ЖАС ҒАЛЫМДАР МІНБЕСІ ТРИБУНА МОЛОДЫХ УЧЕНЫХ
ҚАЗІРГІ ЖАСТАРДЫҢ ДІНИ БІРЕГЕЙЛІГІНДЕГІ ДІНИ ФАКТОР
Г.К. Чунгулова– əл-Фараби атындағы аз У докторанты,
А.Б. Сейтказиева– Абай атындағы аз ПУ-ні 2-курсмагистранты
Мақалада талдауға алынған мəселе – жастар арасындағы діни бірегейлік. Бұл мəселе анықталған категориялы аппаратты талап етеді. Өйткені ол қоғамдық жəнеиндивидтік діни сананың контекстінде анализдеуге мүмкіндік береді. Қазіргі əлеуметтануда діни феноменнің əлеуметтік талдауда дəстүрлі тəсілі бар. Осыған орай дін тұтас бірдей анықталған элементтерді: діни сана, қызметтестік, қарым-қатынас пен ұйымдастыруды ұсынады. Діни санаға сəйкесінше қызметтестік, қарым-қатынас пен ұйымдастырушылықтың қалыптасуы тізбектеледі.
Діни сана «дүниетаным жүйесін, сенімнің күрделі жиынтығын, таңбаларды, құндылықтарды, қасиетті жазбалар мен мəтіндерде кездесетін моральды өсиеттерді» ұсынады [1].
Дін – күрделі құбылыс, қоғамның дамуы үшін əлеуметтік салдарына бір тексіз мағыналы əсер етеді. Адамзаттың маңызды əлеуметтік институттарының бірі ретінде өркениеттің даму жолдарына зор ықпалы бар. Ол əлеуметтік организмнің түрлі тіршілік саласына интеграцияланған. Тіпті сеніммен діні жоқ халықты жер бетінен табу қиын. Өздерінің дамуының əр түрлі кезеңдерінде барлық саяси, əлеуметтік жəне мəдени интститут қоғамы діни идея мен сенімге сүйенген, ал кейде солармен бірге өздерін құрбандыққа шалған.
Мəдени-əлеуметтану байланысының негізгі түйіні бола отырып, қазақстандық қоғамда дін барлық көне тарихтан даму жолында əлеуметтік қарым-қатнасқа еніп əрі қалыптасу факторына айналды. Сондайақ солардың легитимизациясына айналды. Соңғы он жылдықта дінді бірегейлендіру қызметі жаһандану үдерісінің ықпалымен жəне жаһандық тренд шеңберіндемəдени бірегейлікті сақтап қалу аса маңызды мағынаға ие екенін ескергеніміз жөн. Үлкен əлеуметтік жəне «геогрфиялық» мобильділікті сипатқа иеқазіргі қоғамдабірегейліксезімі түбегейлі қажеттілігі туындап отыр.
Бірегейліктің анықталуытек жеке индтвидтер деңгейінде ғана емес, сондай-ақ жалпылыққа дамаңызды. Модерннан кейінгі мəдениеттің келуі жəне ақпараттық технологияның пайды болуы жаһандық технологиялық пен экологиялық проблемалардың, ядролық қауіп, биотехнологиялық тəжірибелер секілді себеп-салдарлардың пайда болуы қоғам бірегейлігінің жоғалуына алып келді. Осымен үшінші мыңжылдықта бірегейлендіруді жаһандану мен мемлекеттердің алдына мəселе етіп қойылды. Мұндай жағдайдағы жаһандық үдерістер шекара мен бірегейлік табиғаты хақында сұрақтарға жауап іздеуге ынталандырады. Мемлекеттердің саяси қызметіндеизоляционистік жəне интеграционды тенденция қарсы тұрады. Кейбір ғалымдардың пікірінше, «өтпелі алаңның» саясаты мен «қамал ішіндегі саясат» Батысты «Жаһандық тірелімге» алып келуі мүмкін [2].
Модерн қоғамында дін басты ықпалдайтын (интергралдайтын) форма ретіндеқосымша рөлді атқарады. Қоғамды секуляризациялау діни механизмнің базалық негізгі сақтауында адаптациялық дамуына себептеседі. Алайда, ХХ жүз жылдықтың 30-60 жылдары, барынша өз күшіне еніп, қазірде серкуляризациялау уақыты ғалымдарда күн сайын жаңа сұрақтартуғызуда. Р.Палмер мен С.Хантингтонның пікірінше, жиырмасынша ғасырдың соңында мемлекеттің бірегейлігі жаһанданған діни бірегейліктің қалануымен орнын басады деп есептейді [3].
Авторлардың жаһандану мəселесі туралы пікірін бөлмей-ақ, байқауымызша, қайткен күнде де олар заманауи бірегейлендіру үдерісінің нақты ерекшеліктерін ашқан. Егер белгілі бір шектелген бірегейлік түсінігіне сүйенер болсақ, авторлардың қабылдаған ЦСИ ПФО баяндамасы [4], ондағы діни бірегейліктімəдени бірегейлік жүйесімен байланыстырушы ретінде қарастыруға болады. Байқап отырсақ, дін шынын-да да, бірегейлендіру механизімінде ХХ жүз жылдықтың 50-ші жылдарымен салыстырғандабелсенді рөл атқарады. Біздің пікірімізше, бұл бірінші кезекте мифологияның жойылуымен байланысты. Ол прогрес-систі идеалдың мобилизациялануын құру үшін қоғам модернімен байланыстырылған. Бұл діни ренес-санстың шарасыздықпен өзіне еліктірмеген, алайда ол үшін алғышарт жасады.
Бірегейлендіргіш фактор ретіндедін индивидтің өмір бойғы даму жолында маңызды рөл атқарады. Көптеген жағдайларды, жас ерекшелігі бар ғұрыптар діни дəстүрдің бір бөлігі болып табылады. Мұнда біз өз бірегейлігін сақтайтын сезім туралы айтамыз жəне сəйкесінше, өзін-өзі танытуы, даралығын мойындауы, ішкі тұтастығы мен тұлға ретінде қалыптасқанын ұғуы турасында. Əрине, дін адамның психологиясына кері əсерін тигізуі де мүмкін. Мысалы, төзімсіздік немесе конформдылық. Қай жағынан алсақ та, діннің позитивті ықпалы бар тұсы жеке тұлғаның əлеуметтенуіне ықпалдасады.
А.Туреннің анықтауы бойынша,«бірегейлік-социалды субъектінің саналы түрде өзін-өзі анықтауы» [5]. Бұл контекстіде біз бірегейлендіруді «эмоционалды процес пен өзін-өзі басқа индивидпен теңдесіру, əлеуметтік топтардың өзге адаммен, топтық немесе үлгі бойынша, əлеуметтік статусы бар интернациолизация мен маңызды əлеуметтік рөлдерді меңгеру» тұрғысынан анықтаймыз [6]. Бірегейлендірудіңнегізінде тепе-теңдікті ортану жатыр. Индивидтіңформальды көрінісіидентификатор анықтайтын жəне өзіне тəн атты иемденеді.Бұл рəсімнің зəрулігі бірегейлендіру үшін уақытты қысқарту қажеттілігімен байла-нысты: атауларында құпияланған ақпарат өзара жеке қарым-қатынасты анықтамай-ақ əріптесіне өзара қызметтестікті жүзеге асыруғамүмкіндік береді.
Индивидтің бірегейлендіру рəсімі ішінара «өзін-өзі таныстыру» («самопредставление») арқылы əлеуметтану үдерісінде жүзеге асуда. Егер əрбір азаматөзіне еліктеу объектісін таңдаса, онда ол тым болмағанда өзі таңдаған қаһарманының мінез-құлық стереотиптерін ұғады.Əлеуметтену үдерісінде индивид белгілі бір рөлді ойнайды. Ереже бойынша, олар нақтылы нұсқаулықпен орындау сипаттамасы болмайды. Мұндайда сол рөлді ойнайтынға ұқсас болу міндетін қабылдайды. Таңдаған рөлін орындау мақсатында өзін сол адаммен бірегейлендіреді. Сөзсіз, адам өзі таңдаған рөлден оның өмірлік рөлі əлдеқайда үлкен. Өйткені олардың интернференциясы нақтылы ешкімге тиесілі емес бір рөлді алып, қажетті конструктыны құрастырады.
Д.В.Драгунскойдың пікіріне сəйкес, бірегейлік күнделікті қарым-қатынаста негізделетін ментальды, инфрақұрылымды жəне институционалдық бірегейлендіргіш деңгейлерді қамтиды. Автор бірегейлікке тəн жеңіл тартылатын əлеуметтік əрекет пен қобалжу тəсілінің бірқалыптылықтылық, тұрақтылық пен айқындылығына назарды акценттейді. Бұл қобалжу тəсілі аккультурция үдерісінде меңгеріледі жəне өзінөзі ұстау стереотиптерімен, өмірлік дағдымен ептеспейтінінД.В.Драгунский баса айтады [7].
Ресей жəне пост кеңестік елдердің жастары үшін діни бірегейлік ізденісі айрықша. Өйткені,əлеуметтік-мəдени дағдарыс жүйесінің салдарынан посткеңестік кеңістікте тұтастай топтық əрі индивидтік деңгейде бірегейлік жоғалды. Бүгінде біз келешек ұрпақтың азаматтық бірегейлігі үшін жұмыс істейміз. Кезіндегі «Мен советтікпін» деген ұғым барлық жерден өз мəнін жойды. Алайда бірегейліктің бұзылуы соңғы сəтте əлеуметтің толықтай құлдырауына соқтырды. Сондықтан жеке тұлғалық бірегейлік пен əлеуметтік топтардың бірегейлігінұстап қалатын жаңа нұсқаларды іздестіру жұмысы толассыз жүргізілуде.
Жастардың діни мəселесін əлеуметтік зерттеу анализінің нəтижесіжасаралық діншілдіктің өткен ғасырдың 90-шы жылдарымен салыстырғанда артқанын көрсетеді [8]. Əйтсе де, көптеген жағдайда бұл діни арту көрсеткіші дəстүрлі емес жандардың жақтаушыларымен үлкен есепке жететін. Алайда бейратаптылық үшін жастардың аталмыш саны(оның ішінде сенім білдірмейтіндер де бар) дəстүрлі діни жақтаушылар ретінде көрінеді. Бұл жағдаят ұлттық жəне діни сананың бір-бірімен берік байланыста екенін аңғартады.
Бұл байланыс тұрғысында М.П.Мчедлов былай дейді: «дүниетанымды өздігінен бірегейлендіруде өзінің діндарлығынан бастарта отырып, жастар, сонымен қатар дəстүрлі діни жақтаушылармен бірігуге қатысады» [9]. Мұндай жағдайда діни жүйемəдени орта ретінде қабылданып, ұлттық өмір образын қалыптастырады.
Бірақ та, мемлекеттің жүргізген реформалары жастардың қызығушылғына жауап бере алмайтынына басқалар да сенімді. Сондай-ақдінге сенім білдіретін жастар Ресейдің алдағы дамуына қатысты оптимистік баға береді. Діншілдік жастардың өздігінен берегейлендіретін компоненті ретінде жəне саяси қызметке, саясатқа деген қызығушылық деңгейінің оянуы айтылады. Діншілдер сенім білдірмейтін адамдарға қарағанда саяси белсенділікке қатыстыөздерін сабырлы ұстайды. Дінге сенім білдіретін жастарға көп жағдайда əлеуметтік ортаның шындықты адамгершілік нормада, дəстүрлі түсінікпен сипаттау тəн.
Қорытындылай келсек, қазіргі жастардың əлеуметтік діни феномені күрделі құрылымды əрі анықталмаған болып табылады. Соңғы жиырма жылдықта дінге сенім білдірушілердің артқанын аңғарамыз. Бұл жоғары тылсым күшке сенушілер, бейтарап жандар жəне үнемі сенімінен ауытқып отыратын санын ортақ есептегендегі көрсеткіш. Сондай-ақ жастардың діни емес дүниетанымы маңызды орында сақталады. Сенім білдіруші жастар көбіне саяси ахуалдарға бейтараптық танытып, саяси тартысқа белсенділік танытудан гөрі өз отбасына, ұлттың құндылықтарына басты назарын аударады.
1 Добреньков В.И., Радугин А.А. Методологические вопросы исследования религии: Спецкурс. – М.: Изд-во МГУ, 1989.
2 Государство. Антропоток. Доклад Центра стратегических исследований Приволжского федерального округа. — Нижний Новгород-М., 2002. — бб. 157.
3 Hantington S. The Clash of Civilizations // Foreign Affairs. 1993. Vol. 72, — P.3.
4Государство. Антропоток. Доклад Центра стратегических исследований Приволжского федерального округа. — Нижний Новгород-М., -2002. -C. 170.
5 TouraineA. Production de la societe. — Paris,l 973. –бб. 360.
6 Токарева Т.В. Религиозные компоненты механизмов идентификации в транзитивном социуме. – Саратов,
2003. — бб. 24.
7Драгунский Д.В. Национальная идентичность: инфраструктурно-институциональный подход / Д.В. Драгунский. — бб.63-68//Проблемы идентичности: человек и общество на пороге третьего тысяче-летия
[Текст]: Сборник / ред. Е.Алексеева. — М.: Кеннан, 2003.
8 Мчедлов М.П. Религиозны ли молодые россияне?// Человек. -2005.-№6.
9 Сонда.
Түйін
Бұл мақалада қарастырылып отырған мəселе казіргі діни ренессанстың етек алуына байланысты қазіргі жастардың діни бірегейлігі мəселесі. Осы тұрғыда діни бірегейліктің ғылыми зерттеулеріне байланысты бірнеше пайымдамалар мен анықтамалар ашылып көрсетілген.
Резюме
Обсуждаемая в статье проблема религиозной идентичности молодежи в условиях религиозного ренессанса в современных обществах. В статье раскрываются определения и различные исследования религиозной идентичности.
Summary
Discussed in the article the problem of religious identity of youth in the religious renaissance in modern societies. The article describes the definition and study various religious identity.