КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІН ПРОБЛЕМАЛЫҚ ӘДІС АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ
Мақалада қазақ тілін проблемалық әдіс арқылы оқытудың кейбір ерекшелігі қарастырылады. Автор проблемалық әдісті қолдану арқылы оқытушы мен студенттің креативті ойлауын дамытып, сабақтың мазмұнын ерекше құруға шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейтуге жағдай жасайтындығы айтылады.
Оқытушы білімді даяр күйінде баяндай бермей,студенттердің алдына белгілі бір проблемалық міндет қойып, оны өздеріне шештіруге бағыттауы бұл әдістің шығармашылық ерекшелігі болып табылады. Ал шығармашылық жұмыстар студенттің ойлау қабілетін дамытып, интелектуалдық танымын арттырады.
Кілттік сөздер: проблемалық әдіс, креативті ойлау, әдіс, оқытушы,оқыту, жаңа технология, кәсіби, өңдеу, талдау, студент.
Оқытудың жаңа технологиясы – оқытуды ізгілендіру, өзін-өзі дамытып, тәрбиелей білетін, заман ағымына ілесе алатын кәсіби, білікті, жан-жақты жеке тұлға қалыптастыруды мақсат етеді. Кәсіби білім сапасын арттырумен бірге өз қабілетіне қарап, өзін-өзі дамыта отырып, өзіне сын көзбен қарауға мүмкіндік береді. Болашақ маман иелерінің бойында білімділік, біліктілік, саналылық, жауапкершілік қасиеттерін сіңіруде, яғни кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруда жаңа технологияны қолданудың ролі ерекше. Сондай-ақ жаңа технологияны тиімді пайдалана білу оқытушы мен студенттің көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір оқытушының алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа технологияны меңгеру. Жаңа технологияны меңгеру барысында оқыту міндеттері де жаңаша сипат алатындығын атап өту қажет.
Оқытудың жаңа технологиясы дегеніміз – оқу процесін жандандыру мақсатын ұйымдастыру, белгілі бір мақсатқа жұмылуда алдын ала ойластырудың ықпалы мен әсері және оқу процесін ойдағыдай жүзеге асырудың мазмұнды техникасы [2, 15].
Оқытудың жаңа технологиясының түрлері қазіргі кезде заман ағымына қарай көбейіп, іске асуда. Сол әдіс-тәсілдердің бірі – проблемалық оқыту әдісі.
Проблемалық оқыту-шығармашылық жұмыс көзі. Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғам шығармашылық әрекет пен шығармашыл тұлғағаны қажет етеді.
Проблемалық әдіс академиялық теорияны нақты оқиғаларға көзқарас тұрғысынан көрсетіп беруге мүмкіндік береді. Ол оқып жатқан пәнге студенттің қызығуына, әртүрлі жағдайды сипаттайтын ақпараттарды жинау, өңдеу және талдау дағдылары мен білімдерді белсенді игеруге мүмкіндік береді.
Проблемалық әдіс әртүрлі практикалық дағдының дамуына ықпал етеді. Олар бір ғана сөйлеммен проблеманы шығармашылық тұрғыдан шешеді және жағдайға талдау жасап, шешім қабылдай алуды қалыптастырады [3, 175].
Проблемалық әдіс арқылы студенттер нақты жағдай тұрғысынан практикалық жағдайды зерттейді, болған жағдайды баяндайды, проблемамен танысып, оны шешудің жолдарын іздейді.
Проблемалық әдіс шын және ойдан шығарылған жағдайларға негізделген қысқа мерзімді оқытуға арналған интерактивтік технология.
Проблемалық әдістің негізгі мақсаты:
• студенттердің бойында жаңа қасиет пен іскерлік қалыптастыру;
• әртүрлі проблеманы талдау және оларды шеше білу қабілетін дамыту;
• студенттің өз бетінше шешім қабылдауы үшін ақпарат іздеу;
• ақпаратпен жұмыс жасауды (сұхбат беру, жүйелеу, талдау) үйрету;
• студент белгілі бір мекеме немесе елде болған инцидент туралы ақпарат алауы;
• студенттер ақпараттың аздығына қарамастан проблема және оны шешу үшін нені білу керектігін анықтайды.
Проблема – субьектінің өзінде бар іздену құралдарымен шешуге болатын проблемалы жағдай. Сондықтан да кез-келген проблемада проблемалы жағдай болады да, кез-келген проблемалы жағдайда (субьект шешу құралын игермеген болса) проблема бола бермейді.
Проблемалық оқытуда көздейтін мақсат студенттерге білімді даяр күйінде оқытушы өзі баяндай бермей, олардың алдына белгілі проблемалық міндет қойып, соны өздеріне шештіруге бағыттау. Проблемалы міндет – проблемалы жағдайдағы іздену, зерттеу барысында шешілетін мәселе.
Проблемалық оқыту: проблема, проблемалық сұрақтар, проблемалы тапсырма, проблемалы жағдай деген ұғымды қамтиды. Бұл ұғымдардың мазмұнын дұрыс түсінудің маңызы зор.
Проблемалық оқыту шығармашылық жұмыстарды жүргізудің ең өнімді жолы болып табылады. Проблемалық ситуацияны шешу арқылы студенттің шығармашылық ойлауы дамиды, интеллектуалдық таным үрдісі жетіледі.
Енді проблемалық оқыту әдісін пайдалану үшін басқа қандай тәсілдерді қолданамыз, қысқаша талқылап өтсек. Алдымен жағдайды талдау әдісін қарастырамыз. Оларға: мәліметтерді ақпараттардан ажырата алу, шынайы және жалған ақпараттарды ашып көрсету, жіктеу, оларды талдау, ұсыну және табу, қалыс қалған ақпараттарды табу және оны қалпына келтіре алу жатады. Анық және нақты ойлау. Бұл, әсіресе, ақпарат жоғары сапалы болмаған жағдайда маңызды.
Практикалық дағдылар. Бұл жағдайда берілген нақты жағдаятпен салыстырғанда күрделілік деңгейі төменірек мәселелер, экономикалық теорияларды, әдістер мен ұстанымдарды практикада қолдану дағдыларының қалыптасуына ықпал етеді.
Рольдік ойындар әдісі немесе шығармашылық дағдылар. Бір ғана логикамен проблеманы шешу мүмкін емес. Логикалық жолмен табу мүмкін болмағандықтан, шығармашылық дағдылар мен баламалы шешімдер өте маңызды.
Коммуникативтік дағдылар. Олардың ішінен пікірталас жүргізе алу, айналадағыларды сендіре алу сияқтыларды бөліп көрсетуге болады. Көрнекі құралдар мен басқа медиа- құралдарды қолдану, топ болып ұйымдасу, өзінің көзқарасын қорғау, қарсыластарды сендіру, қысқа әрі сенімді есеп жасау.
Дискуссия әдісі – белгілі ережелерге сәйкес қандай да бір сұраққа байланысты пікір
алмасу академиялық теорияларды көрсету. Белгілі жағдайды талдау, нақты немесе ойдан шығарылған жағдайды терең және бөлшектеп талдау.
Әлеуметтік дағдылар. Проблеманы талдау барысында белгілі-бір әлеуметтік дағдылар қалыптасады: адамдардың мінез-құлқын бағалай алу, басқаны тыңдай білу, пікірталасты жалғастыра білу немесе қарсы пікірін дәлелдей алу, өзін-өзі бақылай алу.
Өзін бағалай білу. Пікірталаста келіспеу басқалардың да, өзінің де пікірін түсінуге және талдай алуға мүмкіндік береді. Бұдан пайда болатын моральдық және этикалық проблемалар әлеуметтік дағдылардың қалыптасуын және олардың шешілуін талап етеді [4,45].
Жалпы тыңдаушыларға қазақ тілін оқытуда тәрбиелік мағынасы жоғары ұлттық педагогика элементтері бар шешендік сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестерін әр сөйлеу стилінде қолдануы үйретіледі.
Бұл оқытудың дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы мұнда студент — өздігінен ізденетін, алдарында тұрған проблеманы шешетін субъект. Оқытушы сабақта тек бағыт- бағдар беруші қызметін атқарады.
Студенттер топ санына қарай бірнеше шағын топтарға бөлінеді. Әрбір топ проблеманы шешуде өзінің пікірін дәлелдейді. Ол үшін топтың ішінен сарапшы, бағыт беруші, баяндаушы, қарсы сұрақ қоюшыларды таңдап аламыз.
Сарапшы – әрбір топта болады. Сарапшының міндеті шағын топтарға қатысып отырған студенттер жауаптарын қорытындылау.Керек болса, шағын сабақтар өткізуге де құқықтары бар. Студенттер жауаптарының дұрыстығын не бұрыстығын сарапшыға тексертеді.
Жол сілтеуші – бұл тапсырманы басқалардан бұрын орындайтын, топтың көшбасшысы. Ол жауап таба алмай жатқанда, дұрыс жолды айтады.
Баяндаушы – бұл тапсырмада берілген мәтін не басқа жағдаяттарға еніп, басқа тыңдаушыларға түсіндіреді.
Қарсы сұрақ қоюшы – бір студент келесі студент айтқан пікірлеріне келіспей әдейі сұрақ қояды. Бұл сұрақтарға басқа студенттер жауап берулері қажет. Бұл оларды өз пікірлерін басқа біреуге дәлелдеуге үйретеді. Проблемалық оқыту сабақтарында берілетін тапсырмалар студенттерді қызықтыруға, олардың диалогтік және монологтік сөйлеу дағдыларын жетілдіруге, ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға бағыттайды.
Презентация – оқытушы студенттердің барлығына бірдей сабақ мақсатына қарай белгілі бір проблеманы қояды. Осы проблеманы түсіндіреді. Презентация – оқытушы студенттердің барлығына бірдей сабақ мақсатына қарай белгілі бір проблеманы қояды. Осы проблеманы түсіндіреді.
Ұстанымы – студенттер оқытушымен түсіндірген проблема бойынша өз пікрлерін дәптерлеріне жазады. Әрбір студент өз идеяларын жеке бөліп жазады.Студенттердің жазған ұстанымдары кейінірек проблеманы топ болып талқылағанда қажет болады.
Проблеманы талқылау – студенттер проблеманы топ ішінде талқылап, дұрыс шешім шығарады. Топ ішінде студенттер бір-біріне өз ойларын айтып, бір-біріне дұрыс бағыт көрсетеді, түсінбеген сұрақтарын бірлесе отырып шешуге тырысады, үйретеді, үйренеді.
Шешім шығару – топ ішінде қабылданған шешімді басқа топтарға айтып, өзінің пікірін дәлелдеу. Басқа топтарда айтылған пікірге өз көзқарастарын білдіреді. Шешім шығару – топ ішінде қабылданған шешімді басқа топтарға айтып, өзінің пікірін дәлелдеу. Басқа топтарда айтылған пікірге өз көзқарастарын білдіреді.
Мысалы, оқытушы студенттерге слайд бетіне жазылған тақырыпты ұсынады.
Тақырып: «Қазақстанның экологиялық проблемасы».Ал мәтіннің мазмұны қағазға жазылып, студенттердің алдына таратылады.
Мәтін. Адамның шаруашылық әрекеті табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше фактор. Адам еңбек пен ақыл ойдың арқасында қоршаған ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет. Табиғат кешендеріне кері әсер ететін озық ғылыми-техниканың тікелей қатысы жоқ. Ол өзгерістерге кінәлы прогресс емес, техникалық жобаларда адамның
шаруашылық әрекетінің әсері есепке алынбаған. Жауын-шашын мөлшерін, топырақ ылғалдығын ескерместен топыраққа минералды тыңайтқыштар енгізу, ол заттардың шайылып, өзендер мен бөгендердің ластануын туғызды. Мұның бәрі қаншама еңбек пен шикізатты зая кетірумен бірге, қоршаған ортаның жағдайын нашарлатады.Қазіргі кезде антропогендік ландшафтар басым. Ландшафтарды жақсарту үшін оларды өзгертетін елиорация жердің жағдайын жақсарту мен оны тиімділігін арттыруға бағытталған шаралардың жиынтығы болып табылады. Табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау кешенді түрде қарастырылуы қажет. Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі проблемалары және қоршаған ортасының жағдайына ғаламдық, ұлттық және жергілікті деңгейде қаралуын қарастырады…[5,75б.].
Оқытушы немесе топтағы бір студент мәтінді оқып, топтағы басқа студенттерге мынадай проблеманы шешуді ұсынды:
Мемлекетімізде экология мәселесімен күресіп келеміз. Алайда экология мәселесі әлі шешімін түбегейлі тапқан жоқ. Неліктен?
Студенттр проблеманы шешуге топ болып кіріседі. Әрбір топ өздерінің көзқарастырын ортаға салды. Проблемадан шығу жолдарын өздерінің мәтіндерінен аңғартады.
Бірінші топтың тыңдаушылары мынадай мазмұнда мәтін құрастырды: Бір кездері ядролық полигон нақ Семей жерінде неге құрылды деген сұрақтың жауабын іздегенде сол кезде бұл өңір Кеңес Одағының адам ең аз қоныстанған, сонымен бірге негізгі коммуникация жерлерінен оншалықты қашық емес деген сөздер шыққан. Тек осы себептерден ғана құрбандыққа шалу үшін адам саны қандай болуы керек деген сұрақ туындайды. Темір жолдың екі жүз километрін үнемдеуден гөрі, жалғыз да болса, адамның өмірі арзан бағаланғаны ма? 1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын жабу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада — Семей» қозғалысының алғашқы өткізілді. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі ұсынысты және АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды…- деп мәтіндерін құрастырып, проблемадан шығу жолдарын талқыға салады.
Екінші топтың студенттері:«Бұл проблеманың тууына себепші болған – адам әрекеті. Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі өзендер Амудария мен Сырдарияның суын теңізге жеткізбей түгелдей дерлік егістіктерді (мақта,күріш) суландыруға пайдаланылып келді»- деп Арал проблемасы туралы ойларын жалғастыра келе, енді оны шешу үшін не істеу керек?-деген сұраққа жауап іздейді. «Осы жылдар аралығында атқарылған жұмыстар аз емес. Аралды қалпына келтіру үшін көптеген іс-шаралар қаралып, жобалар жасалды. Кіші аралдың оңтүстігіне ұзындығы 12 км болатын Көкарал салынды. Соның салдарынан Кіші Аралдың (Солтүстік) деңгейі 42 метрге, аумағы 800 шаршы километрге ұлғайды. Суы тартылып қалған тұзды көлдің табанын жауып, көлге тіршіліктің нышаны енді.
Бүгінгі күні Солтүстік Арал маңына халықтар қайта қоныстанып, үй салып, балық шаруашылығымен қайта айналыса бастады.» -деп, әр топ осы проблеманы шешу үшін не істейтіндерін, қандай ортақ көзқарастары бар екенін айтады.
Проблеманы шешу келесі жұмыс түрінен де көрініс табады. Мысалы, қазір жастар айналадағы болып жатқан өзгерістер мен ақпараттарды интернет не теледидардан естіп, көбіне газет материалдарын алып оқымайды, оны көпшілік алдына талқыға салмайды немесе сөйлемейді.
Яғни, публицистикалық стильде сауатты, мәдениетті сөйлей алмаудың өзіндік себептері жоқ емес: біріншіден, қазақ тілінде, көпшілік ортасында және ресми ортада сөйлеудің қажетті болмауынан, екіншіден тілімізді қадірлемеуден, қадір-қасиетін бағаламаудан, үшіншіден, орфоэпиялық нормаларды сақтамаудан, ойдың логикалық желісін сақтамаудан, төртіншіден, ұлттың ойлау желісін жоғалту үстінде екенінде жасыруға болмайды, бесіншіден, сөздерді бір-бірімен үндестіріп айтысу, сөйлемдерді дұрыс құрамау сияқты толып жатқан кемшіліктердің ашып айту қажеттілігі туындап отыр. Публицистикалық стильде адамның жете танымдық қабілетіне де байланысты, әрі сөйлеу
үстінде тілдік-құрылымдық қазақ тілінің заңдылықтарын дұрыс игермеуге байланыстылығын баса айтуға тура келеді. Бұл тек қана публицистикалық стильдің өзіне де тікелей қатысты салаға тән кемшілік екені белгілі. Міне, осындай келеңсіздіктердің алдын алу мақсатында магистранттармен бірге жүргізілетін жұмыстың келесі түрі газет материалдарын сараптай, талқылап, өзіндік көзқарастарын білдіру. Сондықтан, келесі жұмыс түрінің негізгі мақсаты – газет-журнал материалдарын оқып, сол материалдардан проблемаларды тауып, одан шығу жолдарын қарастыру. Мысалы, бұл жаттығу төмендегі кестені толтыру арқылы орындалады: (кесте 1) сол материалдардан проблемаларды тауып, одан шығу жолдарын қарастыру. Мысалы, бұл жаттығу төмендегі кестені толтыру арқылы орындалады: (кесте 1)
кесте1
№ Проблемалық тақырып Орындалуы
1 Тақырыптың аты
2 Не себепті таңдадыңыз? Өзектілігін айтыңыз
3 Тақырыпта қозғалатын (айтылатын) мәселеленің
жетістігі
4 Тақырыпта қозғалатын (айтылатын) мәселеленің
проблемасы
5 Проблемадан шығу жолдары
6 Өзіңіздің көзқарасыңыз, пікіріңіз (бағалау)
Газет материалдарымен жүргізілетін осындай жұмыс түрлері студенттердің өзіндік ойын дамытып, білім дәрежесін, тіл мәдениетін айқын көрсететін мақала жазу жұмысының бірден-бір көрсеткіші екенін де атап өту қажет. Мақала жазғанда студент алған тақырыбына қатысты құрғақ фактілердің басын құрап қоймай, белгілі сюжет құрап жазуға, оған тілдік құралдарды тырысады.
Мақала жазу үшін айналасында болып жатқан сан түрлі оқиғаның, құбылыстың, өзгерістің проблемаларын тақырып етіп алуларына болады. Мұндай тақырыпта мақалалар жаздыру студенттің сөз қолдану, сөйлем құрау шеберлігін шыңдай түсіп, тіл стильдерін ажыратып, орынды қолдана білуге үйретеді.
Проблемалық оқыту әдісі көмегімен оқыту студенттің әртүрлі дағдыларды кеңінен меңгеруіне көмектеседі. Тапсырманың осы шешімге әкелетін бір ғана жолы және бір ғана шешімі болады. Аталған әдістің негізгі қызметі – аналитикалық жолмен шешу мүмкін емес және құрылымды емес күрделі мәселелерді шешуге үйрету. Проблемалық сипатта берілген тапсырма шешілді. Топта қанша топ болса да, барлығына бірдей тапсырма беріліп, әрбір топ проблеманы өздерінің білімдері мен ерекшеліктеріне қарай жан-жақты, әр қырынан немесе барлығы бір ғана қырынан зерттейді. Әрбір топтың өзінің сарапшысы болады. Ол сарапшы шағын топтың жауаптарына талдау жасайды, бағалайды. Бағыт-бағдар беруші сонымен қатар талап қорытынды сөз сөйлеуші қызметін атқарады. Әрбір топ өзінің шығарған шешімдерін басқа топтардың алдында дәлелдейді. Дәлелдеуге барлық студенттің қатысуына рұқсат беріледі.
Осыдан туындайтын проблемалық оқыту әдісінің ұтымдылығы, нәтижелілігі төмендегідей:
• студенттер өзара пікір таластыруға, өзінің пікірін дәлелді құруға дағдыланды;
• топ ішінде белсенді тілдік қатынас орнайды;
• проблеманы өздігінен шешуге ұмтылады, шығармашылық жұмыстарды орындауға үйренеді;
• тапсырмада берілген сұрақтарға жауап іздеп, өзіндік пікір айтуға дағдыланды;
• ауызша сөйлеу дағдылары жетіліп, мәтін құрастыру біліктері, ойларын логикалық түрде жүйелей алу ұстанымдары дамыды.
Сабақтың келесі кезеңінде жоғарыда айтып өткен, топ ішінен таңдап алынған баяндаушы, қарсы сұрақ қоюшы, дәлелдеуші,сарапшылармен жұмыс түрін жүргізу.
Қорыта келе, проблемалық әдіс интерактивті әдістің бір түрі ретінде студенттер үшін өте тиімді әдіс болып саналады. Бұл әдістің көмегімен студенттер өз беттерінше теорияны меңгере отырып, практикалық дағдыларға да үйренеді, сонымен қатар өз ойын жүзеге асыру мүмкіндігіне де ие болады. Студент ситуацияға талдау жасау арқылы болашақ маман ретінде қалыптасып, сабақты қызығып оқуға тырысады.
Проблемалық әдіс – оқытушы мен студенттің креативті ойлауын дамытып, сабақтың мазмұнын ерекше құруға шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейтуге жағдай жасайды.
Әдебиеттер тізімі
1 Бiлiм туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi N 319 Заңы.
«Егемен Қазақстан», – 2007 жылғы 15 тамыз № 254-256.
2 Жұмажанова Т. Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі, – Алматы, 2009. – 15 б.
3 Конышева А.В. Современные методы обучения иностранному языку. – Минск: Тетра Системс, 2003. – 175 б.
4 Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008. – 45 б.
5 Гильманов М., Соловьева А., Әбшенова Л. Биология: Жалпы білім беретін мектептің, 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген/. – Алматы: Атамұра, 2009. – 75 б. 1.
В статье рассматриваются некоторые особенности обучения казахскому языку по методу проблемного обучения. Автор статьи показывает развитие креативного мышления, совершенствование творческих возможностей при применении данного метода у слушателя и преподавателя. В статье охвачена актуальная тема: изучение казахского языка путем проблемных методов и внедрения новых технологий. Новая технология изучения казахского языка охватывает такие методы, как создание персонального типа, саморазвития, квалификации, и главное — самокритика человека, изучающего казахский язык. Новая технология обучения – это новые подходы в изучении языка. Среди них большая роль отводится изучению проблемными методами.
Проблемное обучение требует творческого подхода. Особенно нужно охватить события, происходящие в нашем обществе. Например, только одним словом можно решить проблему творческим подходом, также анализировать, принимать решение.
The article considers some features of the Kazakh language teaching through Problem-based learning method. The author shows the development of creative thinking, improvement of creativity by the application of this method for the listener and teacher. The article deals with such an actual subject as studying the Kazakh language through problem based learning methods and introducing new technologies. The new technology in the Kazakh language studying covers such methods as creation of personal type, self-development, advanced training, as well as self-criticism of the person studying the Kazakh language.
New technologies of the training are new approaches in language studying.
Among them we assign a part to the problem – based learning method. Problem – based training demands creative approach. Moreover, it is important to include the events occurring in our society. For example, it is possible to solve the problem by creative approach, to analyze it and make the decision.