ИННОВАЦИЯЛЫҚ-КОНСТРУКТИВТІКОҚЫТУ ƏДІСТЕРІ
О.Н. Нұсқабаев– соц.ғ.д., профессор, Е.Н. Нұсқабаев– за .ғ.к., доцент,
А.Ж. Сқақова– соц.ғ.к., аға о!ытушы,
А.А. Тұрлыбекова–соц.ғ.к., аға о!ытушы, ожа Ахмет Ясауи университеті, Т%ркістан !аласы
Бүгінгі заманның негізгі ерекшелігі – динамика, яғни сағат сайынғы өзгеріс, тасқынды ағыс, ағылған ақпарат.
Күнделікті өмірлік тыныс-тіршіліктің əр-түрлі жақтарынан, өндірістік іс-əрекеттің əртүрлі салаларынан ағылған ақпарат əп-сəтте өзгеріп, кешегі күнгі жаңалық, бүгін ескіріп қалып жатқан заман. Осыған сай өндіріс жүйелері де, ондағы өндіруші технологиялық желілер де уақыт сұранысына сай өндірілуге тиісті жаңа өнімді шығаруға орайластырыла тез өзгертіледі. Ал, бұл дегеніңіз тағыда бір жаңа кəсіп түрі пайда болды деген сөз. Онымен жұмыс істеу үшін оны меңгеру керек, жаға дағды-ісмерлікке оқыту, үйрету керек. Біліктілікті көтерту қажет. Онсыз əлемдік саудаға шығарылатын тауардың сапасы сын көтермейді. Құны болмайды.
Демек, заман талабына сай білім беру жүйелеріндегі оқыту үрдісі де өзгеріп, уақыт сұранысына сай түрленіп отыруы міндетті, заңды.
Репродуктивті оқытудан конструктивті оқытуға көшу қажет.
Оқу үдерісінің мазмұнын зерттеу жұмыстары құрауы тиіс. Қазақстан өндірісі білімді, тиісті дағдыісмерлікті меңгерген білікті маманға зəру.
Демек, білім алушылардың бойына білімді белсенді іс-əрекеттер арқылы ғана игеруге мүмкін болады деген ұғым-түсінікті сіңдіре білу керек.
Олай болса, бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып, білімді белсенді игерту үдерісін интерактивті амалдар арқылы ұйымдастыру қажет. Тиісті пəнді оқытуды практикалық іс-əрекетпен үйлестіре, сабақтастыра дəрістеп, оқуды өмірде кездесетін ауыртпалықтарды жеңудің құралына айналдыра білу керек. Білім алушылардың бойына сыни, салыстыра отырып талдай білу тəсілдерін де сіңдіре білу қажет.
Өйткені интерактивті тəсілдеме əрекет үстінде оқып, үйренуге дағдыландырады. Жоба жасақтап, оны құрастыруға ұйытқылық жасайды.
Оқушы бірінші кезекте өз қолымен жасағанды есінде сақтап, оны толық меңгеріп алады. «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтаймын, өзіме жасатсаң – үйренемін» – деген болатын Қытайдың ұлы ойшылы Конфуций.
Қазіргі заманғы білім алушы лекциялық дəрісте – 5 пайыздық, өз бетінше оқуда – 10 пайыздық, аудио жəне видео құралдарын пайдалануда – 15 пайыздық, көрсетулерді (сызбаларды, кестелерді, диаграммаларды) – 30 пайыздық, пікірталаста – 50 пайыздық, практикалық іс-əрекетте – 75 пайыздық мөлшерде меңгереді екен.
Ал, алған білімін сол мезетте практика жүзінде қолданса, басқаларға үйретсе – 90 пайыздық деңгейде есіне сақтай алады.
Олай болса интерактивті оқыту əдістерін оқу үдерісіне ендірудің берері көп. Олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады: интербелсенді дəрістер мен семинарлар; пікірталастар; ойындар (оқу, рөлдік, іскерлік, өндірістік, имитациялық жəне т.т.); Кейс-стади; Тренингтер; Оқытудың компьютерлік технологиялары.
Сонымен қатар интерактивті əдістеменің дидактикалық амалдарын қолдану да пайдалы.
Əр сабақта келесідей дидактикалық тəсілдерді қолданған тиімді:
— Ой қозғау. Т-кестесі. Вен диаграммасы. Болжау. Кластерлер. Оңай жəне қиын сұрақтар кестесі. Ойлан, жұптас, пікірлес. Алдын ала берілген атаулар, үлкен шеңбер. Қос шеңбер. Атаулар туралы үш сұрақ. Еркін жазу. Білемін, білгім келеді, білдім. Дөңгелек стөл. Үш қадамды сұхбат. Топтық зерттеу. Кең көлемді лекция. Сұрақ қою. Қайтадан сұрақ қою. Үш жазба күнделігі. Белгі қойып оқу. Жигсо. Жигсо-2. Қайшыланған пікір талас. Аквариум жəне т.б.
Интерактивті əдістемемен оқытудың мəнін көбіне көп зерттеу жұмыстарын үнемі жүргізіп отыру да мазмұндайды. Зерттеу əдістері төменде аталған тəсілдерден құралады:
Жобалау; аннотациялау жəне рецензиялау; ғылыми жұмыстарға пікір жазу; əдебиет көздерін талдау картасын құрастыру, ғылыми пікір талас пен диспуттар ұйымдастыру; портфолио құрастыру; кейс-стади; мақала, реферат, сценарий жазу; идеялар аукционын өткізу; презентациялау; өз ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша ғылыми ақпарат құру; сауалнамалар, тестер, диагностикалық құралдар, жоспарлар, бағдарламалар əзірлеу; тəжірибелер жасап, олардың сандық жəне сапалық көрсеткіштерін айқындау т.б.
Осы жоғарыда нақтыланған оқыту технологиялары мен əдіс-амалдардың барлығына дерлік қазақстандық білім беру жүйесінде кеңінен қолданылады. Ал, мұның өзі оқушыларға білімді толық қабылдауға мүмкіндік тудырып, олардың белсенділігін арттыруда. Оқыту технологиялары мен əдіс-амалдарын орынорнымен дұрыс пайдалану, сондай-ақ əртүрлі көркемді əрі дыбысты мультимедиялық көрсетілімдер, Activistudio бағдарламасының көмегімен жасалатын дыбысты əрі суретті сабақ көрнекілігі флипчарттарды сабақ үстінде тиімді қолдану білім сапасын барынша арттырып, оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын жəне ақпарат қабылдау мəдениетінің толыға түсуіне кəдімгідей ықпал етеді [1.29-30 б.].
Сонымен, көріп отырғанымыздай бүгінгі күні білім беру екі əдістемемен жүзеге асырылады: репродуктивтік жəне конструктивтік.
Репродуктивтік тұрғыда білім беру өткен дəуірдің əдістемесіне жатқызылса, ал, конструктивті тұрғыда білімді игерту – бүгінгі жəне ертеңгі күннің білім беру тəсілдемесі. Ол интерактивті əдістерді қолдана отырып білім игертуді қалайды.
Айталық, «Қоғамтану» немесе «Тарих» пəндерін оқытуда сызбалық индикаторларды (көрсеткіштерді) толық пайдалануға болады. Бұл тəсіл əрі белгілі бір тақырыпқа мазмұнды жан-жақты əрі нақтылы көрсеткіштер, статистикалық мəліметтер, анкеталық сұрау жауаптары арқылы айғақтап түсіндіруде де таптырмайтын құрал болып табылады.
Əсіресе, оқушыларға ғылыми ізденістермен айналысуға итермелейтін көрсеткіштік индикаторларды əртүрлі нақышты сызбалармен өрнектеу тəсілі де өте көрнекі көрінеді. Ал, мұндай тəсіл оқушыларға сабақ барысында пікір таластыруға, қоғамдық пікірді толғандырып отырған өткір мəселелерді талқылауға, мүмкіндіктері жеткенше проблемалық мəселелерді шешуге қажетті жобаларды жасақтауға септігін тигізеді.
Тізбелей берсек оқытудың конструктивтік технологиясының оқыту мен тəрбиелеу үдерісін одан əрі жетілдіруде, сабақ мазмұнын түрлендіріп өткізуде инновациялық тəсілдері жетерлік. Мысалы, оқушылардың пəн мен мұғалімді таңдауы. Ал, мұның өзі оқушының белгілі бір пəннен тиянақты білім алатындығына көңілін ұялата түседі. Ол аз дегендей, оқытудың конструктивтік жүйесінде оқушының білім деңгейін бағалау мөлдірлене түседі. Оқушының не ұққандығы, не түсінгендігі жақсы көрінеді.
Сонымен қатар, оқытудың конструктивтік жүйесі мұғалімнің өзіне де шығармашылық, педагогикалық біліктілігін үнемі арттырып отыруға итермелейді. Себебі, білімі төмен, оқыту амалдары жұтаң оқытушыны оқушылар таңдамайды. Ондықтан мұғалімге өз білімін, педагогикалық іскерлігін үнемі жетілдіріп отыруға тура келеді. Жалпылама айтқанда, білімі мен кəсіби іскерлігін үнемі көтеріп отыру – мұғалімнің міндетті əрекеті, білім беру ісінің тұрақты үдемелі дамуының кепілі.
Өйткені, мұғалімнің кəсіби құзыреттілігі оның білімдарлығынан, ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа əдіс-амалдарын меңгеруімен өлшенеді. Демек, педагогтік құзіреттілік – бұл оқытудың белгілі бір саласы бойынша іскерлік, хабардарлық, білгірлік, оқушы тарапынан берілетін не бір сұрақтарға нақты жауап бере алушылық қасиеттері.
Педагогтік құзреттілік – тек кəсіби білімді жан-жақты, тиянақты меңгеруден ғана көрінбейді, ол сонымен қатар мұғалімнің моральдық-адамгершіліктік мəдениетінің жоғарылығынан, шығармашылық, қисынды-логикалық тұрғыда ой қорыту, тақырыпты жан-жақты талдау жəне өмірлік ұстанымдарын үнемі ұштатып отыру қабілетінен де білінеді.
Қазіргі білім беру жүйесі оқытудың жаңа нысандарын, əдіс-амалдары мен технологияларын оқу үдерісіне көптеп енгізуді талап етеді. Бұл мұғалімдерге өздеріне оңтайлы нұсқаны қолдануға, оқыту үдерісін белгілі бір ыңғайда үлгілеуге, тіптен жеке авторлық үлгіде ұйымдастыруға мүмкіндік тудырады. Тіптен, қала берді, оқытудың қазіргі заманғы технологиялары мен əдіс-амалдарын меңгерудің өзі-ақ мұғалімді өзінің шығармашылық қабілетін үнемі дамытып, жетілдіріп отыруға итермелейді. Ал, мұның өзі кезкелген шығармашыл, өзіне талап қоя білетін мұғалімнің білімін, жаңаға қызығушылығын жəне инновациялық қабілетін көтерумен қатар дүниетанымын, психологиялық-педагогикалық жəне əдістемелік машықтылығын жоғарылата түседі.
Əрине, білім əрбір өсіп келе жатқан жас тұлғаға бірден беріле салмайды. Оған қол жеткізу үшін əрбір жас тұлға ерінбей еңбектенуі тиіс. Білім қайнарынан жетік əдістемелерді пайдалана отырып сусындауы қажет. Өз бетінше білімін көтеруге талаптануы керек. Ол үшін ол өз бойындағы білімге деген құштарлықты, сана-сезімдік талпынысты, қызығушылық пен ұмтылысты шабыттандыра алуы тиіс.
Шабыт – адамның руқани күштерінің ширығып өрлеуі, шығармашылық толғанысы. Шабыт жаңа туындының пайда болуына бастайды. Ол адамның жоғары белсенділігінен, əрекеттің өнімділігімен, шығармашылықтың шаттығын сезінумен «құштарлық» пен эмоциялық ойға шолумен ұштасады. Шығармашылық үрдістің санадан тыс тəрізді болып көрінуі шығармашылықтың өзінің барынша саналығының нəтижесі, сананың ерекше айқындылығының, ойлар мен бейнелердің өзінше бір үлгідегі болып келіп, айшықтана көрінуінің, естің, зейіннің, идеяны орындауға бағытталған құлшыныс пен ерік-жігердің жемісі. Шабытты шақтарында адам бойындағы бар күш жігермен əрекет етеді [2. 10 б.].
Олай болса, оқушының сана-сезіміне ұшқын түсіріп, оның шабыттануына əсер ету үшін мұғалім оқыту барысында қандай əдіс-амалды жиі қолдана білгендігі жөн. Ондай əдіс-амалдың ең тиімдісі – импровизация.
Ұстаздық ерекшеліктің бір қыры – мұғалімнің педагогикалық импровизация жасай білуі.
Педагогикалық импровизация (латынша improvisus-күтпеген, кенеттен ) – педагогикалық қарымқатынас барысында мұғалімнің, тəрбиешінің алдын-ала ойластырылмай жүзеге асырылатын əрекеті. Педагогикалық импровизацияның мақсаты – оқыту мен тəрбиелеудің нақты жағдайларда жаңа шешім табу. Кенеттен туындаған педагогикалық міндетке тез жəне икемді жауап беру – педагогикалық импровизацияның мəнін құрайды [3.174б.].
Педагогикалық шеберліктің мəнділігі жағынан импровизациялық таланттан кем түспейтін тағы бір машықтық – бұл мұғалімнің бойындағы артистизм, былайша айтқанда, ұшқырлық, дауыс ырғақтығы, ымдау, ишара, оңтайлық элементтерін жетік меңгеруі. Себебі, мұғалім оқушыларға тақырыптық мазмұнын түсіндіру үшін оны құрғақ қана баяндап қоймайды, керісінше бар өнерін салып эмоциялық-бейнелік көрсетулер арқылы жан-жақты мəнерлеп ұғындыруға тырысады. Сонда ғана оқушылар меңгеруге тиісті білім көркемдік тұрғысынан мазмұндала, образдық бейнелермен ажарланып, түсінікті бола түседі.
Десек те, педагогикалық қабілеттілік жоғарыда біз талдаған шеберліктермен ғана шектеліп қалмайды. Мұғалімді өзінің педагогтік қызметінде табысты нəтижелерге жетуге итермелейтін ұстаздық жұғымды қасиеттер мол. Олардың алдыңғы қатарында педагогикалық қабілеттіліктің ең негізгілері ретінде төмендегі қасиеттер сараланады:
диагностикалық (танып білу жəне одан ляззат ала білу), дидактикалық (түсіндіре білу, білім бере, үйрете білу), коммуникациялық (қарым-қатынас, ынтымақтастық жасай білу), конструктивтік (оқу-тəрбие материалдарын іріктеп ала білу, жобалай білу), ұйымдастырушылық (шəкірттерін əр алуан қарекет түрлеріне тарта білу, қатысушылардың бəрін біріктіріп, олардың мүдделерін қойылған мақсатты орындауға бағыттай білу), перцептивтік (баланың жан-дүниесін ұғына білу, олардың сезімдері мен жай күйін түсіне білу, эмпатияға қабілеттілік), болжамдаушылық (педагогикалық көрегендік жасай білу, педагогикалық қызметтегі өзара əрекеттестік нəтижелерін болжай білу), суггестивтік (мұғалімнің эмоциялық, ерік-жігерлік иландырушылық ықпалы, нық айтылған жігерлі сөзбен қажетті əсер нəтижесіне жете білу қабілеті), экспрессивтік (мұғалімнің өзінің білімі мен сенімдерін эмоциямен əсерлі етіп айтып жеткізе білу) [3.175б.]. Ал, оқыту үрдісінде интегративтік əдістерді (латынша integratio – қалпына келтіру, толықтыру; integer – бүтіндеу) – қолдану, педагогикалық тұтастықты қалыптастырып, түсіндірілетін белгілі бір тақырып аясына əртүрлі білім салаларындағы осы тақырыпқа қатысты мазмұндамаларды жинақтап, тақырып мəнін жан-жақты, толық əрі жүйелі түсіндіре білуге ықпал етеді.
Оқытудың интегративті əдістерінің құрылымын төмендегідей кезеңдерге бөліп-бөліп мазмұндауға болады:
1. Бұрын меңгерілген білім, дағды жəне іскерліктерді өзекті ету;
2. Проблемалы жағдайды құрастыру жəне практикалық проблемаларды қоя білу;
3. Теориялық білімдердің интерпретациясы;
4. Интерпретацияланған теориялық білімдер негізінде практикалық мəселелерді шешу (жоба деңгейінде немесе барлық мүмкіндіктер мен əдістердің синтезі шеңберінде);
5. Арнайы іріктелген тапсырмаларды шешу барысында жаңа білімді практикалық қолдану;
6. Мəселені практикалық түрде түсіну (құрылымын, құрамын, жəне іс-əрекеттің шарттарын анықтау);
7. Практикалық міселені шешу бойынша орындалатыніс-əрекетті жоспарлау;
8. Мəселені кеңейту жəне жалпылаудың мүмкіндіктерін меңгеру;
9. мəселені шешудің жолдарын меңгеру, сонымен қатар басқа да тиімді əдіс-тəсілдерді (интегративті) іздеу; 10. Атқарылған жұмыстарды қорытындылау [4.107-109б.].
Осыған орайластырып, мектеп мұғалімдерінің оқыту тəжірибесін зерделеу, оқу үрдісінде оқушылардың танымдық іс-əрекеттерін қалыптастыруға ықпал ете алатын төмендегі əдіс-амалдарды анықтауға мүмкіндік тудырды. Олар:
— білімді игерудің түрлі кезеңдерінде проблемалық оқытудың элементтерін қолдану;
— оқушылардан білімге, шығармашылық элементтерге ие болу мен қолдануды талап ететін өзіндік жұмыстарды өткізу;
— оқытылып жатқан материалдық өмірмен байланысы, оқушылардың жеке тəжірибелерін практикада қолдану;
— фронтальды жұмыстың жеке жəне топтық жұмыспен байланысы;
— ойын элементтері мен сұрақтарды тапқырлыққа қолдану;
— оқушының даму деңгейіне, оның мүмкіндіктерін ескере отырып, дифференциалдық тапсырмаларды кірістіру;
— оқудың нəтижесінде оқушыларды өзін бағалау жəне критикалық бағаға, өзін бақылауға тарту;
— еңбек сүйгіштік, білуге құмарлық, идеялық сенімділікті қалыптастыру; пəнге деген қызығушылықты ояту;
— əртүрлі көрнекіліктерді қолдану;
— өлкетану материалдарына көңіл аудару;
— пəнаралық қатынастар;
— оқушылардың білім, білік пен дағдыны игеру сапасын жүйелі бақылау; — бағдарламалық оқытудың элементтерін қолдану [5.154 б.].
Нақтыланған осы əдістерді сабақ өткізу барысында кеңінен қолдану, яғни оқушылардың танымдық ісəрекетін қалыптастырудың негізін қалайтын «белсендендіру» амалдары мен құралдарын (мысалы, əртүрлі көрнекілік құралдарын, немесе іскерлік ойындарын т.с.с.) пайдалану оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытумен қатар, оларды берілетін білімдерді аса терең əрі қызығушылықпен игеруге де талаптандырады.
Мектептік оқытудың қазіргі заманғы кез-келген білім беру технологиясы оқу үдерісінде белгілі бір пəннің белгілі бір тақырыбының мəнін, мазмұнын жəне маңыздылығын түсіндіруде əртүрлі ғылым салаларының өзіндік бағымдау əдістері мен құралдарын бір жүйелік құрылымға топтастырып, біртұтас əдістер жиынтығы ретінде қолдануға мүмкіндік тудыра алады. Айталық, топтық жұмыс дағдыларын дамытатын əдістер (іскерлік ойындар); əрекеттенуге үйрету (жоба жасату амалы); нақты жағдайды талдау əдісі (кейс-стади); имитациялық ойындар; презентациялау; сауалнама жүргізу, сандық жəне сапалық көрсеткіштерді салыстыру, интервью, қайшылықты пікір таласын ұйымдастыру, т.т.
Осы аталған əдістердің ішінен оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға кəдімгідей ықпал ететін əдістердің бірі ретінде Кейс-стади əдісінің мазмұнын талдап өтелік. Кейс-стади – CASE – əдісі қазақшалағанда “нақты жағдайды талдау” деген ұғымның мазмұнына сəйкес келеді. Бұл əдіс педагогикалық ғылыми əдебиетте Гарвард əдісі деп аталады.
Мектептік қана емес, білім берудің барлық жүйелеріндегі оқыту үрдісінде кеңірек қолданылатын бұл əдіс нақты жағдайды талдау амалы ретінде əлеуметтік-гуманитарлық жəне жаратылыстану-медициналық пəндерді оқытуда молынан пайдаланылады. Мысалы, Қоғамтану пəнінің өзекті бір тақырыбын, айталық, бүгінгі таңда жас өспірімдер арасында өрістеп бара жатқан девианттық мінез құлықтың алдын алудың нақты жағдайын талдау үшін не істелуі керектігін бағымдап көрелік.
Ең алдымен, бағдарлама түзіледі, тақырыптық өзектілігі, осы уақытқа дейінгі зерттелу деңгейі нақтыланады. Тақырыптың объектісі мен пəні анықталады. Түпкі мақсаты мен міндеттері негізделеді. Болжам жасалады. Бұл сəт оқушыларды мың сан рет ойландырып, толғандыратын, бұрын айтылмаған тың, жаңа пікір білдіруге шабыттандыратын, сөйтіп жұмысты бастауға талаптандыратын кіріспелік сəт.
Келесі кезекте, оқушылар сауалнамалық сұрақтар түзіп, зерттеудің əдістемелік жəне техникалық құралдарын жасақтайды. Пилотаждық (барлаулық) зерттеулер жүргізіп, сауалнама сұрақтары мен техникалық құралдарды алдын ала саралап алады. Зерттеуді ұйымдастыру жұмыстарын пысықтайды.
Үшінші кезекте оқушылар зерттеуге қажетті эмпирикалық материалдар-ақпараттар жинақтайды.
Төртінші кезеңде жинақталған ақпараттар пікір-талас нəтижесінде толықтырылып, пысықталады. Бұл екінші талдау деп аталады.
Алтыншы кезекте жүргізілген зерттеудің нəтижелік есебі əзірленеді. Ғылыми-талдау конференциясы ұйымдастырылып, зерттеу нəтижелерін айғақтайтын мақалалар жазылады. Қорытындылық анықтама тиісті билік тармақтарына тапсырылады.
Міне, оқытылып келе жатқан бір ғана пəннің бір ғана тақырыбын Кейс-стади, яғни нақты жағдайды нақты зерттеу жағдайында əрі үй тапсырмасы ретінде өзіндік жұмыс жасау амалымен біртұтастық жиынтықта жоспарлап, өткізу оқушыларды тек сабаққа қызықтырып қоймайды, сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдап, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысуға, жоба құруға, аннотация жазуға, рецензиялауға, əдебиет көздерін таңдауға, пікір таластыруға, мақала жазуға, идеялар аукционын ұйымдастырып, өткізуге, бағдарламалар жасақтауға, тəжірибелік эксперименттер құрастыруға да баулиды.
Бұдан көріп отырғанымыздай, интегративті əдістер оқушыларды нақтылы шығармашылыққа баулып, олардың танымдық іс-əрекеттерін шыңдауға қолғабыс тигізеді.
Қорыта айтқанда, бүгінгі таңдағы қазақстандық білім жүйесі оқушылардың өзіндік тұлғалық ақыл-ой қабілеті мен бітім-болмысын қалыптастыру үшін оның бойында əртүрлі жағдайда дұрыс шешім қабылдап, жол таба білуіне қажетті білімді, дағды-ісмерлікті жəне машықтық қасиеттерді сіңдіруге толық жұмылдырылған. Қазіргі қазақстандық оқушылар өзіндік қисынды-логикалық тұрғыдан ой қорытуға, тұжырым жасай білуге,өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарың мəн-мағынасын түсінуге, талдауға, жалпылама айтқанда, жеке тұлғаныңқұзреттілігін айғақтайтын адами қасиеттерді жан-жақты меңгере кемел адам болып қалыптасып келеді. Олардың бойына биік тұлғалық қасиеттер мен білімділікті, машықтылық пен дағды-ісмерлікті сіңдіруде қазақстандық мұғалімдердің кəсіби шеберлігі, іскерлігі, құзіреттілігі өте жоғары.
1 аза!стан Республикасыны білім беруді дамытуды 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы /аза!стан Республикасыны Президентіні 2010 жылғы 7 желто!сандағы №1118 Жарлығымен бекітілген – Астана, 2011. – 52б.
2 О!ытуды жа а технологиялары (о!у-əдістемелік жина!) – Алматы, 2010. – 100б.
3 аза! тілі терминдеріні салалы! ғылыми т%сіндірме с0здігі: Педагогика жəне психология / Ред.бас!. А. . Aсайынов – Алматы: Мектеп, 2002, – 256б.
4 Ибрагимов Р., Жайылмысова Э. О!ушыларды танымды! іс-əрекеттерін !алыптастыруды интегративтік əдістері// аза!стан Республикасы лтты! ғылым академиясыны хабаршысы. – 2008. — №2. – 107-109 б.
5 Жайылмысова Э.А. Интегративтік əдістер негізінде бастауыш сынып о!ушыларыны танымды! іс-əрекет-
терін !алыптастыру жолдары // аза!станны ғылыми əлемі. – 2012. — №6. – 153-155б.
Түйін
Қазақстандық білім беру жүйесінің Еуропалық білім беру кеңістігіне кірігуі оқыту əдістемелерінің сапасын барынша жақсартуды талап етеді. Осыған байланысты мақалада бұрындары кеңінен пайдаланылып келген репродуктивті оқытудың конструктивті оқытуға көшудің инновациялық жаңа нысандары, амалдары жəне технологиялық құралдары нақтылы көрсетіліп, оларды оқу үдерісінде қолдану жолдары пысықталады.
Резюме
Вхождение системы образования Казахстана в Европейскую образовательную систему требуетповышения качества методики обучения. В этой статье рассматриваются инновационные объекты, методыи технологические аспекты конструктивного обученияи оптимальные путивнедрения в процесс обучения.
Summary
Occurrence of the educational system of Kazakhstan to the European educational system requires improving the quality of teaching methods. In this article we will discuss innovation objects, methods and technological instruments of the constructive training and the optimal ways to implement in training activity.