melk, and I allowed myself to be so absorbed by it that, almost in a single burst of energy, I completed a translation, using some of those large notebooks from the Papeterie Joseph Gibert in which it is so pleasant to write if you use a felt-tip pen [3]. Көңіл-күйім жоқ болғанына қарамастан Адсонның әңгімесіне қызыққаным соншалықты «Жозеф Жибер» фирмасының үлкен дәптерін қалай толтырып аудара бастағанымды байқамаппын, егер әрине қалам қауырсын жетерлікті жұсақ болса» деп баяндаған.
Аудармашы осы қолжазба жайлы бір сөзбен өзінің ойын осылай жеткізген For it is a tale of books, not of everyday worries, and reading it can lead us to recite, with a Kempis, the great imitator: In omnibus requiem quaesivi, et nusquam inveni nisi in angulo cum libro. Бұл кітап туралы әңгіме, оны оқып, ұлы еліктеуіш Кемпийдан кейін қайталауымыз мүмкін: Барлық жерде мен тыныштық іздедім және бір ғана жерде — бұрышта, оны кітаппен таптым.
Ол қолжазба неміс монахы Адсонның XI ғасырда басынан өткен өқиғасы жайлы баяндаған көне жазба. Шығарма ары қарай осы көне қолжазбаны аудармашы қазіргі заманғы оқырманға аударуымен жалғасады. Адсонның өзінің қолжазбасы жеті бөлімнен тұрады, яғни, жеті дұға ету күніне арналғандықтан, әр-бәр күнін жеке-жеке сипаттауына байланысты бөлінген.
Шығарма In the beginning was the Word and the Word was with God, and the Word was God. — Бірінші Сөз болды, және Сөз Алламен бірге болды, және Сөз Алла болды деген прологтан басталады. Адсонның қолжазбасы бізді 1327 жылғы оқиғаға апарады.
Айта кеткен жөн, Умберто Эко, орта ғасырдың шынайы білгірі ретінде, оқиғаларды өте дәл сипаттайды. Осыдан байқауға болады Умберто Эко өзінің шығармасын постмодернизм жанырда баяндаған. Себебі шығарманы өзі жазып отырғандай емес, құдды бір аудармашы жас кезінде жазған монахтың хатын тауып алып аударып отырғандай сипаттаған.
Шығармада аллюзиялар шеңбері кең және жалпыға қол жетімді мамандарға ғана түсінікті сараланған. Кітаптың бас кейіпкері Вильгельм Баскервильский бір жағынан кейбір ішінара ерекшеліктерімен Уильям Оккамға келеді, бір жағынан Кентерберий Ансельмінге, үшінші жағынан Шерлок Холмске ұқсатуға болады. Оның дедуктивті әдісін пайдаланады, холмсианның ең танымал мәтіндерінің бірінің атауы бойынша аталады, сонымен қатар, Адсон мен Ватсон серіктері арасындағы параллель анық көрінген. Оның басты қарсыласы, соқыр монастырлық кітапханашы Хорхе-Аргентинаның Ұлттық кітапханасының директоры болған Хорхе Луис Борхестің постмодернистік әдебиеттің классигі бейнесіне күрделі пародия жасап бейнелеген, ол да өмірінің қартайған шағында соқыр болып қалады.
Шығарма бірнеше сатыдағы қоғамға арналғандықтан «Имя розы» шығармасына өте терең анализ жасауды талап етеді. Осы шығармаға талдау жасаудың өзі адамға керемет сезім сыйлайды. Себебі өте үлкен және сан түрлі мағынаны қамтығандықтан жан-жақты талдауды міндеттейді.
Адам, қоғам, өлім мәселесі бұл шығармада қарқынды қамтылған. Умберто Эко қазіргі заманның мәселесін сол заман арқылы астарлап, өте терең оймен жеткізген. Умберто Эко семиотика саласының басты, шебер маманы болғандықтан өзі жеткізгісі келген мағынаны, астарлы ойды мән-мағыналы, түсінікті, оқырман қауымға сұлу жеткізуі қыынға турмайды. Сөз өнерінің хас шебері болғандықтан, одан шыққан әрбір ой оқырманның жүрегіне жетері сөзсіз. Шығарма Умберто Эконың постмодернизм жайлы теориялық жұмысының практикалық жасалу жолы. Умберто Эко шығармасын бірнеше сатыдағы қоғамға сай етіп жазған. Әдебиеттен түсінігі бар жоғарғы қауымға шығарма күрделі салынған детективтік тарих, ортанғы қауымға сол заманғы дәуірдің және ішінара сәнді детективтің тарихы туралы бірегей ақпараты баяндайтын тарихи шығарма, оданда төмендеу қауымға ортағасырлық дүниетанымның қазіргі дәуірден айырмашылығы, табиғат және әдебиеттің мақсаты, оның дінмен арақатынасы, адамзат тарихындағы орны және тағы басқа мәселелер туралы философиялық-мәдениеттанулық ойлауды баяндайтын тарихи шығарма.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Петров С.В.Умберто Эко: Биография, мемуары/ – Москва, 2001. – с. 76.
2 Ермилова Г. И. Постмодернизм как феномен культуры конца XX века СПб: Радуга,
1989. – с. 123.
3 ,Umberto Eco Il nome della rosa. — Bompiani: 2008. – p.252
4 Eco U. A Theory of Semiotics. Bloomington: Indiana University Press, 1976.р.68-96.

В данной статье рассмотрены особенности творчества итальянского семиотика и постмодерниста, писателя Умберто Эко «Имя Розы». Для того, чтобы непосредственно изучить и рассмотреть актуальные вопросы романа «Имя Розы», необходимо кратко остановиться на основном содержании и истории создания романа. Умберто Эко написал произведение для разных слоев общества. Для представителей высшего общества, имеющих представление о литературе, данное произведение стало детективной историей со сложной структурой, для среднего слоя населения – историческим произведением, которое передает уникальную информацию об истории того времени и частично об истории модного детектива, для обывателей, оно явилось историческим произведением, описывающим контраст средневекового мира с современной эпохой, природу и литературу, ее отношение к религии, и другие исторические проблемы философского и культурного мышления.

This article discusses the features of the work of the Italian semiotic and postmodernist writer Umberto Eco «The name of the Rose». In order to directly study and consider topical issues of the novel «The name of the Rose», it is necessary to briefly dwell on the main content and history of the novel. Umberto Eco wrote a work for different strata of society. For representatives of high society who have an idea of literature, this work has become a detective story with a complex structure, for the middle class — a historical work that conveys unique information about the history of the time and partly about the history of fashion detective, for ordinary people, it was a historical work describing the contrast of the medieval world with the modern era, nature and literature, its relationship to religion, and other historical problems of philosophical and cultural thinking.



ӘОЖ 821.512.122
Б.Ш. Қожекеева1, Б.С.Сарбасов2
1филология ғылымдарының кандидаты, қауым.профессор, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті,Алматы, Қазақстан, e-mail: Bekzada61.2018@gmail.com 2филология ғылымдарының кандидаты, қауым.профессор, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті,Алматы, Қазақстан, e-mail: Sarbasov.bolathan@mail.ru

«ҚАМБАР БАТЫР» ЖЫРЫНДАҒЫ САЛТ- ДӘСТҮР КӨРІНІСІ

Қазақ халқының ауызша шығармашылығы мен адамдардың күнделікті өмірінде салтжоралық және лирикалық өлеңдердің, ертегілердің, мақал-мәтелдердің рөлі зор. Әсіресе, салт-жора поэзиясы халық тұрмысының ажырасыз бөлігі болып саналатын. Ол қарапайым қазақтың да, атақты қазақтың да өміріндегі барлық маңызды шаралар мен рәсімдерде (қуанышта да, қайғыда да) орындалып отырған. Осыған байланысты, мақалада Қамбар батыр жырындағы қазақ ұлтының ежелден бергі тұрмысында пайдаланып келген ырымдары мен дәстүрлері, салты мен ғұрыптары туралы баяндалған.

Кілт сөздер: әдет-ғұрып, ауыз әдебиеті, салт-дәстүр, Қамбар батыр жыры.

КІРІСПЕ
ХV-ХVІІ ғасырлардағы қазақтардың рухани өмірі біздің кезімізге дейін жеткен ертедегі халықтың әдет-ғұрпы, салт-санасы дәстүрлерін көрсетеді. Олар түгелдей алғанда сол кезде қазақтарда үстем болған патриархаттық-феодалдық қатынастарға негізделген. Қазақтардың көптеген әдет-ғұрпы олардың әдеттегі құқығының ертедегі нормаларымен байланысты болды, олардың негізі атақты қазақ хандары Қасым («Қасым ханның қасқа жолы») мен Есімнің («Есім ханның ескі жолы») құқықтық ережелерінде салынған болатын, ал ХVІІ ғасырдың аяғында, Тәуке хан билік құрған кезде қазақтың үш жүзінен шыққан көптеген қазақ билерінің, соның ішінде халық зердесінде қалған атақты Төле бидің, Қаз дауысты Қазыбек би мен Әйтеке бидің қатысуымен Тәуке ханның «Жеті жарғы» деп аталатын заңдары жүйеге түсіріліп, құрастырылды [1,16].
Қазақтың әдет-ғұрпы мен дәстүрлері көбінесе көшпелі малшылардың күнделікті шаруашылық қызметінде атқарылатын әр түрлі салт-жорасынан көрінеді. Мәселен, көктемде қыстаудан көшкенде қыстау мен малды отпен тазарту салты міндетті түрде сақталған. Бұл үшін қыстаудың маңынан екі жерден от жағып, барлық малды солардың арасынан айдап өткен, мұның өзі мұсылман дініне дейінгі от киесіне деген нанымға байланысты еді. Жазда қоныс аударған кезде әрбір ауыл көш керуенінің салтанатты безендірілуіне ерекше көңіл бөлген. Бұл үшін алдыңғы түйеге қырғауылдың ұзын қауырсынынан төрт басты қарқара орнатқан. Мұндай көш халық арасында «қарқаралы көш» деп аталады. Қарқаралы түйені ауылдың ең құрметті әйел немесе ең жас келіні жетекке алған. Халықтың түсінігі бойынша, қырғауылдың әдемі қауырсыны көзі түскендердің назарын өзіне аударып, көш керуеннің көз тиюден және жол-жөнекей әр түрлі қолайсыз жағдайлардан сақтайтын болған [2,23].

НЕГІЗГІ БӨЛІМ Сондай-ақ, «Қамбар батыр» жырында:

«Сусар бөрік басында, Үстіне киіп құлпыдан. Керей ұлы Келмембет
Сөйлес қылып келеді» [3,436],- деп сырттан келген бөтен адам үй иесін баса-көктемей «Сөйлес»,- деп дауыстап қонақ
келгенін білдіріп, рұқсат сұрау ғұрпын бейнелеген.
Жыр басында астарлап сөйлей отырып қыз баланы айттырудың жоралғысын мына шумақтардан көруге болады:

«Саусағы алтын сұңқарға, Ілдірейін деп келдім.
Көлдегі үйрек, қазыңды, Алтайы қызыл түлкіңе, Қосайын деп ойлап ем Құмай жүйрік тазымды. Тікбекке ақ үй сұраймын Ел қонбаған сазыңды.
Бұйырып патшам жіберген, Қайталмаймын бұл жерден
Іздеген жоғым табылмай» [3,437].

Халықтық әдет-ғұрып қазақтардың отбасы-неке қатынастарында сақталатын әр түрлі салт-жораларда мейлінше толық ашылды.
Қазақтар некенің әр алуан түрлерін білген, бірақ некенің ең көп тараған және негізгі түрі құда түсу және келінді қалың мал беріп алу жолымен үйлендіру болды. Құда түсу салтын жастардың ата-аналары немесе жасы үлкен туыстары жүзеге асыратын еді. Құда түсу туралы келіссөз жүргізуден бұрын күйеу баланың ата-аналары жорамалданып отырған құда түсер үйдің жақсылы-жаманды оң немесе теріс жақтарын дәлелдейтін барлық мән-жайларды біліп алатын. Осындай құпия «барлаудан» кейін ғана күйеудің әкесі ресми ұсыныс жасау үшін қыздың әкесіне өзінің сенім білдірген адамын «жаушы» етіп жіберетін. «Қамбар батыр» жырындағы осындай «жаушы» ретінде Келмембет жіберілген. Келмембет тағы сөйлейді:

«Сен сұрасаң Әзімбай
Айтайын келген жөнімді, Арада жүрген жеңгемін
Киемін қымбат тоныңды,
Мәрт кісінің белгісі
Бітірсең тездеп сонымды;
Ешкім саған тие алмас Ұстасаң менің қолымды; Жаушы қып патшам жіберді… …Бүгін саған мейманмын Таңдап сой семіз қойыңды:
Құда түсіп, құйрық жеп
Қыламыз қызық ойынды…» [3, 438], — дейді.
Егер қыздың ата-анасы ұсынысты қабылдаса, күйеу жағынан құралдардың келу мерзімін белгілеп, жаушыға «шеге шапан» деп аталатын шапан жапқан. Сонан соң күйеудің әкесі белгіленген мерзімде құдалар жіберіп, олар қалың малдың көлемі туралы, жасаужабдықтар туралы, қалың мал төлеудің алдын ала белгіленген мерзімдері және тойды өткізетін уақыттың өзі туралы ресми келіссөз жүргізген.
Құдалық туралы екі жақтың келісімі антпен бекітілген, бұл үшін құрбандыққа шалынған қойдың бауыздағандағы қанын ағаш тостағанға (аяққа) толтыра құйып, екі жақтың да бос құдасына апаратын, олар оған оң қолының саусақтарын малып, ал неғұрлым ерте кезде оған найзасының немесе жебесінің ұшын салып, сонымен бірге құдалық уағданы бұзбау туралы ант берген сөздер айтатын болған. Ант беру рәсімі жасалғаннан кейін ақсақалдар қан толтырылған тостағанға қарап отырып аят оқу арқылы уағдаластыққа бата берген, бұл қазақтарда «батаяқ» деп аталды. Осы жол-жораның құрметіне күйеу жағынан келген бас құда қалыңдыққа тарту-таралғаны және қалыңдыққа «қарғыбау» немесе «үкітағар» (ен салу) деп аталатын сыйлықты атаған, бұл сыйлық қыздың осыдан бастап айттырылғанын білдірген. Осыдан кейін уағдаласушы жақтар заңды құда деп саналып, оларға жаңа пісірілген құйрық май мен бауырдан арнаулы «құйрық-бауыр» деген тағам тартылған. Құдалардың оны бір-біріне асатуы екі жақтың туыстық қатынастарының ұзақ жылдарға орнатылғанын бейнеленген. Құдаларға аттанар алдында сый ретінде «киіт» кигізген [4, 26].
Күйеудің әкесі келісілген қалың малдың негізгі бөлігін бергеннен кейін күйеу қалыңдыққа өзінің алғашқы ресми сапарын жасаған, ол «ұрын бару» деп аталады. Осы сапар кезінде болашақ ерлі-зайыптылар, әдетте бірінші рет кездесетін, сондықтан олардың бұдан кейінгі тағдырына ұрын барудың зор мәні болды, олар бірін-бірі біліп, ұнатып кетуі мүмкін еді. Кейде бұл кездесу тең емес некені болғызбай тастайтын. Демек, қазақтың «ұрын» термині түріктің ертедегі «urun» (тығылу, бауырына басу) деген сөзінен шыққан болуы мүмкін. Түріктің ертедегі «bagirsaqni bulza bagirqa urun» (егер ізгілік көрсең, қабыл ал) деген қазір де бар сөзі осындай жорамалдың растығын айқын дәлелдейді.
Күйеу мен қалыңдықтың ата-аналары алғашқы кездесуді өткізуге мұқият дайындалатын. Қалыңдықтың туған-туысқандарына алуан түрлі көп тарту-таралғы беріп, күйеуге тәжірибелі жігіт (күйеу жолдас) бастаған 5-6 адамнан тұратын қошеметшілері еріп барған. Күйеудің қасына ерген адамдары үшін қалыңдықтың жақын туысының үйінде келесі күні дәстүрлі «қыз қашар» кеші өткізілген. Кештің аяғына қарай қалыңдық құрбыларының қарсылығына қарамастан, жеңгелері оны арнайы отау үйіне апарады, онда алдын ала төсек салынып қойылады. Жас жеңгелер күйеуді сонда шақырады, ал басқа әйелдер күйеудің аяғының астына «бақан» (киіз үйдің шаңырағын көтеруге арналған сырғауыл тастап, оның алдынан «желі» (құлын байлайтын арқан) тартады. Халықтың нанымы бойынша, бұлар – қасиетті заттар, олардан аттап өтуге болмайды, ал бұл жағдайда одан ақы төлеп айналып өту керек. Сондықтан күйеу бола жеңгелерге ақы (кәде) төлейді де, олар күйеу баланың жолынан кедергіні алып тастайды. Бірақ бұндай көріністердің барлығы жырда онша көрінбейді, яғни Назым бұл әдеттерді орындайды. Назымның әдет-ғұрыпты бұзып еріксіз қалың малға сатылуға көнбейтін қыз екендігі «Тоқсан үйлі Тобыр» жырында өте айқын берілген. Мұнда ол өз әкесі Әзімбайға:
«Айғыр емен, ат емен
Жал-құйрығын сүзілтіп
Бауырыңа салғандай» [5,94], — дейді.
Бұл жырда халықтың өлең-жырларында қолданылып келген дәстүр жаңа әдістермен толтырылған. Мұнда тұрмыс-салт өлеңдерінің дәстүрінде аңсап, арман ететін бой жеткен қыздың сипаттары да толықтырылады. Назымның өз басын толық бағалай білетіндігі, махаббатты жолында жан алмайтындығы, өзінің ішкі сезімін қорғау үшін батылдық пен нақты әрекет істей алатын қыз екендігі айтылады. Назым — ақ тұйғын, аққу, қоңыр үйрек, балапанын ерткен қоңыр қаз. Оның денесі аппақ қардай, екі беті қарға толған қандай, көзі құралайдың көзіндей. Осы сияқты сипаттардың нәтижесінде рухани тәрбиесі де, дене тәрбиесі де жан-жақты жетілген мінсіз адамның бейнесі көрінеді. Қамбарды Назым оның күшіне, ерлігіне қызығып сүйеді. Назым Қамбардан өзінің ойында арман етіп жүрген жігітінің сипатын, батырлығын көреді. Сондықтан да «Он екі баулы өзбекті» және «ноғайлы» елін қалмақ шабуылынан қорғайды деп сенеді. «Бара жатқан Қамбарды Назым сұлу көздеді.
Шын батырға кез келді.
…Соған ғашық болғаным
Қалмақтың берер деп едім
Жалғыз-ақ өзің жазасын» [5,95].
Қамбар мен Назым арасындағы ғашықтық және батырдың Назымға үйленуін баяндау олардың руының Махтым ханға қарсы күресімен байланыстырылып берілген. Назым Қамбарға деген адал махаббаты үшін күреседі. Ноғайлы елінің билері, «көп жылағанша бір қыз жыласын» деп Назымды Махтымға бермек болып, кесім шығарған кезде де ол өзінің бетінен қайтпайды.
«Тоқсан үйлі Тобырда» ХІХ ғасырдағы елдің тұрмыс жағдайлары кейіпкерлердің ісәрекетін өзгертуге де әсер еткен. Мысалы, ұрыс қызған кезде сартылдап найза сынып, зуылдап садақтың оғы ұшып жатады, сонымен қатар күрсілдеп зеңбірек атылып, аспанға ракета ұшып жатады.
Сайып келгенде, ХІХ ғасырдағы ел тұрмысының бұл жырға тиген ең басты әсері:
тұрмыстағы әлеуметтік қайшылықты ашып көрсету, кедейлердің жай-күйін жақсартудың қажеттігін сөз қылу және қалың малсыз үйлену мәселесін көтеру. «Тоқсан үйлі Тобыр» жырында ескіден келе жатқан дәстүрмен қатар көп жерлерде жаңалық араласып басқа батырлар жырының дәстүріне ұқсамай отырды. «Тоқсан үйлі Тобыр» жырында және Қамбар туралы басқа жырларда да ел қыдырып әулие іздеп молаға түнеп, аруаққа сиынып батыр бала сұрап жүрген қубас шал-кемпірлер жоқ. Және батырдың бала күніндегі ерлігін суреттеу, өзіне жылқыдан ат таңдап алу, сүйген қызына таласқан басқа жігітпен сынасып, садақтан оқ атысу, бәйгеде сынасу сияқты жырлардан кездесетін суреттеулер де жоқ. Жырдың басында сөз Назымның сұлулығы туралы болады. Одан кейін Назымның өжеттілігі, еріктілігі қалың тойда өзіне күйеу боларлық жігіт таңдағанда және Қамбарға алғашқы кездескен жерлерінде толық, өте айқын суреттелінеді. Назымда көзге түсерлік сипат көп. Оның міндетін алтын күймесі, киетін алтынмен әшекейленген қамқа тоны, беті-қолын жуатын алтын құманы бар. Оның алтын күймеге жегіп жүретін қос қара атының қамытдоғасы да алтыннан, седелкесі күмістен жасалған, божысы жібектен есілген және басқа да бай дүние-мүлік бәрі оның әмірінде. Назым тек қымбат бағалы киімдермен денесінің кіршіксіз аппақтығымен, бетінің қызылдығымен, қасының қаламдай сызылып тұрғандығымен және әсем сұңқар бойымен ғана суреттелінбейді, сонымен қатар, Назым таза жүректі адамгершілік қасиеті мол тілекті адам. Оның ең басты қасиеті де осында.
Ал, Ә. Диваев нұсқасындағы «Қамбар батыр» жырында осы салт-дәстүр, әдет-ғұрып бойынша Әзімбайдың Назымға күйеу таңдату үшін істеген тойды толық суреттеу, Назымның қалмақтың ханымен сөйлескені, қалмақ ханы Қараманның құда түсуі, Қамбар мен Назымның арасындағы ішкі сезім көріністері мұнда жоқ. Дегенмен, Ә. Диваев вариантындағы «Қамбар батыр» жырының мына бір көрінісін айта кетсек:
«Қалмақ ханы Әзімбайдың ауылына құда түсуге екінші рет адамдарын жібереді.
Әзімбай сасқанынан құдалыққа келген қалмақтарға сый-құрмет көрсетіп, қарсы алады да, Қамбарға астыртын кісі жібереді. Қамбардан хабар келгенше Әзімбай құдаларды «құрметтеп» Келмембеттің оң жағында отырады, құдалық салты бойынша сойылған қойдың етін бір топ жігіттер қонақтарға табақпен тартып жүреді, құдалардың иығына қымбат ішіктер жабады. Дегенмен тұрмыс-салтқа байланысты суреттеулер бұл вариантта аз кездеседі».
Ертедегі қазақ халқының салт-дәстүрі бойынша отбасында қыз балаға 12-13 жасқа толғанда бойжеткен деп есептеліп, оны тұрмыс құруға бейімдейді. Қалыңдықты ерекше көз тартатындай бағалы киімдер кигізіп, ал асыл тасты бұйымдар қыздың ажарына көрік беретінін айтып өттік. Енді соны бұл жырда қалай суреттелгенін мына өлең жолдарынан көруге болады:
«…Алпыс сомдық әр кезі
Үстіне асыл кигізді,
Жорғадан жегіп қара көк
Күймелі арба мінгізді Көзі түскен бенденің
Жүрегін оттай күйгізді».

* * * * * «Тоғыз қабат торқадан Қамзол киді қынама…»

* * * * *
«Қыз Назым шықты бұраңдап
Он сегіз толған жасына
Кәмшат бөрік келісіп,
Бриллиант қойды басына» [3,420].

ҚОРЫТЫНДЫ
Халықтың ауызша шығармашылығы мен адамдардың күнделікті өмірінде салтжоралық және лирикалық өлеңдердің, ертегілердің, мақал-мәтелдердің рөлі зор. Әсіресе, салт-жора поэзиясы халық тұрмысының ажырасыз бөлігі еді, салт-жора мен әнсіз тұрмыс мүмкін емес болатын. Ол қарапайым қазақтың да, атақты қазақтың да өміріндегі барлық маңызды шаралар мен рәсімдерде (қуанышта да, қайғыда да) орындалып отырған.

ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ
1 Қазақстан тарихы. Ү томдық ІІ томы // Атамұра Алматы, 1998.
2 Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Алматы, 1994.
3 Қамбар батыр. Қазақ эпосы 1 кітап. Алматы, 1957.
4 Садырбаев С. Қазақ халық ауыз әдебиеті. Алматы, 1990. 5 Қамбар батыр // Жазушы Алматы, 1968.

Б.Ш. Кожекеева , Б.С.Сарбасов2
Особенности традиции в поэзии «Камбар батыр»
B.Sh. Kozhekeyeva1, B.S. Sarbasov2
Features of the tradition in the poetry of «Kambar Batyr»
1, 2Kazakh State Women’s Pedagogical University,
Almaty, Kazakhstan
Traditional, lyrical verses, the folklore, fairy tales, proverbs and sayings play a big role in the everyday life of the Kazakh people. Especially, traditional, ritual poetry was considered an integral part of people’s life. They were observed in all important (joyful and sorrowful) events in the life of everyone, both the rich and the poor, the famous and simple Kazakh. In this regard, this article tells about the epos Kambar batyr, which described all the customs, traditions and rituals used by the Kazakh people since ancient times.



ӘОЖ 821.512.122
Б.Ш. Қожекеева1, Б.С. Бегманова2
1филология ғылымдарының кандидаты, қауым.профессор, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан, Bekzada61.2018@gmail.com 2филология ғылымдарының кандидаты, қауым.профессор м.а, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан, Bibizhan1972@gmail.com

Ә. КЕКІЛБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ МАХАМБЕТ БЕЙНЕСІ

Бұл мақалада жазушы Ә.Кекілбаевтың Махамбет туралы бітімі бөлек зерттеу еңбегі берілген. «Махамбет» дастаны – қазақ әдебиетінде Махамбет тақырыбына алғаш жазылған шығармалардың бірі. Махамбет қазақ әдебиетінде көп зерттелген ақын десек те, оның өмірі мен шығармашылығы әлі де жұмбаққа толы. Ә.Кекілбаевтың «Шандозы» Махамбетнамаға қосылған сүбелі үлес болуымен қатар, әдебиетті зерттеу, тану аясындағы соны бағыт, дербес жол, тың ұстаным, әдіс. Ойшыл Кекілбаевтың парасатты пайымдауларында қамтылған адамзат тіршілігінің тұрмыстық философиялық жақтары жеке даралыққа және әлеуметтік таңдаулар жасауға шақырады.

Кілт сөздер: элегия, дастан,текстология,хандық, саясат,орда,психологиялық паралеллизм.

КІРІСПЕ
Махамбет туралы қазақ әдебиетінде дастан, бітімі бөлек зерттеу еңбек жазған жазушының бірі – Ә.Кекілбаев. Ә.Кекілбайұлының құмартып, түбітиек бозбала шағынан бастап қалам тербеп, келе жатқан сүйікті тақырыбы – Махамбет. «Махамбет» дастаны – қазақ әдебиетінде Махамбет тақырыбына алғаш жазылған шығармалардың бірі, бұл дастан автордың 1958 жылы студент кезінде өмірге келген.
Өзі кезінде көп әдебиетшілерден мақтау алған дүние. Бірақ, жазғандарын жариялауға келгенде, тым кірпияз, асығып-аптықпайтын жазушы мұны қоржын түбінде ұзақ ұстаған. Дастанның «Қызғыштың әні» бөлімі Махамбеттің сол аттас өлеңінің негізіне құрылған.
Дастан: Махамбет сынды бұла перзентінің халі мен бірге қайғырған даласының жай-күйі, Махамбет пен патшаның унтер офицері арасындағы диалог пен эпилогқа құрылған. Ешкінің асығындай шымыр да шағын шығарманың бас-аяғы – 252-ақ жол. Махамбет те бір – қызғыш құс та бір. Сол бірлікті біз де сақтап, ақынның бітім-болмысы бөлек «Қызғыш құс» өлеңіне тоқтала кетейік:
«Қызғыш құс» – мұңды элегия. Қаламгер, әсіресе, «Қызғыштың әні» арқылы Махамбеттің сол бір қиын кезеңдегі жағдайына жақсы түсінік бере алған.


НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Махамбеттің көп өлеңдерінен «Қызғыш құстың» бітім-болмысы бөлек. «Исатайдан айырылып» делінуіне қарағанда, 1838 жылдан соң шығарылған шығарма. Бір ерекшелігі қызғыштың аты аталатын өлең жолдарының бәрі де Исатайға арнап шығарылған:

Қызғыштай болған есіл ер,
Қайран да жұрттан не көрді?! .

Өзі: «Жалғыздық», «Адыра қалған Нарынның», «Біткен істің міні жоқ» өлеңдерімен сарындас. «Қызғыш құс» ақынның өзге шығармаларындай емес, тәптішке түспей, жоғалмай, міні құрымай, құйрық-жалы күзелмей жеткен бақытты шығарма. «Махамбет – психологиялық паралеллизмнің өз кезеңіндегі теңдесі жоқ шебері», – десек, соның айқын үлгісі – осы өлең.
Қызғыш – су құсы, көлінің қорықшысы болғанда, Махамбет жерінің қорғаны, елінің жоқшысы. Екеуінің де «қанаты қатты», топшысы тегеурінді, бірақ «мойын бос», ерік күштінің қолында. Сол сеп болып, бұл – елден, құс – көлден айырылып, екеуі құла түзде табысып, мұңдасады! Тілімізде «қызғыштай қору» деген қалыптасқан тұрақты тіркес бар. Құстың бұл түріне ел берген жалғыз мінездеме – осы. Соған қарағанда, оған: бауырмалдық, күрескерлік тән. Басқа қандай қасиеттері бар еді? Ол сыршыл ақынға несімен жақты? Дауылпаз, күрескер ақынның аузына: бүркіт, қаршыға, лашын сияқты қыран құс түспей, дәл осы қызғыштың түсуі, оны өте-мөте жақын тартуының сыры неде?
Қызғыш – қандай құс? Қызғыштың қандай құс екеніне бірнеше энциклопедияда берілген анықтама-түсініктер бізді қанағаттандырмады. Соның ұшығын неміс ғалымы Альфред Брэм жануарлар туралы еңбегінің 11-ші томында қызғышқа қатысты төмендегі жолдар бар:
«Қызғыш – ерте көктемнің алғашқы хабаршыларының бірі, қараторғаймен, бозторғаймен бірге ұшып келеді. Кейде бұл құс қыс ызғары қайтпаған кезде келіп қалып, қиын күндерді бастан кешеді. Тобымен ұшып, отанына жете салысымен, жан-жаққа бытырап, жаздың тіршілігіне кіріседі. Бұл – жылдам ұшатын, үнемі тыным таппайтын, қағілез құс. Ұшқаны өте тамаша, бұралаң-бұлтарысы көп, әсіресе, басына қауіп төнгенде, тіпті, тез самғайды. Қызғышты неғұрлым көп бақыласа, соғұрлым оның жақсы, ақылды құс екеніне көз жеткізуге болады. Оның аңшы біткеннің аузын аштырып, айран-асыр қалдыратын сақтығы – құрметтеуге лайық. Ол қандай адамға сеніп, қандай адамнан қашу қажеттігін де жақсы біледі. Жаманшылықты ешқашан ұмытпайды. Өз жұбы өлген қайырсыз жерді жылдап ұмытпай жүреді. Қызғыш барлық төрт аяқты жыртқыштарды өте-мөте жек көріп, оларға үлкен ерлікпен қарсы тұрады. Ол ізшіл иттің басынан шүйлігіп ұшып, өлермендікпен қарсыласады. Қызғыш түлкіге де солай шабуыл жасайды. Бірақ, түлкі көп ретте өжетірек құстың бірін қолға түсіріп қалады да қалғандарын қатты абыржытып, қорқыныш себеді» [1,С.98 ].
Бұл жолдардан қызғыш пен ақын арасындағы ғажап ұқсастықты көреміз. «Адам баласының табиғатқа қатысы қашан да әдемілік негізін қалаған. Үндестік – іргелі эстетикалық ұғым». Ол – ерте келетін жыл құсы. Махамбет те – кезеңінен ерте келіп қалған ердің сойы. Ол жылдам, қағілез болғанда, Махамбет те – нағыз белсенді харекеттің, күрестің адамы. Қызғыш екі аяқты жауын алыстан айырса, ақынның да сақтығы бір басына жетіп артылады. Екеуі де төрт аяқты итке есе бермегенімен, айласына құрық бойламайтын түлкі сұмға алдырып қалады. Екеуі де кеткен кегін, наласын ұмытпайды. «Ер дініне берік», қанаттының ханы – қаршыға мен бүркіт, хан сарқытына үймелеген маңайындағылар қарға болғанда, қызғыш оларыңнан қыңбайды.
Елдің ханы – Жәңгір, Баймағанбет сұлтан, боқ шоқыған қарғасы – Қарауылқожа, Балқы, Шонты болғанда, солардың жағасына қол апарып жүрген адамның қызғышы – ел қорғаны – Махамбет! Қандай ұқсас тағдыр! Сұңғыла ақын аспан мен айдын еркесі құс арасынан өзінің сыңары дегдар қызғышты қалай дәл тапқан? Соны өлеңінде қалай шебер кестелеген?
Айтып-айтпай немене, Құсалықпен өтті ғой,
Махамбеттің көп күні!.

Ә.Кекілбаевтың осы «Махамбет» дастаны да сілкініс тудырды.
Ертеректе қағазға түскен «Махамбет» дастаны – ақынның тағдыр-талайын тереңнен қозғайтын, жаңаша толғайтын деректі-тарихи «Шандоз» баянына жолашар – баспалдақ.
Әбіш – Махамбетті текстологиялық тұрғыдан оқып-түсініп тұнығына бойлаған қаламгер. Шығарманың аты болып, «Шандоз» сөзі бекерге тұрған жоқ. «Шандоз» сөзі бұрын тілімізде сиректеу қолданыста болған (жергілікті сөз, «сұлу, көркем» жігіт мағынасында). Ақын өлеңдерінде бұл сөз екі рет пайдаланылған: «Қарағай шаптым шандоздап», «Керіскедей шандозым». Ол әдебиетте «шандоз» сөзімен де Исатайдың айбынды бейнесін жасап кетті. «Шандоз» – Махамбеттің өлеңінде өз орнында қолданылған. Ал Ә.Кекілбаев сөзге екінші өлмес ғұмыр сыйлап, ұмытылып бара жатқан сөзді тірілтіп, шығармасының аты, тақырыбы етіп алған.
Махамбет қазақ әдебиетінде көп зерттелген ақын десек те, оның өмірі мен шығармашылығы әлі де жұмбаққа толы. Ә.Кекілбаевтың «Шандозы» Махамбетнамаға қосылған сүбелі үлес болуымен қатар, әдебиетті зерттеу, тану аясындағы соны бағыт, дербес жол, тың ұстаным, әдіс. Автордың өзі шығарманың жанрын «деректі-тарихи баян» деп атапты. Сол атына сай, ол нақты тарихи деректерге құрылған, солардың негізінде ой түзілген толғам-тұжырымдар жасалған. Бұл баян жанр туыстығы жағынан Ә.Сарайдың «ИсатайМахамбет» зерттеуіне жақын.
«Шандоз» – қазақ әдебиетіндегі айырықша, өзіндік мәнері бар зерттеу еңбек. Бұл зерттеудің ерекшелігі – ғылым мен публицистиканы қосып, қатып қалған қасаң ғылыми қағиданы бұзуы. Ғылым – адамға қызмет етуі керек. Бұрын партияның талабынан шыға алмаған қаламгерлер, әсіресе, ғалымдар толық шығармашылық еркіндікті пайдалана алмады. Ал, Ә.Кекілбаев болса, сол құрсауды бұзып, өз ойын батыл жеткізді, әдеби тілдің толық мүмкіндігін пайдаланды. «Шандоз» деректі-баянында халықтың, Махамбеттің және Әбіштің дүниетаным арналарын сөз етпекпіз. Тарихи-баян күрделі он екі тараудан тұрады. Соның бір тарауы – «Ордасында Жәңгір деген ханы бар».
«Шандозда» бұрын бір жақты қарастырылып келген тарихи тұлғаларға ұлттық дүниетаным тұрғысынан қарау керектігі айтылып, мысалдармен дәлелденген. Бұған дейін әдебиет тарихында Махамбет өмірін, айналасын бұрынғы кеңес кезіндегі зерттеушілер әңгімелерін көтерілістің шығу себептерінен бастады.
Жазушы саясат қыспағындағы Жәңгір басының ерекшелігін атап, ашып берсе, сол өңірде дүниеге келген З.Қабдолов және былай дейді З.Қабдолов «Бөкей хандығының құрылуына байланысты туған даламыздың бір кезде жоңғар таптап, қалмақ жайлаған Еділ мен Жайық арасын өзімізге қайтарып алдық. Торталана туырылып, иесіз құлазып жатқан құм қойнауына Орда қаласы орнады. Көшпелі жұрт көлігін туарып, қоныстана бастады. Ел орныққан соң, Ордадан Шығысқа қарай сусыған қызыл шағылдың ондаған шақырым ұзына бойы қысы-жазы бірдей көкпеңбек көксіл атып, жасыл орманға айналған. Ғұмырда шөлі қанып көрмеген қалың құмға кезінде әлдеқайдан су келіп, көл пайда болған. Айдында аққу ұшып, қаз қонған. Жапан түзге қалың ел ірге теуіп, қатар-қатар қарағай үйлер салынған» [2,110 б]. Өңір адам танымас күйге еніп, қарыштап алға басқан. Өркениетке ұмтылды.
Мұның өзі: «Жәңгір «ел қамын ойламады», – деген теріс пікірге тойтарыс береді. Ал ақын дүниетанымы бұл жаңаруларды қабылдамады. «Қаһарманның тек өзіне ғана тән хас, дара характері оның сөйлеу мәнерінен көрінеді», – дегендей, ел арасына өлең болып жайылды, ол ханға ұнамады», – [3,47 б ] дейді ғалым З.Бисенғали. «Жәңгір тұсында отырықшылыққа бет бұрылды. Ол өзі бастап үй салып, барлық сұлтандар мен рубасыларды үй салуға міндеттеді. Жасқұстағы Орда қаласы солай пайда болды. Тек онымен ғана тынбай, ірі руларды билейтін рубасылар мен старшындар өздеріне тұрақты мекен тұрғыза бастады. Байлар мен әлді шаруалар да өздеріне үй, ең болмаса, жер қазба салып алуды әдетке айналдырды. Отырықшылық нышандарының күшеюі жолдар мен қатынас жүйелеріне де көңіл бөлді.
Хан көрші ірі қалалармен үзбей байланыс болуына назар аударды. Сауда-саттық өркендеді. Әуелі шектес орыс, қалмақ базарларында өз өкілдерін ұстап, тұрақты орын иемдену жүзеге асырылды», – дейді жазушы.
Ханның өзі басқарған орданы дамыта алғандығы берілген үзіндіден анық байқалады. Жәңгірдің үй, мешіт, мектеп салдыруы күні бүгінге дейін халық арасында дәріптеліп, жағымды жағымен айтылады. Ол салдырған үй мен мешітті, мектепті сол тұқымнан өрбіген, сол мешіттерден нәр алған арқалы ақын Шәңгерей Бөкеев «Бура санды, ақ таңды» атты өлеңінде айнытпай сөзбен суретке түсірген:

«Көз алдымда тұрады:
Кешегі өткен күндей-ақ. Сол айтылған Нарында,
Нарынның қызыл құмында:
Ай белгілі ақ мешіт,
Алпыс бөлме, жүз есік,
Салынған екен Көкорда,
Сол Көкорданың ішінде,
Ләззат тауып бір-бірімен,
Зауықтасқан ата-ана», – [4,112 б] дегені сол Жәңгір жасаған қызмет, еліме болсын деген ниет, қажырлы қайратының арқасы, еңбегінің жемісі. Ол тірлік те бірден оп-оңай дүниеге келген жоқ-ты. Мұның бәрі – Жәңгірдің қажырлы, қайратының арқасы. Еліме болсын деген ниеті еді.
(1841) жылы тарихта тұңғыш рет қазақ балаларына орысша-қазақша білім беретін Жәңгір мектебі ашылған. Мектептегі оқу-ағарту ісінің өрбуін хан тікелей өз қамқорлығына алған. Бұл арада бұрын-соңды болып көрмеген кітапхана, клуб, мұражай орнаған», – деген. Білімге, өнерге аса қатты мән беріп, оның жүзеге асырылуын қадағалаған. Батыс Қазақстан облысындағы хан салдырған білім ордалары күні бүгінге дейін халыққа қызмет етуде. Жайық бойында пәндік білім алу жүйесі қалыптасып, оқудың орысша жүргені белгілі. Оның бастауында Бөкей ордасындағы хан Жәңгірдің тұрғаны анық. Алғашында, өз ақшасына 25 орындық мектеп ашып, қазақтың алғашқы зиялы топтарының легін қалыптастырды. Ол мектепті бітіргендер білімін сол кездегі іргелі оқу орындарында жалғастырып, қайтып келіп, сол өз мектебіне жұмысқа орналасады, мұндай талапты кезінде хан қойған екен.
Жәңгір мектебінің қабырғасынан шыққан ғалым Мұхамед-Салық Бабажанов — Ресей Географиялық қоғамының мүшесі, «Қазақтың қазақ туралы жазбалары» мақалалары «Северная пчела» журналында басылған. Жеке кітап болып Петербург баспаханасынан шыққан. Қаламгер Ә.Кекілбаевтың жоғарыдағы «Алайда, ол бөтенге еліктейміз деп жүріп, өзгеге сіңіп, өз-өзімізден біржолата құрып кетпеуді» мықтап есте ұстады. Бірақ ол ісі көп ретте ел арасында наразылықтар тудырып жатты. «Жәңгір мешіт салдырды. Елге шариғат жайыла бастады. Ханның айналасына ноғайдың молдалары, қожалар көп жиылды. Бұлар ел билеу ісіне араласты. Ханның айналасына аннан-мыннан келген келімсектер көп жиылды. Бұрынғы елді билеген билердің қадірі кеміді. Молдалар, қожалар, келімсектер елді билей бастады. Бір жағынан, орыстан көрген қысымшылық, қоныстың тарылуы, қоныстың тозуы, екінші жағынан, молдалардың, қожалардың, келімсектердің астамшылығы елді Жәңгір ханға наразы қылды. Елдің бір қатары Бөкейлікті тастап, Жайықтың күн шығыс бетіне өте бастады»деуі шындыққа саяды.
Ғалым Х.Досмұхамедұлы сол кездегі тарихи жағдайды дәл, боямасыз бергенДін дегеніңіз – тұнып тұрған саясат. «Ханшаның қанішер туыстары елдің әдеті мен салтына қол салды», – дейді тарихшы М.Қозыбаев [5,67 б]. Ханның негізгі бағыты дұрыс болғанымен, биліктің келімсектердің қолында кетіп, елдің қонысынан айырылуы – Жәңгірді сүйкімсіз етті. Жәңгір – мемлекеттілікті сақтап қалуға тырысты. Ұлттық мемлекеттіліктің жойылып кетпеуі үшін жанталасты. Жоғарыдағыларға жақпады. Бұл қасиеттері үшін Жәңгір ұлтының мақтанышы болуға лайық тұлға деп айта аламыз.
Оның үстіне, отаршыл үкімет орыстандыру саясатын жүргізді. Қазақ даласындағы алғашқы мектептерде тек тілмаштар ғана дайындау үшін ашылғаны белгілі, ал Жәңгір қазақ баласын орыс мектебін ашып, жан-жақты оқытып, білімді қылғысы келді. Ол өзі ашқан мектептің түрін де, мазмұнын да ұлттық қылды. Мұнысы отаршылдар жүргізген идеологияға жақпайтын. Көзі ашық Жәңгір мұны күнілгері біліп, осылай істеді де, ал, енді онысы генералға ұнамады.
Бұнын бәрі Жәңгірдің өз заманында басқа хандардан үстем болғандығын жоққа шығармайды. Бойында пендешілігі де ит жығыс түсіп жатыр. Ал дұрысында, бұл арада пәленің басы патшалық, отаршылдық үрдісте еді. Бұратана халықтың бәрін өз мемлекеттігінен айыру саясатында еді. Жәңгірдің бар жазығы сол әупірім мақсатты жүзеге асыруда құрдай жорғалай жөнелмей, әр түрлі айла-тәсілдерге жүгініп, бұлталақтап қолындағы хандық билік пен мемлекеттік дербестікті жойып жіберуге жол бермеуге тырысқандығы еді. Ел басқарған адамға мұндай айла мен ақыл қатар керек. Бұл – Жәңгірдің артықшылық қасиеті.
«Жәңгірді қарапайым халыққа Қарауылқожадан кейін, жеккөрінішті еткендер – өз ағайыны Шыман төре мен Қайыпқали Есімов. Көтерілістің алдында Мұғаджар тауын жайлаған Шыман ханға келіп: «Сенің орныңа Қайыпқали хан болмақшы. Дегеніне жетсе, Исатайды Баймағанбеттің, Иманбай Қалдыбайұлын Арыстан Жантөриннің орнына аға сұлтан қоймақ. Ал, Сауқым, Жанғазы, Елекей – үшеуі Қайыпқалиға ақылшы би болмақ», – деп тісін жасырып, тілін көрсетеді.
Ә.Кекілбаев Исатай-Махамбет көтерілісінің шығу төркінін бұрынғы кеңес дәуірі зерттеушілері салған үлгіні ұстанбай, әріден: Бөкей, Өтеміс дәуірінен тартып қарастырады. Құлмәлі тағдыр-баянына тоқтала, тарихтың жасырын сырларына үңіле, одан да әріге Нәдір шахтың өмірбаянын, ол өмір сүрген кездің топалаңын біраз ашып, Махамбеттің арғы түбі – Нәдір екенін сенімді түрде пайымдаған.
Бұл турасында академик З.Қабдолов: «Махамбет өмір сүрген уақыт пен өнерін өрбіткен кеңістік туралы ойласақ, біздің жадымызға патшалық Ресейдің тепкісінде төңбекшіген басыбайлы отары- ұланғайыр ұлы даламыз, сол даланың бір шалғайындағы Бөкей ордасы, Орданы билеген қазақтың соңғы ханы Жәңгір Бөкеев оралады», – деген еді. Хан Бөкейсіз, Жәңгірсіз Орда тарихын айту мүмкін емес. «Ресейдің тепкісінде төңбекшіген басыбайлы отары» дегенде, Ресейдің кез келген жерге ауыз салмағаны, балығы көп, шалғыны мол, жанжақпен қатынасы да мардымды Жайық бойын текедей таңдап, тапжылтпағаны – сол заманның ақиқаты.
ҚОРЫТЫНДЫ
Ә.Кекілбаев іліміндегі өзіндік этикасы мен эстетикасы, дүниетанымы мен адамдардың тіршіліктегі әрекеттерінде әрбір ісіне жауап беру қағидасы мен дүниеге, өмірге жауапкершілікпен қарауы, адамның өзін-өзі тану тәсілдері мен жолдары оның философиялық антропологиясын — халқымыздың философиясының басты проблемаларының бірі деп қабылдауға болады.
Ойшыл Кекілбаевтың парасатты пайымдауларында қамтылған адамзат тіршілігінің тұрмыстық философиялық жақтары жеке даралыққа және әлеуметтік таңдаулар жасауға шақырады. Ол өмір кеңістігіндегі әр түрлі бейнелер мен саналуан ситуациялар ұсынып, плюралистік ғұмыр кешу түрлерін топтастырып, жеке адамның тіршіліктік позициясын еркін таңдауға жол көрсетеді.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Брэм А. Жизнь животных, 4 изд., т. 4-11. — СПБ, 1911-1915.
2.Қабдолов З.Шығармалары. Т IV. Үш алып. Төрт арыс. Ғылыми зерттеулер. Алматы:
Қазақ энциклопедиясы. 2013, -320 б
3. Бейсенғали З. ХХ ғасыр басындағы қазақ дамуы. А., Өлке 1997ж.
4.Бабалар сөзі. Жүз томдық. Тарихи аңыздар.(ХІХ ғасыр) Астана: Фолиант.-2012
(Мәдени мұра)
5. Қозыбаев М. Тарих зердесі. Алматы: 1998. -344 б

Б.Ш.Кожекеева1, Б.С.Бегманова2
Образ Махамбета в творчестве А.Кекилбаева
В этой статье писателю А. Кекилбаеву дается отдельное исследование о Махамбете. Вдохновитель «Махамбет» — одна из первых работ о Махамбете в казахской литературе. Хотя Махамбет является известным поэтом в казахской литературе, его жизнь и творчество до сих пор загадочны. «Шандоз» А. Кекилбаева — это не только большой вклад в Махамбетоведение, но и направление изучения литературы, личности, личности, отношения, метода. Философские аспекты человеческой жизни, которые содержатся в рассуждениях мыслителя Кекилбаева, требуют индивидуальности и социального выбора.

B.Sh.Kozhekeeva1, B.S.Begmanova2
The image of Makhambet in the works of A.Kekilbaev
In this article, the writer A. Kekilbayev gives a separate study on Makhambet. Inspirer
«Makhambet» — one of the first works about Makhambet in the Kazakh literature. Although Makhambet is a famous poet in Kazakh literature, his life and work are still mysterious. “Shandoz” by A. Kekilbayeva is not only a great contribution to Makhambetov studies, but also the direction of studying literature, personality, personality, attitude, method. The philosophical aspects of human life, which are contained in the reasoning of the thinker Kekilbaev, require individuality and social choice.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *