САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАР АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА IС-ҚИМЫЛ БАЙЛАНЫСЫН ЖАҢА СИПАТТА ҚҰРУ: САЯСИ ТАЛДАУ


САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАР АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА IС-ҚИМЫЛ БАЙЛАНЫСЫН ЖАҢА СИПАТТА ҚҰРУ: САЯСИ ТАЛДАУ

Н.Б. Сейсен – Саясаттану жəне əлеуметтік-философиялы! пəндер кафедрасы, с.ғ.к., доцент,
А.Б. Сейсенова – с.ғ.к.

Мемлекеттің экономикалық саясатының бір аясы салық саясаты болып табылады. Салық салу аясында мемлекет экономикалық мəселелерді өзініңміндеттеріжəне өзін ұстау жөніндегі мəселерді ғанаəзірлеуменайналысыпқоймай, сонымен қатар өте ауқымды əлеуметтік жəнесаясат тұрғысындағымəселелерді шешугеатсалысатынсаясатты да жүргізеді. Бұл жөнінде Елбасымыз Н.Назарбаев экономиканы дамыту үшін «…таяудағыжылдарда біз назарымызды экономиканың нақтысекторына, оны сауықтыруға, фискалды жəне монетарлық қатаң шектеулержағдайындағыөсу мен күштіəлеуметтік саясатқа аударамыз» деген болатын [1]. Салық саясатының қағидалары мемлекеттің жалпы экономикалықбағдарламасына негізделеді жəне онымен өте тығыз байланысты болады.Экономикалық бағдарламаны əзірлеу ісі салық саясатының алға қоятын талаптарын, оның принциптерін ескере отырып жүзеге асырылады. 29 қаңтар 2010 жылы Астанада Қазақстанның сауда-өнеркəсіп палатасының 50 жылдық мерей тойына байланысты Белорусь жəне Ресей СӨП өкілдерінің қатысуымен «Бірыңғай Кеден одағы жағдайындағы сауда-өнеркəсіп палаталарының рөлі» атты тақырыпта басқосу өтті.
Басқосуда Кеден одағына мүше елдердің өкілдері оның құрылуына, алдағы қызметі мен жоспарларына қатысты өз ойларымен бөлісті. Мұнда Қазақстан СӨП-інің Президенті Ерлан Қожасбай отандық бизнестің Бірыңғай Кеден одағының құрылуын қолдап, оның бастапқы қызметінде Қазақстан үшін бірқатар кемшіліктердің болатынына түсіністікпен қарап отырғанын, алайда уақыт өте келе еліміз Кеден одағына аясындағы қарым-қатынаста өз ұпайын түгендеп алатынын кəсіпкерлердің сенімді екенін айтты. Осы орайда ол СӨП-тің Ресей мен Белорусь рыногына шығамын деген кəсіпкерлерге жең ұшын беруге дайын екенін, өйткені, БКО құрамына кірген шетелдік əріптестеріміз Қазақстан рыногына тек инвесті қолдау палатаның басты мақсаттарының бірі болып табылатынын атап өтті. Оның айтуы бойынша, осы мəмлеге байланысты қазір Ресей мен Белорусь елдерімен тиісті келіссөздер жүргізілуде. Онда Кеден одағында кіретін мемлекеттердің сауда-өнеркəсіп палаталарының қауымдастығын құру мəселесі де қарастырылып отыр. Егер бұл ассоциация құрылған жағдайда оған əр елденмүше кіріп, Кеден одағы аясында туындаған мəселелерді тез арада анықтап, шешу жолдарын қарастыратын болады.
Сонымен бірге, осы басқосуда 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Кедендік одақтың бірыңғай кедендік тарифі бекітілді. Сондай-ақ, кезең-кезеңмен күшіне енетін кедендік тарифтік реттеу саласында мынадай құжаттар күшіне енеді.
— Кедендік одақтың тарифтік жүйесінің артықшылықтарын пайдаланатын дамушы елдер тізімі;
— Кедендік одақтың тарифтік жүйесінің артықшылықтарын пайдаланатын дамыған елдердің тізімі;
— Тасымалданған кезде тарифтік артықшылық берілетін дамушы жəне біршама дамыған елдерден əкелінетін жəне сол елдерде шығарылатын тауарлардың тізімі.
Кедендік одақ комиссиясы арқылы баж салығының тасымал ставкасын өзгертетін ерекше тауарлардың тізімі.
Кедендік одақ шеңберінде қол қойылған барлық халықаралық келісімдер тараптар мемлекет ішіндегі саясат жүргізу жөніндегі келісім.
1. Кедендік одақ тауарларымен сыртқы жəне ішкі сауда да кедендік статистика жүргізу жөніндегі келісім.
2. Бірыңғай кедендік тарифтік реттеу туралы келісім.
3. Тарифтік квотаны қолданудың шарттары мен тетіктері жөніндегі келісімі.
4. Бірыңғай кедендік тариф ставкаларының ерекшеленетін жəне ерекше жағдайда танымалданатын тауарларға кедендік баж ставкаларын қолданудың жағдайлары жəне тəртібі жөніндегі хаттама.
5. Тарифтік жеңілдіктер жасау жөніндегі хаттама.
6. Кедендік одақтың бірыңғай тарифтік артықшылықтар беру жүйесі туралы келісім.
7. Үшінші бір мемлекетке қатысты тарифтік емес реттеулер жүргізу туралы бірыңғай шаралар туралы келісім.
8. Бірыңғай кедендік аумақта үшінші бір елдерде қатысты сауда жасаған кезде қолданатын тəртіптер туралы келісім.
9. Тауарлар мен сыртқы сауда саласындағы тауарларды лицензиялау ережелері туралы келісім.
2009 жылдың 27 қарашасында Минск қаласында Беларусь, Қазақстан жəне Ресей мемлекеттерінің басшылары Кедендік одақтың Кедендік кодексі туралы келісімге қол қойды, яғни 2010 жылдың1 қаңтарынан бастап Кедендік одақ өз күшіне енеді деген сөз.
Қазір біз əлеуметтік-саяси жəнеэкономика дамуының жаңа кезеңінде тұрмыз. Сондықтан да келешектегі даму тенденциясын, экономиканы ұйымдастырудың жаңа əдістерін, инвестициялық нарықты ескеру қажет. Сонымен қатар, мемлекеттік органдар өзара қарым-қатынасындабарлық əлеуметтік-құқықтық аспектілерді күшейтусаясатындашешілуі қажет.
Транзитті мемлекеттің айрықша ерекшелігі қоғамның жұмыс істеуінің механизмдерін концептуальды түрде ойланып-толғану, əлеуметтік-саяси процесстердібағалауға басқаша амалдарды қалыптастыру, сондай-ақ, қоғамдық дамудыңжаңа бағыттарын жасау болып табылады.
Əлеуметтік-саяси жаңғыруларкезеңінде қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемалары қоғамдық тұрақтылық, ұлттық қорғаушылық сияқты қадау-қадау мəселелерді теориялық қарастыру қамқарекеттері тұрғысындағы ізденістерді де күшейтіп, шама-шарқыншабұл тақырып маңызды саясиəлеуметтік мəні бар сипатқа ие болады.
Қазақстанның мемлекеттік егемендік алуы елдің өмір сүруі беріктігінің басты кепілі ретінде, ол ішкі жəне сыртқы сала мен жұмылушылық ресурстарына байланысты, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мəселесін көкейтестілендіре түсті.Бұл орайда, Қазақстанды стратегиялық дамытудың негізгі бағыттарының доминанты барлықəлеуметтік-саясисалалардың тұрақты əрі тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуші саяси-экономикалық жүйенің қауіпсіздігі болып табылады.
Қазір еліміз бүкіл əлемдіксауда ұйымына кіруге талпыныс жасап отырған уақытта, мемлекеттің салық саясатында ұстанып отырған бағыты, ішкі жəне сыртқы нарыққа өнім шығару мүмкіндіктері оның алдағы бəсекелік қабілетін айқындайтын шешуші фактор болмақ.
Сол себептермен, Президент салықтық əкімшілік жүргізу реформасын іске асыруды, отандық өндірушілерге мемлекеттік көмек көрсетуді, техникалық реттеудің ішкі стандарттарын БСҰ-ныңхалықаралық стандарттарына сəйкес келтіруді, қаржылық қызмет рыногын реформалауды жалғастыруды міндеттеді.
Ақша-несие саясатының негізгі мақсаты инфляцияны тежеу болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін Үкімет пен Ұлттық банкке көп міндеттер жүктеледі. Оларға көп күш пен барлық өкілеттіктерберіліп отыр. Ақша-несие саясатының міндеттері сан алуан. Ол инфляция өсімінің зиянды зардаптарын төмендетіп, бір мезгілде экономикалық өрлеуді ынталандырады. Бұл ретте Ұлттық банк маңызды орын атқарады. Ал үкімет Қор қаражатының ашықтығын жəнеұтымды құрылуы мен пайдалануын қамтамасыз етеді.
Қаржы, оның ішінде салық қызметі жаңа мазмұнда дамитын болады. 2007 жылдан бастап қосымша құн салығының ставкасы 1%-ға, 2008-2009 жылдары қосымша 1-2%-ға азаяды. 2008 жылдан бастап əлеуметтік салық шамамен 30%-ға төмендейді. Бұл жұмыс берушілердің өз жұмысшыларының жалақысын көтеруге ынталандырады.
Сондай-ақ, 2007 жылдан бастап барлық жеке тұлғалар үшін табыс салығының 10%-ін белгіленген мөлшерлемесі енгізілді. Еңбекақысы аз жұмысшыларсанатыныңтабысдеңгейінсақтаумақсатындаайлықесептіккөрсеткіштіңорнынаолардыңсалық салынатынтабысынанеңазжалақымөлшеріналыптастауұсынылыпотыр[2].
2007жылыбасынаншағынбизнессубьектілеріүшінсалықсалудыңкемітілгенбірыңғаймөлшерлемесіенгізіледі.
Үндеудебасшылыққаалынатынтағыбіржаңалық,2006жылдыңішіндекелісім-шарттықміндеттеме-лерді орындауүшін,жауапкершіліктіарттыруғабағытталғанқосымшашараларкешенінəзірлеуміндетіқойылды.Ұл ттықбанкпенқаржырыногынжəнеқаржыұйымдарынқадағалаужəнереттеужөніндегіагенттіккомпаниялард ыңжарғылыққорындағыүлестеріазинвесторлардың,акционерлерменқұрылтайшылардыңқұқықтарынқорғаутуралызаңдайындалады.
Қазақстаносыдан15жылбұрынтəуелсіздікалып,экономикалық жəнеəлеуметтікжеделжаңарудыңдербесжолынатүсті.
Біздіңмемлекетүшінбұлжылдарбойықалыптасқандəстүрлібайланыстанқолүзіп,əлемдікаренағашығукезеңд ердіəрине,оңайболғанжоқ.
Кейінгіжылдардың тəжірибесікөрсеткендей,Қазақстаносыуақытішіндеөзініңтабиғимүмкіндіктерінбарыншапайдаланабілді.Əсіресе,оғансаясибасшылықтыңдəйекті, сындарызорықпалетіп,еліміздамудыңсаражолынатүсті.
Қазақстандадамудың2030жылғадейінгістратегиялықбағдарламасықабылдады.Əлемніңеңсерпімдідамы ғанелдердіңқатарынақосылуниетібіртіндепжүзегежалпыішкіөнімдіжылсайын910пайызғаөсіругемүмкіндікбереді.
Алдағыміндеттердіңауқымыодандазор.Қазақстанхалықаралық сарапшылартарапынанжоғарыбағаланған,экономикалықдамудыңқазақстандықүлгісікейіндікберді.
Алдағыміндеттердіңауқымыодандазор.Қазақстанхалықаралықсарапшылартарапынанжоғарыбағаланға н,экономикалықəлеуеті барыншадамығанəлемдегіелумемлекеттіңқатарынақосылуниетінбілдіреді.
БұлЕлПрезидентіНазарбаевтыңалдағыуақытқақойғанеңмаңыздыкелеліміндетініңбіріболыптабылады.
Осынауелтарихындағықоғамдамуыныңсындарыкезеңде мемлекеттіңсалықсаясатыныңдамуыменқалыптасуыбірнешекезеңдеріненөтті.
Мемлекетқазынасынтолтырудамаңыздыміндетатқаратынсалықбіртіндепнарықжағдайынасəйкесəлемдікж үйегебейімделетүсті.Əрине,осыныңбарлығыбірсəттежүзегеасырылғанжоқ.Жалпынарықтықэкономикадағ ықайтақұруларарқылыөміріменбіргежаңарыпотырады.
Мемлекетсаясатыныңмаңыздыбуындарыныңбірі, біздіңəрқайсымыздыңқоғамалдындағыүлкенжауапкершілігіміздіайқындайтынсалықзаңдылығыныңҚазақ
станныңдамуыныңəр кезеңіндегіөзерекшеліктерібар. Кейінгіжылдары еліміздіңсалықжүйесіндеедəуірөзгерістерболды. Олдамуымыз-дыңбүгінгімазмұн – сипатынайқындауқажеттілгінентуындапотыр.Ендіалдыменосыөзгерістердісараптанөткізіпкөрелік.
БүгінгітаңдаҚазақстанРеспубликасыныңиндустриялық-инновациялықдамуынжүзегеасырустратегиясыныңнегізгібағыттарыныңбіріэкономикалықшикізаттықбағыттанкетіп,оныоданырықтандыружəнежа ңатехнологиялардыдамытуарқылыбəсекелестіккеқолжеткізуболыпотыр.
Аталғанмақсатқақолжеткізуүшінсалықсаясатынаүйлестірукерек,яғниэкономикалықдамытудамемлекет тікынталандыруəдістерініңқұрамдасбөлігіболыпесептелетінсалықсалужүйесінеинвестициялықбелсенділіктіқолдауғабағытталғанөзгерістеренгізуқажеттілігітуындады.
Соңғыуақыттасалықзаңдылығынаенгізілгенөзгерістерелдіңинвестициялықахуалыныңтартымдылығынкүшейту,амортизациялықсаясатынжетілдіру,қосылғанқұнүлесіжоғарғыөндірістіңдамуынжəнеотанд ықкəсіпорындарыныңтауарөндірісіпроцесін,халықаралықсапастандарттарыменэкологиялықменеджменттікталаптарынасəйкессертификаттануғажəнежеделөндіругеынталандырумақсатынкөздей ді.
“Міндеттіəлеуметтіксақтандырутуралы”ҚазақстанРеспубликасызаңыныңқолданысқаенгізілуінебайлан ыстыəлеуметтіксалықтыесептеументөлеудіңтəртібінайқындаужəнеəкімшілігінжүргізудіжетілдіружөнінде бірқатарөзгерістер2005жылдың1қаңтарынанкүшінеенді.
Еліміздегі тозығы жеткен негізгі қорларды жаңарту мен жаңғыртуға жағдайлар жасау мақсатында, заң жобасында қаралған 2005 жылдан бастап салық төлеушілердің балансында болған машиналар мен жабдықтардың, сондай-ақ, компьютерлік техниканың салық салу мақсатында айқындалған қалдық құнын 5 жəне 2 жылдың ішінде толықтай шегерімге жатқызу, сонымен қатар 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін тіркелген активтердің бүкіл құнын шегерімге жатқызу мерзімін белгілеу ұсынылған болатын. Осы өзгеріс барысында тіркелген активтердің шектемесінің санын 5-топқа (бұрын 9 топ, 75-кіші топтың орнына) дейін қысқарту арқылы ірілендіру, мұның өзі тіркелген активтердің көптеген нормалары бойынша амортизациялық аударымдардың жəне жөндеу бойынша шығыс жөніндегі шегерімдердің шекті мөлшерінің ұлғаюына əкеп соқтырды. Осыған байланысты Парламент аталған өзгерістерді 2006 жылдан бастап ендіруді ұсынды. Мұндағы мақсат – салық төлеушілердің амортизациялық саясат бойынша ұсынылып отырған өзгерістердің экономиканың түрлі саласындағы негізгі құралдың жаңаруына ықпалын талдау мүмкіндігін беріп отыр.
Қолайлы инвестициялық ахуал жасау үшін қолданыстағы салық преференцияларын сақтап қалу, жетілдіре түсу, сондай-ақ, жаңадан құрылған салық төлеушілер үшін корпоративтік табыс салығы, мүлік жəне жер салығын төлеуден 5 жылға дейінгі мерзімге толық босатылуы көзделген. Инвестициялық салық преференциялары инвестициялық жобаны іске асыруды жүзеге асыратын салық төлеуші заңды тұлғаларға беріледі.
Жеке тұлғаның салық салуғажатпайтын табыстар түрін айқындайтын 144 бапқа бірқатар өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда «пайлық инвестициялық қорлардың пайлары жəне акционерлік инвестициялық қорлардың акциялары бойынша дивидендтер, сондай-ақ, пайлық инвестициялық қорды басқарушы компания оларды сатып алған кездегі осы қордың пайлары бойынша табыстары ескеріледі.
Ұлы Отан соғысында қатысушылар жəне оларға теңестірілген адамдар, I жəне II топтағы мүгедектердің, сондай-ақ, бала кезінен мүгедектің ата-аналарының біреуі салық салынбайтын табыстарына қаралған шектеу алынып тасталды, яғни, олар қандай бір мөлшерде табыс болмасын салық төлеуден босатылады.
Ізгілік, қайырымдылық, демеушілік түрінде алынған мүліктің құны, жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшердегі ерікті кəсіби зейнетақы жарналары жеке табыс салығын есептейтін табыс көздеріне жатпайды. Сондай-ақ, елімізде шикі мұнай мен газ конденсатын экспортқа шығару қалыптасуына байланысты экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығын төлеу көзделіп отыр . Шикі мұнайды, газ конденсатын экспортқа өткізетін жеке заңды тұлғалар рента салығын төлеушілер болып табылады. Шикі мұнайдың, газ конденсатының көлемі рента салығын салу объектісі, ал олардың құны рента салығын есептеу базасы болып танылады. Экспортталған шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығының ставка мөлшері олардың сапасы мен бағасына қатысты 0 пайыздан 33 пайызға дейін белгілеген.
Жылжымалы мүлік қатынастарын үйлестіру мақсатында «Жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым» енгізіліп отыр. Қазақстан Республикасының заң актісіне сəйкес, тіркелуге тиіс жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді жүзеге асыратын жеке жəне заңды тұлғалар алым төлеушілер болып анықталған[3].
Жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін, алым жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркеуді куəландыратын құжаттың дубликатын алған кезде төлейтіндігі қаралған.
Салық есептілігі нысандарын оңтайландыру, ашықтығын сақтау жəне жетілдіру мақсатында патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер салық органдарына, Мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру қорына əлеуметтік аударымдар бойынша жəне жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары бойынша есеп-қисап табыс ету міндеттемесінен босатылады.
Сонымен қатар, арнаулы салық режимін қолданатын шаруа қожалықтары салықтың екі түрі бойынша: бірыңғай жер салығы жəне əлеуметтік салықты қамтитын бір оңтайланған декларация тапсыратын болды. Сондай-ақ, электронды мониторингке жататын салық төлеушілердің кейбір салық есептілігінің нысандары қысқарды.
Салық Кодексінің 10-бабындағы қолданысында «Қайырымдылық көмек, ізгілік көмек» деген ұғымдар болса, 2005 жылдың басынан «демеушілік көмек» деген сөздермен толықтырылып, өтеусіз қаржылық қолдау түрінде берілетін көмектер қатары көбейе түсуде.
Салық Кодексінің 12 жəне 69 баптарында жеке кəсіпкерлер кəсіпшілік қызметін тоқтатқан жағдайда, үш жұмыс күні ішінде салық есептілігін табыс етуге жəне қызметінің тоқтатылуына байланысты құжатты тексеру, жүргізу туралы салық органына өтініш беру міндеттілігі қаралған, яғни қызметке қатысты қатынастар айқындалған.
Сондай-ақ, өзгерістер бойынша салық міндеттемесі тəртібіне өзгеріс енгізілген. Яғни, бұрын салық бақылауы нəтижелері бойынша салық төлеушіге жіберілген хабарламаның орындалуы тапсырылған күннен кейінгі он жұмыс күні болып 5 күнге ұзартылған.
39 бапта бюджетке артық төленген салық сомасы бойынша салық берешегін міндетті өтеу есептеріне жатқызу тəртіптерінің ішінде, өсімпұлдар мен айыппұлдардың өтелуі төлемгерлердің өтінішінсіз орындалатындығы көзделген.
52 бапта салық төлеушінің салық берешегі сомасын оның дебиторларының шоттарынан өндіріп алу тəртібінің жүргізу негізділігі,бұрын шоттарындағы ақшасы жəне қолма-қол ақшасы болмаған жағдайда болса, енді жеткіліксіз болған жағдайда да өндіру əрекеттерін қолданатындығы қаралған.
Сонымен қатар, егер салық төлеуші берешегі бар дебиторлық тізімін жəне өзара есеп айырысу жөнінде салыстырма актілерін белгіленген мерзімде тапсырмаған жағдайда, оларға салық тексеру жүргізілетндігі белгіленген.
«Қаржы лизингі» атты 74-бап жаңа редакцияда берілді. Енді қаржы лизингі болып:
1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес үш жылдан астам мерзімге жасалған лизинг шарты бойынша мүлікті беру, егер ол мынадай талаптардың біріне сай келсе:
1) мүліктерді лизинг алушының меншігіне беру жəне (немесе) лизинг алушыға мүлікті тіркелген бағамен алу жөнінде құқық берілуі лизинг артында айқындалса;
2) қаржы лизингінің мерзімі лизингі бойынша берілетін мүліктің пайдалы қызметі мерзімінің жетпіс бес пайызына асса;
3) қаржы лизингінің барлық мерзімі үшін лизинг төлемдерінің ағымдағы (дисконтталған) құны қаржы лизингі бойынша берілетін мүлік құнының тоқсан пайызынан асса, ол қаржы лизингі болып табылады.
«Жекелеген жағдайда салық салу объектілерін анықтау тəртібі» деген 76-баптың 4-тармағына өзгеріс енді.
Егер, бұл сот шешімі бойынша табыс Қазақстан Республикасының заң актілері негізінде бюджетке алып қою кезінде, аталған табыстан төленген салық сомасы шегеріле отырып алынса, енді 2005 жылдан бастап, табыстан төленген сомасы шегерілместен алынатын болды.
«Жылдық жиынтық табыс» атты 80-баптың 2-тармағы жаңа 15-1 тармақшамен толықтырылды. Енді жылдық жиынтық табысқа салық төлеушінің 2-тармақта көрсетілген табыс түрінен басқа, таза табысты бөлген кезде алынған жəне əрбір құрылтайшының, қатысушының қатысу үлесін сақтай отырып, резидент заңды тұлғаның жарғылық қорын ұлғайтуға бағытталған табысы қосылады.
93 бапта Қазақстан Республикасының территориясында қызметтік іссапарда болған уақытында шегерімгежататын тəулігіне төленетін тəулік ақы мөлшері екі айлық есептік көрсеткіш үш айлық көрсеткішке дейін өсті.
Бүгінгі күнге, жаңа таным, өзгеріс болып салық төлемгерін қызықтырып отырған (өз өндірісінің, соның ішінде сертификатталған, қосылған құны жоғары тауарларын өткізетін ұйымдарға салық салу ережесі 140-бап) енгізіліп отыр.
Бұл ереже өз өндірісінің қосылған құны жоғары тауарларын өткізетін ұйымдарға бір мезгілде мынадай талаптарға сай келетін:
1)өз өндірісінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тауарларын өткізуден түскен табыс тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен табыс сомасының кемінде 90 пайызды құрайтын:
2) тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен табыс сомасындағы қосылған құн үлесі кемінде 40 пайызды құрайтын;
3) жарнама жəне төлем көзінен ұсталатындарын басқа, салық кезеңі үшін декларация бойынша салық төлеуші есептеген салықтар сомасының тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен табыс сомасына қатынасы ретінде айқындалатын салық жүктемесінің коэффициенті кемінде 12 пайызды құрайтын ұйымдар жатады.
Өз өндірісінің қосылған құны жоғары тауарларын өткізетін ұйымдарға:
— Жер қойнауын пайдаланушылар;
— Акцизделген тауарлар шығаратын ұйымдар; — Арнайы салық режимін қолданатын ұйымдар жатады.
Қызметін мұнай-химия өнеркəсібінде жүзеге асыратын жəне корпорациялық табыс салығын осы Кодекстің 119-1 жəне 140-5 бабында көзделген ережелерді ескере отырып есептейтін ұйымдар жатпайды.
140-9 бабыменбұл ұйымдардың корпоративті табыс салығын есептеу, төлеу тəртібі мен мерзімі белгіленген.
1. Осы Кодекстің 125 бабына сəйкес есептелінген корпоративті табыс салығының сомасы осы Кодекстің 140-7 бабы І тармағының І тармақшасында айқындалған өз өндірісінің тауарларына қатыстыкорпоративті табыс салығы сомасының 30 пайызына азайтылады.
2. Өз өндірісінің сертификатталғантауарларын өткізуден түскен табыстар болған жағдайда осы Кодекстің 125-бабына сəйкес есептелінген корпоративті табыс салығының сомасы менеджмент жүйелерін Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінің белгіленген тəртіп пен енгізілген жылдан кейінгі бір салық кезеңі ішінде өз өндірісінің сертификатталған тауарларына қатысты корпоративті табыс салығы сомасының 50 пайызына азайтылады.
Бұл өзгерістер бəсекелестігі дамытуды, қазақстандық өнімнің экспортқа шығуын жəне ел экономикасына инвестициялардың құйылуын ынталандыруға бағытталған.
Нарық жағдайындағы мемлекеттік реттеу экономикалық əдістермен жүзеге асырлады. Мемлекет осы бағытта нарықты қалыптастыру, оны қалыпты қызмет атқаруына қолдау көрсетуі керек.
Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты – салық жүйесін құру жəне оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру. Қандай да бір механизмнің құрамында бірнеше тетіктер жəне элементтер болады. Салық салу механизмі де сол сияқты белгілі бір салық элементтерінен тұрады.
Салық саясаты жəне салықтық механизмі белгілі бір қағидалар арқылы байланысады. Сонда ғана салық саясаты өз қызметін жан-жақты жəне тиімді түрде іске асыра алады. Дүниежүзілік тəжірибеде қолданылып келе жатқан бірнеше қағидалар бар: қарапайымдылық, əділеттілік, салыстыру.
Қарапайымдылық қағидасы. Бюджеттің кіріс көзін қараудағы, салықтар мен төлемдердің тиімді түсуінің ең басты кепілі болып саналады.
Салық саясаты мен салықтық механизм арасындағы байланысқарапайым да айқын болуы керек, салық төлеушінің түсінуіне жеңіл болуы қажет. Бұл үшін мынандай шаралар қолданылуы тиіс:
— салықтардың түрлері аса көп болмай нақты да дəлелді болуы керек;
— белгілі бір салықтың түріне бірыңғай салық ставкасын белгілеу қажет;
— салық салу объектісін, салық салынатын табысты немесе айналымды анықтау əдісі мейлінше жеңіл, қарапайым, қолдануға ыңғайлы жəне түсінікті болғаны дұрыс;
— салық жеңілдіктері не үшін беріледі, оған қандай негіздер бар екені дəлелді болуы керек. Салық жеңілдіктерінің мейлінше азайғаны қажет;
— салық төлеуде, салықты табыс көзінен, яғни төлем жүргізілген көзден төлеген ықтимал.
Əділеттілік қағидасы. Салық саясаты мен салықтықмеханизм арасындағы байланыста əділеттілік қағидасы тікелей жəне көлденең екі бағыттасақталуы тиіс.
Тікелей əділеттілік қағидасы дегеніміз – салық ставкасы, салық мөлшері, төлеушінің табысына тікелей байланысты болып, соның негізіндебелгіленуі қажеттігін қарастырады. Салық ставкасының шегі аса жоғары болмағаны жөн, себебі мұндай жағдайда салық төлеушінің табыс табуға ынтасы төмендеп, табыс азайтуы мүмкін, ал бұдан салық та сөзсіз азаяды.
Көлденең əділеттік қағидасы – тиісті жағдайда бірыңғай салық төлеушіге бірдей талап, бірдей шарт қойылу керектігін қарастырады. Салық төлеушілер белгілі бір табыс немесеқызмет түрінен, мүлкінен бірдей ставкамен салық төлеу тиіс.
Салыстыру қағидасы. Бұл қағида бойынша салық ставкаларын бекіткен кездеол ставкалар мөлшері басқа елдердеқолданылып жүрген ставкалармен салыстырылып, солардың деңгейіндебелгіленуі тиімді. Себебі шектен тыс жоғары ставкалар өндірісті дамытуға емес, керісінше оны тоқтатуға əсеретеді, шетелдік инвесторлардың ынтасын төмендетіп, олардың республика экономикасынақаржыларын салуынакедергі болуы мүмкін. Ал, салық ставкаларыныңбасқа елдерде қолданылып жүрген ставкаларданедəуір төмен болуы, алдымен мемлекетбюджетінің кіріс көзінің құралуына теріс ықпал жасауы ықтимал.
Салық– мемлекеттің суверенитетінің сипаты болып табылады. Олар осысипаты негізіндемемлекеттік мүліктен жəне қарыздар табысынан ерекшеленеді. Салықты іздеу мемлекеттің тəуелсіз құқықтарының бірі болып табылады. Салықтар біржақтыереже негізінде тағайындалады, бұл əртүрлі кедергілер тудырады.
Қазіргі заманғы экономистердің анықтауы бойынша, салықтық саясатқаржылық саясаттың бір бөлігі болып табылады.Салықсаясаттың мазмұны жəне мақсаты жоғары биліктің қолындағы қоғамның жəне əлеуметтік топтыңəлеуметтік-экономикалыққұрылысымен түсіндіріледі.
Экономикалық дəлелденген салық саясаты салықтық жүйе арқылы ақшалай қаражаттарды орталықтандырудың оптамальды бағыттарын қарастырады.
Батыстық экономистер салықтық саясатты жеке алып қарастырмайды, сонымен бірге салықтың мемлекеттің əртүрлі қызметтерінжəне тапсырмаларын шешуді қамтамасыз ететін мемлекеттік шығындарды құраушы ретінде зерттейді.
Олар мұндай саясатты дискреционды фискалдық саясат деп атайды. Бұл саясатжұмысбастылық деңгейін, өндіріс көлемін, инфляция темпін өзгертуге бағытталғанүкіметтің арнайышешімдері нəтижесіндемемлекеттік бюджеттің сальдосының, салығының, мемлекеттік шығын мөлшерінің мақсатты өзгеруінебағытталады.
Сонымен бірге дискрециондық емес фискалды саясат – жиынтық табыстың циклдық тербеліс нəтижесінде аталған мөлшерлердің автоматты түрде өзгеруі. Бұндай саясат жалпы ұлттық өнімнің өсу (кему) кезеңінде мемлекеттік бюджеттегі таза салықтық түсімдердің жоғарылауын (төмендеуін) ұсынады.
Осы жағдайда таза салықтық түсімдермемлекетпен төленгентрансферттер сомасы мен бюджеттік салықтық түсімдермөлшері арасындағыайырмашылықты көрсетеді.
Мысалы, Юткина Т.Ф. салықтық саясаты салықтық заңдылықтарды мақсатты түрде қолдануды анықтайтын басқару жəне билік органдарының құқықтық қызметтердің кешені ретінде анықтайды.
Салықтық саясат басқару жəне билік органдарының ғылыми дəлелденген, экономикалық мақсатты, тактикалық жəне стратегиялық құқықтық қызметтерінің жиынтығы ретінде қоғамдық игіліктің өсуін жəне ұдайы өндіріс қажеттілігін қамтамасыз етуге қабілетті. Салықтық саясатты жүргізу тек қанақұқықтық тəртіпті қамтамасыз етуді, салықтық төлемдерді төлеушілерді іздестіруді жүзеге асырмайды, сонымен қатар салық салу əсерімен қалыптасатын шаруашылық-экономикалық қатынастарды жан-жақты бағалауды жүзеге асырады. Соныменсалықтық саясат – бұл салықтық заңдылықтарды автоматты көшіруді жүзеге асыру ғана емес, оларды жүзеге асыру.
Даму есебінен жүргізілген салықтық саясат – бұл ағымдағы салықтық тактика емес, салықтық стратегия. Егер мемлекетқоғамдық, корпоративтік, жеке экономикалық мүдделерді үйлестіругетырысатын болса, онда салықтық тактика мен стратегия бір-бірінен ерекшеленеді. Ағымдағы кезеңге салық салуды үйлестіру бойыншамемлекет жетекшілігімен қабылданған тактикалыққадамдар көбіне экономикалық дəлелденбеген. Бұл тек салықтық стратегияны жүзеге асырылуынабөгет болмайды, сонымен бірге мемлекеттің барлық экономикалық курсын деформациялайды.
Салық аймағындағы ресейлік атақты экономист Черник Д.Г. салықтық саясатты экономиканы мемлекеттік реттеудіңнегізгі құралыретіндежəне жеке меншік кəсіпкерліктің дамуына қаржылық ықпал етуші сипатында қарастырылады.
В.М.Соколинский өз жұмысында салықтық саясатты қаржылыққұралдарəдісінің жəне формалары-ның жиынтығы ретінде қарастырады. Мұнда екі түрлі қарама-қайшылық бар. Біріншіден, экономикалық субъектілердің қаржылық ресурстарын алуды қамтамасыз етсе, екіншіден, бұл кезде олардың іскерлік белсенділігін төмендетуге жол бермейді.
Экономикалық сөздіктерде берілген термин келесідей сипатталады: «Салықтық саясат – салық салуға тікелей немесе жанама қатысы бар салықтық заңдылықтардың жəне басқа да заңдылық актілердің, кезкелген мемлекеттің Ата заңында анықталған салықтық қатысушылардың міндеттері мен құқықтарын атқару кезіндестратегиялық жəне тактикалық қызметтерді жүзеге асыруы». Бірақ, ең қысқа анықтама «Дамыған елдердің салықтық жүйесі тізімінде» келтірілген, яғни салықтық саясат – салық аймағында мемлекетпен жүргізілген шаралар жүйесі.
Жоғары дамыған салықтық қатынастар жағдайында салықтықсаясат халық табысының көбеюі, аумақтық-экономикалық дамуы, өндіріс құрылымының өзгеруі мақсатында халық табысының таратылуы үшін мемлекетпен қолданылады. Салықтық саясат міндеттері келесідей:
— өзінің қызметтері мен міндеттерінорындау үшін қажетті қаржылық ресурстармен мемлекетті қамтамасыз ету;
— толықтай халық шаруашылығын реттеу үшін қажетті жағдайлар жасау;
— халық табысының нарықтық қатынастар үрдісімен арадағыкеліспеушіліктің пайда болуын болдырмау.
Салықтық саясатта мемлекеттің салыстырмалы қабілеттілігі пайда болады. Мемлекет салықтық саясатты өзгерту арқылы жəне салықтық механизмді тиімді басқара отырып, экономикалық тұрақты дамуға жəне оны ұстап тұруға мүмкіндік алады. Салықтық реттеу елдің шаруашылықөмірін жақсартады. Салықтық шаралар базисті қатынастарда салық саясаты мен салық механизмінің арасындағы іс-əрекеттерді тиімді, универсалды құралы ретінде қарастырылады. Мұндай реттеудің басты мақсаты – компанияның ішкі жəне сыртқы, əсіресе инвестициялық қызметі үшін жалпысалықтық климатты құру, сонымен қатар капитал қозғалысының аймақты жəне салалық бағытын ынталандыру үшін преференциалды салықтық жағдайды қамтамасыз етеді. Салықтық саясат салық салуды басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық əдістері мен нормаларының жиынтығын қосатын салықтық механизм арқылы жүзеге асырылады. Мемлекет өзінің салықтық механизміне салықтық заңдылықтармен бекітілген құқықтық нысан береді жəне оны реттеп отырады. Міне, тек осы кезде ғана өндірістік қатынастардан салықтардың қорғалуын қамтамасыз етеді.
Сонымен, қазіргі кезеңде дамығанмемлекеттердің тəжірибесін пайдалана отырып, өндірісте бəсекелестікке қабілеттілігі бар экономика секторына айналдыру қажет. Ол өз кезегінде, рационалды, дұрыс бағытталған мемлекеттік салық саясатынсыз болуы мүмкін емес.
Өйткені, қазіргі қоғамның негізгі мəселесі, ол халықтың тұрмысдеңгейін көтеру, адамдардың əлауқаты мен өмір сүру жағдайын ұдайы жақсарта түсу – мемлекетіміздің əлеуметтік-экономикалық саясатының басым бағыты.
Соңғы 10-12 жыл ішінде бұрыннан қалыптасқан жүйені сапалық жағынан жаңа экономикалық жүйеге ауыстыру бағытында атқарылған қыруар дааса күрделі жұмыстар өзінің оң нəтижелерін бере бастады. Реформаның ең маңызды стратегиялық ұстанымы – жеке меншікке негізделген жаңа өндірістік қатынастар қалыптасты. Қазақстан экономикасы нарықтық экономикаға айналды.Шет мемлекеттермен, оның ішінде, əсіресе, экономикасы мықтап дамыған елдермен тиімді байланыстар орнатуға қол жеткізілді.
Экономиканың өсуі – əлеуметтік проблемаларды үйлесімді шешудің негізгі, адамдардың тұрмыс деңгейінің көтеріліп, табыстарының молаюының қайнар көзі. Міне, осы заңдылыққа сүйене отырып, Елбасы Н.Ə.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған дəстүрлі Жолдауында «біз əлемдік өркениет көшініңсоңында қалмауға тиіспіз» деген стратегиялық мəні орасан зор тұжырым жасады. Бұл болжамды орын-дауда, мына төмендегі 3 міндеттің қажеттілігін белгілеп берді. Бұлар негізінен ел экономикасын, респуб-лика халқын, Қазақстан мемлекетінің бəсекелестікқабілетін арттыру міндеттерін қамтиды. Олай болса, ел экономикасын өсірудегіқазіргі басымдылықтар оны нарықтық бəсекеге қабілетті етіп қалыптастыру, əлемдік экономикағаинтеграциялау, агроөнеркəсіп кешенінің проблемаларын шешу болып табылады.
Еліміздің деңгейін орта жəне онан арғы кезеңдерде жаңа белеске шығарудың Елбасы белгілеп берген келесі басым бағыты – бұл дамудың индустриялық-инновациялық ұстанымы,Қазақстан экономикасының ашықтығын, мемлекетаралық интеграцияны күшейтуді қамтамасыз ету. Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асырудағытүпкі мақсат – мемлекетімізді шикізаттық кіріптарлықтан арылту. Бұдан туындатын негізгі міндеттер: экономикадағы құрылымдық өзгерістерді байсалды жүргізу, өнім сапасын халықаралық стандарттар деңгейіне көтеру, оларды өндіруді, əсіресе, ұқсатуды əлемдік жаңа технологиялық əдістерге негіздеу. Дамудың индустриялық-инновациялық бағытын нақты жүзеге асыруда қаржыландырудың, яғни қажетінше тиімдіинвестициялар таратудың алатын орныерекше.
Əлеуметтік дамудың артуы, ел тұрғындарының өмір сүру деңгейінің барған сайын үстемелеп жоғарылауы инфляцияны, бағаның көтерілуіне əсер ететін факторларды саралап, оларды үнемі тежеп отыруды қажет етеді. Қазақстан үкіметінің фискалды саясатында 2005-2007 жж. инфляцияның орташа жылдық деңгейін 4-6%-дан асырмау көзделген. Бұл меженің нақты орындалуының дəлелі – ұстамды ақша-қаражат саясатын жүргізудің арқасында қаржы нарығында тұрақтылық, инфляциялық процестің баяулауы кəдімгідей айқын сезіле бастауы.
Тағыда айта кетер өзекті проблемалардің бірі,мемлекет пен шағын жəне орта кəсіпкерліктің «Мемлекеттік сатып алу туралы»Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру тұрғысындағы өзара қарымқатынасын жеке-дара атап өту қажет.
Аталған Заң мемлекеттік мұқтаждықтар үшін тауарлар (жұмыстар жəне қызметтер) жеткізіп беругешағын жəне орта кəсіпкерлік субъектілерінің барынша көп қатысуын жəне ондағыайқындылықты қамтамасыз етуге тиіс еді. Алайда, іс жүзінде мемлекеттік тапсырыс берушілер шағын жəне ортакəсіпкерлік үшін заң арқылықарастырылған префенцияларды қолданбайды.
Шағын бизнеске салық салу жəне қаржылық есеп жүргізу.
Салық кодексінде шағын кəсіпорындар қызметін салықтық реттеу жүйесін жетілдіруге бағытталған көлемді шаралар қарастырылған. Олардың ең бастысы ұйымдастыру-құқықтық үлгісіне, кіріс деңгейіне, сондай-ақ ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне ерекше тəртіп ұсынуды жан-жақты қарастыру болып табылады.
Мəселен, салық кодексінің жекелеген бөлігінде салық салу жүйесі едəуір төмендететін оныңішінде шағын бизнеске, шаруа фермер шаруаларына, ауылшаруашылық өнім өндіретін заңды тұлғаларына қатысты арнайы салық тəртібі қарастырылады.Шағынбизнес субъектілері үшін арнайы салық тəртібі бір реттік талон, патент, жеңілдетілген декларация негізінде анықталады.
Соңғы кезде салық кодексіне шағын бизнес субъектілеріне салықтық кедергініодан əрі төмендетуге байланысты өзгертулер мен толықтыруларенгізілді, оның ішінде;
1. Салықсалудың патенттер жүйесін қолдану шегі ұлғайды, кірістің ең үлкен көлемі 1,0 млн. теңгеден
1,5 теңгеге дейін артты;
2. Жеңілдетілген декларация бойынша шкала қойылып,төмендетіледі: арнайы салық режимін пайдаланатын жеке кəсіпкерлерге де(11,74%-дан 7,5%) дейін, заңды тұлғаларға да (13,11,9,7,5%-дан 9,7,5,4% дейін);
3. Жалдамалы жұмысшылардың еңбекақы төлемін арттыруды ынталандыру үшін 1,5 пайыз мөлшерінде түзету енгізу үшін жеңілдетілген декларация бойынша есептелген соманы төмендетуден – жеке кəсіпкерлер үшін 2 есептік ең төменгі еңбек ақы мөлшеріне дейін, қазіргі қолданыстағы еңбекақының 3 есептік ең төменгі мөлшерінеқарсы заңды тұлғаларға 2,5 еселі кең төменгі еңбек мөлшеріне дейін кедергілер төмендетілген;
4. Лицензияланатын қызмет түрлері ұлғаяды, оларды іске асырғанда салық төлеушіжеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық тəртібін пайдалануына болады;
«Қосымша құн салығы бойынша шекті мəн» 10000 айлық есептік көрсеткіштен (8,2 млн. тенге) 12000 айлық есептік көрсеткішке (10,4 млн. тенге) дейін. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының«Шағын кəсіпкерлікті мемлекеттік қолдану туралы» заңына сəйкес шағын кəсіпкерлік субъектілерінің бухгалтерлік есебі – есеп берудің жеңілдетілген тəртібі мен үлгісін қарастыратын тəртіпте ұсынылуы мүмкін. Бұл норма тек акцизделетін өнім өңдеумен, өткізумен (алкогольдік жəне темекі өнімдерін бөлшектеп сатуды ескермегенде) айналысатын субъектілерден басқа барлық шағын кəсіпкерлік субъектілеріне қатысты.
Қабылданып отырған шараларға қарамастан Қазақстандағы шағын бизнес, оның дамуын тежеп, қазақстандық қоғамды тұрақтандыру мен елдің экономикалық өсімінің негіз болуға мүмкіндік төмендегідей мəселелерге жолығуда:
— қаржы-несие қол жетімдігінің болуы; ресурстарының жеткіліксіз деңгейде;
— жергілікті жерлерде шағын бизнесті дамыту мен қолдаудың мемлекттік саясатынөткізу процесін үйлестіру мен басқарудыңнақты басымдылықтарының болмауы;
— кəсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік емес институттарымен қауымдастық, шағын несие, ақпараттықконсалтингтік жəне оқыту мекемелері, бизнес-инкубаторлар, технопарктер жəне басқа датиімді ақпарат алмасу тетігімен кері байланыстың жоқтығы.
Сонымен қатар, лицензиялау, мүлікті тіркеу, өнім, жұмыс, қызмет сапасын бақылау жəне т.с.с. мəселелерде мемлекет тарапынан шағын бизнес субъектілерінің қызметін реттеу деңгейінің жоғарылылығы шағын кəсіпкерліктің дамуына кері əсер етеді.
Кəсіпкерлік мəселелері бойынша кеңестік, құқықтық, бухгалтерлік жəне əртүрлі консалтингтік қызмет ұсынуға негізделген кəсіпкерлерге көмектің кепілді көлемін қамтамасыз ететін шағын бизнесті қолдаудың өкілетті органдарын қалыптастыру көзделуде.
Қазір еліміздекəсіпкерлікті қолдаудың белгілі бір инфрақұрылым əрекет етеді: қауымдастықтар, кəсіпкерлікті қолдау орталықтары, бизнес-инкубаторлар, технопарктер жəне басқа. Алайда, олардың басым бөлігі өзіндік қаржы құралдарының жетпеуінен өз міндеттерін атқара алмауда. Оларды бұл жұмыстарға белгілі бір тапсырыстарды конкурстық негіздеорналастыру арқылы жүзеге асыру көзделуде, оларды шағын кəсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберіндежүргізу болжануда.
Күрделі шараларды іске асыру нəтижесінде шағын кəсіпкерлікке ықпал мен көмек көрсету бойынша сапалы инфрақұрылымның əрекеттегі нысандары шағын бизнес дамуының жаңа бағыттарын іске асыруға мүдделі болады.
Қазіргі таңда Қазақстанның əлеуметтік-саяси жəне экономикалық өмірінде өзінің сапалы құрамы мен құрылымы жағынан əртүрлі əлеуметтік күштер қызмет жасауда.Олардың ішінде саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, азаматтық инициативалар айрықша орын алады.
Жаңа бірлестіктердің туындауы мен қызмет етуі, бұрынғыларының қайта құрылуы тарих дəлелдеген бір көзқарастың шынайылығын білдіреді. Көптеген пікірлердің туындауы түбінде дұрыс шешім қабылдауға итермелейді. Бірақ азаматтардың жаңа қоғамның əлеуметтік-саяси жүйесін жетілдіру жөніндегі шығармашылық əлеуеті толық көлеміндепайдаланылмай отырғанына көз жеткіземіз. Қоғамдық инициативаларды қолдау тетігі əлі қалыптаспағандықтан, адамдардың мүмкіндіктері негізінен стихиялық түрде немесе тиімсіз үлгіде көрініс береді.
Өкінішке орай, ретсіздік пен басқару үлгісінің жетілдірілмеуі демократия үшін жат құбылыс болып табылады. Бірақ ол мемлекеттің азаматтар мүддесін қорғайтын басқарудың бірден-бір үлгісі болып саналады. Əлбетте, ол басқару жемісті болсын десек, қоғамның əрбiр секторы əлеуметтiк-саяси жүйесiнiң əдiл екендiгiне, азаматтар дауысы толық естiлетiнiне, мемлекеттiк институттарға сенуге болатынына, азаматтық қоғам мүшелерiнiң өкiлдерiнiң мемлекетке ықпал ете алатынына көз жеткiзуi қажет.
Қоғамда қордаланып қалған көптеген проблемаларды, оның iшiнде əлеуметтiк қорғау мəселелерiн шешуге республикада құрылған үкiметтiк емес ұйымдар ықпал ете алар едi. Қазақстандық ҮЕҰ-дық құрылуын елдегi саяси, экономикалық өмiрдiң белсендi реформалануы басталған алғашқы тəуелсiздiк алған жылдармен байланыстыруға болады. Экономиканың құлдырауы, халықтың тұрмыс деңгейiнiң төмендеуi, жұмыссыздар санының күрт өсуi, аз қамтамасыз етiлген халық тобын мемлекеттiк əлеуметтiк қорғаудың iркiлiсi – азаматтардың қоғамдық бiрлестiктерiнiң құрылуының басты себебi болды.
Кез-келген үкiмет емес ұйымның өз мақсаты бар, ол соған қол жеткiзу үшiн құрылады. Себебi бұл оның түпкiлiктi мақсаты болып табылады. Мақсат белгiлi бiр мүдделерден туындайды, оның сипаты əртүрлi болуы мүмкiн. Мүдделер саяси, экономикалық, рухани, əлеуметтiк, мəдени өмiрдi басқа қамтиды.
ҮЕҰ-ды мынадай бағыттар бойынша топтастыруға болады, олар: əйелдер ұйымдары, медициналық ұйымдар, мəдениет, ғылым, бiлiм беру, балалар мүгедектiгi проблемалары бойынша ұйымдар, жастар ұйымдары, əлеуметтiк қолдау жөнiндегi ұйымдар, құқық қорғау, экологиялық жəне басқа ұйымдар.
ҮЕҰ-дар қызметi кəсiби бiлiктiлiк, икемдiлiк, жылдамдық,жаңашылдық, əлеуметтiк маңызды проблемаларды шешуде билiкпен ынтымақтастыққа дайын болу сипатымен ерекшеленедi. ҮЕҰ-дар əртүрлi əлеуметтiк бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған мақсатты бюджет қаржысының пайдалануына бақылау орната алады.
Жаңа экономикалық жағдайда үкiметтiк емес ұйымдардың құрылуы мемлекет үшiн тиiмдi. Себебi ол əлеуметтiк мiндеттер үшiн жауапкершiлiктi онсызда өзi бақылап отырғанҮЕҰ-мен бөлiсуге қол жеткiзедi. Оған даму ауытқуы бар балалар мен жасөспiрiмдердi əлеуметтiк жəне еңбекпен сауықтыру орталығы, республикалық диабет ассоциациясы, мүгедектердiң “Кеңес” қоғамдық бiрлестiгi, мүгедек балаларды қамқорлыққа алу жөнiндегi “Ақбота” лигасы, үйi жоқ балаларға көмек көрсету жөнiндегi “Айгерiм” қоғамдық қоры, Қазақстанның ұлттық тұтынушылар лигасы сияқты қоғамдық құрылымдардың қызметiн мысал ретiнде келтiруге болады. Қазақстанның кейбiр аймақтарында бақылаусыз балаларды уақытша паналату, əлеуметтiк жағынан азғындаған адамдарды əлеуметтiк бейiмдеу орталығы, үйсiздер үшiн түнгi баспаналар сияқты ҮЕҰ-дар құрылып, табысты жұмыс iстеуде. Мəдениет, өнер, бiлiм беру, сауда-өнеркəсiп палаталары сияқты коммерциялық емес мекемелер үкiметтiк емес ұйымдар қатарына жатқызылады.
Тұтастай алғанда, үкiметтiк емес ұйымдардың жағдайы қанағаттандырарлық деуге болмайды. Республикада 3,5 мыңға жуық ұйымдар тiркелгенiмен əртүрлi себептермен олардың iс жүзiнде 800-ге жуығы ғана жұмыс iстейдi. Ақшаның жеткiлiксiз болуы, сондай-ақ көптеген əлеуметтiк проблемаларды шешуде жергiлiктi билiк органдары тарапынан ҮЕҰ-дар қызметiн жеткiлiктi түрде бағаламау оның қызметiне терiс ықпалын тигiзуде.
АҚШ-та үкiметтiк емес ұйымдар өз қатарына 750 мыңға жуық қоғамдық ұйымдарды бiрiктiредi. Олар қоғамдық қажеттiлiктерге қызмет етуге жұмылдырылған. Бұл ұйымдардың бюджетi 433 млрд. долларға жуықтады. Егер бұл ұйымдар тобы ел болса, онда оның экономикасы ауқымы жағынан 10 мемлекетке ғана басымдық берiп, Австралия, Мексика, Индия, Голландия сияқты елдер экономикасын басып озған болар едi.
Мемлекет ҮЕҰ-ға өзi белгiлейтiн немесе орындайтын Заң құралары арқылы үлкен билiк жүргiзедi. Ол ҮЕҰ-ды құру кезiнде пайдаланатын нормативтiк құқықтық актiлер, олардың қызметiн реттеу, салық салу, есеп алуды жүзеге асыру құралдары арқылы бұл ұйымдарға көмек көрсетуi немесе оның қызметiне кедергi келтiруi мүмкiн. Мемлекет заңдарды қабылдай отырып, ҮЕҰ-дың белсендiлiгiн тежеуi немесе оны ынталандыруды, сондай-ақ ол өзiне ыңғайлы ҮЕҰ-ды құру үшiн үлкен ықпал құралдарын пайдалануы мүмкiн. Заңдылық базасы əлсiз немесе оны орындау тиiмдiлiгi төмен болған жағдайда бұл ҮЕҰ-дар қызметiне күштi, ең тиiмсiзi терiс ықпал етуi мүмкiн.
Қазақстандағы ҮЕҰ-дар əлеуметтiк бағдарламаларды орындау үшiн, мемлекеттен қаржы алмайды. Бiздiң қоғамдық, əлеуметтiк бағдарланған бiрлестiктер өз қызметi үшiн əзiрге шетелдiк қорлар мен ұйымдардан гранттар алумен шектелуде. Бiрақ ҮЕҰ-ды мемлекеттiң, қайырымдылық қорлардың, коммерциялық құрылымдардың, сондай-ақ, өзiндiк шаруашылық қызметi есебiнен қаржыландыруға тиiстi жағдай қалыптастыру қажеттiлiгi туындап отыр.
Мемлекет принципiнде коммерциялық емес сипаттағы ұйымдар арасында мiндеттi конкурстық негiзде арнайы тапсырыстарды орналастырып, орын алған проблемалардың ауыртпалығын бiршама жеңiлдетуге талпыныс жасауда. Негiзiнен алғанда, мемлекеттiк тапсырыс бiр дүркiндiк қызмет көрсетудi көздемейдi, ол ұзақ мерзiмдегi жобаларға арналған. Бақылау мен жүйелi есептi қамтамасыз ету үшiн конкурс жеңiмпазымен келiсiм-шарт жасалынады.
ҮЕҰ-дар қызметiнiң аясы кең емес. Олардың қатарына кедейшiлiкпен күрес, табиғатты сақтап, дамыту тұжырымдамасын енгiзу, есiрткiнi таратуға қарсы күрес, мүмкiндiгi шектеулiадамдарды қолдау, халықтың азаматтық, еңбек құқықтарын, тұтынушылардың құқын қорғау, кəсiпкерлiк негiзiне оқыту жүйесiн дамыту енедi. ҮЕҰ-дар құрылымында 400 мыңнан астам мүгедектердi қамтитын адамдарды əлеуметтiк қорғауда жаңа көзқарас танытып жатса, пайдалы болар едi деп ойлаймыз. Мемлекеттiк əлеуметтiк қорғаудың барлық жүйесi нақты адамнан көрсетiлетiн көмектiң түрiне, мөлшерiне, ұзақтығына, өтiнiш бiлдiру кезеңiне, оның тиiмдiлiгiне зер салып отыру бағытына қарай қарапайым жəне тиiмдi жүйе бойынша “икемдi құрылуы” қажет [4].
ҮЕҰ-дар саяси партиялар қатарына жатпайды, сондықтан ол саяси партиялардың табиғатына тəн қызметтермен айналыспайды. Азаматтардың əлеуметтiк-саяси жəне экономикалық процестерге ҮЕҰ-дар қызметiнiң шеңберiнде араласуын Қазақстандағы Азаматтық Кодексте айқындалған құқық нормалары реттеп отырады[5].
Азаматтық қоғамның қалыптасуы ҮЕҰ-дың мемлекеттiк саясатты дайындап, оғанбелсендi қатысуының маңызды шарты болып табылады.
Азаматтық қоғамды қалыптастыру ҮЕҰ-дардың мемлекеттiк саясатты дайындап, оған белсене қатысуының, оларға осы мəселелер бойынша зерттеу, бiлiм беру, насихат жұмыстарымен, тiптi, олардың көзқарасы мемлекеттiң ресми саяси көзқарасымен сəйкес келмесе де айналысуының шарты болып табылады.
Қазақстандағы үкiметтiк емес ұйымдардың елеулi күшi бар, олар кедейшiлiктiң алдын-алу, азаматтарды тарту, кəсiпкерлiк қызметтi дамыту, салық мəдениетiн енгiзу, құқықтық бiлiмдердi тарату, тұтынушылар құқын қорғау т.б. сияқты маңызды əлеуметтiк проблемаларды шешумен айналысады.
ҮЕҰ-дың саяси белсендiлiгi көптеген маңызды мəселелердi қамтиды. Көптеген елдерде (оның iшiнде Қазақстанда) осындай ұйымдардан басқа ешкiм де азшылықтың, табысы аз халық жiгiнiң мүдделерiн шынайы түрде қорғай алмайды. Сондықтан тəуелсiз, əртүрлi топтардың мүдделерiн қорғайтын, əлеуметтiк даму бағдарламаларының ықпалымен жұмыс iстейтiн ҮЕҰ-дардың осындай жобаларды iрiктеу, жасау жəне қалыптастыру жұмыстарына толыққанды қатысуға құқығы болуға тиiс.
Əлеуметтiк топтардың мүдделерiн қорғау мен алға тарту қоғамда жүрiп жатқан кез-келген процестердiң ажырамас бөлiгi болып табылады. Дамыған демократия жағдайында азаматтық қоғам құру азаматтарды мемлекеттiк басқару iсiне белсендi тартуды талап етiп қоймайды, сондай-ақ, ол процестерге азаматтық институттардың тең дəрежедегi əрiптестiк қатынастарын қалыптастыруды талап етедi.
Қазақстандық үкiметтiк емес қайырымдылық ұйымдардың өз мүдделерiн, сондай-ақ, өздерiнiң өмiр сүруi менқызметi тұрмысы төмен отбасыларымен тiкелей байланысты болғандықтан, олардың мүдделерiн ұсынып, қорғаудағы мүмкiндiктерi шектеулi болатын.
2007 жылдың 16 мамырында парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Оның ерекшелігі, Елбасы АтаЗаңымызға енгізулер, өзгерістер туралы ұсынысын ортаға салған. Ол жиыннан қолдау тапты.
Толықтырулардың ішінде:
— мəжіліс депутаттарын сайлауда еліміздепропорционалды жүйе қолданылмақ. Бұл саяси партиялардың ролі артуына себепші болады.
— Елбасы ҮЕҰ-ды мемлекеттен қаржыландыруға тиым салу туралы конституциялық шектеуді алып тастауды ұсынды.
Осылайша елде тағы бір реформа басталды. Бұл жолы саяси. Бүгінгі өзгеріс саяси партиялардың, ҮЕҰ-дың аяғынан тұрып, ширауына себеп болады жəне біздің өмірімізге көп өзгерістер алып келеді.
Толықтырулардың қабылдануына байланысты ҮЕҰ-дардың заңдылық қызметтерiн жүзеге асыру жөнiндегi мүмкiндiктерi кеңейе түседi. Мемлекеттiк емес ұйымдар мен азаматтар нормативтiк құқықтық актiлерге өздерiнiң ұсыныстарын, тiптi мемлекеттiк уəкiлеттi органдарының қарауы үшiн оларға өздерiнiң ұсыныстарын берiп отырады.
Қорыта айтқанда, мемлекет пен қоғамның əлеуметтiк топтарының Қазақстан Респбликасындағы жаңа Салық саясатының қалыптасу кезеңiндегi өзара iс-қимылы оншалықты тиiмдi болған жоқ. Бiрақ елiмiздегi демократиялық үрдiстердiң дамуына қарай мемлекет пен қоғамның əлеуметтiк топтарының Қазақстан Республикасындағы салық саясатына түзетулер енгiзуге ықпал етуi сияқты өзара iс-қимылдарының тиiмдiлiгiнiң арта түсетiнiне күмəн келтiруге болмайды.
Біздің қоғам дамудың жаңа сатысына көтерілді. Бүгінгі таңда біз өркендеудің осы талап үдесінен көріне білуіміз керек. Алдағы жылда Қазақстанды əлемнің ең бəсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына ендіру міндетін алға қойған Елбасы Н.Назарбаевтың айрықша ұстанымы бізді осыған жетелейді. Ол еліміздің бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына енуіне байланысты салық жəне қаржызаңдылықтарын халықаралық нормаларға сəйкестендіру міндетін алға қойды. Бұл біздің əлемдік өркениет жолымен ілгері дамуымыздың кепілі болып табылады деген сөз.

1 Назарбаев Н.А. О положении в странеи основных направлениях внутренней и внешней политики: Послание Президента РК народу Казахстана// Дипломатический курьер, 1998. — №4-с.75.
2 Назарбаев Н.А. Стратегия-2030 // Казахстанская правда. 11.09.1997.-С.6-7.
3 Назарбаев Н.А. Стратегия становления развития Казахстана как суверенного государства.-Алматы: Дəуір,
1992-567 с.
4Абсалямова Н. Заказ на милосердие. \\ Казахстанская правда. – 2001, 25 января.
5 Казахстанская правда от 27.1.

Түйін
Бұл мақалада автор əлеуметтік-саяси ғылымда əлі де толығымен ашылмаған. Салық саясатының мемлекет пен қоғамдық құрылымдар арасындағы өзара iс-қимыл байланысын жаңа сипатта құрумəселелері қарастырылады.

Резюме
В данной статье автор поднимает вопросы по по проблеме налоговой политики между государством и общественным строем которое рассматривается действия в новом направлении.

Summary
In this article an author raises questions on issue of tax politics between the state and framework of society that is examined actions in new direction.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *