ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМЫНДА ЭТНИКАЛЫҚ ТАҒАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТЫСТЫРУ


ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМЫНДА ЭТНИКАЛЫҚ ТАҒАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТЫСТЫРУ

С.Б. Даулбаева– 2 курс магистранты

Тағаттылық мəселесі жəне оның қалыптасуына немесе жойылуына əсер ететін факторлар əртүрлі бағытта жұмыс істейтін ғалымдардың, соның ішінде əлеуметтану саласында да жүргізілетінзерттеулердің де өзекті тақырыбы болып табылады. Соңғы уақытта тағаттылық мəселесіне арналған халықаралық конференциялар, симпозиумдар мен дөңгелек үстелдер ауқымындаосы мəселеге байланысты қызупікірталастардың туындауы бұған дəлел бола алады.
Сонғы онжылдықтарда бүкіл əлемде болып жатқан əртүрлі шиеленістер мен қақтығыстардың қаншалықты қауіпті екенін түсінген көптеген қоғамдық ұйымдар мен саяси бірлестіктердің, соның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы менБіріккен Ұлттар ҰйымыныңБілім,Ғылымжəне Мəдениетжөніндегі Ұйымының (ЮНЕСКО), арқасында «тағаттылық» ұғымы маңызды халықаралық терминге айналды.
Əлемдік қоғамдастықтың алдында қоғамның, əртүрлі топтар мен индивидтердің қақтығыссыз, бейбітқатар өмір сүруін қамтамасыз ететін құралдарды іздеу міндеті тұр. Дəл осындай құрал ретінде айырмашылықтардың болатынын жете түсіну жəне оларды құрметпен қабылдау мүмкіндігінің арасындағы өркениетті түрдегі келісім түріндегі тағаттылық қарастырылады. Этника саласындағы қарым-қатынастарда осындайнақ ортасын табу өте қажетті, өйткені этника арлыққақтығыстар еңкүрделі жəне тез арадашешімі табылмайтынқақтығыстар болып табылады.
«Классикалық» либералдық үлгіге сай, тағаттылық дегеніміз бейтараптық, немқұрайлық,мəжбүрлі əрекетсіздікнемесе басқаны толық қабылдау емес.Бұл – «өз күшінпинципті түрде қабылданбайтын ауытқышылыққа зиян келтіруге қолданудан шектеудің ақылға қонбайтын құндылығы» [1]. Тағаттылықты осылай қабылдау негізінде оның өте қиын, қайшылықты ұғым екенін көруге болады. Бернард Уильямстың сөзімен айтсақ, «бір уақытта қажетті жəне мүмкін емес».
Сондықтан да, ХХ ғасырда неомарксистердің Франкфурт мектебі, коммунитаризм мен постмодернизм, феминизм тарапынантағаттылықтың либералды теориясы, дəлірек айтсақоның либералдыдемократиялық қоғамдағы көрінісі сынға алынды. Бұнда, бір жағынан, тағаттылықты қоғамның дəстүрлі құндылықтарын жоюшы, тезүдеп бара жатқан құбылыс деп қарастырса, екінші жағынан,көзқарастар-дың, пікірлер мен ұстанымдардың көптүрлілігінежауап бере алмайтын жəне оларды өзінің мақсаты бо-лып табылатын бір ортақкелісімге келтіру қолынан келмейтінтым ескірген құндылық деп те айыптады.
Франкфурт мектебінің өкілдері қазіргі қоғамда «тағаттылық (Г.Маркузе, Т.Адорно жəне Ю.Хабермас) статус-квоның апологетикасы мен басу-жаншудың идеологиясына айналған. Ал бастапқыда,ол керісінше азаттық күштерін қорғаушы қызметін атқарған»[2], – деп түсіндірді. Бірақ, бəріненбұрын қазір тағаттылық сана-сезім деңгейінде əлеуметтік қарым-қатынастар барысында қарама-қайшылықтарды шешу үшін біраз уақытқа алауыздықты, келіспеушіліктіұмытуды қажет етеді. Сонымен, бүгінгі таңда тағаттылық қарым-қатынасы көзқарастарында келіспеушілік болуы мүмкін барлық адамдарға, топтарға, қоғамдарға қажет.
Қазіргі кезде дін институты шеңберінде ғана қарастырылып келген тағаттылық мəселесібарлық салада, соның ішінде ғылыми білімде, адамзат болмысында да, алдыңғы қатарға шықты.Тағаттылық ұғымы бірнеше ғасырлар бойы қалыптасты. Бұл үдеріс əлі де жалғасуда. Жан-жақты мəндерді жинақтай отырып, «тағаттылық» ұғымы қоғамдық өмірдегі төзімсіздіктің көптүрлі көріністерін болдырмаудың жаңа құралдарын талап ететіп отырған бүгінгі қоғамға сəйкес болуға ұмтылуда.
Тек ХХ ғасырдың өзі адамзатқа екі дүниежүзілік соғыс пен көптеген шешімі табылмаған əлеуметтік жəне халықаралық қақтығыстарды əкелді. Қазіргі кезде əлемдік қоғамдастық тағаттылық мəселесінің тек өзіне ғана емес,сонымен қатаржалпы бүгінгі əлемде тағатты қарым-қатынастармүмкін бе деген сұраққа жауапты қажет ететінжаңа қиындықтарға тап болды. XXI ғасырдағы жаһандық үдерістер «өзіміз» жəне «өзгелер» деп қабылдауды өзгерте отырып, қазіргі заманғы қоғамды біртұтас социумға айналдырды. Жаңа қарым-қатынас технологиялары, көш-қон үдерістері мен экономикалық байланыстардың нəтижесінде «өзіміз» бен «өзгелер» жаһандық ақпараттық жəне қаржы ағындары ауқымында сығымдала түсті. Жаһандық халықаралық, топаралық, тұлғааралық байланыстардың тығыздығы қарым-қатынастан бас тартуға,бейтарап немесе немқұрай қалуғамүмкіндік бермейді. Осындай тығыз, біте қайнасқан байланыстар ауқымында тағаттылық – «өзінікінен» бас тартпай, «өзгенікіне» төзімділікпенқарау болып табылады. Сонымен қатар, тағаттылық өздігінен айқын құндылық емес, керісінше, ол əрдайым түсінік беру мен дəлелдеуді қажет етеді.
Бұған қоса, ұғымды түсіндіру деңгейінде тағаттылық субъект пен объект арасындағы өзара əрекеттің ерекше сипаттамасы болып табылады. Бұл субъектінің объектінің əлеуметтік-мəденижəне басқа да айырмашылықтарын қабылдауға дайындығын білдіреді. Сонымен қатар, тағаттылықты ғылыми зерттеу барысында объект ретінде əлеуметтік институт, əлеуметтік ұйым, топ немесе индивид қарастырылады.Сондықтан субъект-орбъект қарым-қатынастары əртүрлі болады: əлеуметтік институтиндивид, əлеумет-тік топ – əлеуметтік институт, индивид- əлеуметтік топ жəне т.б.
Тағаттылықтың əрбір субъектісі үшін нақты атқарымдар айқындалынады. Оларды нақтылау тағатты немесе тағатсыз қарым-қатынастардың ерекше маңызы жəне ықпалыбар қоғамдық өмірді ғылыми практикалықзерттеу барысында өте маңызды. Мысалы, əлеуметтік институттар қоғамдағы тұрақтылықты нығайту жəне қоғамда əлеуметтік қақтығыстарды болдырмау жəне алдын-алу атқарымдарын жүзеге асырады; индивидтер, азаматтар мен тұрғындар үшін оң сипатты идеалдардың жəне тəрбие жұмысының құндылықты-нормативті негізін қалыптастырады.
Əлеуметтік топтар үшін топаралық жəне топішілік қақтығыстарды болдырмау, топтың тұрақтылығын қалыптастыру жəне нығайту, сонымен бірге топтың имиджін жəне топішілік мəдениетті қалыптастыру тəн.
Бұған қоса, қоғамдық қатынастарда тағаттылықтың болмауы, яғни тағатсыздық та өзіннің ең келеңсіз көріністерінде деқоғам, топ жəне тұлға үшіннақты атқарымдарды жүзеге асыратынынескеру қажет. Бұл жерде сөз ортақ жаудың бейнесін қалыптастыру, өзгелерге қарсы қою негізінде топтың бірігуі жəне топтың, тұлғаның нақты бірегейленуі; топта қатал, сатылыбағынышты қатынастардың орнауы туралы болып отыр.
Қазіргі заманғы өркениет тудырған сынқатерлер ауқымында этникааралық тағаттылықты қалыптастыруадамзат үшін маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Этникааралық тағаттылықты қалыптастыру қоғамның даму үшін ғана емес, сонымен қатар оның өміршеңдігінің сақталуы үшін де қажет.
Бірде бір адамбасқа адамдармен қарым-қатынассыз өмір сүре алмайтындығы секілді бірде бір этникалық қауымдастықтыңбасқа халықтардан толық оқшау жағдайдаөмір сүруі мүмкін емес. Шындығына келгенде əрбір этнос белгілі бір деңгейде басқа этностармен қарым-қатынас жасауға, олардың мəдени жетістіктерін қабылдауға жəне өз мəдени жетістіктері мен құндылықтарымен бөлісугедайын. Бірақ, көп жағдайда этникааралық қатынастар барлық қарым-қатынасқа түсуші этностар үшін оң нəтиже бермейді. Жеке этникалық қауымдастықтар мен топтардың бірін бірі қабылдамайтын, төзімсіздікпен, тағатсыздықпен қарайтынынэтномəдени қарым-қатынастар тарихынанкөруге болады. Жеке адамдар секілді этностар да бірін бір жақсы түсінуі, керісіншеөзара тіл таба алмау жағдайлары да кездеседі. Ондай кезде қоғамның дамуына, ондағы əлеуметтік-саясижағдайдың тұрақты болуына қауіп төнеді.Сондықтан, қазіргі кезде этникааралық қатынастардың сипатының, ол қатынастарда тағаттылық ұстанымының сақталуыныңмаңызызор.
Этникалық тағаттылық басқа этникалық топқа деген теріс қарым-қатынастыңболмауы ғана емес,ол өз тобына деген оң қарым-қатынасты сақтай отырып,басқа этникалық топтың өкілдері қандай болса да оларменқарым-қатынас жасауға дайын болу.Тағаттылық «жай ғана пассивті төзімділік қана емес, ол барлық мүдделі жақтардың белсенді айқындамасының болуын жəне өз көзқарасын екінші жаққа таңудан бас тартудыұйғарады» [3].
Ал этникааралық тағатсыздық ретінде өз мəдениетін, өз құндылықтарын, өз этносын сөзсіз оң деп қабылдай отырып, басқа этносты, оның мəдениеті мен құндылықтарын теріс қабылдаудың басым болуын қарастырады.
Жеке адам мен топтың арасындағы қарым-қатынастар жүйесінде тағаттылықтың төмендегідей түрлерін бөліп көрсетедуге болады:
•белсенді тағаттылық ( ашықтық, этникааралық байланыстарға дайын болу);
•бейтарап тағаттылық (этникааралық байланыстардың жиі болмауы, басқа этникалық топтардың өкілдеріне оң қарым-қатынасты сақтай отырып, өз ұлтының өкілдерімен қарым-қатынас жасауға бейім болу);
• таңдаулы тағаттылық (этникааралық байланыстар қандай да бір белгі бойынша шектеледі – тіл, діни сенім, мəдени ерекшеліктер);
•мəжбүрлі тағаттылық (этникааралық қарым-қатынастар əртүрлі жағдайлардың қысымымен пайда боллады жəне аса ресми сипатта, мысалы қызмет бабына орай, өрбиді);
•интағаттылық немесе тағатсыздық ( басқа этнос өкілдерімен өзара əрекет етуден бас тарту).
Қазіргі кезде əлемнің түкпір түкпірінде тұрғылықты халықтардың өмірі мен тұрмыс-тіршілігіне, мемлекеттердің ішкі тұрақтылығынақауіп төндіретін, этникаарлық қақтығыстар мен шиеленістер, сепаратистік идеялармен қатар жүретінжаңа этноқұрылымдардың қалыптасуы, ескілердің беки түсу үдерістері бой көтеруде. Сондықтан, 140 аса ұлт пен ұлыстардың өкілдері қатар өмір сүріп жатқанбіздің еліміздетағаттылық ұстанымы негізіндегі сана мен тəлім-тəртіпті қалыптастыруға, төзімділік пен ынтымақтастыққа тəрбиелеуге байланысты мемлекет пен қоғам тарапынан іс-əрекетті жандандырудың маңызы артып отыр. Əсіресе жастар тəрбиесі шеңберінде бұл мəселе өте өзекті болып табылады. Бұл елдегі нақты жағдайлар менөмірлік маңызды айқындамаларды сақтап қалу қажеттілігіне ғана байланысты емес,сонымен бірге жас буынның бойында аға буынның өмірінде бұрыннан бар мəдениетаралық жəне этникааралық қарым-қатынастың оң тəжірибесінің болмауымен де түсіндіріледі.
Жоғары білім беру жүйесі бұл мəселеден тыс қаламауы керек. Жастардың əлеуметтенуінің маңызды институты ретінде университеттербілім беру жəне маман ретінде дайындаумен қатар, студенттердің мəдени жəне əлеуметтік-психологиялықбіліктілігі деңгейін арттыра отырып, тұлғаға тікелей əсер етуі керек. Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарының əлемдік білім беру жүйесіне белсенді түрде енуі этникааралық қарым-қатынастардың өсуіне əкелді. Осыған орай, дəл қазіргі кезде санада тағаттылық ұстанымын қалыптастырудың өзектілігі арта түспек. Абай атындағы ҚазҰПУ алдыңғылардың бірі болып білім беру мен ғылым шеңберінде халықаралық өзара қарым-қатынас жүйесіне еніп қана қоймай, өзінің құрылған кезінен бастап мəдениеттер мен дүниетанымдардың, əртүрлі адамдардың, басқа ұлттар мен ұлыстардың өкілдерінің сезімдерін құрметтеу, өзара түсіністік жəне өзара əрекет ету идеяларын қолдап, дамытып отыр.

1 Социология межэтнической толерантности.// отв. ред. Л.Мл. Дробижева, — М., 2003.-С.17.
2 Хабермас Ю.Когда мы должны быть толерантными? Оконкуренции видений мира, ценностей и теорий.// Социологические исследования, 2006, — №1, — С.49.
3 Солдатова Г.У. Психология межэтнической напряженности. — М.: Смысл, 1998, — 389 с.

Резюме
В данной статье рассматриваются проблемы формирования этнической толерантности в казахстанском обществе. Уделено внимание вопросам воспитания толерантности у молодежи.

Summary
In this article problems of formation of ethnic tolerance in the Kazakhstan society are considered. The attention to questions of education of tolerance at youth is paid.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *