ҚАЗАҚ ХАНДАРЫНЫҢ САЯСИ ОЙЛАРЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ
Ə.И. Шалтыков – с.ғ.д.,Абай атындағы аз ПУ-ды саясаттану жəне əлеуметтік-философиялы! пəндер кафедрасыны профессоры
Халқымыздың тарихқа ХІІІ-ХІV ғасырларда «қазақ» деген атпен шаңырақ көтеріп, хандық дəуірдің болғаны дау туғызбайтын тарихи шындық. Солай болғанмен халқымыздың хандық дəуірі тарихтағы өз орнын енді ғана анықтауда. Дегенмен, «хан» жəне «хандық мемлекет» деген əлеуметтік-саяси, тарихи ұғымдар идеологиялық құрсаудан онша арылмаған. ХІІІ-ХV ғасырларда қазақтың ұлттық мемлекеті қалыптасты, сонымен бірге оның қоғамдық-саяси ойлары да қалыптасты. Қазақтың ұлы даласында қалыптасқан ойы əлемдік ойлау жүйесінің құрамдас бөлігіне айналды.Əлемнің əр түпкіріндегі оқиғалар мен өркениеттер үрдісі адамзат тарихының бір-біріне ұқсастығы мен жақындығы бар екендігін көрсетеді. Бұған əлемнің көптеген елдерінде кездесетін оқиғалардың қайталануы дəлел болады. Мысалы, мемлекет құру, билікке келу, оныбасқару, елдік мұрат, халықты тойындыру, билікті қамтамасыз ету, ата-бабалары құрған мемлекетті ел ету, елдің бірлігін сақтау сияқты саяси мəселелер туралы ойлар, яғни мемлекет пен саясат мəселелері барлық өркениетті елдерге тəн қасиет.
Қазақ даласындағы саяси-ойының қалыптасуының түп-тамыры ерте замандарға барып тіреледі. Жалпы алғанда, саяси ілімнің пайда болуы рулық қауымның ыдырап, ертедегі шығыстық мемлекеттердің пайда болуы мен өмір сүру кезеңіне сəйкес келеді. Алғашқы кезде табиғат, адам, адамдар арасындағы қарым-қатынас, əлеуметтік теңсіздік, биліктің алғашқы формалары жəне тағы басқа мəселелер адамдар санасында мифтік көзқарасты тудырды. Бұндай көзқарастарда оқиғалардыңсебебі мен салдарына талдау жасалмады, сипаттама берілмеді, тек бұл оқиғалар туралы қарапайым хабарламалар ғана айтылды. Яғни, табиғаттан тыс адамдардың еркі мен əрекетінен жоғары тұратын əлдебір күштердің жəне олардың адам əрекетіне ықпалы туралы баяндалады. Бұндай жағдайда қоғамдық жəне мемлекеттік құрылыс, ел билеу мəселесі құдайдың жердегі елшісі –билеушілер немесе билеушілерді белгілі бір халықты билеуге құдайдың жібергендігі немесе қолдағандығы туралы аңыздар таралды. Бұл аңыздар ежелгі дүниеде ғана емес, орта ғасырдарда, жаңа заманда, тіпті ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі кезеңде де тарихи дерек немесе алғашқы негіз ретінде пайдаланылады. Бұндай аңыздардың кейбіреуінің ойдан шығарылмағандығы, алғашқы кезде бұл оқиғаларға қандай да бір жағдайдың, құбылыстың, тарихи процестің негіз болғандығын қазір ғылым да дəлелдейді.
Ерте түрік өркениетінің асыл қазынасаы – тарихқа Орхон-Енисей жазба ескерткіштері деген атпен енген түрік қағандарының еліне, жұртына арнаған үндеуі, ерлік жорықтары туралы шешіресі мен кейінгі ұрпаққа арнаған өсиеті жазылған Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк жəне басқа да руникалық жазбаларда да мемлекет пен саясат мəселелері де кең қамтылған деуге болады. Түркі жазба мəдениеті мен саяси-ой тарихы да дəл сол уақытта ғана бірден пайда бола қойған жоқ.Түрік мəдениетінің, оның саяси-ой тарихының тарихы одан əріде жатыр. Оның тарихы Еуразия далаларынан ғана басталмайды. Ніл, Ефрат, Тигр, Хуанхэ өзендерінің бойынан нəр алған ежелгі өркениет басқа кеңістіктерге де таралды.
Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк жазба ескерткіштерінен 2500 жыл бұрын жазылған Хаммурапи заңдарындағы көк пен жерді жаратушы, дүниенің төрт бұрышы, оны жаулап алу, елді тойындыру, тұрмысын жақсарту, ата-бабалары құрған мемлекетті ел ету, қағандықты (патшалықты) қалпына келтіру, елдің бірлігін сақтау сияқты сөздер түркі жазба ескерткіштерінде де кездеседі.
Вавилон патшасы Хаммурапи өзінің билігінің заңдылығын жəне əмірлерінің басқалар үшін мүлтіксіз орындауға міндетті екендігін негіздеу жəне бекіту үшін өзін көк пен жер құдайының Вавилонды билеуге жібергендігін, Хаммурапи патшаның арғы ата-тегі мен кейінгі ұрпақтарының ғана ел билеуге өкілетті екендігін дəлелдейді. Өкімет пен заңдардың сипаты да сан түрлі халықтарды орталықтандырылған күшті мемлекетке біріктіріп, олардың бəріне ортақ құқықтар мен міндеттер беруге негізделген.
Ерте түрік жазба ескерткіштерінде де «Жоғарыда көк Тəңірі, төменде қара жер жаралғанда, екеуінің арасында адам баласының жаралғаны, адам баласына ата-бабалары Бумын қаған мен Естемін қағанның билік жүргізу үшін таққа отырғандығын, таққа отырып, түрік халқының мемлекетін құрғандығын, дүниенің төрт бұрышының жау болғандығы, оларды алғашқы түрік қағандарының бағындырып, бейбіт қылғандығы, елін, жерін əділ билегендігі, сол дəуірде бектері де, халқы да адал болып, қағанның əмірін мүлтіксіз орындағаны туралы айтылады(1).Хаммурапи заңдары мен түркі жазба ескеркіштеріндегі билік мəселесі туралы осындай ұқсастықтар аталған мемлекет, ел билеу, саясат мəселелері ғасырдан-ғасырға жалғасып, елдер мен халықтар арасындағы қарым-қатынасқа едəуір ықпал еткендігі ақиқат.
Мемлекетті құру мен күшейтуде өздерінің билігін рəсімдеу жəне басқаларға мойындату, өздерінің сіңірген еңбегін болашақ ұрпақтың ұмытпауы үшін ел билеушілерінің осындай əрекетке баратыны да тарихи шындық. Бірнеше ғасырлар аралығындағы тарихи оқиғалардың барысы мен ұлы тұлғалардың артына қалдырған жазбаларындағы оқиғаларды баяндалуындағы ұқсастықтарды кездейсоқ деуге болмайды. Бұндай ұқсастықтардың бір себебін мəдени жəне этногенездік процестермен қатар сол замандарда өмір сүрген ірі мемлекеттердің бір-бірімен жасасқан келісімдері мен бірлесіп күрес жүргізу үшін құрған одақтары себеп болды. Əртүрлі мемлекеттердің құрған одақтары мен келісім-шарттары ерте замандағы халықаралық байланыстардың одан əрі нығаюы мен дамуына ғана себеп болып қойған жоқ, əртүрлі мемлекеттердің мəдениетімен қатар билік пен саясатқа қатысты процестердің де бір-біріне таралуына ықпал етті. Мысалы, Түрік қағандығының Византия империясымен қатар Хорасанмен, Сасанидтермен (Парсы) біресе соғысып, кейде бітімге келіп, бір-бірімен одақтасқаны да тарихтан белгілі. 1Дарий патшаның Бехистун жазуында оның Ахурамазда құдайдың құдіретімен патша болғандығы жəне Парсы патшалығын нығайту үшін басқа елдерге жасаған жорықтары мен жеңістері мақтанышпен айтылады(2).
«Мен – Дарий, ұлы падишахпын. Персиядағы падишахпын. Ахурамазда маған патшалық берді. Мен халыққа басқалар тартып алған игілігін, малын, үй қызметшілерін, бұрынғы иеліктерін қайтардым. Мен елді, Персияны да, Мидияны да, басқа елдерді де бұрынғы қалпына келтірдім. Тартып алынғанның бəрін мен қайтардым… Мен падишах болғаннан соң көп кереметтерді жасадым. Менің əкем қолымен тұрғызғанның бəрін, менің əкем тындырғанның бəрін, соның бəрін біз Ахурамаздының құдіретімен тындырдық»(3). Дарий патшаның бұл айтқандары Күлтегін мен Білге қаған жазбаларындағы «өлімші халықты тірілт-тім, азды көп қылдым, жалаңаш халықты тонды, кедей халықты бай қылдым, түркі халқы жойылмасын деп, халық болсын деп əкем Елтеріс қағанды, анам Ер-біліге қатынды Тəңірі төбесіне көтеріп, жоғары көтерді (қаған етті). Тəңірі жарылқағандықтан, мен өзім Тəңірі жарылқағаны үшін мен де өзімнің отырған иелігіме төрт бұрыштағы халықты құрап ұйымдастырдым, ел етіп жараттым, төрт тараптағы халықты бейбіт қылдым, дүние-мүлкін халқыма алып бердім»(4) деген сөздерінің мазмұны өте ұқсас.
Вавилон мен Парсы жазбаларындағы мемлекет жəне саясат мəселелерінің баяндалуының Түрік жазбаларындағы қайталануы мен ұқсастығы аталған мемлекеттер мен халықтардың түп-төркінінің ұқсастығын меңзейді.
Сонымен, тағы да қайталап айтамыз, қазақтың ұлы даласында қалыптасқан саяси ойлары да əлемдік саяси ойлардың құрамдас бөлігіне айналды. Ал бұл тарихтың субъектілері болып қазақтың дана хандары, билері, жыраулары, ақындары, ағартушылары мен ғалымдары, ойшылдары есептеледі.
Шын мəнінде қазақтардың орта ғасырлық қоғамында сол кездің өзінде-ақ билікті бөлудің өзіндік жүйесі қалыптасқан болатын. Көшпенділердің бостандық сүйгіш өмір салты дəстүрлі қазақ қоғамысаяси жүйесініңқұрамын институцияландыруға өзінің күшті əсерін тигізді. Қазақ қоғамы өмірінде мемлекеттің ерекше ролі болған жоқ, өйткені, батыстағы түсінікке сəйкес мемлекет болған жоқты. Тапсыз қазақ қоғамы негізінен азаматтық қоғам ретінде қызмет атқарды, мұндағы қоғамның қатардағы мүшесінің тəртібі билік қатынастарының мағынасы мен сипаты мемлекеттік басқарудың классикалық шығыстық дəстүрлермен анықталатынына қарамастан «дала демократиясының» белгілі ережелері көмегімен реттеледі»(5).
Жалпы, қазақтың болмысы демократ, яғни, қазақ халқы үшін «демократия» жат ұғым емес. Ол қазақ даласында бұрын болған, бүгін де жалғасып келеді. Өйткені, қазақ кісілік пен адамдық, адамгершілік пен ынсап, адами мінез бен имандылықпен сəйкес келмеген жағдайда шындықты шырылдап айтқан халықтың бірі.
Бұрын қазақ даласында адамдар дəстүрден қорыққан. Қанша ғасырдан бері ұлттық дəстүрлер бүкіл қазақ демократиясын реттеп отыратын құзырлы құжат болып келді.
Тарихтан бізге жеткені, қай заманда да ханның қасында оның ақылшылары – билер мен шешендер жүрген. Олар хан мен қара халық арасындағы байланыстың ақ-қарасы мен оң-терісін анықтап, əрдайым əділ пікірін айтып, шындыққа жүгініп отырғаны белгілі.
Міне, қазақ даласында осы демократиялық ұстанымдар ғасырлар бойы жалғасып келеді.
Қазақ дəстүрінде əрбір жаңа хан өзінің тумысымен емес, болмысымен билікке жеткен, яғни, ел басқарушы ханның ұлы емес, халықтың ұлы ретінде танылған ел ағаларының, бірі көпшіліктің қалауы бойынша хан болып сайланған. Қазақ тарихында Жəнібек-Керей хандармен Абылай-Кенесары хандарға дейінгі аралықта көптеген хандар өтті. Солардың барлығы да ашық сайлау жолымен, халықтың қалауы бойынша ақ кигізге көтеріп, хан сайланған.
Сондықтан қазақ қоғамындағы биліктің ерекшелігі – хан билігі институтының өзінің монархиялық табиғатына қарамастан сайлау мүмкіндігін сақтауы,билік иелерінің тағайындалуы мен сайлануынан гөрі олардың танылуында, яғни басқарушының лауазымы еңбегі сіңген құрметті атақ екендігінде еді. Сайланған ханды ақ кигізге салып көтеру немесе билерге сот-əкімшілік, əскери-саяси жəне дипломатиялық қызметке мерзімі шектелмеген лицензия беру салт жорасы тек халық таныған жағдайда ғана жасалған. Хандар ақырғы шешімді қабылдауға заң жүзінде ғана құқығы болған, ал іс жүзінде ол хан кеңесінде əртүрлі мемлекеттік мəселелерді талқылау кезінде көпшілік пікірмен санасуға мəжбүр болған, ал сол кеңестерде қатардағы адамдардың мүддесін халық ортасынын шыққан билер қолдап отырған. Биліктің жекелеме институттарының сайланатын тəжірибенің кеңінен таралуы нəтижесінде билік ресурстарының өзінен өзі ұдайы қайталанып тұруы жүзеге асып отырды да, бұл саяси жүйенің бейімделушілік қабілетін арттырды.
Қоғамдағы демократияның деңгейі əрбір уəкілдің билік пен қоғам арасында өз тобының мүдделерін қорғау мүмкіндігімен анықталатыны белгілі. Осы тұрғыдан қазақ даласында саяси ойдың көріністері əскери демократия, ру басшылары жиналысы, ақсақалдар кеңесі, хандық жəне билер кеңесі болып табылады.
Шексіз далада көшпенділерді басқару қиын болғандықтан хан билігі ешқашанда жер шаруашылығыменшұғылданатын орнықты өркениеттердегі қатыгез əкімдер билігіндей қатал болған емес. Қыспақ күшейген немесе билеп-төстеушімен жанжал бола қалған жағдайдарудың немесе тайпаның қашан да болмасын басқа жаққа көшіп кететін мүмкіндігі болды. Мəселен, Қазақ хандығының негізін қалаушылар Жəнібек пен Керейбастаған бірнеше тайпа дəл осылай жасаған болатын.
Өз дəуірінде Қазақ хандығын билеушілерінің саясиұстанымдарынақарап өзге елдер түрлі деңгейде мойындап келді. Қазақ хандығының басқару жүйесі өзге де хандықтар сияқты хан мен оның төңірегіндегі жоғары лауазымды кеңесшілер, қолбасшылардан тұрғанын Мұхаммед Хайдар Дулати, Əли Иəзди, Ата Мəлік Жовейни секілді тарихшылардың еңбектерінен ұға аламыз.
Қазақ хандығын əр кезде жоғарыда аталған елдермен қатар, Еуропа да (елші Сегизмунд Герберштейн арқылы) мойындаған. Ал, Қасым ханның ел астанасын Сарайшыққа көшіріп, 200 мыңдай атты əскер жинағанынан қорыққан орыс патшасы Константинопольге барып, «Қасым хан екінші Бату болатын болды. Содан құтқаруға көмек беріңіз…» деген. Бұл Қазақ хандығын Рим империясының да мойындағанын көрсетеді.
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығы –қазақтардың XV жəне XIX ғасырлар аралығында қанат жайған, тəуелсіз ұлттық мемлекеті. Қазақ хандығы қазақ халқының ғасырлар бойы сақтап, қорғап келген мемлекеттігінің нышаны. Ол ұлан – байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктуде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды жəне түбегейлі шешуші роль атқарды. Қазақ хандығы тарихындағы ең басты немесе жетекші тұлғалардан ең бірінші Жəнібек, Керей, Қасым, Есім, Тəуке, Абылай, Кенесары хандарды атауға болады. Қазақта 24 Бас хан, 19-20 Жүз хандары (кіші хандар) болды.
Одан кейін əйгілі сұлтандар мен батырлар, билер бар.Қазақ территориясының қазіргі аумағы Қасым хан,
Хақназар хандардың тұсында қалыптасты. Ол Алтайдан Атырау, Еділ, Жайыққа дейінгі, Батыс Сібірден Сырдарияға дейінгі ұлан ғайыр даланы алып жатты. Енді мемлекеттің сипатына келсек, жүздік құрылымды Қазақ мемлекетінің бір ерекшелігі деп қарастыру керек. Мемлекетті хан басқарды. Хандар хан əулетінен тарайтын мұрагерлердің арасынан «хан кеңесінде» сайланды. «Хан кеңесіне» төбе билер мен батырлар да қатысқан.
ХV ғасырдың ортасында Жəнібек пен Керей құрған Қазақ хандығының жері бастапқыда Шу мен Жетісудың батысы ғана болса, төрт ғасырға жуық уақытта Қасым, Хақназар, Тəуекел, Есім, Тəуке,
Абылай хандардың қажырлы күрестері мен дипломатиялық шеберліктерінің арқасында шығысында Тарбағатай таулары мен Шығыс Түркістанды, батысында Еділ өзені, оңтүстігінде Сыр бойын түгел иемденіп, сотүстігі Құлынды даласы мен Орал тауларына дейін кеңейтілді. Қазіргі Қазақстанның жері – осы Ұлы хандар иемденген жерлерден 1844 жылғы Ресей-Қытай-Ауғаныстан араларындағы келісімдер бойынша Шығыс Түркістан (қазіргі Сынцзян) Қытайға, 1922 жылы шекараны анықтағанда Құлынды даласы, Орынбор облысы жəне Еділ бойындағы қазақтар тұрақтаған төрт аудан Ресейге, артынан Қарақалпақстан мен оңтүстіктегі екі аудан Өзбекстанға кеткеннен кейінгі қалған аумақ.
Қазақ хандығының жерін кеңейтіп, мемлекеттілігін нығайтқан жоғарыдағы ұлы хандармен қатар Тəукенің əкесі, көрнекті қолбасшы хан Жəңгір, қазақ жерін Еділге дейін кеңейтіп, Бөкей ордасы хандығын құрған Кіші жүз ханы Бөкей мен оның ұлы Жəңгірді атауға болады.
Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға болды. Ол ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын аяқтауда аса маңызды жəне түбегейлі шешуші роль атқарды.
Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған əлеуметтік-экономикалық жəне этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тəуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Əбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, əлеуметтік қайшылықтардың үдеуі 15 ғ. екінші жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.
1456 жылы Керей мен Жəнібек ханның Əбілқайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап, Шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріне қоныс аударуы Қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға болған еді. Олардың қоныс аударуының бір себебі, оларды Шыңғыс əулетінен шыққан Керей хан мен Жəнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру,оның тəуелсіз саяси жəне экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өз ықпалын тигізді. Жетісу рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталығына айналды.
1428 жылы Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлінгенде өкімет үшін өзара қырқыс үдей түсті. Бұрынғы Ақ Орданың орнына Əбілхайыр құрған «көшпелі өзбектер» мемлекеті пайда болды. Осы мемлекеттің территориясы XV ғ. орта шенінде Сырдариядан Сібір хандығына дейінгі Ұлан байтақ жерді алып жатты. Алайда бұл мемлекеттің ішіндегі өкімет үшін күрес бір сəтте толастаған жоқ. Əбілхайыр хан өзінің саяси дұшпандарын – Жошы əулетінен шыққан султандарды қудалауын тоқтатпады. Өкімет үшін күрес барысында Дешті-Қыпшақтан өздерін қолдайтын жеткілікті күш таба алмаған Ұрыс ханның шөберелеріКерей мен Жəнібек XV ғ. 50 жылдары орта шенінде қарамағандағы ауылдарымен Шу өзенінің бойына көшіп кетуге мəжбүр болды. Осы оқиғалар жөнінде Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің “Тарихи -Рашиди” атты шығармасында былай деп жазады: «Ол кезде Дешті-қыпшақ Əбілхайыр хан биледі жəне Жошы əулетінен шыққан султандарға күн көрсетпеді. Нəтижесінде Керей мен Жəнібек Моғолстанға көшіп барады. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Манғолстаның батыс жағындағы Шу мен Қозыбас аймақтарың берді. Олар барып орналасқан соң, Əбілхайыр (1468 ж.) дүние салды да, Өзбек ұлысының щаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей мен Жəнібекке көшіп кетті. Сүйтіп олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер – «қазақтар» деп атады. Қазақ султандары 870 жылдары (1465-1466 жж.) билей бастады»(5).Сөйтіп, 1465-1466 жылдыры Шу мен Талас өзендерінің алқабында Қазақ мемлекетінің негізін салған дербес Қазақ хандығы құрылды.
Жəнібек Қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы. Барақтан басталатын қазақтың дербес мемлекеттілігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің жалғастыруы табиғи құбылыс.
Алғашқы қазақ хандары Керей мен Жəнібек хандықтың территориясын кеңейтуге, Сырдария өңіріндегі қалалар мен Шығыс Дешті-Қыпшақтың қырдағы аудандарындағы өз билігін нығайтуға бағытталған белсенді сыртқы саясатын жүргізе бастады. Əбілқайыр хандығы мен Моғолстанның құлдырауын пайдалана отырып, Керей мен Жəнібек XV ғасырдың 60 жылдырдың соңында қазақтар мекендеген бүкіл территорияның біріктіру жолында ойдағыдай күрес бастады.
Қазақ хандығының саяси-экономикалық базасын ңығайту үшін Сырдария бойындағы қалаларды қарату төтенше маңызды еді. Осы орайда, Қазақ хандығының алдына үлкентарихи мынадай міндеттер тұрды:
1.Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті-Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан дағдылы тəртібін қалпына келтіру (бұл тəртіп Əбілқайыр хандығындағы аласапран арқылы бұзылған) көшпелі шаруалардың көкейтесті мүддесі еді.
2.Шығыс пен Батыс арасындағы сауда керуен жолы үстінен орнаған Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Ясы (Түркестан) т.б. қалаларын Қазақ хандығына карату. Бұлар осы өңірдегі саясиэкономикалық жəне əскери- стратегиялық берік база болатын.
3.Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территолриясын біріктіру. Бұлардың ішіндегі ең маңызды міндет – Сырдария жағасындағы қалаларды қарату күресі болды.
Сырдария бойындағы қалалар мен Дешті-Қыпшақ даласы үшін күресте қазақ хандығының басты бəсекелесі жəне ата жауы Əбілқайыр хан еді. 1468 жылы қыста ол қазақ хандығын қиратпақ болып, Жетісуға жорыққа атанды, бірақ сапары сəтсіз болып, жорық жолында қаза тапты. Əбілқайырдың қаза болуы Қазақ хандығының ңығайуына жəне территорияның көлемінің кеңейуіне үлкен себеп болды. Ол өлгеннен соң, оның иелігінде қиян-кескі феодалдық қырылыс басталып, хандық ыдырай бастады. «Өзбек ұлысының» шаңырағы шайқалды, ірі шиеліністер басталды. Оның қарамағындағы тайпалардың үлкен бөлігі Керей мен Жəнібек ханға көшіп кетті. Мұндай тиімді жағдайды дер кезінде пайдаланған қазақ хандары Керей мен Жəнібек бұдан 12 жыл бұрын өздері ауып кеткен ата- қоңысы Шығыс ДештіҚыпшаққа қайта оралды. Қазақ хандары Əбілхайыр ханның мұрагерлеріне қарсы күресті. Олардың саяси қарсыластары – Ахмед хан мен Махмұд Батыс Сібірдің билеушісі Ибақ хан мен сондай-ақ Ноғай одағын билеген мырзалармен одақтасып, бірге күрес жүргізді.
Əбілхайыр ханның орнына отырған мұрагер баласы Шайх Хайдар бұл күресте мүлде жеңіліп, өлтірілді, ал Əбілхайырдың немерелері Мұхаммед Шайбани мен Махмұд султан Астраханға барып паналады. Əбілқайыр ханның мұрагерлермен күресте толық жеңіске жеткен Қазақ хандығы Əбілхайыр хан 40 жыл билеген Шығыс Дешті-Қыпшақ даласын жəне ондағы көшпелі тайпаларды бірте-бірте өзіне қосып алды. XV ғасырдың 70 жылдарында қазақтар Сырдария бойымен оған жалғас Қаратау өңірінің бірсыпыра территориясын басып алды. Сөйтіп, Қазақ хандығының территориясын əлқайда кеңейіп, нығайды. Оған тұс-түсынан қазақ тайпалары келіп қосылып жатты.
Алайда, Сырдария жағасындағы қалалар үшін Əбілқайырдың немересі Мұхаммед Шайбанимен күрес отыз жылдан астам уақытқа созылды. Ол осы соғыстарда бірде Əмір-Темір əулетіне, бірде ноғай мырзаларына, ақырында Моғолстан хандарына сүйенді.
XV ғасырдың ақырында Отырар Яса (Түркестан) Орхон, Бозкент қалалары мен Түркістан аймағының бір бөлігі Мұхаммед Шайбаниге қарады да, Сығанақ, Сауран, Созақ қалалары мен Түркістан аймағының солтүстік бөлігі Қазақ хандығының иелігіне қалды. Ташкент пен Сайрам қалаларын Моғолстан ханы султан Махмұд биледі.
Қазақ хандары Дешті-Қыпшақты басып алуға ұмтылғандарды бірінен соң бірін жеңіп, өз иеліктерін едəуір ұлғайтты. Қазақ хандығының нығайюы Шайбани ханды Шығыс Дешті-Қыпшақ тайпаларының біраз бөлігінен Мауараннахрға ығысуға мəжбүр етті. Ол 1500 жылы ондағы Əмір Темір əулетін талқандап, Мауараннахрды жаулап алды да, Шайбани əулетінің негізін қалады. Мұхаммед Шайбани ханға ілесіп Мауараннахрға енген көшпелі тайпалар бірте-бірте жергілікті отырықшы халыққа сіңіп, олардың тілі мен мəдениетін қабылдап, өздерінің бұрынғы Дешті-Қыпшақтағы өзгешіліктерінен бірте-бірте айырылды. Бұл көшпелі тайпалар Дешті-Қыпшақтан ала келген «өзбек» деген атау бірте-бірте Мауараннахрдың байырғы тұрғындарына жалпыласты. Бірақ олар «өзбек» деген аты болмаса, жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігіне ықпал жасай алмаған.
XV ғасыр мен XVІ ғасырдың арасында (1500 жыл) Мұхаммед Шайбани ханның Дешті-Қыпшақтан ығысып, оңтүстіктегі жерлерді жаулап алуы Орта Азия тарихындағы, əсіресе қазақ пен өзбек үшін елеулі оқиға болды. Бұл ең алдымен Қазақ хандығының жерін кеңейтіп, беделін арттырып, ерікті елдігін нығайтты. Бұрынғы дəуірлерде бытыранқы болып келген қазақ тайпаларының басын бір жерге қосуға, қазақтың этникалық территориясын біріктіруге, сонау қола ғасырдан басталған қазақтардың халық болып қалыптасу барысын біржолата аяқтатуға мүмкіндік берді. Бұрын Ақ Орда мен Əбілқайыр хандығында қолданылған «өзбек-қазақ» деген жалпы атау бір-бірімен ажырады. «Қазақ» термині бірте-бірте Шығыс Дешті – Қыпшақ пен Жетісуда қалыптасқан халықтың тұрақты атына айналды. «Өзбек» термині Мұхаммед Шайбаниге еріп кеткен тайпалардың этникалық атауы ретінде Орта Азияда ғана қолданылатын болды.
Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы ішкі феодалдық қырқыстар мен аласапранқылықты аяқтатты, үнемі ер өліп, өріс бұзылып отыратын тайпалық талас-тартыстарға тыйым салынды. Ел ішінде бейбіт береке орнады. Мұның өзі көшпелі шаруалардың бұрыннан қалыптасқан дағдылы дəстүрге бай мал жайылыстарынан мерзім бойынша тиімді пайдалануын, кезінде өріс-қоныс, жайлау- қыстауларына көшіп-қонуын, бейбіт өмір өткізіп, өндіріспен шұғылдануын қамтамасыз етті. Сөйтіп, əлеуметтік өндіргіш күштерді өсірді.
Өз дəуірінде Қазақ хандығын билеушілірдің саяси ұстанымдарына қарап, өзге елдер түрлі деңгейде мойындап келді. Қазақ хандығының басқару жүйесі де өзге хандықтар сияқты хан мен оның төңірегіндегі жоғары лауазымды кеңесшілер, қолбасшыларлан тұрғанын Мұхамед Хайдар Дулати, Əли Иəзди, Ата Мəлік Жовейни секілді тарихшылардың еңбектерінен ұға аламыз.
Сонымен, Қазақ хандығының құрылуына ұйтқы болған себептер – саяси жəне экономикалық процестер болды. Оның басты бағыты – Керей мен Жəнібектің қоластындағылармен бірге көшпелі өзбектердің басшысы Əбілқайырдан кетіп, Моғолстанның батысына қоныс аударуы. Мұндағы маңызды оқиға – Керей мен Жəнібекті жақтаушылардың өзбек-қазақтар, кейін тек қазақтар деп аталуы. Əбілқайырдың өлімінен кейін Керей мен Жəнібектің Өзбек ұлысына келіп, өкімет билігін басып алуы. Жаңа мемлекеттік бірлестік Қазақстан атала бастауы.
Қорыта келіп, айта кету керек, қазақ қоғамындағы өткен ғасырлардағы осындай əлеуметтік-саяси өзгерістер жетістігіндегі құндылықтарды қазіргі заманғылармен шебер ұштастыруымыз қажет екендігі өзінен-өзі анық сияқты. Олар ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырлардың басында тағы да екінші рет тəуелсіздікке қол жеткен Қазақстанда демократиялық процестерді ойдағыдай жүзеге асырудың жалғасы жəне кепілі болмақ.
Қасым ханның тұсындағы Қазақ хандығы
Керей мен Жəнібек негізін қалаған Қазақ хандығы əуелде əлсіз, жаңа-жаңа қаз тұрып келе жатқан жас мемлекет болды деуге болады. Қаз-қаз басып, ту көтерген Қазақ хандығы жан-жағына алаңдай қарап, күн көруге мəжбүр болған. Қалайда, Керей мен Жəнібек Қазақ хандығының туын жыққан жоқ, олар дүниеден өткен соң билік Қасым ханның қолына тиді.
Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында Қазақ хандығының саяси жəне экономикалық жағдайы нығая түсті. Ол билік құрған жылдары қазақ халқының қазіргі мекен тұрағы қалыптасты.
Қасым нұсқаған жолдың негізгі мақсаты – Қазақ мемлекетін күшейту, халқын көбейту, жерін кеңейту еді. Ол бұл жолда күні-түні аттан түскен жоқ, іргедегі мемлекеттердің өзара жəне ішкі алауыздықтарын, араздықтарын пайдаланып, досынан да, қасынан да одақ таба білді. Соның нəтижесінде Қазақ хандығының жері Сарыарқаны қосқанда сонау Жайық жағасына дейін кеңейген еді. Қасым хан өзінің бақталасы өзбек ханы Мұхамед Шайбаниді тізе бүктіріп, Сыр бойындағы қалалардың басым көпшілігін Қазақ хандығына қаратқан.
Қасым ханның сыртқы саясатындағы негізгі бағыты бұрынғысынша Сырдария бойындағы қалаларды өзіне қаратып алу жолындағы күрес болды. Осы арқылы өзіне қарасты қазақ жерін кеңейте түсті. «Тарихи-Рашиди», «Шайбани» т.б. деректемелердегі мəліметтерге қарағанда, қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген . XVІ ғасырдың екінші он жылдығында Қасым хан ұлан-байтақ қазақ территориясын өз қол астына қаратты. Бұл кезде хандықтың шекарасы оңтүстікте Сырдария алабын қамтып, Түркістан аймағындағы қалаларды басып алды. Шығыс оңтүстікте оған Жетісу жерінің дені (Шу, Қаратал, Іле өзендерінің алабы) қарады. Солтүстік жəне Шығыс солтүстікте Ұлытау өңірі мен Балқаш көлінен асып, Қарқаралы тау тарамдарына дейін жетті, Батыс солтүстікте Жайық өзенінің алабын қамтыды. Қасым ханның батыстағы территориялық иеліктері де ұлғая түсті. Ноғай Ордасы бұл кезде ауыр дағдарысты басынан өткізіп жатқан еді. Ру басшылары, мырзалар, билер билік үшін өзара қарқысумен болды. Əбден қалжыраған Ноғай Ордасы рулары мен тайпаларының бір бөлігі қазақ хандары мен султандарының билігіне бағынып, елінен Қазақ хандағына көшіп кетті. Осы кезде Қасым ханның қол астына қараған халықтың саны 1 миллион адамға жеткен.
Қазақ хандығының нығаюы жəне оның күшеюі мемлекеттің беделін арттырып, сыртқы саясат пен дипломатиялық қарым- қатынас саласында белгілі табыстарға қол жеткізді. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібір хандығымен жəне орыс мемлекетімен сауда-саттық жəне елшілік қарым-қатынас орнатты. Қазақ хандары əр дəуірде елдің ішкі-сыртқы жағдайында туылған өзгерістерге үйлесіп, икемді сыртқы саясат қолданылып отырды.
Қазақ хандығымен дипломатиялық байланыс орнатқан алғашқы мемлекеттердің бірі ұлы Князь III Василий (1505-1533 жж.) билік жүргізген кездегі Мəскеу мемлекеті болды. Қасым хан тұсында қазақтар өз алдына дербес халық ретінде Еуропаға мəлім болды.
Қасым хан сыртқы саясатпен бірге ішкі саясатты да дұрыс жолға коя білді. Ол феодал ақсүйектердің қарсылығын əлсіретіп, мемлекеттің саяси, экономикалық, əскери қуатын арттырды. Қасым хан мемлекеттің саяси құрылымын нығайту жолында біраз шараларды жүзеге асырды.
Оның тұсында мемлекеттің ең жоғарғы заң шығарушы органы Маслихат-сұлтандар мен ру басшыларының съезі болды. Маслихат жылына бір рет шақырылып, мемлекеттің ең маңызды – соғыс жариялау, бітім жасау, жайылым жерлерді бөлісу, көшіп-қону жолдарын айқындау сияқты мəселерді қарады. Маслихаттың Шыңғыс хан əулетінен хан сайлау құқығы болды. Маслихат жұмысына тек ерлер ғана қатыса алды. Мемлекеттегі бүкіл билік хан қолында болды, сонымен бірге заң қабылдау, жарлық беріп отыруға құқысы болды.
Ханның жанында неғұрлым беделді билер мен қауым ассоциация өкілдерінен тұратын Кеңесші ұй- ым – Билер Кеңесі болды. Ханның іс-қағаздарын жүргізіп отыратын, хатшылары мен кеңсесі болды. Бір ескеретін жəй, мемлекеттің орталық аппаратының тұрақты бір жерде жұмыс істейтін орны болған жоқ, сондықтан ханмен бірге көшіп-қонып жүрді.
Қасым хан өзі билік жүргізген жылдары қазақ қоғамындағы құқық-нормаларды реттеу мақсатымен алғашқы қазақ заңы – «Қасқа жолды» жарыққа шығарды. Бұл заң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан əдеп-ғұрып ережелері негізінде жасалды. Бұл заң сол кезде мұсылман елдерінде жаппай қолданылып жүрген ислам дінінің (шариғат) заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді байырғы заң болды. Билердің кеңесінде көппен ақылдасып, «Жарғы ережелеріне («ақсақалдар ережесі», «ата-баба жолы», «жөн-жосықтар») мəнді өзгерістер енгізеді. Халық бұқарасы Қасым ханның ежелден қалыптасқан билер заңы – жарғыны жаңадан көтергенін ұнатып, оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атап кеткен.Оның жасалуына себеп болған жағдайлар мыналар:
— Қасым ханның билігі тұсында Керей, Жəнібек жəне Бұрындық хандар кезіндегі қазақ қоғамы анағұрлым жоғары сатыға көтеріледі;
-Қазақ халқының этникалық аумағы толығымен біріктіріледі;
-Хандық билік этникалық аумаққа толық тарап, рөлі артады;
-Халықтың саны Қасым хан тұсында бірнеше есе өседі;
— Қазақ хандығының жаңа қалыптасқан жағдайына бұрынғы əдет-ғұрып заңы сай келмейтіндіктен, оны жаңа дəуір талаптарына сай бейімдеу қажеттілігі туады.
Міне, осы аталған себептер «Қасқа жолды» дүниеге əкеледі. Бұл заңның жазбаша мəтіні болмаса да, қазақ халқының санасында заң атауының жарты мың жыл бойы сақталуы «Қасқа жолдың» қазаққа өте қонымды, қоғамдық қатынастарға үйлесімді болғанын көреміз.
Қасым ханның бұрынғы заң-қағидаларға енгізген ережелері мынау:
1.Мүлік заңы (мал-мүлік, жер-су, қоныс дауларын шешу ережелері).
2.Қылмыс заңы (кісі өлімі, ел шабу, мал ұрлау, ұрлық т.б. қолданылатын жазалар).
3.Əскери заң (қосын құру, аламан міндеті, қара қазан, тұлпар ат, ердің құны т.б.).
4.Елшілік жоралары (шешендік, əдептілік, халықаралық қатынастардағы сыпайлық, сөйлеу мəнері). 5.Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас-той, мерекелер мен жиындардағы ережелер, жылу, асар т.б.) Сөйтіп, Қасым хан ел басқару ісін бір жүйеге келтірген алғашқы заң жинағын дүниеге əкелді.
Қасым ханның қазақ хандығын күшейту, қазақ тайпаларын жəне қазақтардың этникалық территориясын біріктіру жолындағы жеңістері елдің ішкі жəне сыртқы беделін арттырып, атақ – даңқын асыра түсті.
Мұхаммед Хайдар Дулати («Тарихи-Рашиди») атты кітабында Қасым хан дəуіріндегі Қазақ хандығының əлеуметтік-шаруашылық өміріне де өте көңіл бөлген. Бұл мемлекетті автор Қасым ханның атымен байланыстыра айтады. Қасым ханның саясатқа жүйрік болғаны жайлы: «Қасым хан барлық Дешті-Қыпшақты өзінің ақыл-күш билігіне алды. Жошы ханнан кейін Дешті-Қыпшақты ол сияқты ешкім билеген жоқ»(6).
Сонымен, Қасым хан тұсында Қазақ хандығы саяси экономикалық жағынан күшейіп нығайды . Оның тұсында қазақтар өз алдына дербес халық ретінде Батыс Европаға, Руське мəлім болды. Русьпен дипломатиялық байланыс жасалды, ол байланыс осы күндері жаңа тəуелсіз Қазақстан мемлекеті кезінде пəрменді жалғасын тауып отыр.
XV ғасырдың соңғы жылдарында Қасымның əскери қолбасшылық қасиетімен қатар, мемлекет қайраткері, шебер дипломат ретіндегі қырлары айқындала түседі. Бұған Қасымның жеке бастың мүддесінен гөрі мемлекеттілік мүддесін артық қоюы жəне осы соңғы мүддеге сай іс-əрекет жасап, шешім қабылдауы, оны жүзеге асыруы дəлел бола алады.
Қасым ханның қазақ халқы алдында, қазақ мемлекеттілігін нығайтуда сіңірген еңбектерінің бірі – XV ғасыр соңында Сыр өңірінің біртіндеп қазақ халқының этникалық аумағына енгізе бастауы болды. Ал XVI ғасыр басындағы ханның аса бір рөлі қазақ жеріне басқыншы болып келген Мұхаммед Шайбани хан əскерін тас-талқан етіп жеңуден айқын көрінді.
Мұхамед Шайбани 1500-1504 жылдары Орта Азияның бірталай аймақтарын бағындырып, қуатты мемлекет құрады. Бірақ солтүстікте Қазақ хандығының болуы оған үнемі қауіп төндіріп отырғандай көрінеді. Сондықтан да Шайбани хан XVI ғасырдың басында Қазақ хандығын өзіне бағындыруды басты мақсат етіп қояды.
Орта Азия билеушісі XVI ғасыр басында алдымен қазақтарды экономикалық тəуелділікте ұстау үшін 1505 жылы арнайы жарлық шығарады. Жарлықта қазақтармен толық сауда-айырбасты тоқтату жөнінде айтылады жəне Орта Азияда жүрген қазақ саудагерлерін тонауға бұйрық беріледі. Бірақ бұл шара оған оң нəтиже бергізбейді, керісінше, Қазақ хандығы тарапынан қарсы əрекеттер туғызады. Шайбани хан өз əрекетін оң көрсету үшін мауреннахрлық дінбасыларына қазақтарды «дінсіздер» деп айтқызып, күреске Орта Азияның бүкіл мұсылмандарын жұмылдыруға күш жұмсайды.
Сөйтіп, ол 1505-1509 жылдар аралығында Қазақ хандығына қарсы үш рет жорық ұйымдастырды.Шайбани хан алғашқы үш жорықта қазақ елін бағындыруды мақсат еткенімен оған жете қоймаған еді. Сондықтан да болашақта түпкі мақсатқа жету үшін əлі де болса жорықтар болу қаупі зор болатын. Міне, осы тұста сыртқы жауға тойтарыс бере алатын жəне бүкіл қазақ елін соған жұмылдыра алатын жалғыз тұлға Қасым хан еді. Сыр өңірі үшін болған шайқастарда жинақталған тəжірибе мен атақабырой, қолбас-шылық пен ұлыс билеушілік дəреже, хан əулетінің өкілі болуы Қасым ханды қиынқыстау жағдайда қазақ елінің ең ірі мемлекет қайраткеріне айналдырады.
Қасым ханның Шайбани ханды жеңуі оның беделін одан əрі өсіреді, сонымен бірге ол билеген Қазақ хандығының халықаралық жағдайы арта түседі. Жалпы алғанда, Шайбани хан жорықтарына қарсы күресі, оны талқандауы Қасым ханның қазақ халқы алдында сіңірген үлкен еңбегінің бірі болып саналады.
Шайбани хан өлгеннен кейін Қазақ хандығы үшін қалыптасқан қолайлы сəттерді шебер пайдалана білген Қасым хан Жетісуда, толығымен Сыр өңірінде Қазақ хандығының билігін орнатады.Бұл аталған аймақтар ешбір ұрыссыз қазақ халқының этникалық аумағына енеді. Себебі мұндағы тайпалар қазақ халқының этникалық құрамының бірі болатын. XVI ғасыр басындағы Қасым ханның билігі тұсында қазақ халқының этникалық аумағының қалыптасу үрдісінің Жетісу, Сыр өңірлерінде бейбіт өтуі бірнеше мəнжайдың бетін ашады. Біріншіден, этникалық үрдістің біртұтас этноаумақта жүруі этникалық компоненттердің этнопсихологиялық жағынан жақындасуын тездетеді. Сол себепті де Жетісу мен Сыр өңіріндегі этникалық топтар саяси кедергілер жойылғаннан кейін өзінің негізгі этникалық ұйытқысына қосылады. Екіншіден, мұндай күрделі этноүрдістің қырғын-соғыссыз, бейбіт түрде өтуіне өз заманының ұлы қайраткері Қасым ханның жүргізген көреген саясаты тұрды. Жеке адамдардың тарихи кезеңдердегі орнын Қасым ханның атқарған рөлі арқылы түсінуге жəне түсіндіруге болады. Түбінде болатын объективті тарихи үрдіс – қазақ халқының этникалық территориясының қалыптасуы мүмкін басқа хандар тұсында басқаша жүрген болар ма еді. Нақты оқиғалы кезеңдерге жеке тұлғалардың араласуы ол үрдісті не тежейді, не тездетеді, бірақ тоқтата алмайды. Біз бұл арада қазақ халқының этникалық аумағының қалыптасуы Қасым хан тұсында бейбіт түрде жəне тез жүргенін көрдік. Қасым ханның қазақ тарихындағы тарихи рөлдерінің бірі осында болса керек.
Қасым хан қазақ халқының аумағын қалыптастырумен қатар, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін де бар күш-жігерін салады. Оған1513 жылғы оның Ташкентке жорық жасауы дəлел болады. Осы жылдары Ташкенттің Қазақ хандығына өтуі бірнеше мəселені шешкен болар еді. Біріншіден, Ташкентті алу арқылы Сырдың орта ағысы бойындағы қалалар мен елді-мекендердің бейбіт өмірін сақтау, хандықтың оңтүстік шекарасын қауіпсіздендіру жəне бір саяси кеңістіктегі Дешті Қыпшақ пен оңтүстігінде Сайрамға дейін Сыр өңірінің этникалық тұтастығын қамтамасыз ету, дамыту болды. Екіншіден, дəл осындай мақсаттар Жетісуға да қатысты еді. Мауреннахр тарапынан Жетісуға жəне Сыр өңіріне апаратын қысқа жəне төте жол Ташкент арқылы өтті. Сондықтан да қаланың қазақтарға өтуінің əскери-стратегиялық маңызы болды. Үшіншіден, Қасым хан алдында саяси міндет 1513 жылдың басынан қайта күшейе бастаған шайбанилық сұлтандардың күшін, олардың Ташкент аймағындағы ықпалын əлсірету болды. Міне, осындай маңызды мақсаттар Қасым ханды Ташкентті алуға итермелейді.
Қасым хан қайтыс болғанға дейін Сыр өңірі мен Жетісу аймағындағы саяси талас-тартыс аяқталып, бейбіт өмір қалыптасады.
Қазақ хандығының оңтүстік пен оңтүстік-шығыс бағыттардағы сыртқы саясатын сəтті аяқтаған Қасым хан 1517 жылдан бастап күш-жігерін батысқа – Еділ, Жайық бағытына қарай жұмсайды. XVI ғасыр басында екі өзен аралығындағы Ноғай Ордасы ауыр саяси дағдарыста болатын. Ру-тайпа көсемдері билік үшін өзара күресте мемлекетті толығымен ыдыратып, бір-біріне бағынбайтын, дербес иеліктерге бөлініп кеткен еді. Ноғай мырзаларының өзара күресінен əбден шаршаған ру-тайпалар өздерінің этникалық ортасы, этникалық кеңістіктегі құрамдас бөлігі – қазақ этносына қосыла бастайды. Этникалық бірігу саяси тұрғыдан қолдауға ие болды. Қазақ ханы Қасым хан мұнда да көрегендік танытып, қазақ халқының этникалық аумағының қалыптасу үрдісін соғыссыз, бейбіт түрде жүзеге асырады.
Міне, Қасым ханның көреген саясатының нəтижесінде бұрынғы Жошы ұлысы, одан кейінгі Алтын
Орда жерінде XVI ғасырдың басындағы ең қуатты мемлекет – Қазақ хандығы болды. Дəл осы кезде Москва княздығы Қазақ хандығымен байланыс орнатуға ұмтылады. Бұл байланыс арқылы Москва қазақтар туралы, Қазақ хандығы жəне Қасым хан туралы көп мəлімет алуға тырысты.Москва қазақтармен байланыс орнату арқылы олар туралы көп білмек болды.Москваның Қасым ханға жеке көңіл аударуы, біріншіден, Қазақ хандығының қуаттылығына байланысты болса, екіншіден, оның мемлекет қайраткері ретіндегі рөліне байланысты туындаған деуге болады.
Ортағасырлық тарихшылар қазақ хандары ішінде Қасым ханнан басқа ешкімге көп баға берген емес.
Бұл жай оның тарихи тұлғасын сол кездің өзінде-ақ көпшіліктің танығандығын көрсетеді.Мұхаммед Хайдар Дулати: «Ол Дешті Қыпшаққа толық билігін таратты, оның халқы миллионнан асты. Жошы ханнан кейін бұл жұртта дəл мұндай күшті хан болған жоқ» деп жазады.
Қорыта айтқанда, Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы күшейіп, мемлекеттің территориясы кеңейді, халқы көбейіп, хандықты көрші мемлекеттер мен Батыс Еуропа таныған. Оның тұсында Қазақ хандығыбұрынғы Жошы жəне Шағатай ұлыстарының территориясындағы ең күшті мемлекетке айналды. XVI ғасырдың бірінші ширегінде қазақ атын жер жүзіне жеткізген Қасым хан есімі қазақ халқының тарихи санасында мəңгі орын алып, жарты мың жылдан аса сақталып келе жатыр. Қасым ханның қазақ билеуші-лерінің болашақ өкілдеріне қалдырған өнеге жолы – елдің саяси бірлігін сақтауы мен мемлекеттіліктің ең басты көрсеткіші хандық билікті нығайтуы, оны мойындатуы еді. Қасым ханның өмірі мен қазақ тарихында алатын орны, міне, осындай. Есім хан
Қасым ханнан кейін Қазақ хандығын күшейтуде, көрші елдермен дипломатиялық қатынастар орнатуда өзіндік үлесі бар хандардың бірі – Есім хан. Есімтуған ағасы Тəуекел хан 1598 жылы Орта Азияға жасаған жорығынанда ауыр жарақат алып, көп ұзамай о дүниелек болғаннан кейін, сол жылы хан тағына отырған. Оның билігі тұсында қазақ халқының этникалық территориясының қалыптасу процесі аяқталады, қазақ елінің жаңа астанасы нақтыланып, ол қала жаңа атаумен – Түркістан дегенатауға ие болады, «Есім ханның ескі жолы» деген заңдар жинағын өмірге енгізеді.
Қазақ халқының ауыз əдебиетінде Есім ханды «Еңсегей бойлы ер Есім» деп атаса, ол енгізген заңдар жинағын «Есім ханның ескі жолы» деген атауға ие. Егерде Есім ханға дейін Қазақ хандығының астанасы нақты айқындалмай, Сырдария өзенінің орта ағысы бойындағыСауран, Сығанақ, Отырар, Ясы қалалары астана міндетін алма-кезек атқарысып келсе, Есім ханнан бастап қазақтың ресми астанасы ролін тұрақты түрде Ясы қаласы атқара бастайды да, ол қала жаңа атаумен – Түркістан атауымен атала бастайды. Сондай-ақ Есім ханнан бастап қазақтың ресми хандары мен көрнекті сұлтандары батырлары мен ақындары, билері мен бектері, дін басылары мен əскер басшылары, жалпы алғанда бүкіл қазақ еліне даңқы шығып, есімдері ел ішіне кең тараған тұлғалары Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің жанына жерлене бастайды. Ал Жəңгір ханның ата-бабаларының Сауранда, Сығанақта, Сарайшықта, Бұхара жақтағы Күміскентте, Үргеніште жерленгендігін ескерсек, онда Есім ханның Түркістанда жерленуі қазақ мемлекеттілігініңбекуі мен дамуына, қаланың саяси-əкімшілік орталық ретіндегі ролінің өсуіне, биліктің тұрақты болуына негіз қалағандығын көреміз.
Есім хан таққа келгеннен кейін ағасы Тəуекелдің жолын жалғастырудағы ең алғашқы жүзеге асырған шарасы Мауереннахрға қатысты түйінді мəселені шешіп, оны ретке келтіру болатын. 1599 жылы Бұхар хандығымен шарт жасасып, Ташкент қаласы мен оның айналасын Қазақ хандығына қосып алды. Осыдан бастап Ташкент елі ғасыр бойы Қазақ хандығының билігінде болды.
Жалпы алғанда Шығай ханның ұлдары Тəуекел ханның қайтыс болуы мен Есім ханның саяси билікті қолына алуы – қазақ елі тарихында бір дəуірдің аяқталып, келесі дəуірдің басталғандығын көрсетеді.
XV ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап тарих төріне көтерілген ұлттық сипаттағы Қазақ хандығы өзінің сыртқы саясатындағы басты бағыттардың бірі етіп, қазақ ру-тайпаларының жерлерін біріктіруді мақсат еткен болатын. Бір жарым ғасырға созылған күрес барысында Қазақ билеушілері жеңісті де, жеңілісті де көрген болатын. Қасым хан тұсында қазақ халқының этникалық аумағы қалыптасқан болса, одан кейінгі «уақытша əлсіреу» кезеңінде ішкі бірліктің болмауы жарты ғасырлық күрес нəтижесін жоқ етеді. Хақназар ханның тұсында қайта басталған біріктіру процесі Шығай, Тəуекел хандар тұсында өз мəресіне жетеді. Ал оны заңдастыру, Қазақ хандығының басты қарсыласы –Мауереннахр билеушілеріне мойындату Есім ханның үлесіне тиеді. Есім хан үшін XVI ғасырдың соңғы жылдары көршілес елдермен қарым-қатынаста, қазақ халқының қалыптасқан этникалық территориясын мойындатуда өте қолайлы болды. Батыстағы ноғайлар XVI ғасырдағы үшінші саяси дүрбелеңді бастарынан өткеріп, Оразмұхаммед бидің (Ормамбет би) 1598 жылғы өлтірілуінен кейін мемлекет ретінде күйреудің соңғы сатысына көшеді де, ноғай ру-тайпалары жан-жаққа тарыдай шашылады. Олардың бір бөлігі Қазақ халқының құрамына қосылып, олардың көшіп-қонатын аумақтары қазақ халқының этникалық аумағына айналады.
Ал солтүстіктегі Сібір ханы Көшім де 1598 жылы орыс отрядынан толық жеңіліске ұшырап, азғантай ғана адамдарымен Сібірден кетуге мəжбүр болады.
Сібір хандығының күйреуі қазақ ру-тайпаларының Дешті Қыпшақтың солтүстік бөлігіндегі жайылымдарының қауіпсіздігін тұрақтандырады. Сөйтіп қазақ елінің солтүстіктегі шекарасы да нақтылана түседі.
Осылайша, XVI ғасырдың соңғы жылын қазақ халқының этникалық аумағының біріктірілу процесі аяқталған жыл деуге болады. Осыншама зор аумақты, ондағы ру-тайпалар арасындағы қатынастарды күшпен немесе жарлықпен ұстап тұрудың мүмкін еместігін білген Есім хан жəне оның жақтастары жаңа талаптарға сай жаңа əдет-ғұрып заңдарының жинағын өмірге енгізеді. Ауыз əдебиетінің материалдары арқылы бізге тек сол заңдардың атауы – «Есім ханның ескі жолы» деген атпен ғана жетеді.
Есім ханның қазақтарды бір орталыққа бағындыру саясатына қарсы сұлтандар оған шектеу қоюға тырысты. Мысалы, Ташкент қаласы Қазақ хандығына қараған соң оны Жəнібек ханның немересі Жалым сұлтанның баласы Тұрсын Мұхамед сұлтан басқарған еді. Ол көп ұзамай тəуелсіз хан болуға тырысты. Тіпті өз атынан ақша соқтырып, «бажы мен хараж» алым-салықтарын жинады. Ол осы əрекетімен Қазақ хандығын екіге бөліп, Түркістан қаласын орталық еткен Есім хан, Ташкент қаласын орталық еткен Тұрсын хан билеген еді. Мұндай жағдайда Түркістанда отырған Есім ханның қандай щара қолданатыны белгілі. Бұлардың арасында соғыс қақтығыстары болды. Екеуінің арасында күрес шиеленісе берді. 1627 жылы Есім хан Тұрсын ханды өлтіріп, Қазақ хандығын өз қоластына біріктірді. Есім ханның феодалдық бытыраңқылықты жеңіп, Қазақ хандығын біріктіру жолындағы күрестері қазақтың «Еңсегей бойлы ер Есім» атты тарихи жырына өзек болған.
Есім хан билік басына келген кезде Қазақ хандығының шығысындағы жағдай Тəуекел тұсындағыдан əлдеқайда күрделене түскен еді. Мұнда ойрат тайпаларының бірігіу процесі жүріп жатты. Сондықтан ол көршілерінде болып жатқан жағдайды жіті қадағалап, олардың тайпалары арасындағы алауыздықты өз пайдасына шешуге ұмтылып бақты. Ойраттардың бір жағынан, Ембі, Жайық, Еділ бойындағы ноғайлармен шарпысуы, екінші жағынан, орыс қамалдарының гарнизондарымен қақтығысуы Есім хан саясатының ықпалды болуына елеулі жағдай жасады. Ақырында үш жақты соғыстың өздеріне қырғын таптыратынын сезген ойрат əміршілері Есім ханның үстемдігін мойындап, тату көршілікте тұру мақсатында ұсыныс жасап, елшілерін жіберуге мəжбүр болады.
Хандығының шығысындағы жағдайды осылайша өз пайдасына шешкен Есім хан оңтүстігін де ойдан шығармайды.
Хандығының шекарасын кеңейте түсу саясатын мұнда да батыл жүргізіп бағады. Оған жағдай да көмектесе түседі. Себебі, бұл кезде қайтыс болған Бəки Мұхаммед ханның орнына оның інісі Уəли Мұхаммед пен Герат-Хорасанның билеушісі Дінмұхаммед баласы Иманқұлы таласып жатқан еді. Осы қақтығысты өз пайдасына асыруда Есім хан үлкен ептілік танытады. Ол əуелі Уəли Мұхаммедке көмектесемін деп уəде беріп, кейін Иманқұлы жағына аунап түседі. Соның нəтижесінде онымен бірігіп, Уəли Мұхаммедті өлтірісіп, Иманқұлымен одақ жасасады да, сол жылы Иманқұлыға қарсы шығып, Самарқандқа əскер жөнелтеді.
Бұл кезде Иманқұлының Есіммен соғысарлық шамасы жоқ еді. Сондықтан онымен шартқа отырып, Ташкент пен оның төңірегінің түгелдей қазақтардың иелігі екенін ресми түрде мойындайды.
Бұдан кейін Есім хан Моғолстан ханы Əбдірахымның қызы Падшахқа үйленіп, ағасы Күшік сұлтанның қызын Əбдірахымға беріп, қарсы құда болу арқылы оны өзінің жақтасы етіп, соның көмегімен өзіне опасыздық жасаған Тұрсын ханды талқандап, дара билікке қол жеткізеді.
Есім ханның билігі тұсында (1598-1645) халық жадында «Есім салған ескі жол» деген атпен қалған əдет-ғұрып нормаларын қалыптастырған конституциялық құжат болғаны белгілі. Мұны «Есімнің заңы» деп ұққан жөн. Бірақ оның көктен алынбағанын, өз заманының орайы мен талабына қарай Есім хан мен оның кеңесшілері өңдеп, толықтырған баяғы «Қасым салған қасқа жолдың» бір нұсқасы екенін де естен шығармаған абзал. Түтпеп келгенде, «Есім салған ескі жол» деген сөздің мəні де Есім ханның тұсында жасалған даналық заңдарға байланысты айтылған. Қоныс-тұраққа, мал-мүлікке, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты туындайтын дау-шардың шешімдері осы кезде сараланды. Мұның өзі кейін Тəукенің əйгілі «Жеті жарғысына» негіз болып, қазақ халқының мəдени-рухани жəне салт-дəстүр қалыптарының төлтумалығын шыңдай түсуге ықпал етті.
Жалпы көшпелілер мемлекетінің хандары сияқты, Есім хан да тақ үсті мен ат үстінде бірдей танылған біртуар тұлға. Оны халқының «Еңсегей бойлы Ер Есім» атауы тегін емес деуге болады.
ХVІІ ғасырдың 20-30 жылдары батыс Монғолияны мекендеген ойрат тайпалары едəуір күшейген еді. Шарыс тайпасының басшысы Харақұлайдың баласы Батұрдың тұсында (1635-1653) ойрат тайпаларының одағы қалыптасты. Бұл тарихқа «Жоңғарлар» деген атпен əйгілі болды. Қаншама ғасыр бойы шашылып жатқан моңғолдар бастарын біріктірмей ешнəрсеге қол жеткізе алмайтындарын түсінді. XVI-XVII ғасырларда Монғолияның батыс аймағынан Жоңғар мемлекетінің іргесі қаланды. Жоңғар хандығы қаһарлы күшке айналды.
Жоңғар хандығының қазақтар үшін қаһарлы күш болатын себебі, олар да салт атты көшпелілер болатын. Көршілес жатқан Қазақ хандығы мен Жоңғар хандығынан Ресей мен Қытай қатты қауіптенді. Олар осы екі мемлекетті бір-біріне айдап салып, жер бетінен құртуды ойластырды. Ресей мемлекеті жоңғарлармен елшілік байланыс орнатып, оларды қару-жарақпен жасақтап отырды. Сонымен бірге бірнеше тайпаларына Еділ бойынан жер бөліп берді. Қазақ даласы жоңғар-қалмақтың ортасында қалып қойды. Ыстықкөл үшін болған алғашқы шайқаста қазақ қолын Есім ханның өзі басқарды. Жоңғар-қалмақтың тегеурінін сезген Есім қырғыздармен жəне батысындағы ноғайлармен ынтымағын күшейте түсті. Шығыс Түркістанмен саяси байланысын жақсартты. Сол кездің өзінде Қазақ хандығы 300-400 мыңға жуық атты əскер шығарған.
Осылайша, Есім ханға қатысты жоғарыда айтылған ойларымыздың бəрін қорытындылай келе, мынадай тұжырымдар жасаймыз.
Бірінші, Есім ханның шығу тегі XIII ғасырдың басында Шығыс Дешті Қыпшақтың ханы болған Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан бастау алса, XIV ғасырдың ортасында осы аумақта дербес Ақ Орда деген мемлекет құрғанОрыс ханмен жалғасып, XV ғасырдың ортасында Қазақ хандығының негізін салушылардың бірі – Жəнібек ханға дейін жетеді. Одан кейін атасы – Жəдік сұлтан, əкесі – Шығай хандармен жалғасып, нағыз текті əулеттің өкілі екендігін көреміз. Сонымен бірге аталары мұсылманшылықты берік ұстанған, атақты дін басыларының мүриді болған тұлғалар екендігіне көз жеткіземіз.
Екінші, Есім хан 1598-1628 жылдар аралығында 30 жыл бойы ел тізгінін қолына ұстап, оның бірлігі мен тұтастығы үшін күрескен. Оның билігінің алғашқы жылдары қазақ халқының этникалық территориясының қалыптасуы аяқталады. Жаңа заманға сай жаңа қатынастарды реттейтін құқықтық негіз – «Есім ханның ескі жолы» атты заң жинағын өмірге енгізеді.
Үшінші, Есім ханнан бастап Қазақ Елінің астанасы нақтыланып, бұрынғы Йасы қаласы Түркістан деген жаңа атауға ие болады. Есім хан салған осы жол бойынша Түркістан қаласы қазақ мемлекетінің астанасы міндетін бірнеше ғасыр бойы атқарады.
Төртінші, Есім ханнан бастап қазақтың барлық ресми хандары, сондай-ақ қарапайым халықтан шығып, өз заманындасаяси, əскери, рухани, мəдени көсем бола білген тұлғалар Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің жанына жерленеді де, қаланың ролі мен маңызын, қасиеті мен құдіретін одан əрі арттырады. Тəуке хан Тəуке хан – Қазақ хандығын 40 жылдай(1680-1718) билеген аса елеулі тұлға. Заманы ауыр болды. Қазақты шығысынан жоңғар, батысынан қалмақ, башқұрттар, солтүстік батысынан Сібір жəне Жайық казактары қысқан кезеңнің өзінде Тəуке хан ел ішінде тыныштық орнатып, халқын үш жүздің хан, сұлтан, билері арқылы жұдырықтай жұмылдырып ұстай білді. А.Левшин Тəукені қазақтың Қасым ханнан кейінгі аса құдіретті əрі ақылды патшасы деп атап, оны Спартаның ақылға кең данасы Ликургке теңеген. Тəуке заманын халық «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман», «алтын ғасыр» деп атады.
Есім ханнан (1598-1628 жж.) кейін Қазақ хандығының жағдайы одан сайын нашарлай түсті, феодалдық қарқысулар ұлғайып, жоңғарлар Жетісудің бір бөлігін уақытша басып алып, бұл өңірде көшіп жүрген қазақтар мен қырғыздарды бағындырды. Бұхара əскерлері Ташкентті алып, қазақтарды ығыстыра бастаған кезде, қазақ ханы Жəнгір (1628-1652 жж.) Бұхара хандығымен одақтасып, жоңғар феодалдарынның шабуылына қарсы күресті. Жəнгір хан өз өмірінің деңін жоңғарлардың шапқыншылығына тойтарыс берумен өткізіп, оларға қарсы үшінші рет 1652 жылы болған шайқаста Жəнгір хан өлтірілді.
1680 жылы хандықтың тағы Жəнгірдің баласы Тəуке ханға (1680-1718 жж.) көшті. Тəуке хан таққа отырғанда Қазақ хандығының ішкі жəне сыртқы саяси жағдайлары мəз емес еді. Феодал шонжарлардың арасында бақталастық пен алауыздықтар күшейе түстіп, əрбір сұлтан өз иелігіндегі ұлыстарды жеке-дара билеп, дербестенуге тырысты. Қазақ жүздерінің арасында бұрыннан келе жатқан байланыстар нашарлап, олар бір-бірінен оқшаулана түсті. Үш жүз үшке бөлініп, сөз жүзінде қазақтың ұлы ханына тəуелді болғанымен іс жүзінде өз алдына билік жүргізді. Бұл жағдайлар жалпы қазақ халқын біріктіріп, сыртқы шапқыншылықтан қорғануға кесірін тигізді. Алауыздық пен өзара дау-жанжал, қақтығысқа белшісінен батқан қазақтарға Шығыстан, Арқадан төтеп берген жоңғарлардың шабуылы күшейе түскен еді.
Осындай қиындық кезеңде хандық құрған Тəуке алдымен Россия жəне оңтүстіктегі көрші елдермен қарым-қатынасын түзей отырып, қазақ қоғамының ішкі дау-жанжалды, барымтаны тежемей, уақ хандықтардың уақытша болса да ынтымақтастығын көздемей тұрып, сыртқы жаулар мен батыл күресуге болмайтынын ол жақсы түсінді.
Сондықтан да мемлекетті нығайтып, тəртіп орнату үшін тиімді, халық мүддесінесай келетін, орындалуы арнайы тетіктермен қамтамасыз етілетінзаң жүйесі болуы шарт. Бұл қағиданы Тəуке хан аса көрегенділікпен түсінген.
Тəуке хан мемлекетті нығайту мақсатында үш негізге жүгінді. Олар: 1) Билер кеңесі арқылы қазақтың елдік санасын қалыптастыру; 2) «Жеті жарғы» арқылы қоғамды қалыпты ережеге бағындырып, тəртіп орнату, əрі қоғамның басқарушы ақсүйектерін сомдап шығару; 3) Ислам дінін күшейту. Ол ислам дінін халықтың ынтымағын қамтамасыз ете алатын, əрі халыққа тəрбие бере алатын рухани тірек ретінде қоғамдық жүйеге енгізуді мақсат етті.
«Жеті жарғы» заңын түзуге Төле би, Қазыбек би, Əйтеке би жəне басқа да бек, пірлер қатысқан. «Жеті жарғыны» Қазақ мемлекетінің алғашқы заңы деуге болады. Ол «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы» қатарлы заңдардың жалғасы, оларды жүйелеп реттеген нұсқасы болып табылады.
«Жеті жарғының» негізгі көзі деп бəрінен бұрын қазақтардың əдеттегі байырғы правосын, сондай – аз Тəукеден бұрын өмір сүрген қазақ хандарының жазылмаған заң ережелерін мойындаған жөн. Заңдарға негізінен алғанда қазақ қоғамының XVII ғасырдағы əскери-саяси жəне əлеуметтік өмірінің қажеттеріне жауап беретін ережелер енді.
«Жеті жарғының» бірнеше бабтары қазақ мемлекеттілігінің негізгі құрылымын қорғауғажəне оның терроториялық тұтастығын, ұлттық бірлігін сақтауға бағытталғанын аңғарамыз. Жаңадан ғылыми айналымға түскен «Жеті жарғының» бір бабы мына норманы бекіткен: «Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын»(7). Бұл норманың мазмұнына зер салатын болсақ, сол кезеңде əрбір ру басшыларының сепаратистік, алтыбақан алауыз болған қимыл-əрекеттерінен туған іріткегетежемелік əсер еткенінаңғармасқа болмайды. Бұл бабтың мəні дəл қазір де əлсіреген емес. Конституциялық құрылымды күшпен құлату əрекеті қазіргі кезеңде де көрініс тауып отырғаны бəрімізге мəлім(8).
«Жеті жарғыны» жасау қолданылып келген əдеттегі правоның нормаларын қазақтың феодалдық қоғамының жаңа қажеттеріне бейімдеу, бұл орайда ол нормалардың феодал ақсүйектердің мүдделеріне сай келетіндерін ғана сақтау мақсатын көздеді. «Жеті жарғыға» əкімшілік, қылмысты істер, азаматтық право нормалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген, яғни онда қазақ қоғамы өмірінің барлық жағы түгел қамтылған.
Сонымен, «Жеті жарғы» заңы, шынында да, қазақ халқының бірігуіне жағдай жасады. Руаралық жəне жүзаралық келіспеушіліктер азайды. «Жеті жарғы» заңын түзуде «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» басшылыққа алынып, олар заман талабына сай жетілдірілді.Сөйтіп, қазақ халқының тарихына ірі құқықтық өзгерістер енгізілді. «Жеті жарғы» – тек сол заманға сай құқықтық құжат емес, сонымен қатар көшпелі қазақ халқының этникалық, шаруашылықты ұйымдастыру жəне жағрафиялық ерекшеліктеріне сай келетін аса құнды ескерткіш.
«Жеті жарғы» жаңа қоғам қалыптастыруға, түрлі кемшіліктерді жоюға қауқарлы екендігін танытты.
Қазақтар көбінесе жазылмаған салт-дəстүрлерін тіршілік заңы ретінде қабылдап, сонымен өмір сүріп келген. Оны халықтың санасынан шығару үшін ұтымды сөз керек болды. Сол себепті көпшілікке жаңа заңды қабылдату мақал-мəтелдер арқылы іске асып жатты.
Сонымен бірге, Тəуке хандық билігін күшейтуге бағытталған ірі-ірі өзгерістер жасады. Ол өзінің саясатын феодалдық билер мен шонжарларға, батырларға сүйеніп жүргізді. «Xалық кеңесі» мен «Билер кеңесін» тұрақты орган ретінде қалыптастырып, олардың рөлін арттырды. Жыл сайын белгілі бір мерзімде Күлтөбеде 3 жүздің басын қосқан жиын өткізіп тұрды.
Тəуке ел бірлігі бұзылуының ұйтқышылары феодал ақсүйектер мен сүлтандарды əлсіретуге, мемлекеттік құрылысты күшейтуге тырысты. Жүздер мен ұлыстар арасындағы күрделі тартыстар билер кеңесінде, абыройлы да əділетті де Төле би, Қазыбек би, Əйтеке би, т. б. билер алдында шешілді.
Тəуке хан билікті өз қолына алғаннан кейін өзінің алысты болжағыш саясаткер екендігін елге таныта білді. Оның қолына ең маңызды көш-қоңысты белгілеп бөліп беру, алым — салық салу, сот ісі, қарулы күш т.б. қызмет түрлері жинақталды. Сыртқы жағдайды назарда ұстап, кəмелетке толғандарға 5 қарумен жүруді міндеттеген.
Сөйтіп, «қара қазаққа» сүйенген Тəуке хан көп нəрсе ұтты. Өйткені билер кеңесі барлық румен тығыз байланыс орнатып, ел бірлігін халық көкөйіндегі көкейтесті мəселелерді: қөш-қоныс, ел тыныштығы, сыртқы жаудан қорғану т.б. талқыланды. Ақыры, билер кеңесі ханның кеңесу органына айналып, зор саяси маңызға ие болды.
Тəуке ханның сыртқы саясатына келетін болсақ, атырабындағы елдермен тату көршілік байланыс орнатуға, олармен экономикалық, сауда-саттық қарым-қатынас жасауға тырысқан бейбіт дипломатиялық саясат болды. Тəуке хан Бухара хандығымен бибітшілік қарым – қатынаста болуға, Орта Азиядағы отырықшы аймақтармен, қалалармен сауда-саттық жасауға тырысты. Қазақ хандығымен жауласып келген жоңғар хандығына да соғысты тоқтатып, тату көршілік қатынас орнату жөнінде Қазыбек би бастаған елшілер жіберген.
Алайда, мейлінше жауласып алған жоңғарлар мен қазақтардың бітімге келе қоюы мүмкін емес еді.
XVII ғасырдың соңы мен XVIIІ ғасырдың басында жоңғар феодалдары қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасап тұрады. Олар Оңтүстік Қазақстанды жəне Сырдария бойындағы базарлы қалаларды, сонымен қатар ең маңызды кереуен жолдары өтетін территорияны да басып алуға тырысты. 1681-1685 жж. жоңғар феодалдары Оңтүстік Қазақстанға бірнеше рет жабуыл жасады, Сайрам қаласын қиратып, егіншілікпен айналысқан ауылдарды күйретті. XVIIІ ғасырдың бас кезінде жоңғар əскерілерінің бір тобы Сарысу өзеніне жетсе, екінші бір бөлігі Орта жүздің шығыс-солтүстік аудандарына басып кірді.
Тəуке хан береке – бірлікті барынша күшейтіп, сыртқы жауға батыл күрес жұмсау үшін қажымас қайрат жұмсады. 1710 жылы жауға қарсы қалай төтеп беру мəселесін талқылау үшін Қарақұм маңында барлық қазақ жүздерінің өкілдері бас қосты. Халық жасақтары құрылды, бұлар жоңғар əскерлерін шығысқа қарай ығыстырды. Бірақ, бұл жеңіс баянды бола алмады. Өйткені бұл кезде жоңғарлар жұм (біріккен), қазақтар бытыраңқы болды. Қазақтың феодал шонжарларының арасындағы алаусыздық пен енжарлық, сыртқы жаудан қорғану үшін жалпы халық күшін жұмылдыруға кедергі болып отырды. Бұл жағдайды пайдаланған жоңғарлар шабуылды қайта бастады. 1716 жылы бұлардың əскерлерінің негізгі бөлігі Іле өзенінен Аягөзге қарай жорық бастады. Нақ осы кезде жоңғарлардың отрядтары Абақанға қарай беттеп, Бие жəне Катун өзендерінің арасындағы жерді басып алды.
Тауке хан Россия мемлекетімен де тату, достық қарым-қатынас жасауға тырысты.
Алайда, Тəуке хан қазақ хандығын бір орталыққа бағынған күшті мемлекет етін құру мақсатын жүзеге асыра алмады, халқының басым көпшілігі көшпелі жəне жартылай көшпілі мал шаруашылығымен айналысқан жəне патриархалдық-феодалдық қатнас үстем болып отырған елде мұны жүзеге асыру мүнкін емес еді, оған қазақ хандығының сыртқы жағдайы да мүнкіндік бермеді. Сөйтіп, қазақ хандығы бытыраңқылық жағдайда кала берді. Əрине, бул бұрын-сонды Орта Азия өңірде тарих сахнасына шыққан көшпелі хандықтардың бəріне ортақ жағдай еді.
Солай бола турса да, Жəңгірдің баласы Тауке хан (1680-1718 жж.) тұсында қазақ хандығың бірлікберекесі күшейе түсті. Тауке хан қазақ тарихында «Əз Тауке», «адамзаттың данасы» деп аталды. Ол хан тағына отырған сөң, қазақ хандығында асқынған ішкі феодалдық алауыздық пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған қазақ хандығын құруға қажырлы қайрат жұмсаған мемлекет қайраткер деп, толық есептеумізге болады.
Тəуке хан – Қазақ хандығы институтын дамытып, елді сыртқы жаудан қорғауда жəне көрші елдермен дипломатиялық қатынастар орнатуда ерен еңбек еткен тарихи тұлға. Ол қазақ қоғамында қалыптасқан ішкі алауыздық пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған мемлекет құруда біршама жетістіктерге жетіп, осы бағытта жүйелі реформалар жүргізді. Жыл сайын Ташкент түбіндегі Күлтөбеде үш жүздің басын қосқан құрылтай өткізіп, шонжарлар мен билерден құрылған «хандық кеңес» пен «билік кеңесінің» беделін арттырды. Өзіне тəуелді қырғыздар мен қарақалпақтарды басқаруға өз араларындағы сенімді адамдарын қойып, олармен бірге жоңғарға қарсы əскери одақ құрды. Ресеймен, оңтүстіктегі Бұхара хандығымен дипломатиялық жəне сауда қатынастарын орнатты.
Алтайдан Атырауға дейін созылған қазақ даласының территориялық тұтастығы мен тəуелсіздігі үшін жан аямай тер төгіп, қасық қаны қалғанша ішкі сепаратистік əрекеттер мен сыртқы шапқыншылыққа тойтарыс бере бере білген данышпан бабамыз əз Тəукенің қазақ халқына сіңірген еңбегі, атқарған қызметі өлшеусіз.
Абылай хан
Абылай (1711-1781) Қазақ ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері. Жас кезінде Төле бидің тəлім-тəрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналылығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатыел билеу қабілетін анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана ьойтарыс бере алатынтынын жас баланың санасынаұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тəжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себебі болды. Абылай 20 жасында қан майданда ерлігімен танылған.Бұхардың Абылайға «Сен жиырма жасқа жеткен соң, алтын тұғырдың үстінде, ақ сұңқар құстай түледің» деуі осының дəлелі.
Сонымен, Абылай 20 жасқа тола ел билігіне ие болады. Елін жоңғар басқыншыларынан азат ету жолына ол енді қызу кірісе бастағанда ту сыртынан «Орыс аюы»төне бастайды. Өзара арпалысып жатқан екі көшпенді елді мұқият аңдып отырғани Ресей патша өкіметі, енді уақыт жетті дегендей, Орта жүздің ханы Əбілмəмбетті жəне Абылай сұлтанды қайта-қайта келіссөзге шақырады. Ақыры 1740 жылы тамыз айының аяғына қарай Əбілмəмбет бастаған Орта жүздің 128 би-батырлары болып Орынборға жетеді. Осы арада хан мен сұлтан Орынбор губернаторымен екі мемлекет арасындағы əскери одақ, алыс-беріс, тыныштық туралы келісімге қол қояды. Біріақ, орыс жағы оны бодандықты мойындаған деп біледі. Абылай бұл күндері 27 жаста ғана болатын. Орыстың дипломаты бұндай шартты қазақ сияқты жұрттың бодандықты мойындағаны сөз жүзінде ғана, олар өзін сол империяға тəуелді деп санамайды жəне ештеңеге міндеттімін деп ойламайды деген.
Кейін Абылай толық хандыққа ие болғанның өзінде де, орыс дипломатиялық құжаттарында бұл кісіні тек Орта жүздің ханы деп көрсетіп отырған. Осыған орай Абылай орыс патшасы Екатерина 11 жолдаған мəлімдемесінде «Бұдан былайғы жерде мені бүкіл қазақ жұртыныңəміршісі Абылай хан деп біліңіз» – депті(9). Бұнысы ол тəуелсіз елдің əміршісі, басқа елдердің патшаларынан еш кем емес тақ иесі ретінде ескерткені болатын. Өзінің бүкіл Қазақ хандығының ханы екенін жəне сол жұрт өз еркімен оны хан етіп сайлағанын білдіреді.
Қалыптасқан қазақ дəстүрі бойынша үш жүздің өкілдері 1771 жылы Абылайды ақ кигізге көтеріп, бүкіл қазақ елінің ханы етіп сайлайды. Бұны естіген Ресей үкіметі Абылайды орыс шекарасына ант беруге шақырады. «Мені өз халқым хан ертеден-ақ бекітіп қойған»(8) деп, Абылай шекараға бармай қояды. Бұл, бір жағынан, Орыс империясының кімнің қожа екендігін білдіру болса, екінші жағынан, Абылайдың өзінің ешкімге тəуелді емес екендігін баршылыққа паш еткені еді.
Абылай қалмақ тұтқынына тұскен кезде де өзінің үлкен саясаткерлігін жауына танытады. 28 жасқа енді келген жас батырдың əрі сұлтанның батырлығына, қол басшылық қабілетінен бұрын да хабардар болған хан, енді көзбе-көз сөйлесе келе оның ақыл-парасатына да қайран қалады. Қалдан Серен дарынды қолбасшы ғана емес, көреген саясатшы да болатын. Елінің, халқының болашағы да бұл кісіні алаңдата бастаған. Мына қазақтар күн сайын, ай сайын күшейе, енді қалмақтарды елінен, жерінен ығыстыра бастады. Ту сыртынан таққа енді қолы жеткен жаңа басшы бар, алпауыт Цин-Қытай империясы қайта төне бастады. Сондықтан Шыңғыс хан ұрпағынан тараған мына жас сұлтанның басын алудың өзі қисынға келмейтін жəйт, əрі бұны енді іздеуге елі де кірісе бастаған.
Қалдан Сереннің талай сұрағына орынды жауап қайтаруы да ханға ұнайды. Бірде, «Бұл дүниеде ең күшті əмірші кім?» депті(9). Сонда Абылай тұрып: «Дүниедегі ең қуаттысы қондыгер (осман түріктері), содан соң орыстың ақ патшасы, Ежен хан (Қытай императоры), олардан соң сенсің, одан кейін менмін» депті. Қалдан «рас, рас» деп, мəз болыпты. «Аз халықты басқарып отырсың, үлкен халыққа лайық əміршісің» депті одан əрі Абылай. Бұның да «рас» депті қалмақ ханы. Қалдан хан да жəй қалмаған.Талай кездесулерінде Абылайға: «Осыдан жүз жыл бұрын тусаң, Азия елінің ұлы жаулаушысы болар едің» депті(10).
Қалмақтың тұтқынында болған кездерінде де Абылай өзінің намысын жықпай, қазақ қасиетін төмендетпей, қаһарлы дұшпанының өзімен терезесі тең сөйлесе білудің өзі оның қайратының қандай екенін білдіреді.
Тұтқыны бола тұрса да қалмақ ханы Қалдан Сереннің Абылаймен жүргізген келіссөздері екі халықтың өзара бейбітшілікке ұмтылу саясатының өзекті мəселесі болғанын көрсетеді.
Ақыры екеуі бітім – келіссөзге келеді. Қалдан Серен Абылайды тұтқыннан босатуға мəжбүр болады. Оның тұтқын жағдайында жүргізген келіссөздерінің күші тоғыз жылға созылады да, ол қазақ елі жоңғар шапқыншылығынан біраз тынығуына жол ашады.
Қалдан Серен өдгеннен кейін оның мұрагерлерінің арасында таққа талас басталады. Абылайға керегі де осы болатын. Қарсыластарын бір-біріне қарсы қойып, жауын мейілінше əлсіретуге тырысады(11). Ақыры өзіне қарсы аттанған қарсыластарынбірнеше рет ойсырата жеңіп, қазақ жерін түгелдей қайтарып алады.
Абылайдың Қалдан Серенмен арадағы бейбітшілік туралы келісімі тура тоғыз жыл бойы берік сақталды. Соның арқасында соғыстан қажыған ел біржолата оңалды. Малы өсіп, жаны көбейіп, енді қуғансүргінді, аштықты көрмеген, жаудан беті қайтпаған ұрпақ та жетіле бастады.
Қалдан Серен қайтыс бола қалмақ мұрагерлерінің арасында таққа талас басталады. Тақты тартып алған Лама Доржыдан бастарын сауғалап, Абылай ордасына Дабашы мен Əмірсана келеді. Енді Абылай бұларды кезек-мезек қолдап, қалмақ елін бөле-ажырата əлсірете бастайды. Өзіне қарсы шығып, жорыққа шыққан Лама Доржыны 1772 жылы бетпе-бет соғыста тас-талқанын шығарады(12). Ендігі бақталас Дабашы мен Əмірсананың арасында басталады. Абылай Əмірсананы жақтайды. Ақыры қазаққа қарсы жорыққа аттанған Дабашыны 1754 жылы біржолата талқандайды(13). Бірақ, қалмақ елдгін біржолата жоймайды. Жеке бөлшектеп, бұлардың əрқайсысын қолдап отырады.
Абылай көреген саясатшы ретінде, екі жүз жыл бойы ата жауы болып келген елді енді сақтауға тырысады. Сөйтіп, жоңғар елін жер бетінен жоғалауын қаламайды. Себебі, өзінің көрегендігімен Абылай шығыстан көрінген топан судың күшіндей қуатты жаңа жауын бірден болжайды.
Ал, ғасырлар бойы алып Қытай империясымен жауласып келген Жоңғар мемлекетінің аман қалуын ең басты саяси мəселе деп санайды. Цин империясына қарсы күресте жоңғарларға дем беруге тырысады.
Осылай қазақ еліне төніп келе жатқан апаттан оның ежелгі жауын тосқауыл ретінде пайдалануды қолға алады.
Əлсіреп біткен жоңғарды аңдып отырған Цин империясы 200 мың əскерін шығарып, қалмақтың тыптипылын шығарады(14). Қазақтарды қалмақпен əлі онша ажырата білмегендей, қытайлықтар сол қарқынмен қазақ жеріне де енжелей кіреді.
Абылай Үш жүзден қалың қол жинап, жауын қарсы алады. екі жыл бойы итжығыс күресі екі жаққа да жеңіс əпермейді(15). Ақыры, қытай жағы шексіз қазақ даласындабұларды оңайлықпен жеңе алмайты-нын түсінгендей болды.
Абылай болса 40 жылғы қырғыннан қалған азғантай қазақты мүлдем құртып алмауын ойлайды. Осылай екі жақ та келіссөзге келеді. Бейбіт-бітім шартқа да қол жетеді. Цин императоры мен Қазақ ханының арасында «ағалы-інілі қатынас» орнайды(16). Бұл қытайлықтардың түсінігінше, бодандық жүйе – «əке мен баланың» арасындағы қатынас деп аталатын.
Бұл жолы да дарынды қолбасшы, көреген саясатшы Абылай хан елін, жерін жауға алғызбайды, тəуелсіздік туын берік ұстайды.
Абылай енді аздаған жыл тыным алғаннан соң, бұрынғы Қазақ ордасының төрт бұрышын түгендей бастайды. Жоңғар қалмақтарын қазақ жерінен ығыстырған соң, иесіз қалған елді көршілері келіп иемдене бастаған. Сонымен қырғыз ағайындарды Іле, Шу өзендері бойынан, Қордайдан асырады. Екінші жорығында Абылай Нарынкөлден Меркеге дейінгі алқапты қайтарып алады(17). Он жылға созылған тынымсыз жорығының арқасында Қоқан хандығы иеленіп алған Қаратау өңірін, Сыр бойын, одан əрі Ташкент шаһары мен Жизақ кентін де өзіне қосып алады(18).
Ел шаруашылығын көтеруде де Абылай жаңалыққа бет бұрады. Қазақ халқы түгелдей дерлік мал шаруашылығымен айналысатыны белгілі. Өзін қоршаған елдердей, ол отырықшы шаруащылықты да енгізуге тырысқан. Егін салып, соның өнімімен халқын тиянақты өмірге де жол ашады.
Отырықшы ел болмай қазақ халқы берік мемлекет негізін қалай алмайтынын Абылай жақсы түсінген. Қалдан ханға тұтқында жүріп, бір əңгімесінде «ең үлкен арманым – айдалада жосып жүрген қазақ деген халыққа хан болып едім, бір жерге қала салып, отырықты ете алмай, жосыған күйінде қалдырып барамын», деп жəй айтпағандай(19).
1774 жылы Үйсін ру басыларының өтінішімен басшы ретінде оларға Əділ деген ұлын жібереді. Талас өзені бойында оған қалашық салып беріп, онда еңбекқор қарақалпақтарды орналастырады(20). Бұнысы, сірə, суармалы жерге егін егумен айналыссын дегені болар.
Өзіне, қазақ еліне он шақты үй егінші шаруа жіберіңіз,олар қазақтарға егін салуды үйрететін болсын деп, Ресей үкіметіне өтінеді. Бұған орыс патшасы «егер сенімді аманат жіберсе, онда шаруалар жіберіледі» деп жауап беріпті.
30-35 жылдарға созылған тыныштық қазақ халқына «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» дейтін арманына ұқсағандай болды.
Қазақ елінің терістік өңірі де Абылайдың есінен кетпеді. 1718 жылдан басталған Жоңғар жорығы ақыры Қазақ мемлекетін ыдыратуға əкелді. Қалмақ иеленіп үлгермеген жерлерінде кіші-гірім төрт-бес хандықтар пайда болды. Осы күйзелісті байқап отырған Ресей империясы тез қимылдауға кіріседі. Ертіс өзенінің оң жақ қабағын ала он бес шақты қамал тұрғызып үлгереді. Қазаққа өзеннің арғы шығыс бетіндегі Құлынды, Барабы жайлауларына жолы жабылады. Жайық өзенінен басталып, Ертіс өзеніне шейін шеп құрып, əуелі орманды, өзен-көлді өңірге сүйенен, кейін жағдай оңтайлы бола, сол шепті оңтүстікке, далалы жерлерге қарай неше дүркін жылжыта берген. Ара қашықтығы 30-50 шақырым сайын қамал, бекет, бекініс орнатып, онда орнықты түрде, кəсіби əскер мен казак-орыс əскерімен қамтып отырған.
Енді осы жерлерді де қайтару Абылайдың ойында болған. Бірақ, оның бұндай ойына өзінің ақылшысы Бұхар жыраудан бастап, көпшілік қауым қарсы болады. Өйткені, Ресей империясы сол заманда əлемдегі ең қуатты елінің бірі болатын. Оның от қаруымен қаруланған сансыз кəсібиəскері болған. Сондықтан ондай жорығы қазаққа жаңа қасіреттен басқа ештеңе бермейтініне көзі жеткен Абылай, ақыры бұл ойынан айығады.
Абылай хан Ресей мен Қытай сынды алып мемлекеттермен тіл тауып, қазақ халқының еркіндігін ұстап тұруға барлық күш-жігерін жұмсады. Ол осы екі аса ірі империялар арасында икемді саясат қолданып, «бағыныштық» көрсетіп, елінің, жұртының тыныштығы мен азаттығын қорғай білуін «жалтақты» саясат емес, елінің ізгі мұратын көздеген құбылыс деуге болады.
Абылай өз халқының ұлы ретінде Қазақ мемлекетінің егемендігін бүкіл əлемге танытуға тырысып бақты. Əртүрлі дипломатиялық кездесулерде Қазақ хандығы жəй ғана жиылған тобыр емес,ол қуатты, қайратты мемлекет екенін,ал оның ұстанған бағыты ел бостандығын қамту екенін əр мезгілде аңғыртып отыруға тырысады.
Атақты орыс ғалымы А.Левшин Абылайдың ішкі жəне сыртқы саясатын өте жоғары бағалаған: «Абылай тəжірибелі, ақыл-силасыжағынан болсын,қол астындағы халқының саны жағынан болсын, сондай-ақ өзінің Ресей патшалығымен, Қытайдың боғдыханымен жүргізгентапқыр, шебер қатынастары жағынан болсын, өз тұстағылардың бəрінен де басым еді. Ол ұстанымды, досына қайырымды, жауына қатал,қаһарлы кісі еді. Сондықтан жұртты өзіне тарта, ерте білетін еді» – деп жазған(21).
Мұны Абылай ханның өз дəуірінде Қазақ мемлекетінінң тəуелсіздігін одан əрі нығайтып, ел бірлігін сақтау мақсатында жүргізген даналық ішкі жəне сыртқы саясатына берілген жоғары баға деуге болады.
Жоғарыда айтқандарымызды қорыта келсек, Абылай ханның қазақ қоғамы мен мемлекеттігі жөніндегі саясаты əлеуметтік-саяси ойдың шыңы деуге болады. Себебі, Абылайдың бұл саясаты жаңашылдық рухта еді. Оның бұндай саясаты қазақтарды егеменді ел болуды, көшпелі тұрмыстағы халқын отырықшы мəдениетке көшіру, Үш жүздің басын қосып, елдің тұтастығын сақтап,күшті қазақ мемлекетін құру еді. Басқа мемлекеттермен саяси қатынаста əр мемлекет бейбіт қатар, бір-бірінің ішкі істеріне араласпай өмір сүру.
Міне, Абылай бабамыздың осындай саяси сара жолы бүгінгі күндері тəуелсіз Қазақстанда одан əрі жалғасын табуда.
Кенесары хан(1802-1847 жж.)
Қазақтың ақырғы ханы Кенесары Абылай ханның немересі. Əкесі Қасымтөре Шохан Уəлихановтың мəліметі бойынша, Абылайдың бесінші əйелі Топыш ханымнан туған(22).
Қасым төренің екі əйелі болған. Бірі қалмақ қызы. Осы кісіден Саржан, Есенгелді, Ағатай, Бопы, Кішік жəне Кенесары туған. Тоқалдан жалғыз Наурызбай туған.
Кенесары 1802 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Бурабайға тақау Бүркітті тауының баурайында дүниеге келген.
1819 жылы Уəли ханның өлімі Орта жүзде хандық билеуді жоюға жол ашты. Ресей империясы осындай жағдайды жіті бақылып отырған, енді тез арада қыймылға көшті.
Қалыптасқан дəстүрге сай қазақтар Уəлидің үлкен ұлы Ғұбайдолланы ақ киізге көтеріп, хан сайлайды(23). Бірақ бұны Ресей өкіметі қолдамайды. Жүз жылға жақын қазақ жерін қамалдармен шырмап алған олар енді нақты іске кіріседі.
1822 жылы «Сібір қырғыздары (қазақтары) туралы жарғы»деген үкімін шығарып, Көкшетау мен Қарқаралыда қамал сала бастайды. Оған қарсы тұрамын деген Ғұбайдолланы ақыры Сібірдегі Березов қалашығына жер аударады.
Ресей үш бағытта шаралар жасауды қолға алған. Біріншісі, жоғарыда айтылған қамалдарды гарнизондарын қаптатып, казактардың тұрақты мекендеріне айналдыра бастады. Екіншісі, округтар енгізіп, округтік приказдар құрып, əкімшілік басқару реформаларын жасап, қазақтардың саяси құқықтарын шектеу.
Үшіншісі қазақтардың жерін жаппай басып алу, салық салу, өздерінің əртүрлі монополиясын енгізу,балық аулауға, ағаш кесуге шектеу дегендей(24).
Осыны іске асыру саясатында бір жағынан əскери қарулы күшке сүйену болса, екінші жағынан, қазақ шонжарларының феодалдық басшы тобына сүйену болды. Бұл сұлтандарға, билерге қыстауларын, жайлауларын меншік ретінде иеленуге рұқсат етілді. Оларды əкімшілік қызметке тағайындады, салықтан жəне басқа міндеттемелерден босатты.
Қазақтардың саяси дербестігін жоюмен бірге, бір мезгілде құнарлы жерлерін тартып алып, оған орысказактарын орналастыру жоспарлы түрде жүргізілді.
1835жылы «Жаңа шеп» құру дегені басталды(25). Ол Ор жəне Троицк қамалдарының аралығын жалғастыратын болды. Бұл кеңістікті Қыпшақ жəне Жағалбайлы рулары мекендейтін. Қыстаулары жəне шабындықтарына ие 12 мың түтін шамасында болатын қазақтарды осы өлкеден ығыстырып, ол жерге Орынбор казак əскерлерін қоныстандырды. Орыстардың өздері бұл жерді қазақтардың қыстауларына, мал тебіндетуге ең қолайлы жер деп санаған. Сол секілді Ертіс өзенін бойлап, Алтай өлкесін қамти Өскеменнен Омбыға дейін өзеннің екі беті, ені он шақырымға шейінказактарға кесіп берілді. Бара-бара олар далаға тереңдеп, енген сайын бұл жерлер де олардың иелігіне өте берді.
Ал, қазақтар үшін жер мəселесі ең басты болып саналды. Өйткені табиғи өсімдігі мол шұрайлыжайылым мен өзен-көлді жер болмаса мал өсіруге де болмайды. Далалы өңірде сирек кездесетін тоғай мен қамысты көлдер, өзендер бойы, оларды қысқы ұйтқыған боранда, суықта малға пана əрі қорек ретінде жəне үй жылытатын отын ретінде керектін.
Ресейдің сол замандағы бір адамы былай деп жазған екен: «Ресейді қорғанышым болды деп сеніп, оған алым-салық төлеп тұруға көнген қырғыз-қайсақтардың бұл күнде генерал-губернатор казактардың шекаралық командаларының тепкісіне салып қойды, екеу ара жанжалдасып қалатын болмашы іс үшін де қырғыз-қайсақтарды сап құрып таяққа жығады, тұтқындайды, ал олардың əйелдерін адам құрлы көрмей қорлайды, осының бəрі осы халықты Ресейден сырт айналдыруды көздеп, əдейі істейтіндей əсер қалдырады».
Осылай қазақтардың көптеген жазғы жайлауы мен қыстауларының патша өкіметінің қарамағына көшуі ғасырлар бойы қалыптасқан көші-қонның дəстүрін бұзды.
Осыған ұқсас əр түрлі келеңсіздік, халыққа жасалып жатқан қиямет жыл сайын көбейе берді, қазақ бұқарасының наразылығын көбейте берді. Ақыры Көкшетау, Қарқаралы қамалдары қалана бастауымен 1824 жылы шыдамы таусыла бастаған халық көтеріліске шыға бастады. Көтерілісең əуелі Орта жүздің солтүстік-шығыс беткені, немесе Ресей империясының өз еркімен батыстан шығысқа қарай созыла тартқан жаңа шебі қазіргі Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Қостанай облыстарының терістік беткейі еді. Осы көтеріліске 1824-1836 жылдардың арасында сұлтан Саржан Қасымұлы басшылық етті. Əрі қарайкөтеріліс жайыла Қарқаралы округіне де жетті(26).
Бұл қарсылыққа Қасым сұлтанның да ықпалы болды. Сондықтан болар көтерілістің бас қасында жүргендер көбіне осы кісінің ұлдары Саржан, Есенгелді, Кенесары,Наурызбай жəне Бопы болды.
Қасымның ерекше қабілеттілігін дұшпандары да мойындаған. Орынбор,Сібір шекара комиссиясының төрағасы Ладыженский былайдеп жазған. «Ол пайда табуды ғана ойлаған, тонаумен өмір сүретін, жай қарақшыдан жоғары тұр. Ол қырда ат ойнақтатып шыға келіп, ал Үкімет тарапынан сəл ғана сес көрсетілсе, із-түссіз көзден тасаланатын жан емес. Ол шығу тегі жағынан да, алдына қойған мақсаты жағынан да, алдына қойған мақсаты жағынан да жəне қабілеті жағынан да жоғары тұр. Сондықтан оны елемеуге болмайды». Сібір генерал-губернаторы Капцевичке жазған хатында Қасым «приказдардың жойылуын жəне орыс отрядтарының қырдан кетуін талап етті»(27).
Кенесары бала кезінен-ақ əкесі Қасымның патша өкіметіне қарсы күресінің куəгері ғана емес, сол күреске қатысушысы да болған. Кенесары күреске жас кезінен араласқан. Ол əкесінің қол астында шайқасты, ал кейін ағасы Саржанбастаған көтеріліске белсене қатысты. Оның көтеріліске қатысуы туралы мəлімет 1825 жылға жатады(28).
Кенесары көтерілісшілердің көсемі ретінде саяси аренаға өзінің əкесі мен ағаларының өлтіруінен кейін ғана шықты.
1836 жылы Қоқандықтар оның ағаларыСаржан, Есенгелді, Əлжанды, ал 1840 жылы əкесі Қасым мен оның жұбайы Бұбайды өлтіреді. Ағалары да, əкесі Қасым да елін, ауылын қуғынға ұшыратқан патша жазалау тобына қарсы күресу үшін Қоқан ханынан, Бұхара, Хиуа хандарынан қару-жарақ сатуды өтінеді. Мүмкін, Ресей империясына қарсы бұлардың күресін бұл хандықтар қолдар ма деген ойлары да болған шығар. Бірақ, бұл хандықтар өздері бөлшектеп қиып алған қазақ руларын Қасым мен оның балаларықаратып алады деп қауіптенген. Сондықтан бұлардың көзін құртуолардың мақсаты болған.
Кенесары туыстарын өлтірген қоқандық жендеттерден кегін алғасын, 1837 жылының көктемінде Орта жүздің Ақмола приказының оңтүстігіне келеді. Бұл оқ дəрісі бар бөшкеге түскен ұшқындай əсер етті. Ішінен тынып жүрген қазақтар Кенесары туының астына топ-тобымен жинала бастады. Ақмола приказы аймағында мұндай қозғалыстың пайда болуы кездейсоқ емес еді.
Ақмола приказы патша отарлауының тірегіне айналғанды. Приказдың қарамағындағы қазақтар патша өкіметінің отарлау езгісінің ауыртпалығын өз бастарынан өткерген болатын. Жергілікті қазақтардың жайылымдарын, көлдер мен өзендерге бай жақсы жерлерін тартып алып, бекіністер құрылысына оларды қара жұмыстарға салып, ауыр алым-салық төлеуге мəжбүр етті.
Көтеріліске шығардың алдында Кенесары патша өкіметіне арнап, төмендегідей бірнеше хат жолдайды. «Ата-бабамыз мұра еткен Есіл, Нұра, Ақтау, Ортау, Қарқаралы, Қозылық, Жарқайың, Обаған, Тобыл, Құсмұрын, Оқият, Оралға дейінгі Тоғызақ-қазіргі патша тұсында бізден тартып алынып, ол жерлерде бекіністер салып, сонысымен тұрғындарды өте қиын жағдайға ұшыратуда. Бұл біздің болашағымыз үшін ғана емес, сонымен бірге бүгінгі өмір сүруімізге де қауіпті»(29).
Бұл хаттарына жауап ала алмайды. 1839 жылы бес сенімді адамдарын жұмсап, Омбы арқылы патшаға жəне хат жолдайды…
«Тақсыр… Сіздің ата-бабаларыңыз, бізде – менің атам Абылай хан билеп-төстегенде халық тыныш өмір сүрді. Оған еш пенде қолын сұққан жоқ, екі-жақты саудаласты, жайлы өмірді сақтады. Біздің елден ешкім алым- салық жинамайтын. Кейінгі кезде бізден салықты жөнсіз сыпыра бастады. Əртүрлі жəбір көрстеуді сезіп отырмыз. Бұрынғы бейбіт келісімді бұзып, сіздің төменгі буынғы басқарушыларыңыз, ақиқатты аяқпен таптап, барша қазақ халқын Ресейдің уысында деп қарайды. Менің марқұм атам Абылайдың иелігіне кіретін өңірде сіздің адамдарыңыз сегіз дуан ашқанына қатты қынжыламыз. Барща қазақ халқына қысымды тоқтату жəне бұрынғы тыныш өмірді қалпына келтіру үшін сізден, Ұлы патша, өмірімізге қол сұқпауыңызды, сегіз дуанды жəне басқа да даламызда салған қоныстарыңызды жоюды өзіңізден өтінуді бақыт санаймын»(30).
Осындай хатты Сібір губернаторы В.Д.Горчаковқа да жолдаған. Кенесары былай деп жазады… «Сіздің есіңізге салайын дегенім, екі халықтың тыныштық өмірін қамтамасыз ету. Өзіңіз Ресейге бағынышты жұртты мен өз жағыма қаратып алды деп реніш білдіресіз. Мəселе тіпті басқаша. Менің атам Абылайдың иелігінде жөнсіз бірнеше дуандарды ұйымдастырып, салық жинаттырып отырған сіздер емес пе? Бізге қысым көрсетудесіз. Оған наразылық білдіреміз, бұдан былай алым- салығыңызға көне алмай-мыз. Ойланыңызшы, егер Ресейді басқа бір мемлекет билеп-төстеп отырса, қалай шыдар едіңіз? Біздің де пайымымызды еске алыңыз»(31).
Соңында өз өтінішін білдіреді:
Ақтау бекінісін жермен-жексен ету; Ақмола округін тарату;
Далалық өңірдегі үкіметтің басқа да қоныстарын жою; Қапаста отырған көтерілісшілерді босату.
Соңында Горчаковқа осы айтылған талаптарға пікірін хат тапсырған елшілері арқылы хабарлауын өтінген.
Бұнысы Кенесары Сібірдегі патшаның сатрапынан өзін мейлінше биік санағаны.
Кенесары ең басынан қазақтардың басын қосатын бірыңғай мемлекет құрмай, алпауыт Ресей өкіметіне жəне Орта Азия хандықтарына қарсы куресуге болмайтынын жақсы түсінген. Қазақтардың түбіне жететіні, олардың бытыраңқылығы, араларындағы ру араздығы жəне барымта деп санаған.
Кенесарыныңмемлекет құрудың ұйымдастыру қызметінде ел билеудің барлық жағын қамтуға тырысып бақты. Ел билеудің басында өзі тұрды. Жанында батырлар, билер жəне туыстарынан құралған Кеңес жұмыс істеді. Хан Кеңесі тек кеңесуші орган ғана болды. Бұның құрамына бытыраңқылықты қолдайтын текті феодал-шонарлар кіргізілмеді. Хан Кеңесінде елдің ішкі жəне сыртқы жағдайының аса маңызды мəселелері қаралды.
Кенесары мемлекеті сот, елшілік, қаржы, əскери іспен жəне азық-түлік жинау мəселелерімен айналысатын болды. Оны жеке адамдар басқарды. Жоғары сот билігін өз қолына алды. Рулық істерді шешу үшін ол билерді өзі тағайындады. Елшілік мүшелері патша əкімшілігімен, Қытай, қырғыздармен болған келіссөздерінің бəріне қатысып жүрді.
Қаржы мекемесі алым-салық жинаумен жəне керуендерден баж салығын алумен айналысқан. Ірі тектің феодалдардың малы мен мүлкін мемлекет қарамағына тартып алу ісі де жүргізілді. Олар отаршылдар жағын жақтап, Кенесарыға қарсы шыққан көтерілісшілерге көмектесуден бас тартқан ірі феодалдар еді.
Əскери күшті ұйымдастыруда өткен дəуірмен салыстырғанда түбегейлі жаңалық енгізбесе де кейбір өзгерістер енгізді.
Əскер басында Кенесарының өзі тұрды. Аға, інілері, жақын-достары əскери Кеңес құрды. Бұл Кеңесте соғыс жоспары қаралып, үлкен жорықтар алдындағы жауапты шешімдер қаралды(32).
Сөйтіп, ел басқару ісі белгілі бір жүйеге келтіріліп, мемлекеттік аппарат жеке салаларға бөлінді. Əр атқарушы белгілі бір мемлекеттік қызметке ие болды.
Осылай мемлекеттік аппаратты реформалау өкіметтің орталықтандыруына белгілі бір дəрежеде игі əсер етті.
Енді осы салалардың жұмысын жеке қарап өтейік.
Хан Кеңесі кеңесуші ғана орган дедік. Ақырғы билік сөзі хандыкі ғана бодды. Бұл бұрынғы ру, тайпа. жүз билерініен ерекшелігі еді. Кеңеске азаттық күрес басында жүрген, хан құрметі мен сеніміне енген адамдар ғана мүше болды. Бұлар – інісі Наурызбай батыр, Ағыбай, иман батырлар жəне кейбір билер. Кеңес барлық уақытта Кенесарының пікірімен санасып отырды.
Сот реформасын жасағанда Кенесары Тəуке хан реформасын жалғастыра білді. «Жеті жарғы» құқық жинағы бойынша Тəуке заңдары ру, тайпа мен сұлтандардың мүддесіне тежеу қойған болатын…(33).
Ірі текті феодалдардың малы мен мүлкін мемлекет қарамағына алу ісін əпкесі Бопай басқарды. Күшпен тартып алынып, олардан бұрын мал-мүлік иелері алдын-ала хабарландырылып отырған.
Жергілікті билікті «Кенесары жасауылдары» жүргізді. Олар руға бектіліп қойылған. Жасауылдар алым-салық жинау барысын, өкімет шешімдерінің орындалуын бақылау, көшіп-қонуаудандарын белгілеу жəне басқа да елдің тұрмысын, көңіл-күйін бақылау жүктелген. Кенесары үндеулерін таратып, елді көтеріліске шақырған.
Кенесары иеленген аймақтарда оның айтқандары бұлжытпай орындалыпотырған.
Сот ісі үш топқа бөлінді: Кенесары қарауындағы рулардың барымта жəне адам өліміне байланысты сот істері; Кенесарыға бағынышты емес рулардың арыздары қаралатын сот істері; Кенесарыға қарасты қазақтар мен патша болыстары арасындағы дауды шешу сот ісі.
Ендіосыныжеке қарап көрейік.
Кенесары өзінің қарамағындағы қазақтардың малын рұқсатсыз тартып алуға қатаң тыйым салды жəне ондайлар болса қайтарылып беріп отырды.
Ел ауызында мынадай əңгіме сақталған. Ағыбай, Бұхарбай жəне Наурызбай батырлардың көздері бір сұлу қызға түседі. Əкесіне барса, ол кісі қалыңмалсыз ешкімге бермейтінін айтады. Бұл үш батыр Кенесарыға келіп, əлгі байдың қызын тартып алып, малын айдап əкетуге рұқсат сұрайды. Сонда Кенесары тұрып «бізге халық керек пе, қалыңдық керек пе? Бұл қол астымыздағы халықтың бірлігін бұзуды ойлағандарың ба? Қалыңдық керек болса, Созақ қамалын алыңдар да өзбек қыздарына үйленіңдер депті».
Кенесарыға өздерінің даулы мəселелерін шешуге өтініп, қол астынан сырт жердегі ауылдардан да келетін болған. Кенесары олардың ісін қараудан бас тартпаған.Оған алыстағы Адай жəне Шекті руларының өкілдері де жиі келіп отырған. Бірде Көтібар батырдың балаларыДəрібай мен Есет келіп, қарсы румен тіпті ескі дауын шешіп беруін сұрағанда, Кенесары «одан бері 20 жылдан астам уақыт өткен ескі дау» деп оны қабылдамай қояды. Олар қарсылас румен татуластыруды ұсынған екен, бірақ оған олар келіспейді. Осыдан кейін Көтібар батыр Кенесарымен өштесіп кеткен деген сөз бар.
Соңғысы –Кенесары жақтастары мен Ресейге бағынышты ауылдар арасындағы сот. Кенесары жақтастары ауылдарының малын əкетуге айдап, салушылар патша жақтастары болатын. Мұндайда Кенесары сол қарсылас ауылдарға өз адамдарын жіберетін. Одан ештеңе шықпаса, билеуші сұлтандарға сөз салатын. Одан ештеңе шықпаса, Орынбор, Шекара Комиссиясымен, не тікелей губернаторға хат жолдап, билеуші сұлтандар істі шешпегенін жеткізетін.
Кенесары қызметін бақылаған патша орындары оның барымтаны тоқтату шешіміне көңіл аударған. «Кенесары өз жағындағы қазақтарға барымтаны, ұрлықты тоқтатуға жəне тыныш өмір сүруге бұйрық берді, сонан кейін оның көшіп-қонып жүрген жерінде тыныштық орнады» деп жазған.
Ру араздықты жоюға күш салғаны жетістіктері көзге түскені сонша, Орынбор Шекара Комиссиясы төрағасы Генс хатында былай деген: «Жаман жағы оның татуластырушы, жарық беруші рөлін орындауға кірісуі, яғни ол Орда басшысына айналған, ал осылайша табысты қымылдаған сайын жақтастары көбейіп, Ордада ықпалы күшейеді де, бізге соншама қауіпті бола түседі».
Салық саясатында өзгеріс – феодалдар жинайтын алымдыхан қазынасына түсетін бірыңғай салықпен ауыстыруы. Кенесары билігін мойындаған қазақтар Хиуа, Бұхар хандарына жəне Ресей өкіметіне түтін салынған төлеуден босатылғандығы. Бұл қазақтардыңалым-салықтан біршама жеңілдеуіне əсер етті(34).
Малшаруашылығымен айналыстаны аудандардан «зекет», ал егіншілерден «ұшыр» салығын сақтап қалды. Барлық жиналған салық əдетте жалпы мемлекеттік қазынаға түсті. Бұны əскер қажетін өтеуге жəне көтерілшілер мұқтажы мен əскер ұстауға жұмсалды.
Мысалы: 40 басқа дейінгі малдан салық мүлдем алынбады. 40 бастан 100 басқа дейінгі малдан 1 бас, одан əрі 40 бастан бір бас алынып отырды. Диқандар астықтан 10 бөлігінен беріп отырды(37).
Ал, Қоқандықтар мен Хиуалықтар жан басы, үй басы салығын қолданған. Орыстар түтін басы салығын қолданған.
Бұларға қарағанда Кенесары енгізген салық неғұрлым жеңілдеу болды.Тек үкімет қана жинаған салық елдің материалдық жағдайын нығайтып қана қоймай мемлекеттің бірлігін де күшейтті.
Енді əскери күштерді ұйымдастырудағы жаңалықтарына тоқталайық.
Кенесары 20 мың адамнан тұратын армия құрды. Бұлар батырлар бастаған жасақтар жəне төлеңгіттерден тұрды.
Жауынгер жорық шатырымен жəне азық-түлікпен əр уақытта қамтамассыз етіліп отырған. Əскер жүріп өтетін жолда тынығатын жəне аттарын ауыстыратын, азық- түлікпен,жем алатын қоныстар дайындалатын. Əскер жүздікке жəне мыңдыққа бөлінген.
Кенесары əскери күштіүйретуді алғаш рет жолға қойған адам. Əскердің бір бөлігі тұрақты түрдеəскери өнерге үйретілді. Қатаң əскери тəртіп орнатуға ерекшекөңіл бөлінді. Қару-жарақ күзет қойылатын жылжымалы киіз үйлерде сақталған. Жорыққа шығарда əлгі киіз үйлерден қару беріліп, жорықтан соң қазына мүлкі ретінде қайтарылып отырған. Қарудың көп бөлігі шайқастарда қолға түсірілген, біразы сатып алынаған, ал жетпегені сол жерлерде ұсталар дайындаған.
Енді Кенесарының жеке жетістіктерін саралайық. Ресей патшасына жолдаған хатына көңіл аударсақ, бұл екеуі арасындағы қайшылықтардың астарын, Сұлтанның мақсаттарын байқаймыз. Қысқа хатта негізгі талаптарынАбылай заманындағы жəне онан кейінгі ахуалмен шеберлікпен байланыстырып көрсете білу Кенесарының терең ойлы саясатшылық қасиеттерін байқаймыз. Оның басты тілегі – тыныш өмірдің шырқын бұзбау. Қазақ дербес елінің ішкі істеріне қол сұқпау.
Бұл хат нағыз шығыстың саясатшысына тəн – балтамған тілмен баданадай талаптарды білдіру!
Ал, Батыс Сібір губернаторы Горчаковқа жолдаған хатына көңіл аударсақ, Сұлтанның талабында біраз айбарлығы байқалады.
Кенесары реформалары қазақ халқы күштерінің бірігуіне, қазақ мемлекеттігінің күшеюіне алып келді. Əрине, бұл феодалдық мемлекетті күшейтуге арналған, ол кезде басқаша болуы да мүмкін емес еді.
Сол заманның қазақ елінің тағдырына сай, көне дəстүр құқығын тура жоққа шығару байқалмаса да, оны барынша уақытша пайдаланған жоқ. Оның заманы өткені екенін түсінді. «Өзіне халық ықыласын аудару үшін əділ сот жүргізуде, ол сот ісін аталар заңы бойынша емес, ешкім білмейтін Мұхаммед заңдары бойынша жүргізді» дейдібір орыс жазушысы.
Заң шығару қызметін Кенесары əдеттегі құқықтарға өзгерістер енгізуден бастады.Ру билерінің сотын тартып алып, сот ісін өзі тағайындаған билер менжасауылдар қолына берді.
Бір көңіл аударарлық нəрсе – ол құл мен айып мəселесі.
Феодал құлдарының ешқандацй құқығы болмағаны белгілі, тіпті иесі оны өлтіргені үшін де жауап бермеген.
Кенесарынң өзінде жəне жалпы көтерілісшілер арасында құл деген болмаған. Оның құлды еркіндікке босату туралы жəне оған басы бос қазақ құқығын беру оның адамшылық қасиеті өте жоғары деңгейдеболғанын байқаймыз. Бір мысал: феодал Сейтен Азнабаев дегеннің есігінде Тілеген Кегнетаев отыз жылдай құлдықта болады, қашпақшы болған оны өлтіруге Азнабаев Кенесарыдан рұқсат сұрайды. Кенесары рұқсат берудің орнына оның ұзақ жыл еңбегі үшін 20 құлынды бие беруді жəне құлдың анасы мен қарындасын өлтіргені үшін құн төлеп,өзін бостандыққа босатуды бұйырады.
Қорыта келе, үш жүздің өңірінде атой салған Кенесары ханның бостандық үшін алысуының ұзақ уақытқа созылуы, басқа да көптеген мəселелермен қатар ұлы тұлғаның жеке басындағы дипломатиялық жəне саясатшыл қасиеттерінің биік деңгейде болғанын көреміз. Сонымен қатарРесей патшасының атқаруымен мылтық, зеңбірікпен қамтылған жазалаушы отрядтарының тұс-тұсынан шабылуына қарамастан, он жыл бойы көбіне тек қылыш пен найза ұстаған сарбаздармен тойтарыс бере отырып, елдің дербестігін сақтағаны , оның үлкен қолбасшы болғаныда даусыз. Оны қарсылас жағы да солай деп бағалаған.
М.Красовский деген Кенесарыны Абылаймен салыстыра отырып, былай дейді: «Ақылы жағынан атасынан төмендеу тұрса да, мінезі жəне қимылы жағынан əкесі Қасымнан жəне Абылайдан алшақ тұрады. Ол аз ғана уақытта бүтін Сібір даласына белгілі болды»(36).
Қырғыздардың қоршауында қалған Кенесары төртінші күнініне қараған түні батырларын жинап, кеңес құрады. Əр батыр əр түрлі амал айтады. Ақыры інісі Наурызбай сұлтан «маған екі жүз жігіт беріңдер, мен сол жігіттермен шабуыл жасап, қоршауды бұзамын. Сіздер ашқан жолмен қоршаудан өтесіздер» депті. Сонда Кенесары тұрып: «Қоршауды бұзып шыққаннан кейін аты жүйріктер ғана құтылады да халықтың көбі қырылады. Осы əсерге басшы болып жүрген мен қашсам, онда бұл елге қандай хан болғаным» деп келіспейді(37).
Осының өзі ханның өз басын тəуекелге қойып, ерген халқын аман сақтап қалуды жөн көргенін көреміз.
Сонымен, қазақ халқының өз мемлекеттілігін құру жолындағы саяси күресінің тарихы сан ғасырға созылған саяси процсс екенін анықтадық. Бұл мəселе қазақ халқы құралған кезеңнен бастап қалыптасып, оның бүкіл тарихымен біте қайнасып отыруы, Қазақ хандығының құрылуы, оның ішкі саяси дамуы, көлбеу жəне тікелей саяси-экономикалық, əлеуметтік жəне рухани байланыстары, иерахиялық қатынастары, өзінің саяси құндылықтар жүйесінің түзілуі, халықтың саяси мінез-құлқының, ұлттық психологиясының қалыптасу ерекшеліктері талай рет тарих тезіндегі сынақтардан өтті. Міне, мұндай саяси процесс қазақ даласында орта ғасырларда сондай болса, қазіргі кезеңде де ол тəуелсіз Қазақстанда көптеген қиындықтарды жеңе отырып, тұрақты даму үстінде.
1 Жолдасбеков М., Сарт!ожаAлы . Орхон ескерткіштеріні толы! атласы.- Астана: К%лтегін. 2007, — 256 б. 2 лемдік саясаттану антологиясы. 1-том. — Алматы: аза!стан. 2005, — 22-23 бб.
3 Сонда.
4 Сарт!ожаAлы . Орхон мAралары. — Астана: К%лтегін. 2003, — 173 б.
5 Нысанбаев . Адам !A!ығы мен бостандығын !орғауды 0ркениеттік дəст%рлері. А!и!ат, 1999 — №3, –
19-21 бб.
6 Мухамед Дулати. Тарих-и Рашиди. — Алматы: Санат, 1999, — 323 б.
7 Материалы 111 Международной конференции, посвященной 500-летию государственного деятеля Средневековья Центральной Азии, Великому ученому-историку Мухамеду Хайдару Дулати на тему: Казахстан и мировая цивилизация: история и современность. – Тараз, 1999. – с.141.
8 МAхтар Мағауин. аза! тарихыны əлппесі. — Алматы: аза!стан,1995. — 105 б. 9 Сарбас А!таев. Абылайды а! жолы. — Алматы, 2011. – 14б.
10 ВалихановЧ.Ч. Собрание сочинений в 5 томах. Том1. — Алма-Ата,. 1961. – 227б.
11 МAхтар Мағауин. аза! тарихыны əліппесі. — Алматы:аза!стан. 1996, — 110б.
12 БAл да сонда, 112 б.
13 БAл да сонда, 113б. 14 БAл да сонда,115б.
15 БAл да сонда, 117б. 16 БAл да сонда.
17 БAл да сонда, 119б. 18 БAл да сонда.
19 Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в 5 томах. Том 1. — Алма-Ата, 1961. — С.429.
20 Сарбас А!атаев. Абылайды а! жолы. — Алматы, 2011, — 12 б.
21 Валиханов Ч.Ч.Собрание сочинений в 5 томах. Том1. — Алма-Ата,1961. — С.429.
22 уанғанов Ш.Т. БAхар жырау. — Алматы:МAрагер. 1992, — 40б.
23 Ахмет сAлтан КенесарыAлы. Кенесары жəне Сызды! сAлтандар. — Алматы:Жалын,1992, — 8 б.
24 Сарбас А!таев. Абылайды а! жолы. — Алматы:Ана тілі,2001, — 159 б.
25 Бекмаханов Е. !аза!стан Х1Х 5асырды4 20-40 жылдарында. — Алматы: Санат, 1994, — 122-123 бб.
26 БAл да сонда,113 б.
27 асымбаев Ж. Кенесары хан. — Алматы: аза!стан, 1993. — 11 б.
28 Бекмаханов Е. аза!стан Х1Х ғасырды 20-40 жылдарында. — Алматы: Санат. 1994, — 214 б. 29 БAл да сонда.
30 БAл да сонда,
31 асымбаев Ж. Кенесары хан. — Алматы: аза!стан. 1993, — 15 б.
32 БAл да сонда, — 16 б.
33 Бекмаханов Е. аза!стан Х1Х ғасырды 20-40 жылдарында. — Алматы: Санат. 1994, — 224 б.
34 БAл да сонда, — 223 б.
35 БAл да сонда, — 286-289 бб.
36 БAл да сонда, — 295 б.
37 асымбаев Ж. Кенесары хан. — Алматы: аза!стан, 1993, — 22 б.
Түйін
Бұл мақалада қазақ хандарының тəуелсіз мемлекетімізді нығайту жолындағы жүргізген саясаттары, елдің бірлігін
сақтау жолындағы қызметтері, саяси ойлары қарастырылады.
Резюме
В статье рассматриваются политика казахских ханов по укреплению независимости государства, их политиче-
ские мысли, политическая деятельность по сохранению единства страны,
Summary
In the article examined politics of the Kazakh khans on strengthening of independence of the state, their political ideas, political activity on maintenance of unity of country.