В ПОМОЩЬ ПРЕПОДАВАТЕЛЮ ОҚЫТУШЫЛАРҒА КӨМЕК
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ƏЛЕУМЕТТІК-МƏДЕНИ ЖƏНЕ САЯСИ ҚЫЗМЕТІ
Р.Б.Əбсаттаров –Р лтты! Ғылымакадемиясыны корресподент м%шесі, филос.ғ.д., профессор Абай атындағы аз ПУ-ды саясаттану жəне əлеуметтік-философиялы! пəндер кафедасыны ме герушісі, Т.Ж.Қалдыбаева– ə.ғ.д., Абай атындағы аз ПУ-ні саясаттану жəне əлеуметтік-философиялы! пəндер кафедасыны профессоры
Өткен ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысы барысында мемлекеттік хатшы, əлеуметтану ғылымдары докторы, профессор Марат Тəжиннің «Ұлттық тарихи жадыны сақтап қалу – өз-өзіңді сақтап қалудың жалғыз жолы» атты баяндамасында (2013 жылдың маусымы), «Қазақстан бүгін қалыптасқан мемлекет. Мемлекет құрудық жаңа белесіне көштік. Мақсат – ел болашағының дүниетанымдық жаңа моделін жобалау, басты құндылықтар мен бағдарларды айқындау. Ұлттық өзгешелігімізді шайып бара жатқан əлем жағдайында ұлттық бірегейлігімізді рухани, мəдени нығайту қажеттілік»[1] – деп атап айтқан еді. Ел болашағының «дүниетанымдық жаңа моделі» мəселесі, біздің түсінгенімізше, бұғанға дейінгі «ұлттық идея», «интеллектуалдық əлеует», «рухани өмір» ұғымынан өзгеше. Қойылымы жағынан да, идеясы жағы мен саяси мəні жағынан да. Жаһандық көпқырлы əрі стратегиялық саяси астарланған қарқынды қозғалыстар жағдайында ұлттық негіздердің шайыла бастағаны да шындық. Əлемдік бақталастықтар қойнауында алпауыт елдердің ұтысы озып, салыстырғанда шағын жəне экономиклық, рухани қуаттылығы жеткіліксіз ұлттық мемлекеттердің жұтылып кету мүмкіндігі артуда. Жері кең болғанымен тұғырлы халқының саны əлі өсуді қажет ететін қазақстандық қоғам, əлеуметтік-мəдени дəстүрі жағынан іргелілердің қатарында болғанымен, соңғы ғасырлардағы саяси жəне рухани төңкерістермен өтулер халық жадына өз таңбасын салмай қоймады. Əлеуметтік-тарихи шындықтардың танылуы əдіснамасына, жазылуы мен баяндалуына сол тарихи бұрылыстарда басымдық еткен идеологияның, құндылық ұстанымдардың ықпалы өтіп отырды. Нəтижесінде бір тарихи шындық əледенеше боялып, қарама-қайшылықты пікірлер мен түсініктеуге ұшырап келді. Дəл осындай қарама-қайшылықты бағалаулар мен түсініктеу қазақ даласы зиялыларының, ұлы тұлғаларының əлеуметтік-саяси тағдырына да тікелей қатынасты.
Сыртқы идеологиялық, саяси, мəдени ықпалдарға жалтақтамай, тар өрісті ұлтшылдық əсірелеулерге шалдықтырмай, ұлттың ұлы тұлғаларының тар жол тайғақ кешкен тағдырлары мен қызметіне қоғамдық, саяси, мəдени бағасын шынайылықпен шығара білу-ұрпақтар алдындағы зор жауаптылық.Ондай істің атқарылуы өскелең ұрпақтың рухани жəне білімдік дүниетанымын тəрбиелеуге елеулі негіз береді əрі қазақ халқының əлеуметтік-мəдени мұраларын жинақтап алуына қосылған үлес, оны таным, тəлім көзі етудің қажетті алғышарты.
Таным, талдау барысында ауытқуларға жол бермейтін бір құбылыс бар. Оның атын «шындық» дейді. Біздің де қазақ даласы ойшылдары, мəдени жəне саяси ағартушылары, күрескерлері туралы ой толғауларымыз мен пайымдауларымыз тарихи-əлеуметтік жəне тарихи-мəдени шындықтарға негізделмек. Сондай тарихи, саяси, мəдени тұлғаның бірі Ыбрай Алтынсарин.
Бірқатар зерттеушілер Ыбрайды бірде саяси күрескер, бірде педагог, ағартушы, демократ, жазушы, енді бірде этнограф, озық мəдениетті насихаттаушы деп таниды. Шын мəнінде осының бəрі оның көзқарасы, өмірлік ұстанымы мен қызметінде іштей байланысып, үйлесіп жатыр, сол үшкі біртұтастық оны қазақ даласының ұлы тұлғасы етті. Ыбрай қалың қазақ арасында жиі болып, оның экономикалық, əлеуметтік, саяси жəне мəдени жағдайымен терең таныса жүріп, тіршілік ауыртпашылықтарын көріп, жаны күйініп, осы жағдайдан шығудың жолын іздеді, өз қолынан ненің келетінін ойлады. Отаршыл билік пен жергілікті билік адамдары арасында жүріп халық пен олардың арасындағы таптық жəне саяси қайшылықтардың тереңдігіне көз жеткізді, халқына жаны ашыды, оның қоғамдық көзін ашып, сауаттандырып, білім шуағын сеуіп, болашағын бағдарлауына қол үшін бергісі келді. Оның басты мезгегені қолға қару алып, немесе басқаларды қару күшімен жағдайды өзгертуге шақыру емес, сана мəселесі болды. Өркениеттілікке бет алып, қанаудан, қорлаудан арылудың жолын ол білімнен, мəдениеттен, сол арқылы өз халқының санасын тəрбиелеуден көрді. Мəдениетке, сана мəдениетіне апарар жол білімде жатыр, еңбекте, тəрбиеде жатыр. Сол уақыттағы озық мəдениеттен халқының үйренгенін қалады ол үшін жол салуға, негіз жасауға бүкіл өмір жолын жұмсады. Өзінің саналы өміртіршілігінде Ыбрай саясаттан тыс тұрмады, тұра да алмады, оның қызмет жолы, керісінше, үнемі əлеуметтік-саяси мəнге толы қарама-қайшылықтар арасына сүнгітіп жіберіп отырды. Сол əлеуметтік-саяси қатынастар ортасында жүріп, өткір қоғамдық мəселелерге өз қатынасын бірқатар тарихи саясаткерлерге қарағанда басқаша айқындады, қоғамдық əсəрекетінің өзіндік мақсатты мен бағытын тапты.Ол – ағарту жұмысы, мəдени, саяси, əлеуметтік, экономикалық ағарту жұмысы. Білімді, тəрбиені негізге алған ағарту істері. Тек балаларды, мектепте оқушыларды емес, сол қоғамдық ортадағы ересектерді де, патшалық жəне жергілікті шенеуліктерді, қазақ ортасын ағарту, тəрбиелеу арқылы ықпал ету.
Оның бұл саяси жəне мəдени стратегиясына бастапқы негіз болған фактор оның атасы, би, старшын қызметін атқарған Жаңбыршин Балқожаның оны Орынборда 1850 жылы қазақ балалары үшін ашылған орыс-қазақ мектебіне оқуға беруі. Ынталы жас тек мектепті барынша табысты аяқтап қойған жоқ, одан кейінгі уақытта да өз білімін өзі жетілдірумен, ізденумен болды. Бұл іске де атасының қатынасы болған. Балқожаның жақсы танысы жəнесыйлас адамы болған Орынбор Шекаралық комиссияның төрағасы, шығыстанушы белгілі ғалым, профессор В.В.Григорьевтің бай кітапханасын еркін пайдаланып, ондағы жазушылар шығармаларымен, орыс жəне дүние жүзі педагогтерінің еңбектерімен,ұлы адамдардың өмірі жайлы жазылған кітаптармен терең танысу мүмкіндігі болды. Кейін келе (1876) Петербург, Қазан қалаларында болып, Патшалық Ресейдің білім жүйесімен, ағартушылареңбектеріментаныса түседі. Оның нақты өмір, өмірлік қатынастар жөніндегі түсінігі мен танымдық қабылетінің тереңдей түсуіне тілмаштық қызыметі мен арнайы мектеп, білім ісін насихаттап, оқуға балалар жинап, ел арасын аралаған, жергілікті қауымдастықтар арасында болған жылдары зор мүмкіндік берді. Ол əлеуметтік-экономикалық, əлеуметтік-саяси жəне мəдени сипаттағы ел арасындағы қатынастарды өз көзімен көріп, ішкі дүниесімен сезінді, ойына салып сараптады, ақылына салды, өзінің де атқаратын ісінің бағыт-бағдарын нақтылады. Ақыл-есі оны халық тіршілігі мен жағдайын білім, мəдениет жолымен, көзін ашып санасын өсіру арқылы өзгерту жолына бағыттады. Оның ұзақ болмаған ғұмыры осы мақсатқа жұмсалды, «халқым!» деп соққан жүрегі ашу-ыза менөзі үшін нəтиже бермес күш-қаруға қол созудан гөрі мəдениет, білім, тəрбие жолымен қоғамдық қатынастарды өзгертпек мағналытіршілігі үшін соғып тұрды.
Алтынсарин Ыбрай тек жақсы ұстаз, мектеп директоры, білім саласы басшысы, қоғам қайраткері болмады, ол – өзінің халқының болашағы үшін жасаған жасампаздық еңбектің неғұрлым болашақтысын қолына алды. Осы жолды барынша насихаттады, алға жылжытты, зайырлы мектеп оқушыларын өзінің идеясына сай адами, саяси, мəдени рухта тəрбиеледі. Өзінен басқалардың да осындай істерді атқаруға негіз боларлық оқулық, еңбектер жазды. Оқулық мазмұнына əлеуметтік-мəдени, саяси-мəдени сипат берді. Білім мазмұнын анықтаудың маңызды əдіснамалық негізін жасады.
Ыбрай оқулық жасауды мектепте қазақ балаларына білім мен əлеуметтік тəрбие берудің басты негізі деп санады. Оқулыққа өзі жазғанбірқатар шағын көркем шығармаларды енгізе отырып, сол арқылы балаларды жақсы мінез-қылыққа баулуды мақсат етті. Оқулықтың балалардың білімін көтеретін мазмұны болуы аз, тақырыбының өзі оларды қызықтырып тұратын кітаптар жазылып, қазақтың өз тіліндебасып шығару керек деп түйді. Қоғам өміріне араласа жүріп, 1876 жыл өзінің «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кірісіп, даяр болған кітабін 1879 жылы Орынбор (Оренбург) қаласында бастырып шығарды[2].»Қазақ хрестоматиясы» балаларға арналған өлеңдер мен шағын əңгіме-новеллалардан құрастырылды. Олардың бірқатарын өзі жазса, біразын сол кездегі орыс оқулықтарынан іріктеп алып аударды. Қазақтың халық əдебиетінің үлгілерін де енгізді.
«О!ыса дарбалалар, шамнан шыра! жағылар,
Тілегені алды ан, іздемей-а! табылар, Jнер-білім бəріде, о!уменен табылған,
О!у білген адамдар май тамызған !ылыштан,
Білмегенді білуге, есті бала тырыс!ан,
Кел балалар, о!ылы!, о!ығанды к0 ілге, ы!ыласпен то!ылы!!» – деп жазылған «Кел, балалар, оқылық!» өлеңіндегіой шумақтары əлі оқып білім алу дегеннің не екені түсініксіз, ересектері білімсіз түнектікте өмір сүріп отырған əлеумет орта үшін білім алу дегеннің не екенін дəлелдеп көрсетуге, білім алуды насихаттауға арналған. Дамуы артта қалған күйбең тіршілікке ұқсамайтын жаңа өркениетті тіршілікке көңілге ықыласпен тоқылған білім ғана жеткізе алады. Келіңдер, оқыңдар!
«Мал, дəулетті байлығы, бір жAтаса жок болар, О!ымысты байлығы-к%ннен к%нге к0п болар,
еш жAтама! жо! болар» – шумақтарында Ыбрай көшпелі қазақ ортасының табиғаттың қатаң қысында жұтқа ұшырап, мал-жайынан айрылып, экономикалық күйзеліске ұшырауынан шығудың жолын өзінше түсіндіріп, ойын оқу материалына енгізіп, оқушы жастар санасына жеткізіп беріп тұр. Дəулет ретінде жиған мал қаншалықты керек болғанымен баянды тіршілік көзі бола бермейді. Ғылым мен білім арқылы ғана табиғат апатына соқтырмайтын тіршілік көздерін жасауға болады. Сонда ғана қарапайым халық табиғаттың тосын қылықтарынан қорықпай тіршілігін жасай алады, «жұт» деген сөзді негізге алып айтылып келген жұтамақ жағдайдан азат болады. Шынайы байлық көзі білімде жəне ғылымда. Бірақ оған қол жеткізу үшін еріншек болмай, оқы, білім ал.
«Өнер-білім бар жұрттар» атты өлеңінде ұлы ағартушы қазақ ортасын басқа халықтар қол жеткізген мəдениеттен, өнерден үйренуді насихаттайды жəне сондай мəдениеттер бар екені туралы ақпарат береді, оларды жастарға үлгі етеді.
«Jнер-білім бар жAрттар, тастан сарай салғызған, Айшылы! алыс жерлерден, к0зі ді ашып жAмғанша. Жылдам хабар алғызған,
… Отынсыз тама! пісірді, сусыздан сусын ішірді, Те ізді ж%зді балы!тай, д%ниені кезді жалы!пай». Желкілдеп шы!!ан к0к ш0птей, жа а 0спірім достарым, атары кеті-ау алыс!а, Aмтылы ыз !алыспа…» – деп жазды Ыбрай.
Автор адамзат қол жеткізген мəдени құбылыс ретіндегі қалалар, қала салдырған білім мен ғылым, озық байланыс жүйелерінің бар екені, адамдар тіршілігіне, тұрмысына пайдаланушы озық технологиялар мен су айдындарында жүзіп жүрген кемелер, сол кемелердің көмегімен əлемнің əртараптары арасындағы байланыстардың жасалуы туралы балаларға баяндап берді, сондай мəдени тіршілікке қызықтырды, одан үйреніп, елінің ертеңіне айналдыруға бағдарлады. Өз тіршілікеткен заманда халқының ондай тіршіліктен алыс жатқанына, өзінің де ондай мəдениетке қол жеткізе алмағанына өкінішін білдіре отырып, ол: «Біз болмасақ сіз барсыз, үміт еткен достарым, Сіздерге бердім батамды!» деп өз өмірінің мəні еткен мақсатына білімге бет бұрған жас ұрпақ жеткізер деген арманын тебіреністі жанымен жазды.
«Қолда бар алтынның қадірі жоқ дегендей» қазіргі ХХІ ғасырда, Ыбрай армандаған жаңарған Қазақстанында, əр баланың Ел Конституциясы негізінде толық орта білім алуға құқы бар жəне оны іске асыруға мемлекеттік кепілдік бар. Алайда оны əрбір оқушы жəне əрбір отбасы бағалай бермейді. Түсінбестігіне сай көзқарас пен қатынас көрсетеді. Оқытушыдан керек білімді сұрап, бірлесе отырып, оқу ісі жағдайында туындаған мəселені бірлесіп, шығармашылық əріптестіке шешіп отырудың орнына бірқатар оқушының соңында «оқи қойшы», «мектепке келе қойшы» деп мұғалімі жүреді. Орта білім беру ісінің бұқаралық сипатта, жаппай, жалпыға бірдей болуы қоғамның қол жеткізген өркениеті екені, оның қадірі бағалана бермейді.Білімнің аты білім, білімдінің аты білімді болып қала береді ғой. Тек соның əрбір болашақ азаматтың санасына əлі жетпей, уақытын оздырып, өз өмірі мен болшағына өзінің бөгет жасаушы болып отырғаны, əрине, өкінішті. Мұндай жағдай тəрбие ісіндегі олқылықтың жемісі.
Екінші жағынан, баласының мектепте сапалы білім алуын қадағалығысы келмейтіндердің өзі де, мүмкін, кезінде білімге дəл осылайша қараған адамдар болуы мүмкін. Білім мен мəдениеттің қадірін өзі сезіне алмаған адам басқаларға да сезіндіре алмас. Еңбектен қолы тимей, баласын мектепке «біражола» сеніп беріп қоюшыларды қоспағанда. Қоғамдық ортада жасөспірімдер назарын білім алу қызметінен басқаға алаңдатып, теріс пиғылына оны ертіп əкетуге ынтызар болып отырған екіаяқтылардың қатары да өсіп отырғаны бар. Əлемдік өркениетті орта деп отырғанымыз кей жағдайда жас толқын үшін дұшпандық қырын көрсетіп, «мына заман прогресс заманыма, əлде регресс заманыма» деген сұрақты да тудырып қояды. Қалай болғанда қазіргі уақытта жас ұрпақтың білімді, жоғары мəдениетті азамат болып өсіп, Ыбрай армандаған өркениетте өмір сүріп, оны дамытуға тұлғалық ат салысу мүмкіндігі мол.
Мəселенің үшінші қыры бар. Ол барлық мұғалімдік қызмет атқарып жүргендердің шынай мұғалім, Ұстаз еместігі. Егер жанында Ыбрай немесе Ыбрай сынды ұстаздар жүрсе, «қиын», «нашар оқушы» деп аталатын оқушылар кездеспеген де болар еді. Жас адам өте сезінгіш келеді. Жан-дүниесі баланың жарқын болашағына біражола бағдарланып, кездескен қиындықтарды ақыл-ойының парасаты арқылы реттей алатын білікті ұстазды кез келген жас азаматтың сезіне, түсіне алатыны жəне тиісінше жауап беруге ынтызары ауары сөзсіз.
Ы.Алтынсариннің туған елі табиғатына деген сүйіспеншілігі білімге қызығушылық танытқан жастардың бойында жерін, елін, отан табиғатын сүюге, құрметтеуге тəрбиелейтін өлең шумақтарын тудырды, оны білімдік, танымдық, тəрбиелік құралға айналдыртты. Оның табиғатты суреттеген өлеңдеріне отандық ғалымдар «бұрын қазақ поэзиясында кездеспеген пейзаждықсуреттеулер, қазақтың жазба əдебиетіндегі табиғат лирикасының басталуы» деп баға беріп жүр.
«Таулардан 0зен ағып сар!ыраған,айнадай сəуле беріп, жар!ыраған,
Жел со!са, ысты! со!са, бір !алыпта, аралап тау мен тасты ар!ыраған, К0 ілі суын ісше ашылады, дене де бар дерті ді !ашырады,
Jксіген оттай жанып жануарлар, 0зеннен рахат тауып, басылады», – деп, қазақ даласы табиғатының адам денсаулығы мен ағзасы үшін қаншалықты пайдалы екенін суреттейді.
«Жаз» атты өлеңінде тек көктемдегі, жаздағы табиғат əсемдігі ғана суреттеліп қоймайды, əлеумет өміртіршілігіндегі «Қыстау» мен «Жайлаудың» алатын орны мен олардың арасын біріктіріп, тұтастырып тұрған тұрмыстық сұраныстар мен тіршілікті ұйымдастырудың қыр-сырына, адамдардың жаздағы, жайлаудағы көңіл-күйіне, жаз бен жайлаудың адамдар арабайланысына əкелетін мəнді қырлары бейнеленген. Мəселен, ол:
«Бір малы шаруаны екеу болып, !ыстаудан ауыл к0шер алуан-алуан,
К%лісіп, !Aша!тасып, əзіл етер, əйелдер к0ш ж0нелтіп кейін !алған…» – деп жазған.
Ыбрайдың қысқа жəне əлеуметтік мəнді əңгімелерінің өзегіне алынған басты тақырып – Еңбек, еңбек ете білу, оның өмірлік, тəрбиелік мəн-мағнасы. Осы тұрғыда оның төменде келтірген əлеуметтік-мəдени тəрбиеге бағытталған əңгімелерін ерекшелеп атап өтуге болады:
— «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш»: еңбекшіл жəндіктердің өзінің жəне ұжымыныңтіршілігі үшін тыным таппай еңбек ететінін,құмысқалар тіршілігіндегі бірлікті, еңбекшілдікті, біріккен еңбектің нəтижелігінкөрсете келе оны балаларғаүлгі ретінде ұсынады;
— «Атымтай жомарт» халық арасындағы Атымтай жомарт туралы аңыздарға өзінше жаңаша мазмұн мен мəн береді (Еш нəрсеге мұқтаждығы болмағанымен Атымтай ылғи еңбек етумен шұғылданады. «»Күн сайын еңбек жұмсап, бейнеттеніп, өз еңбегіңммен тапқан пұлға нан сатып алып жесем, бойыма сол нəр болып тарайды. Еңбекпен табылған дəмнің тəттілігі өзгеше болады»дейді Атымтай). Еңбек ету тек жоқшылықтан ғана туған сұраныс емес, адам үшін керекті, қажетті тіршілік түрі, адам тіршілігінің мəні деген ой баяндалады;
— «Əке мен бала» еріншектік пен немқұрайдылық, оның əкелетін салдары туралы дəлелді əңгіме. «Бір адам он жасар баласын ертіп, егістен жаяу келе жатса, жолда қалған бір ескі тағаны көріп, баласына: «Анау тағаны, балам, ала жүр», – дейді. Бала əкесіне: «Сынып қалған ескі тағаны не қылайын», – деп жауап берді. Əкесі үндемеді. Тағаны өзі алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң əкесітағаны соларға үш тиынға сатты, тиындарға жолда шие сатып алды. Шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір-бірлеп алып жеп, баласына қарамай аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, əкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында оған қызығып келе жатқан бала жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Біраздан соң тағы бір шие…, сонымен, бала қанша шие тасталса, сонша рет еңкейіп, шие теріп жеді. Соңында əкесі тоқтап, баласына шиені орамалымен беріп тұрып: «Көрдің бе, бағана тағаны жамансынып, жерден бір иіліп көтеріп алуға еріндің. Енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп, бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Бұдан былай есіңде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың; азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың», – депді. Қай заманның баласы болмасын, ол үшін тағлымы мол шығарма. Аңғарғыш, болжағыш болып өскең жас адам үшін қажетті жақсы қасиет пен дағды. Əңгіме бала тəрбиелеуші ата-аналар үшін де тағлымды.
— «Бай баласы мен жарлы баласы» əңгімесі оның таптық жіктелген қоғамдағы кездесетін жағдайларға балалар назарын аударады. Көшкен елдің жұртында қалған екі баланың бір тəулік ішінде басынан кешкендерін суреттеу аркылы екі əлеуметтік қабат өкілі болып табылатын балалардың өмірге, тіршілікке икемділігі арасындағы айырмашылықты нақты мысал негізінде ашып көрсетуге тырысты. Жас шамасы бірдей, бірі бай, екіншісі кедей баласы, екі құрбы бала. Жарлы баласы Үсен – тұрмыстың ауыртпалығын көре жүріп, еңбекте ысылған адам. Ауылдары көшіп кетіп, жұртта қалғанбалалар, далада жүріп тамақ тауып жеуіне, ауылдың калай қарай көшкенін аңғаруына, түнде далада түнегенде ит-құстан сақтануына Үсеннің тапқырлығы мен еңбек түрлеріне даяр болуы пайдалы болды. Ал бай баласы Асан – өмір үшін күресудің жолын білмейтін, шыдамсыз, еңбекке икемі жоқ жан болып шықты. Кісі еңбегімен күн көріп, бейқам болып өскен бай баласы басына күн туғанда дəрменсіздігін көрсетті. Осы жағдайды суреттеп бере келіп автор келешек Үсендер жағында екенін аңғартады. Сөйте отырып жастарға өмірден еш нəрсе үйренбей, жалқау болып өскен бай баласындай болмай, қиыншылыққа төзімді, өнерге бейім, еңбек сүйгіш жарлы баласы Үсендей болып өсуді уағыздады. Жазылған əңгіме сол уақыттың өмір-тіршілігіндегі шындыққа негізделіп жазылды;
— «Бақша ағаштары» əңгімесі баланың дұрыс тұлға болып өсуіндегі тəрбиенің маңызын дəлелді көрсетуге арналған: Жаздың бір əдемі күнінде бір кісі өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағашты көріп жүрді. «Мына ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неліктен кисық өскен»? – деп сұрады баласы. «Атаанаңның тілін алсаң, сенде ана ағаштай түп-түзу кісі болып өсерсің. Бағусыз кетсең, сен де мына қисық ағаштай боласың. Мынау ағаш – бағусыз өз қалпымен өскен», – деді атасы. «Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой», – деді баласы. «Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым, бұдан сен өзің де ғибрат алсаң болады, сен жас ағашсың, саған да күтім керек. Мен сенің қатеңді түзетіп, пайдалы іске үйретсем, менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы, түзу кісі болып өсерсің»[3]. Тек əке мен шешеге ғана қатынасты емес, бүкіл қоғамға қатынасты мəңгілік маңызды мəселе.
Өзінің «Қыпшақ Сейтқұл» атты шығармасын қазақ қауымдастығын отырықшы шаруашылыққа насихаттаушы ғана емес, оның жолдарына, əдіс-тəсілдеріне үйретуші, сол уақыт үшін танымдық, тəжірибелік ақыл-кеңес, əңгіме жанрындағы бағдарлама деуге болар. Онда «отырықшылықтың» не екені, егін егіп, мал азығын дайындап, үй салып, малды қасқырдан сақтау үшін қора салудың қажеттілігі, пайдалылығы баяндалды. Алған егінді өңдеп, ұқсатып, базарға шығару, тауар ретінде сату, тұрмысқа қажетті басқа заттарға айырбас жасаудың пайдалылығы жазылды. Көрші халықтармен экономикалық арабайланыста болудың пайдалылығы, егіншілік пен тауар саудалаушы базары дамыған қоғамдық ортамен арабайланыс орнатудың тиімділігі атап көрсетіледі. Бір қарағанда қарапайым əңгіме болып көрінгенімен, Ыбрайдың бұл шығармасы бірқатар мəдени, экономикалық қоғамдық қатынастар мəселесін ашып көрсетіп, оның қыр-сырын баяндап беріп тұр. Осы əңгіме оның «озық орыс мəдениетінен» халқын шақыруының елеулі бір қыры байқалып тұр. Оның айтып келген «мəдениет» тек əдебиет,өнер, ғылым емес əрі экономика салаларын дамыту мəселесін қоса қамтиды. Əсіресе халықты отырықшылыққа бағдарлау мақсатына байланысты. Ол мемлектеттің қазақтарды жұттан қорғаудың басты жолы оларды отырықшылыққа мəжбүрлеу деп танып, осы бағытта арнайы бағдарламаның даярлануымен таныс болатын. Алайда күштеп отырықшылықты қолға алуға ол қарсы болды. Ыбрай пікірінше, өзіндік тарихи мəдениеті, экономикалық-шаруашылық мəдениті ғасырлар бой қалыптақан халыққа сырттан əкеліп басқа өмір-тіршілікті таңу ауыр салдарларға алып келеді. Оның үстіне, қазақ даласы кең болғанымен барлық жерлер егіншілікке қолайлы да емес. Жер кеңістіктері зерттеуді талап етеді. Жер шаруашылығымен шұғылдану үшін аграрлық еңбек дағдысы, жабдықтар қажет. Үкімет билігі қазақжеріне арнайы аударған орыс қоныстанушыларынан көрші қазақ қауымдастықтары өздері көріп, үйреніп, егіншілік мəдениетіне өздері бейімделгені əлдеқайда тиімді болар еді деп санады ол. Мал шаруашылығы туралы ойларын білдіре отырып, табиғатынан шебер мал өсіруші қазақтардың Ресей елі экономикасына өзіндік қосатын үлесі мол деген пікірін айта жүрді. Аталғанидеялары мен ойлары мазмұны ретінде оқулыққа енгізілді.
Міне, осылайша, Ыбрай шығармалары арқылы тек оқулық мазмұнын жазып қойған жоқ, оның мазмұнының шынайы дамытушылық, болжамдық, бағдарлаушылық мəніне зор көңіл бөлді. Нақты өмірге, əлеуметтік орта мəселесіне, болашаққа бағдарлады. Оқулық мазмұнын жасауда тəрбие мен оқу ісін қатар алып жүрудің үлгісін көрсетті. Осындай тағлым мен тəжірибе қазіргі уақыттағы оқулықтар жасаушылар басшылыққа алынатын Ұлы педагогтың əдіснамалық, əлеуметтік, мəденисабақтары.
Алтынсарин Ыбрайдың қоғамдық қызметі оның өзінің тікелейұйымдастырушылық, басқарушылық жəне оқытушылық қатынасуымен қазақ даласында ашылған зайырлы мектептермен байланысып жатқанын біз баяндаған едік. Ол мектептердің ашылуына патша өкіметінің мүдделілігі, отарланған өлкені басқару ісіне оның өз арасынан шыққан сауаты азаматтардың қажет болғаны, ол мектептерде орыс алфавитін енгізудің зор саяси мақсаты болғандығын да атап айтып кеткен болатынбыз. Осының бəрін біле, түсіне тұра Ыбрай орыс-қазақ мектептердің ашылуы үшін бар күшін салып қызмет етті. Себебі, ең алдымен бұл мектептер қазақ ортасына білім мен мəдениет əкелетін еді. Ыбрайдың өзі Орынбор мектебіне қабылданған 30 баланың бірі болғанын есепке алсақ, ондаған жас қазақ балаларының осындай мектептерден білім алуы, сөзсіз, өркениеттілікке бастаған елеулі қадамболды. Олар ертеңгі заң қызметкерлері, тілмаштар, билік шенеуліктері, мемлекеттік билік істерін жергілікті орындарды жалғастырушылар, халық арасын аралап, ресми билік талаптарын өткізушілер. Бұл жастардың патша үкіметінің қызметкерлігіне даярланушылар екенін ескере отырып, ағартушы өзі жасаған оқулығы арқылы оларды адамгершілікке, əділдікке, қарапайым халыққа мейрімділіккетəрбиелеуге тырысты. Олардың арасынан болашақта демократ, гуманист, озық мəдениетті халық арасына таратушылар өсіп шығады деп сенді.
Білім инспекторлығы қызметі жылдары биліктің шынай ниетін, жергілікті бай-билеушілердің халық мүддесіне келгендегі екіжүзділігін тереңінен танып білді. Екі жақ үшін де қарапайым халықтың сауаттылығы, мəдениетін көтеру ісінің қажеті жоқ еді. Біріне сенімді қызметкерлер, екіншісіне билікке қол жеткізуге мүмкіндік беретін көмекшілер даярлау қажет болды. Ал қазақ халқының біліми қараңғылы мен кедейшілігі ағартушының жанын ауыртты. Өзінің өмірлік ұстанымы айналасындағы билік тізгінін ұстағандар көкейіндегімен қарама қарсы келіп жатуын біле тұра, қызмет барысында моральдық соққыларға жығыла жүріп, түпкілікті мақсаты үшін күресін қайсарлықпен жалғастыра берді. Бірде ол өзінің сенімді досы болып саналатын, ішкі ой-пікірі мен жанайқайын білдіріп тұратын, қыметтес болған Николай Ильминскийге былай деп жазды: «Менің атқарып жүрген істерім мен мектептерді дамыту турлы түсінігім Үкіметтің талабымен сəйкес келетіндіктен мен Басшылық тарапынан қажет болған жағдайда қолдау таба аламын деп ойлаушы едім. Алайда менің мұндай қолдауға үміттенуім бекер сияқты.Бірақ мен өзімнің халқыма қаншалықты күш-қуатым жеткенінше пайдалы болу сенімім мен тырысушылығымнан еш уақытта кейін шегінбеймін»[4].
Оның ашу-ызасын тудыратын жайдың бірі қазақ билеушілерінің халқы алдындағы сатқандығы, отарлық жағдайдан шығу мақсатындағы ауызбіршіліктің жоқтығы, өздерінің қарапайым халыққа жеккөрінішті жəне жаныашымастық, озбырлық, қанаушылық қатынасы. «Қырғыз хрестоматиясы» кітабындағы бір шығармасында ол былай деп жазды:
«В порочной стране, сидят на троне ханы,
Отнимают они добро у бедных, передают богатым…»[5]– деп феодалдық-патриархалдық тəртіпті сақталып отыруын, оның басты алыпбарушыларын сынға алады. Олардың тек өздерінің ғана егоистік мақсатынан аса алмайтындығын, заң жүргзушілерден де кедей-кепшіктің əділдік сұрап ала алмайтынын былайша бейнеледі:
«Когда стоишь перед судьей, знай-это не защитник твой, Что скажет правду смело, лишь взятка сможет все решить: Твой скот поможет завершить благополучное дело»[6]
Сөзсіз, осындай ой мен көзқарастың иесінің билік пен үстемшілерге, тапсырған істе зор іскерлік көрсетуіне қарамастан, ұнай бермейтіні анық. Халықты ағарту ісіне олардың немқұрайдылығы ол да бар. Қоғамдық маңызды істі зор ынта жігермен орындап жүргеніне қарамастан, Ыбрай жұмыс барысында істес болуға тура келетін ресми тұлғалардың тарапынан жек көрушілік, шығарыпсалма психологиясын, бұқараның мəдени тіршілігіменмен санаспушылық, білім мəселесіне мəн бермеушілік фактілерімен жиі жүздесіп тұратын. Бұл жағдайдың бəрі оны барынша қынжылтты, жанын ауыртып, денсаулығына зиянын тигізіп отырды.
Ыбрай мектепте оқушы қазақ балаларының орыс тілін жақсы меңгеруіне жəнеой-өрісін кеңейтетін жалпы білім алуына зор мəн берді жəне оқу бағдарламаларын осындай көзқарастар тұрғысында жасады. Қазақ халқының рухани дамуына қарсыларға бұл ұнай қоймады. Басшылық балаларға берілетін жалпы білім өлшемін азайтып, оның орнына қолөнерге бағдарлайтын сабақтарды көбейтуді талап етті. Оқыту уақыты көлемі өзгеріссіз қалуы керек болды. Алтынсарин бұл бағыт оқушылардың тілдікдаярлығы мен сауаттылықты игеруіне зиянын келтіреді деген дəлел айтып генерал-губернатор ұсынысынақарсы шығады. Ол бұл мəселе жайлы досына былай деп жазған болатын: «Мен генерал-губернаторға келіспеушілік өтінішін беруге батылдық жасадым, ол ұсынған өзгерісер қырғыз училищелері көздеген басты мақсатқа – қырғыз балаларын орыс тілі мен қатесіз жазуға үйрету ісіне бөгет болар еді, онсыз да практика көрсеткендей, жалпыбілім беретін пəндер курсына уақыт берген жағдайдың өзінде қырғыз балалары орыс тілі мен сауаттылықты зор қиындықпен игеріп жүр»[7].
Осындай батылдық жасауы губернатор ашуын туғызып, оны өзінің сүйікті ісінен айырып, жер аударып жіберу қаупін төндірді. Тек В.В. Катаринскийдің* араласуымен ғана мəселе реттелді.
Жоғарыда айтып кетілгендей, Ыбрай қоғам дамуындағы ескілікпен, отарлық саясат салдарларымен күрестің мəдениет жолын таңдаған күрескер. Əйтпегенде ол əлде қашан қызметінен қуылып қана қоймай, басқа – революцияшылдар сияқты қоғамдық өмірден біражола шеттетіліп, шеткі аймақтардың біріне жер аударылып кете барған болар еді. Соның өзінде айналасындағы оған түсінікпен қарайтын азғана топтан басқа шенеуліктероның қарқынды ағартушылық ұйымдастырушылық істеріне күдіктене қарады. Қазақ ортасында білімі бар сауатты адамдардың көбеюі мемлекеттіңсаяси стратегиясымен үйлесе бермейтін. Алайда жасалған бөгеттерді ол жергілікті билеушілердің ғана мүддесіздігі деп түсініп жүрді. Оны келесі бір үміт артатын адамына жазған хатындағы ой пікірінен де байқауға болады.
«Міне, қымбатты Владимир Васльевич, – деп жазады В.В.Катаринскийге хатында, – үкіметтің оларға соншалықты үміт артып, бұрынғы қырғыз билігін солардың қолына беріп қоюына қарамастан, дала əкімшілігінің халық біліміне қамқорлығының түрі осы. Ұсақ мүдделердің көлеңкесінде қоғамдық ұлы істің аяққа тапталуын айтудың өзі өкінішті. Оданəрі не боларын да білмеймін, шамасы жергілікті əкімшілік тарапынан ешқандай жақсылықты күтуге болмайтын сияқты»[8].
Ыбрайдың жан айқайын оқи отырып, мемлекеттік мүддені өз мəнінде атқаруға құлықсыз шендішекпенділердің кездесуі тек өткен ғасырлардағы патшалық Ресей жағдайына ғана тəн емес құбылыс екенін аңғарасыз. Тəуелсіз Қазақстан елінің мақсатты істерін іске асыру барысында осындай құбылыс сирек кездеспейді. Басқаны қойып дəл осы халық білімі саласында. Мемлекеттің «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасын іске асыруға, басқа да мектептермен балабақшаларға қатынасты бекітілген жоспарларды іске қосуға мемлекеттік бюджеттен қаржысы беріліп отырған жағдайдың өзінде жергілікті билік орындарының салғырттығы мен басқа да біз біле бермейтін себептердің нəтижесінде олар сапалы салынбайды. Екіншіден, бизнес-мердігерлер уақытында істі бітірмей, мемлекеттік бюджеттен қосымша
_________________________________________
*Катаринский В.В. Ы.Алтынсаринні 0мірі кезінде, одан кейін де 27 жыл бойы Оренбург о!уокругында татар, башкир жəне !аза! мектептеріні инспекторы болып істеген азамат. Ол !аза! мектептерінде орыс тілін о!ыту туралы бірнеше о!улы!тар мен о!у !Aралдарын даярлаған. В.В.Григорьев, Н.И.Ильминский сия!ты Ыбрайға жа!сы ниет білдіріп, оны !ызметіне !олдау к0рсетіп келген тAлғаларды бірі. Авторлар.)
қаржы сұрауы дағдылы əдетке айнала бастады. Оқу жылы басталар шақта үш аусымда жəне құлағалы тұрған катерлі мектепте оқушылардың оқу ісін бастағаны туралы фактілер журналистердің көмегімен қоғамдық ортаның назарына жетеді. Мəселе мемлекет қаржысының жетпей жатқандығында емес, мемлекет ісіне жауапты шенділердің бəрінің бірдей ел алдындағы жауаптылығын өз дəрежеснде сезіне бермейтіндігінде, немқұрайдылығында. Бірқаралары үшін ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүруді сəтінің де түсіп тұрады. Осыған қарап, Ыбрай уақытынан біржарым ғасырға жақын уақыт өткенімен əкімшілік қызметті алыпбарушылар арасындағы осындай керітартпалық дағдының өміршеңдік көрсетіп отырғанын байқаймыз. Ал ұлы демократ, ағартушы, ұстаз болса, өзі армандаған қазақ болашағынан мұндай келеңсіздіктерді кездестіруі ойламағаны анық.
Ал мектептерді өзінің «жеке меншік» пайдалы шарушылығына айналдырып, білім сапасы үшін істелуге тиісті қызметтік ісі атқаруды ойынан да əлдеқайда шығарып қойған директорлардың болып тұратыны да сізді таңдандыра қоймас. Жүздің бесеуі болғанның өзінде жүздеген өскелең жастың білімдік-мəдени, кəсіптік, карьералық болашағына балта шапты олар. Саны жəне құқығы жағынан заңдандырылған бақылаушы мемлекеттік жүйе шенеуліктері де ондай «қисық» фактілерді көре бермейді. Ы.Алтынсарин «тағылық», «адам мүддесіне қастандық» деп айыптаған жемқорлықтың білім жүйесінде тамырланып алған соншалықты, бірқатар білім шыққан жастар оның əдіс-дағдыларын жете меңгеріп шығып, оны өзінің қызмет бабына тапқырлықпен пайдаланудан тайынар емес. «Ұяда не көрсең ұшқанда соны аларсың» деген халық нақылы бұл салада белсенділік көрсетіп тұр. Осы жағдайлардың куəсі болып келе жатқан əлеуметтік орта ХІХ ғасырдағы Ыбрайдың жан дүниесін жаралап, халқы, елі үшін жасаған игілікті ісіне бөгет жасағандар əрекетін қалай бағалаламақ…
Оның сыртында өткен ғасырдағы білімсіз қара түнек ортасы емес, сауатты, білімді ХХ1 ғасырдағы қазақ ортасы көз алдында көрініс беріп жатқан келеңсіздіктерді неге əлеумет болып қолға алып, бақылап, реттеп отыра алмайды? Қирағалы тұрған мектеп орнына мемлекет бөлген қаржыға салынып жатқан мектептің құрылыс жұмысын бақылау ойына да кірмей, жемқор мердігердің саналы түрде ұқсатпай, уақытында жұмысты бітірмек түгілі қаржыны қымқыруына жол беріп, немқұрайдылық жасап отырған əлеуметтік орта мен ата-аналар бейқамдығын түсінудің өзі қиын. Дəл осы сауатты, бірақ қоғамдық санасы кешеуілдеп жатқан əлеумет тарапынан көрсетіліп отырған немқұрайдылық психологиясы өрбіген жемқорлықтың негізгі себептерінің бірі. Бұл жағдай таза ауыз су, индустрияландыру өндірістерін дамыту, жастарды жат идеологиялар мен психологияландыру қорғау т.б. қоғам өркениеттілігіне тікелей қатысы бар мəселелердің шешілуіне тікелей қатысты. Мемлекеттің стратегиялық бағдарламалары мен шешімдері ел мүддесіне бағытталғанымен көптеген оны орындаушы субъектілердің мемлекетке көрсеткен қызметі сын көтермейді. Қазақ тарихындағы Ұлы тұлғалар аңсаған заман ел басына туды, тек əлеуметтік сана мен мəдениет əлі ақсап тұр. Өкінішті əрі танымдық тұрғыда қызықты мəселе.
Осы тұрғыда Ыбрай Алтынсариннің он тоғызыншы ғасырдың ортасында, əлі крепостниктік тəртіптен шыға алмай отырған патшалық Ресей заманында «…бəрінен де қиыны халықтың қараңғылығымен күресу емес, үкімет қоғамның табысты тіршілігін қамтамасыз ету үшін тағайындалған білімді адамдармен күресу»[9] деген зор əлеуметтік-психологиялық күйзеліспен жазған ойы қазіргі қазақстандық қоғам үшін өзекті.
Екінші жағынан демократ ағартушыға мектеп, мəдениет, əділдік мəселесінде үнемі қазақ феодалдары мен мұсылман діни басшылығының қысым көрсетіліп отырды. Көрген қиындығы оның жүйкесін тоздырып, адами күйзеліске жеткізбей, денсаулығына зиянын тигізбей қойған жоқ. Осындай бір қиналысты шағында ол былай деп жазды: «Туған халқым үшін тағы бір қызмет жасаймын да, ғылыми-практикалық ақпаратқа негізделген білім кітабын жазамын да, шамасы қаруды тастауға тура келеді, өзім малшы болып туып едім, енді біражола сол малшыға айналмақпын»[10]. Бірақ бұл кітабын ол баспадан шығарып үлгермеді, жүрек ауруы оны өмірден алып кетті.
Ыбрай мектеп ісін ауылдық қауымдастықтар, билік адамдары арасында насихаттай, мектептер мен мұғалімдік училищенің, қыздар мектептерінің ашылуы үшін қаржы жинай жүріп халықтың жəне қарапайым халықпен байлардың, билік адамдарының арақатынасын өз көзімен көріп, тереңінентанып білді. Сот жүйесінде қызмет ете жүріп бұл саладағы əділетсіздердің куəсі болды. Қазақтардың «бұратаналар», «жабайылар», «арттақалушылар» деп аталуын өзі қызмет еткен əкімшіліктер мен əскерилер арасынан жиі естуі оның жанына түрпідей тиіп, намысына тиетін. Білім ісі басшылығында жүріп, Торғай облысы бойынша халық училищелерінің инспекторы бола жүріп, халық біліміне деген əкімшіліктердің немқұрайдылығын, бұратана халықты сауаттандыруға ресми билік пен оның жергілікті билікті жүргізушілерінің барынша қарсы екенін, олардың қазақ халқын мəдениеттендіруге емес, керісінде, орыс жəне мұсылман миссионерлігін екпінді жолға қойып, діншілдікті қазақ даласына кең таратып, діни сенім күшімен илепезіп отыруды көздейтінін əбден түсінді. Қалың қазақ ортасынан да оны қолдаушылар көп бола қойған жоқ. Дегенмен халық үшін жасаған жасампаздық еңбегі оны қауымдар арасында танымал етті, халқының ықласына ие болған елеулі ел азаматы етті. Прогрестік көзқарастағы билікке қатынасы бар орыс, қазақ азаматтары оның ісіне түсінікпен қарады, қолдады. Өз өмірінің мақсаты мен мəні еткен туған халқына білімділік пен озық мəдениет əкелу ісі жай ғана мектеп немесе орыс əдебиеті мен тілін оқыту мəселесі емес еді. Оның басты мақсаты – халқына («своим родичам») өзінің қоғамдық жағдайын өзі өзгерте алатындай деңгейге жеткізетін білімділік пен жоғары мəдениет, жоғары мəдениетке негізделген жоғары қоғамдық-əлеуметтік сана жеткізу. Бұл өзі тіршілік еткен ортада дауыстап айтыла бермейтін жүрегінің түбіндегі сыры болатын. Отаршылдық езгіден, таптық қанаудан, артқа тартқан қараңғылықтан туған елін алып шығудың Ыбрай таңдап алған жолы осы еді. Басқадай жол оның қысқа өмірінде атқарып үлгерген істеріне біражола тосқауыл болған болар еді.Мемлекеттегі жағдайды сезімталдықпен, шынайылықпен сараптай отырып таңдап алған күресі жолыоның даналығының дəлелі.
Патшалық билікті құлатпақ болып қолына қару алғандар мен террор жолымен билікті өзгертіп, демократия жолын орнатпақ болғандардың қай орыннан табылғандары белгілі. Сібирь түрмелері, Ресейдің шет аймақтарына айдалғандар, өмірі қыршын болғандар. Бұл жолды таңдағандар Ыбрай сияқты жалғыз да болмаған. Олар елеулі əлеуметтік топтар, бірлестіктер, жоғары əлеуеті ортаның өзгеше саяси көзқарастағы буындары. Олардың елеулі əлеуметік базалары болған, саяси күрес əдісінің тактикасы мен тəжірибесін меңгерген. Демократия, əділдік жолындағы күреске бел буған, белгілі бір деңгейде бұқара мүддесін көздегендер. Ал Ы.Алтынсарин болса өзінің жалғыз-жалқы екенін, оның жағдайында ашық саяси күрес оның қолы емес екендігін жақсы түсінген, мүмкіндігін шындықпен өлшемдеген қоғамдық тұлға. Сол себепті кейбір оның өмір-тіршілігін зерттеушілердің «ол саяси күрес деңгейіне көтеріле алмады», «таптық қарама-қайшылықтың саяси қырын жете ұғына алмады» сияқты бағалаулары орынсыз деп түсінеміз. Бүгінгі тəуелсіз Қазақстанның «Елдің жоғары дамуының, əлемдік бəсекеге төтеп беруінің басты алғышарты интеллектуалдық ұлт қалыптастыру» стр атегиясын саяси мəнді стратегия емес деп кім айта алады? Қазіргі жаһанданушы əлем жəне əлемдік алпауыттардың ықпал аймағы үшін жанталасқан жарысы жағдайында мəселені қарудың үші емес, мемлекет халықтарының ақыл-ойы, интеллектуалдық күші мен атқарушы үкіметтің адамгершілікті ішкі жəне сыртқы саясаты шешеді. Басқа жолдар бүкіл адамзат үшін қатерлі жол. Ыбрай дəл қазір арамызда болса, ол тағыда білім, мəдениет, тəрбие мəселесін ең бірінші мəселе етіп көтерген болар еді. Өзінің туған халқынан, бұрынғысынша, білімділікпен, жоғары мəдениеттілікпен қоғамдық мəселелерді шешуді жəне өзі армандаған тəуелсіз қазақ елін қырағылықпен сақтап қорғауды сұраған болар еді.
Демократ Алтынсарин қазақ даласындағы əлеуметтік қарама- қайшылықтарды көріп, ішкі дүниесімен түйсініп, қарама-қайшылықты экономикалық жағдайды да бағдарлады. Адамды адамның қанауын жек көрді, өзінің қоғамдық-саяси пікірінде жасырып қалмады. Алайда, жоғарыда атап кеткеніміздей, ол еуропадағы революцияшыл ортадан алыста, Орыс державасының отары кеңістігінде, мемлекеттік қызмет бабында тіршілік етті. Ресейдің батысында болып жатқан идеялық, саяси буырқанулардан оны хабардар болмаған адам деп ешкімде айта алмайды. Ол күрестің өз мүмкіндігі шеңберіндегі қолайлы жəне болашақты мақсатын іске асыру үшін бірден-бір қолайлы жолын таңдады. Басқаша тілде, қоғамды өзгертудің ресолюциялық емес, эволюциялық жолын таңдаған саясаткер. Қызыметі мүмкіндігін өз идеясын іске асыруға барынша тиімді пайдалануға тырысты. Өз еңбегінің алғашқы жемістері мен жеңістерін көрді де.
Мемлекеттегі саяси-əлеуметтік жағдайға байланысты ол өзінің баспасөз беттерінде, қоғамдық орындарда айта алмаған пікірлерін тек сеніміне ие болған бірен-саран адами еңселі тұлғаларға ғана жазып, білдіріп отырған. Сол хаттың біріне назар салып көрелік.
«Қызмет барысында мен жиі қазақтармен шайқасып қаламын. Олардың қатарында өз туысқандарым да бар. Олар туралы көп білемін жəне көбін өте жек көремін. Менің қаталдықпен айтып отырғандарым Орданың қызмет атқарушылары. Олар адамгершіліксіз, ұятсыздықпен қазақтарды тонауда, барын тартып алуда.Кедей, қорғаусыз қойлар өздерін еш қарсылықсыз қасқырлар жемтігіне беруде. Менің жұмысым болмасада, оларға қарап менің жаным ауырады, өте қатты ауырады»[11].
Біздің кейбір отандық тарихшыларымыздың кейбірінің елдің Ресейлік отарлық пен советтік Орталық режиміне тəуелділіктеп босап шығып, саяси бостандық алған мемлекет болып құрылуы жағдайында қазақ ортасына қатынасты мəселелерді біржақты бағалап кететін жайлары кездеседі. Бидің де биі, ханның да ханы болған. Бай мен кедей болып жарылып отырған əлеуметтік қабаттар да болған. Тайпа, Ру, Жүз болып бірігу ұланғайыр территориялық кеңістікте топтасып, үйірлесіп тіршілік етуге зор ықпалынтигізгені рас. Қазіргідей біртұтас қуатты мемлекет, басқару, ұйымдастыру жүйесі мен байланыс жолдары мен технологиялары болмаған уақыт үшін ол маңызды əлеуметтік-саяси құбылыс болған. Бірақ өткен шындықты асыра бағалап, қазақ тарихында болып келген əлеуметтік-таптық қайшылықтарды көлеңкелеп көрсетуден ешкімге келер пайда жоқ. Əсіресе қазіргі заманда, қазақстандық халықтың əлеуметтік-таптық жіктелудің жаңа замауи құбылысының қойнауында отырған жағдайында. Өткен ғасырларда өмір сүрмеген біздер үшін Ыбрай, Шоқан, Абай сынды ұлыларымыздың көріп білген шындығы-шындық.
Осы тұста əлеуметтік-тарихи ұлылардың жазған хаттары туралы біраз пікір білдіре кетуді жөн көрдік.
Қоғамтанушы ғылымдарда «Академиялық жазу» деген ұғым бар жəне оның жазылуы бар. «Академиялық» деген ұғым, біздің түсінігімізше, ғылыми құндылығы бар, ғылыми негіз, ғылыми зерттеу, ғылыми жұмыс деген мазмұнға саяды. Танымдық сипаты мен мазмұны бар, əлеуметтік мəнді мəселелерді қозғап, оны ой толғау өзегіне алған, əлеуметтік қатынастардың қырларын көрсетіп баяндаған хаттар, сөзсіз академиялық жазудың өзіндік жанры болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда Ыбрай Алтынсарин ғылым үшін маңызды осы жанрдың түрін кең қолданған. Осы жанр оның қоғамдық ойын, пікірін білдірудің, өмірлік шындықтарды сипаттап көрсетіп берудің, адамаралық қатынастардың қыр-сырын ашып баяндаудың (осылай болады деп ойламады да) негізгі бір құралы болды. Осындай жанрды құралы етуге оның өміртіршілігі ортасының өзіндік ерекшеліктері алып келді. Қоршаған ортасында трибунадан, көпшілік назарына түсетінбасқа ақпарат құралында өз пікірін жария етуге болмады, əйтпегенде оны қабаттасқан билік ұстаушылар отасы оқытушылық жəнебілім инспекторы қызыметінен айыратыны сөзсіз еді. Өзінің қоғамдық көзқарасын негізінен астарланған, əңгімеге айналдырған формада шығармалары мен оқулықтарында жазады. Оқушыларға сабақ, тəрбие болсын деп енгізді. Айталық, зерттеуші А.С.Ситдыковтың жазған кітабінда Ыбрайдың мына бір шумақтары келтірілген:
«Хан, не зная правды, чинит насилие,
Знай, государь, придет час возмездия,
И тот, кого ты обидел, доберется до тебя»[12].
Мазмұнына қарағанда Ыбрай оны Махамбет Өтемісовтың өлеңдерінен, махамбеттік үнімен оқулыққа енгізіп келтірсе керек. Ол өз ойындағыны пікірі сəйкес келетін басқа авторлар тілімен келтіру тəсілін қолданған. Тағы бір дəлел, кедейлерге деген жанашырлық сезімін ол ақын Кудеридің тілімен баяндаған:
«Господин, господин! – заставлял ты везде повторять, Сам старалсы до нитки меня, бедняка, ободрать.
Ей богач! Как у всех, жизнь твоя быстротечно пройдет,
И бедняк тебе справедливого судью найдет,
Будеть день-день рзбора всех жалоб»[13].
Келтірілген өлең жолдары Ы.Алтынсариннің өзінің де көзқарасы мен əлеуметтік-саяси ой-пікірін бейнелеп тұр. Сол себепті іріктеліп алынған, оқулыққа енгізілген материалдар.
Аталған шумақтарын арнайы іріктеп алып оқулық мазмұнына енгізуі оқып жүрген жастарды сол кездегі қоғамық шындықтармен таныстыру, оларды əділ, шыншыл болуға, айналасындағы əлеуметтік құбылыстарды дұрыс бағалай білуге, халық, кедейлер мүддесіне түсінікпен қарауға тəрбиелеу. Əрі демократ педагог білім саласындағы патриоттықпен, халқына деген шексіз сүйіспеншілігімен атқарып жүрген іс-əрекетіне өзінің бөгет болмауын көздейді. Өз тактикасы өзіне де ұнап тұрған жоқ. Алайда басқа шара да жоқ.Ыбрайдың: «Мен, бейімсіз, бағына салуды білмейтін қазақ, қажеттілікке байланысты белгілі бір айлалы адамның рөлін ойнай бастадым» деп жазуы осының айғағы[14].
Бірде Ыбрай өзінің сенетін досы Николай Ильминскийге өз ағайындарымен болған бір уақиға туралықызықты хат жазды: оның екі немере туыстары болыс басқармасы қызметіне таласады. Бəсекелі күрес болыс тұрғындарының екі жарылуына алып келеді. Екі ағайындылар араздығынан басталған бұл дау-дамай болыс халқының да екіге бөлініп күйзелуіне əкеледі. Ақыры халық аталған болыстыққа білім инспекторы ретінде қызмет бабымен келген Ыбрай Алтынсариннен ақыл кеңес сұрауға мəжбүр болады.Ал ағайындары болса халық ұстазының татуластырмақ болған əрекетіне көнбейді. Арам талас, ұрыс-жаңалға бой алдырған екі феодалдың райларынан қайтпайтынына көз жеткізген Ыбрай халыққа басқа бір үшінші адамды болыс бақармасы етіп сайлауды үсынды. Қарсылас жақтар солай жасады да. Нəтижесінде феодал туысқандары мен жергілікті əкімшілік өкілдері оған əртүрлі жалалар жауып жоғарғы басшылық-тарға өтініш жаудырды. Тіпті оны үкіметке қарсы шығушы революционер социалист, халықты бүлікке бастаушы деп жала жабады. Білім министрлігіне шағымданған хаттар да түседі. Ісі сотқа дейін жеткізіле-ді. Сол себепті Басшылық оны алыстан шақыртып алып тергеу жүргізеді. Алтынсаринге еш негізсіз ар-намысына тиетін іске қатысты болып, түсініктеме беріп, өзінің кінəсіздігін дəлелдеп шығуға тура келеді. Əйтеуір, жұмысынан босатылмай, айыптаушылар талап еткендей Торғай өлкесінен қуылмады. Білім беруді ұйымдастыру ісін жалғастыру жұмысы мүмкін болып қалдырылды[15].
Бұл ақпараттан біз ағартушы күрескердің феодалдық кертарпашылықтар, пасық мінез атқамінерлермен, қазақ даласын отарына айналдырған ұлы державаның билікшіл өктемдігімен, бас көтерген көкірегі ояу азаматтарды əлеуметтік-психологиялық қорлауымен үнемі бетпе-бет келіп, халқының білімді, демократиялық болашағы үшін күресіне белшесінен бата жүріп, əрдайым өзінің жалғыздығын сезініп өткенін байқамыз. Бұл жиырмашыншы да мыңжылдық емес, əлі қоғамдық қатынастардың ескілігіне батып жатқан онтоғызыншы ғасыр болатын. Осындай тарихи жағдайда толық емес ортабілімі ғана болғанымен өзіндік ізденісі мен өмірден тоқығанынинтеллектуалдық қуаттылықтың қайнар көзі еткен ірі қоғамдық тұлғаның пайда болуының өзі таңдандыратын жағдай. Біз осы тұста адамның өзіндік ізденісінің тұлғаның қалыптасуының шексіз мүмкіндігі екеніне сене түсеміз. Бірақ білім мен ізденіс те жеткіліксіз. Өзінің ой жүйесі мен мақсатты ісіне тағылықпен қараған қоршаған ортада тарихи ізгілікті іс атқару тек ерекше əлеуметтік мінезі бар адамның ғана қолынан келді. Ондай мінез Ыбрайға оның шыншылдығымен, танымдық сергектігімен, зор əлеуметтік сезімталдығымен жəне болашаққа бағдарлану қабілеттілігімен келді. Ол бақылау, бағдарлау мүмкіндігі жоғары тұлға. Қоршаған қоғамдық тұманды ортада саралы жолын таба білді, жалғыз бір өзі ғана қазақ даласына еш уақытта сөнбейтін, ешкім сөндіре алмайтын мəдениет пен жоғары патриоттық рух сəулесін төгіп үлгерді. Шынайы патриоттық, елін, халқын сүю деп осыны айт! Қоғамдық ісі барысында тар жол тайқақ кешіп киналсада, жеке адамдарды қойып, ресми биліктің қыспағында жүріп жаны жараланған шақтарда да оның аузынан «менің халқым», «туған халқым үшін» деген сөз түскен емес. Отарлау саясатына қарсы, халықты бір емес, екі жақты қаналушылыққа қарсы жұдырығымен, қолға қару алуымен емес, ақылымен, жоғары санасымен, интеллектуалдық күшқуатымен күресті. «Білімді мыңды, білімсіз бірді жығады» деген осы болар. Ол тек балаларды ғана оқытып тəрбиелеп қойған жоқ, айналасындағы билік пен байлық иелерін де тəрбиеледі. Оларды «жабайлықтан» шығудың, қоғамдық қатынастың артта қалуынан шығудың жолы білім мен озық мəдениетте екенін үйретті. Халық арасында тек мал шарушылығымен шұғылданып қоймай, біртіндеп отырықшылыққа да бет бұру қажеттігін насихаттады.Ресми үкіметтің діндерді халық арасына тықпалауының негізгі көздеген мақсатын түсіндірді. Басқа халықтардың озық мəдениетінен үйренуге шақырды əлеуметі ортасын. Мəдени байланыстың халықтар арасындағы байланысқа негіз болатынын өзі ғана түсініп қойған жоқ, кең насихаттады. Өзінің тікелей қатынасыумен, ұйымдастыруымен ашылған зайырлы мектептердің осы істерді атқаруға негіз салатынына сенді. Ыбрайдың өз идеялары мен мақсатының болашақта іске асырылуына сол мектептер түлектерінің зор үлес қосатынына сенімі жоғары болды. Сенімділік берген негіздің бірі – Ұлы ұстаздың өз ойымен жазған оқулықтары, оқу-тəрбие құралдары. Оқулық ішіне автордың ой өрісі, əлеуметтік сезімі, болашақты болжауы салынды, оқулықтар мазмұнынан оның күтілген жарқын, өркениетті қоғамын аралап жүрген жүрек соғысы естіліп тұрды.
Халықта «Жалғыз ағаш орман емес» деген нақыл сөз бар. Иə, Ыбрай Алтынсариннің əлеуметтік тұлғасы оны сол уақытта қоршаған адамдық ортадан бой көтеріп шыққан Жалғыз ағаш етті. Алайда ол болашақ орманның тұқымын сеуіп үлгерді. Бүгінгі Қазақстан алтынсариндер орманы алаңы деуге болар. Білім мен мəдениет ісіне Ыбрай сияқты жан-дүниесімен, ел мүддесі тұрғысында шын ықласымен еңбек етіп жүрген ұстаздар да, қоғам қайраткерлері де бар. Олардың алдынан шығатын қиындықтар да аз бола бермейді. Қиындықтардың да өзіндік сипаты мен сырлары бар.
Дегенмен, Ыбрай өзінің жоғары мəдениті мен жалпы адами қасиеттерінің арқасында біражола жалғыз да болған жоқ. Қысылтаяң шақтада қол үшін берген білікті, жоғары мəдениеті жандар оның өмір-тіршілігінің мəнді бола түсуіне ықпал етті, сүрініп құлап кетпей, алға жылжи беруіне рух берді. Олардың аттары жоғарыда аталды. Дегенмен, ұлы ойшыл пікірлерін жасырмай назарына ұсынып, жан-дүниесінің толғаныстарымен бөлісіп келген Николай Иванович Ильминскийдің азаматтығын атап айту парыз. Егер оған деген жылы ықласы, адам, əріптес ретіндегі сенімі болмаса біз үшін əлеуметтік-тарихи дерек көзі болып отырған хаттар жазылмаған болар ма еді. Ең бастысы, бізге, келер ұрпақтарғаол хаттар, шынайы дерек көздері ретінде жетпей қалуы да мүмкін еді. Н.Ильминскийдің ол хаттарды танымдық ақпарат көзіне айналдырғаны, Ұлы тұлғаның өмір-тіршілігінен осылайша хабардар еткені үшін айтар алғыс пен ризашылық сезімі мол.Екі азаматтың достық қатынастары «əртүрлі ұлттар азаматтары сыйласымдылығы негізінде екі жақтың білімдік-мəдени теңдігі» жатады деген тұжырымның қай заманда болса да өзекті екенін байқатады.Ресей патшалығы үкіметтің бұратаналар арасындағы сенімді өкілінің бірі бола тұрып, Ильминский неге Ыбрайға құрметпен қарады, неге оның жазған хаттарын əлеуметтік мəнді құндылықтар деп санады, неге оны ғылыми-практикалық еңбек құбылысына айналдырды?Себебі Алтынсарин ол үшін тек үкімет жарлығын білікілікпен атқарушы болған жоқ. Əріптесі оның тұлғасынан прогресс үшін, халық мүддесі үшін күресушіні көрді; ержүрек қайтпас қажырлы, сөзі мен ісі бір-біріне қайшы келмейтін азаматты көрді; білім мен мəдениетті, кəсіби біліктілікті көрді; бір бейнесіне сол уақыт адамдарында кездесе бермейтін шынайы адами қасиеттерді топтастырған тарихи тұлғаны көрді. Осы түсінік оны Ыбраймен достық қатынаста болуына, зор құрметпен жəне ықласпен ол туралы кітап жазуға алып келді.
Адам өркениеті үшін маңызды іс жасатты.
Алтынсариннің жеке тұлғасының өзі тəрбие мектебі болып тұрды. Оны жақын таныған қызметтестерінің қазақ даласы мен халқына деген көзқарыстары өзгерді, оның туған елі ортасына құрметпен қарай бастады. Ел арасына шығып қазақтың əдет-ғұрпын, тіршілік дəстүрлерін танып білуге қызықтырды. Тіпті Ильминскийдің досының көмегімен қазақ тілін үйренуге де талпыныстар жасады. Тілмəштің көмегімен емес, өзінің қазақтармен сөйлесікісі, сол арқылы оған жақын келуге ұмтылыс жасады. Аталған жайдың өзі Ыбрайдың ағартушылық қызметінің жан-жақтылыған, ондай адамдардың тек қызметі ғана емес, əлеуметтік тұлғасының өзінің айналасы үшін тəрбиелік мəні зор Мектеп болатынына сенімімізді арттыра түседі.Тіпті мұндай тұлғалардың ісінің көпшілік алдында талқыға түсуінің, ісінің сотта қаралуының өзі кері əсермен аяқталады. Процесске қатысушылардың өзі үлкен сабақ алып шығады. Оған «Киргизская степная газета» бетінде Ыбрайдың қайтыс болуымен байланысты жарияланған мына бір пікір де куə бола алады: «Партиялық күрес жағдайында қазақтар кінəсі жоқ белгілі тұлғаларға қара күйе жағуға қаржысы мен күшін салуға ұялмайды. Осылайша марқұм Алтынсаринге, ар-ұяты барынша таза адамға, бар күшжігерін салып, өмірінің басым бөлігін өз халқы үшін, өз қаржысы мен денсаулығын аямай еңбек еткен адамға, сайлау барысында істі бейбіт жолмен шешуге ақыл-кеңес бергені үшін ғана кір тастар лақтырылды»[16]. Өзі өмірден өткеннен кейінгі қоғамдық ойдың бір көрінісі осындай.
Ыбрайдың қазіргі қазақстандық қоғам үшін сабақ болар басқада бірқатар қоғамдық ойлары бар. Соның бірі дін мен діни сенімге байланысты. Патшалық Ресей тұсында «бұратана» деп аталып кеткен отарлаған аймақтар халқын христиан жəне мұсылман діндерімен діндарландырып, сананы бейімдеп бағындырып алу арқылы ықпалын еркін өткізу саясаты, оның қарқындылығы туралы жоғарыда баяндалған болатын. Сондай замандарда өмір сүрген ғалымның, қызметкердің, қоғам қайраткерлерінің осындай психологиялық ағыстан біражола сырт қалуы мүмкін болмаған. Батыста жəне олардың отарланған елдеріндегі жағдайлар да осылай болған. Ал Ұлы ұстазға тəн бір ерекшелік, табиғаттан жоғары тұрғанқұдретті күшке сенімнен біражола тыс тұрмағанымен, зайырлы мектептердің дамытылуын медреселер оқытатын діни схоластикадан балаларды аман сақтаудың бірден-бір жолы ретінде бағалады. Оқушылар арасына мистикалық, идеалистік көзқарастың енуін құптамады. Мектеп оқушылардың дүниеге деген шынайы практикалық көзқарасын қалыптастыруы керек. Осы ойын білдірген кезекті хатында ол былай деп жазды: «Билігіндегі халықтарды адамгершілік жəне экономикалықдамыту үкіметтің мүддесі болуы тиіс, кешіктірмен қырғыз Даласында орыс-қазақ мектептері дамытылса ол татарлық ілімдерді ығыстырып шығара алмағанның өзінде, халық дамуына тежеу болып отырған керітартпашылық көзқарастарға қарсы келе алатын күшке айналар еді; қырғыз халқының əліде жойылып кетпей сақталып келе жатқан, өмірдің өзінің практикасынан алынған дəстүрлерін діндердің ықпалынсыз жеткізуге мүмкін болып, халықты адамгершілік іріп-шіруге жібермеген болар еді»[17].
Қазіргі жастар арасындағы жазықсыз адамдарды қырып-жоюға барған жанкештілікті, халықаралық жəне ішкі террорлық іс-ірекетке ынта-жігерімен қатынасушылардың табылуын, əркелкі діни культар мен секталардың психологиялық тұтқынына түсіп, отанын азамат ретінде қорғаудан бас тартуын, шынай өмірдің сұраныстарын емес, «о дүниенің» сұраныстарын басты құндылығына айналдыруын, заңды жəне тəуелсіз мемлекет орнына мистикалық ілімге негізделген халифат орнатып, елді орта ғасырға қайта алып келгісі келетіндерді адамгершілік іріп-шіру демей, не деуге болады. Өкінішке орай, көзқарастық адасуға ұрынғандар тек жастар арасында емес, ғылыми жəне саяси ортада да ақыл есін идеализмге алдырғандарда баршылық. Осындай қауымдастықтың Қазақстан деп аталатын өркениетті елдің түбірімен құрып кетуіне мүдделі халықаралық жəне ішкі күштердің сүйенетін əлеуметтік базасы. Сол үшінде ондай қозғалыстар жасырын-жабық қаржылық, психологиялық, ақпараттық, техникалық жан-жақты қолдауға ие болуда.
Діни схоластиканың мектеп, білім институттарының ішінен əрекет етуі, егер бұл жағдай əлеуметтік бақылаудан шығып кетсе, жақын болашақтағы салдары Ұлылар арман еткен өркениетті қазақ елінің алдын кесуі мүмкін.
Ыбрай қазақ даласы тарихындағы өткен уақыттың шындығы емес, əлеуметтік-саяси, əлеуметтікмəдени ілімдері мен жоғары патриоттық рухы арамызда жүрген ұлы ойшыл жəне ұстаз.
1 Тəжин М. лтты! тарихи жадыны са!тап !алу – 0з-0зі ді са!тап !алуды жалғыз жолы //«АЗА» газеті,
21-28 маусым, жAма, 2013, №25-26.
2 аза! хрестоматиясы.-Орынбор, 1906; Мəктубат,-азан, 1896, 1899;Киргизская хрестоматия.- Оренбург,
1879, 1906.
3 Ыбрай Алтынсарин. Шəкəрім AдайбердіAлы /Бас ред. Б.Аяған.-Алматы: «аза! энциклопедиясыны » Бас редакциясы, 2007.-632 бет.
4 Ильминский Н. Воспоминания об И.А.Алтынсарине.-Казань, 1895.- С. 258-259. 5 Алтынсарин Ы. Киргизская хрестоматия.-Казань, 1879.-С. 98.
6 БAл да сонда.
7 Ильминский Н. Воспоминания об И.А.Алтынсарине.-Казань, 1895.- С. 260.
8 БAл да сонда.- С. 296.
9 БAл да сонда.
10 БAл да сонда. 11 БAл да сонда.- С. 225
12 Ситдиков А.С. Педагогические идеи и просветительная деятельность И.Алтынсарина. – Алма-Ата,
1949. – С.61.
13 Алтынсарин И. Киргизская хрестоматия.-Казань, 1879.- С. 77.
14 Ильминский Н. Воспоминания об И.А.Алтынсарине.-Казань, 1895.- С. 242.
15 БAл да сонда.-С. 257-258.
16 Казакбаев К. О киргизском народном суде. // Киргизская степная газета, 1894, №46.
17 Ильминский Н. Воспоминания об И.А.Алтынсарине.-Казань, 1895.- С. 271-272.
Резюме
В статье рассматривается роль Ы.Алтынсарина в развитии просвещения, культуры, патриотизма, социальнополитической жизни казахского народа. Вместе с тем уделено внимание воспитательной работе Ы.Алтынсарина среди казахского населения.
Summary
In article Y.Altynsarin’s role in development of education, culture, patriotism, socio-political life of the Kazakh people is considered. At the same time the attention to Y.Altynsarin’s educational work among the Kazakh population is paid.