«КӨПТІЛДІЛІК БОЙЫНША ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ»

«КӨПТІЛДІЛІК БОЙЫНША ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ»

Осы жазылған мақалада тілдің үштұғырлылығы-көпмәдениетті тұлға қалыптастырудың негізі болатындығы туралы айтылады. Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңестігінде еркін самғауына жол ашатыны, әр тұлғаның өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін, бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік екендігі туралы баяндалады. «Өмір бойы білім алу» идеясын жүзеге асыру үшін, заман талабына сай қазіргі ақпаратты технологияның тілін де білу жас ұраққа маңызды екндігі туралы айтылады. Қазіргі заманда балалардың бірнеше тілде сөйлеуін қамтамасыздандыру мақсат, өзектілігі туралы айтылған.

Түйін сөздер: үштұғырлылығы, көпмәдениетті тұлға, көптілділік, ақпаратты техникалық құралдар, Smart» жүйесі, билингвизм –қостілділік, полилингвизм-көптілділік.

Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар.
«Ана тіліміз Мәңгілік елімізбен бірге Мәңгілік тіл» болды. Қазақ тілін даудың тақырыбы емес,Ұлттың ұйытқысы ете білген жөн.

Н.Ә.Назарбаев

«Елдіктің өзегі – білік, кілті – тіл, қадір-қасиеті – кісілік»- деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, осы қасиетті тілімізді келешек ұрпағымыз қадірін білсе екен дейміз. Қаншама ғасырларды алып құшақтаған тарих қойнауы талай үлкен мемлекеттердің тәуелсіздігін көрген. Солай бола тұрса да, біз үшін өзіміздің тәуелсіздігіміз қымбат және тәуелсіздіктің арқасында құдіретті ана тіліміз-қазақ тілі, Мәңгілік тіліміз қымбат. Неге десеңіз, мемлекетіміздің сөнген отын жаққаны үшін, ата-бабамыздың рухын көтергені үшін, елімізді әлемге танытқаны үшін, «Қазақ» деген атауға жан кіргізгені үшін бізге қымбат. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде жатыр. Қазақ тілі әлі біртебірте мемлекеттік қызметте, экономика мен өмірдің барлық саласында басымдық танытатын болады. Қазақстанды мекендейтін әр түрлі ұлт өкілдерінің тіліне құрмет көрсету, олардың ана тілінде білім алып, төл мәдениетін дамытуына жағдай жасау – мемлекетіміздің маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі. Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған –оның ғажайып тілі» екені сөзсіз деген сөзіне сүйенсек, ана тілі – ең басты байлығымыз. Қазіргі біздің жастарымыз тілімізді өте құрметтеп өсіп келеді. Бұл көңіл қуантады. Олар біздің гүлденген Қазақстанымыздың болашағы, тілді ұрпақтан-ұрпаққа таратушы, біздің өміріміздің жалғасы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан халқы дүние жүзінде үш тілді бірдей пайдаланатын ел ретінде көрінуі тиіс. Бұлар – қазақ тілі, яғни мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынастар тілі және ағылшын тілі – әлемдік экономиканың сәтті қолданысындағы тілі» делінген.
Елбасы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны жария етті. Ал 2007 Жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды.
Бұл идеяның негізі мынадай: Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Яғни мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз.
Тілдің үштұғырлылығы-көпмәдениетті тұлға қалыптастырудың негізі. Үштұғырлы тіл бағдарламасының білім беру мекемелерінде жүзеге асырылуы аясында жоғары, кәсіптік орта, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің ынтымақтастығын жетілдіру идеясы жатыр. Қазіргі инновациялық үдеріс ғылым салаларының тоғысуы мен бірігуіне ғана емес, сонымен қатар тың ғылыми салалардың қалыптасуы мен дамуына да әсер етті. Лингвистика ғылымы соңғы жылдары көптеген жаңа бағыттарды қамтып, ғылыми-теориялық және практикалық жағынан кең өріс алып, дамып келеді.
Мұндай бағыттар қазіргі өмір талабы мен уақыт сұранысына сәйкес пайда болып отырғаны белгілі. Бұған дейін біз, бір тілге көңіл аударып келсек, қазір заман талабына сай жаңа салаға, жаңа бағытқа — когнитивтік лингвистикаға айрықша көңіл аударып келеміз. Бұл сала қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жарыстыра отырып, бір-бірімен салыстыра, жалғастыра отырып үйрету принципіне негізделген. Көптілділік біздің қоғам үшін Елбасының «үш тұғырлы тіл» тұжырымдамасынан бастау алғаны мәлім.
Билингвизм (қостілділік) және полилингвизм (көптілділік) – қазіргі таңда ғалымдар тарапынан қызығушылық тудырып отырған өзекті мәселелердің бірі. Бүгінгі күні қостілділік өзара қарым-қатынас жасаудың негізгі факторы. Билингвизм- жеке адамның екі тілде қарым – қатынас жасауы және екі тілде сөйлеуі мен жазуы. Кез келген жанұяда баланың тілі атаана қай тілде сөйлейді, сол тілде қарым- қатынас жасау арқылы дамиды. Ана тілінің дамуы жанұяға байланысты. Отбасында ана тілін үнемі естіп, өзі сөйлеп өскен бала мен ұлтық тілге көңіл бөлмей, отбасында басқа тілде сөйлесіп өскен баланың айырмашылығы көрініп тұрады. «Бесік жыры», ауыз әдебиеті мен балалар әдебиетінен, өз халқының бай мәдениетінен, тарихынан хабары бар, отбасында салт-дәстүрі сақталып, өзі соған бейім болған бала ерекшеленіп тұрады. Сол сияқты қазіргі таңдағы балалар өзара тілдесуде өзге тілде сөйлесіп, отбасының мүшелерімен өз ана тілінде тілдесуі таңқалдырады. Яғни ауызекі сөйлеу тілін талғамай, қойылған сұраққа бірден сол тілде жауап бере алулары билингвизмнің арқау алу кзеңі деп түсінуге болады. Бұл қасиет көбінесе ұлты қазақ балаларына тән. Көптілділік ауызекі сөйлеу тілінің даму кезеңі. Бұған қоршаған ортаның әсері мол. Бала аулада, балабақшада, мектепте көбінесе басқа ұлт өкілі балаларымен тілдеуі, араласуының ықпалы. Сол сияқты қазір өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілді балабақшаларға өз балаларын беру жағдайы көп кездеседі. Билингвизм (қостілділік) әу бастан өте кең етек жайған.
Ұзақ уақыт бойына бірнеше табиғи тілдік ортада өмір сүру көптілділікке әкеледі және оның ұзақ уақыт есте қалуына әсер етеді. Мұндай жағдайда адамдардың барлығы көптілді болып шығады. Мектеп жасына дейінгі баланың ата-анасы түрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты көптілділікті дамытуға көңіл бөлмесе, баланың қолданысындағы бір тіл қарымқатынас жасаудан біртіндеп шыға бастайды- ол тілдік аттриция, дамуын тоқтатса-ол фоссилизация, қолданыстан ығыстырылса – ол тілдің ауысуы, ұмытылып, қолданысын тоқтатса-ол тілдің өлуі болады. Сол сияқты тілдің жаңғыруы мүмкін-ол ревитализация, қазіргі талап өз тіліміздің деңгейін көтеруіміз керек. Тілдік каттриция дегеніміз — баланың бұрын игерген тілінің қолданыста әлсірей бастауы болып табылады. Тіл игерудің қажетті деңгейіне жетпей тоқтатылады. Фоссилизация термині екінші тілдің дамуының тоқтатылуы деп түсіндіріледі.
Көптілділік – заман талабы. Көптілділік адамдардарың өзара түсінісуіне жол ашады.
Көптілділік адамдардың бір-бірімен ұғынысуында, ойын еркін, толық жеткізуінде ерекше қызмет атқарады. Көптілділік қоғамда да, өмірде де өзіндік орын алады. Көптілділік адамзаттың ойлау, пайымдау процесімен бірге жүзеге аса отырып, тілдік қатынастың негізі, басты құралы болып табылады. Көптілділік әлемдегі өркениет пен білім жүйесіне сәйкес тыңдаушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыратын, ой-пікірін дұрыс, сауатты жеткізуге ықпал ететін, адам мен адамның қай тілде болса да түсінісуіне мүмкіндік беретін сала ретінде оқу жүйесіне енгізілді.
Қарым-қатынас құралы болып табылатын көптілділікті ғалымдар әрқилы ерекшеліктеріне қарай жан-жақты зерттеп келеді.
Көптілділік, мультилингвизм, полилингвизм – нақтылы коммуникативтік жағдайдың әсер етуімен белгілі бір әлеуметтік ортада, мемлекетте бірден үш, одан да көп тілде сөйлей білушілік. Мұның өзі жеке адамның (индивидуумның) көптілділігі және ұлт пен ұлыстың көптілділікгі болып бөлінеді. Көптілділіктің үш тілді меңгеру дәрежесі сол адамның немесе бүтіндей халықтың өмір сүрген тілдік ортасы, әлеуметтік, экономикасы, мәдени өмірі, тұрмыс-тіршілігі секілді көптеген факторларға байланысты. Халықтардың қоныс аударуы, көрші елдермен тығыз қарым-қатынас секілді т.б. тарихи себептерден кейбір халық өкілдерінің жаппай көптілділігі қалыптасқан. Сондықтан да көптілділік көп ұлтты географиялық кеңістікте кең тараған. Мәселен, жаппай көптілділік Кавказдағы армян, аджар, осетин, күрд, грек, т.б. халықтар арасында, сондай-ақ, Дағыстан халықтары арасында жиі кездеседі. Қазіргі Қазақстан Республикасындағы қалыптасқан жағдай да осыған ұқсас. Қазақстанда – көпэтносты ел және үштілділік – саяси, экономикалық, мәдениатаралық қана емес, әлеуметтік лингвистикалық, психолингвистикалық тұрғыдан қарастыратын өзекті мәселе. Қазақстанда пайда болған үштілділік құбылысы қазақ арасында ғана тараса, бұл біржақты үштілділік болады, сондықтан оның орыс, Қазақстанда жұмыс жасайтын ағылшын тілділер, өзге күллі ұлыс өкілдері арасында тарауы шарт, көптілді елге керегі – үштілділік, бұл — жергілікті тілдерді, орыс тілі сияқты, халықаралық тілдің, ғаламдандыру тілі -ағылшын тілі.
Қазіргі әлем — жаңалықтар мен өзгеше технологиялар, өзгерістер заманы. Заманның ендігі тетігі бүгінгі күнмен тірлік ететін адамды емес, болашақты кеңінен ой елегінен өткізетін тұлғаны, келешекті кемел ойлай білетін, дүние өзгерістерінің себеп-салдарын жекелік талғаммен емес, жалпы адамзаттық өлшеммен қабылдайтын жандарды қажет етеді. Бүгінгі мұғалімдер бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеуі керек. Себебі, нарықтық экономика еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды қажет ететіні белгілі. Бұл жаңа талап, жаңа міндет, жаңа мақсаттарды мұғалімдерге жүктейді. Осыған орай білім беру жүйесінде мұғалімдерге қойылатын басты талаптардың бірі – полимәдениетті жеке тұлға қалыптастыру. Яғни, кез-келген ортаға тез бейімделетін, білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен сыни пікірін кез-келген тілде айта алатын азамат қалыптастыру.
Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемнің ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Әр адамның рухани-адамгершілігін арттыру үшін, бүгінгі тез өзгеріп жатқан дүниеде өмір сүріп, еңбек ету үшін терең білімді, үш тілді меңгерген маман болу керек. Мұғалім өзгермелі әлемге өзгерген маман бола алуы шартты. Осы тұрғыда мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында біліктілікті арттыру курстарында билингвизм (қостілділік) және полилингвизм (көптілділік) туралы ақпараттар беріледі.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп Н.Ә.Назарбаев айтқанындай, қазіргі заман талабы – көптілді оқыту және көптілді меңгерген маман дайындау. Бұл бағыт бойынша да жұмыстар басталып, жүргізілуде. «Қазақ тілі – ұлтымыздың рухы, рухани байлығы» десек тіліміздің дамуы, қоғамдағы орнын нығайту және қалпына келтіру жолында білім саласының жауапкершілігі ерекше.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті — ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», – деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері атап көрсетілген. Аталған міндетттерді жүзеге асыру үшін оқытудың заманауи технологияларын енгізу арқылы және оларды тиімді пайдалану секілді мәселелерді анықтап алу, білім беру жүйесіндегі басты ұстаным ретінде әркімнің өзінің білім алуға деген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді көздейді. Осы тұрғыда білім алушы тұлға өзінің қалаған тілінде білім алуға мүмкіндігі туындаған заман.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біздің болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми қарқынды өндірістер үшін кадрлар қорын жасақтауымыз керек» деген сөздері бар. Демек, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, заманауи технологияны тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу-педагогтердің басты міндетінің бірі болып отыр, бұл «Өмір бойы білім алу» идеясын жүзеге асыру» деген сөз. Адам баласының өмірі ғылыми тілмен айтсақ институт, әр адам қажеттілігіне қарай өзінөзі жетілдіріп отырады. Бүгінгі күні біздің мүмкіндіктеріміз өсіп, қашықтықтан біліктілік арттыру курстарын өткізіп жүрміз, ол аса өзекті мәселе. Себебі бұл мұғалімнің негізгі жұмысынан қол үзбей-ақ білімін арттыруға мүмкіндік береді. Қашықтықтан оқытуды кеңінен алып қарастыратын болсақ, оның негізінде ХХІ ғасырдың жаңа парадигмасы, басымдығы ретінде танылған Smart education жатыр. «Smart» ағылшын тілінен аударғанда «ақылды» деген мағынаны білдіреді. Ал технологиялық сипатта да осы мағынада жұмсалады. Яғни, ақылды технология, ақылды техника, пайдалануға ыңғайлы, мейлінше ықшам, көп функциялы құрылғыларды атайды. Ал педагогикалық үдеріс тұрғысынан қарастыратын болсақ, оқытудың бұл түрі электронды оқыту, мобильді оқыту, кез келген жерде, кез келген ортада оқыту деген мағынада жұмсалады. Ақпаратты техникалық құралдардың тілі де үш тілде. Дегенмен, қазақ тілде жазылған барлық ақпараттың сауттылығына көңіл бөлген де жөн. «Smart» жүйесі педагогтар қызметінде ең тиімдісі. Себебі бүгінгі жаһандану заманында күнділікті келіп жатқан ақпараттар легі ішінен ең қажеттісін сұрыптай алуға, өзіне қолдануға, нақты орындалатын, шынайысын таңдайды.
ХХІ ғасыр — технологиялар ғасыры. Мобильдік құрылғылар, Интернет желілері өмір сүрудің күнделікті дағдысына айналып, ақпараттық технология адам өмірінің маңызды бөлшегіне айналды. Қазіргі таңда сандық қоғам, сандық орта қалыптасты. Олсыз жұмыс жүргізу мүмкін емес. Интернет желілері адамның әр түрлі бағытта дамуына мол мүмкіндік береді. Үйде отырып, кәсіпкерлікпен, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен, шығармашылықпен айналысуға болады. Соның ішінде тілді үйренуде қазіргі қоғамның талабы бойынша электронды оқулық арқылы жұмыс жүргізуге болады. Адам әлеуметтік желілер арқылы, өзінің барлық мүмкіндіктерін жүзеге асыруына жол ашылды. Қоғам барлық деректерді, ақпараттарды, бір-біріне желі арқылы хабарлап, ақпараттанған қоғам қалыптастырды. Ақпараттық қоғамда адамның өзіндік ойлауы, әрекетке шығармашылық тұрғыдан қарап, ыңғайлы жол таба білуі маңызды болып табылады. Сондықтан интеллектуалды экономика қалыптасып, технологияның қарқынды дамуына мүмкіндік туды.
21 ғасырда білім беру саласында дәстүрлі оқыту электронды оқытуға, электронды оқыту smart оқытуға ауысты. Орта білім беруде оқушылардың өздігінен дербес білім алуына басымдық берілді, біліктілік арттыру жүйесінде қашықтықтан оқыту, корпоративті оқыту дамуда. Электрондық оқыту жағдайында мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің, соның ішінде ақпараттық құзыреттілігінің жоғары деңгейде болуы қажет. Болашақ мамандардың өмір бойы оқуға, ізденуге дағдылануы, цифрлы білім беру контентімен жұмыстануы және жасақтауы, жаңа техника мен технологияларды меңгеруі, өз білімін жетілдіруі, қосымша білім алуы үшін ақпараттық құзыреттілігі болуы тиіс. Электрондық оқыту жағдайында автоматтандырылған жүйеде оқушы білім беру контентімен тиімді жұмыстанады, жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін жүргізеді. Осы жағдайда кез келген тілді білу қажеттілігі туындайды. Мұғалімдер ата-анаға, оқушыларға ақпаратты сұраған тілде бере алу мүмкіндігі туындайды.
Қазіргі білім беру талаптарының басты міндеті – педагогтердің кәсіби құзырлығын қалыптастыру мен біліктілігін үздіксіз арттыруды, ғылыми- әдістемелік қызметтің жаңашылдығын, түрлері мен әдістерін жетілдіру, оның тәжірибеде жүзеге асырылуын қамтамасыздандыру.
Сондықтан қазіргі заманауи білім беруде әр оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасау. Қазіргі мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
Тұлғаның жақсы білім алуы, табысты оқуы ұстазына байланысты, ал ақыл-ойының дамуы-өзіне және қоршаған ортасына байланысты. Ендеше Смарт –технологиясы арқылы көптілді білім беруде тәжірибеміз жетіліп, болашағы кемелді болады деп сенеміз.
Заман ағымына сай, қазіргі алдымызда тұрған үлкен міндет халқымыздың ұлттық дербестігін сақтай отырып, елімізді өркениетті елдер қатарына қосылуы. Қазіргі заманда балалардың бірнеше тілде сөйлеуін қамтамасыздандыру ең бірінші мектеп мұғалімдеріне жүктеледі. Сол жас ұрпақтың өз болмысын тануға ұмтылысына көмектесіп, тереңде жатқан талап-тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін рухани күш беру- бүгінгі мұғалімнің басты мақсаты. Жоғарыда айтылған мәселелер мен жүктелген міндеттер мен мақсаттардың орындалуы үшін оқыту мазмұнының жаңартылуы, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, ол тәсілдер әрбір оқушының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтын болып ұйымдастырылуы заман және біздің талабымыз. Сол тұрғыда біліктілікті арттыру курстарында басты мақсаттарды басшылыққа алып келеміз.

Әдебиеттер тізімі:
1 ҚР Президенті Н.Ә.Назабаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2012ж.
2 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы //Алматы, 2010. 6 б.
3 Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» стратегиясы дамыған мемлекеттің жаңа саяси бағыты» — Қазақстан халқына Жолдауы — Егемен Қазақстан, 17.01.2012 ж.
4 Белянин В.П. Психолингвистика. Москва, 2004 ж.
5 Бухаров В.М. Концепт в лингистическом аспекте. Н.Новгород, 2001ж.
6 Даулетова В.А. Smart-education: келешекке бағытталған білім.
7 Қазақ тілі: Энциклопедия. Алматы, 1998ж.
8 «Қазақ энциклопедиясы» Алматы, 1998ж. 5 том. 9 Хамраева Е.А. Билингвизм. Москва, 2009ж.


Б.К. Алькенова, С.Б. Жумажанова
РАЗВИТИЕ ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ КОМПЕТЕНТНОСТИ У ПЕДАГОГА ПО ПО ПРОГРАММЕ ТРЕХЪЯЗЫЧИЯ
В данной статье говорится о том, что треединство языков является основой формирования поликультурной личности. Многоязычное обучение – это главное требование сегодняшнего дня, которое дает возможность каждой личности проявить свои навыки, позволяет открыть дорогу молодому поколению для свободного плавания в образовательном пространстве. В статье изложено о актуальности использования современных информационных технологий, знание на трех языках для реализации идеи
«Обучения на протяжении всей жизни».

B.K. Alkenova, S.B. Zhumazhanova
DEVELOPMENT OF PROFESSIONAL COMPETENCE OF THE TEACHER ON THE
TRILINGUALISM PROGRAM
In this article, we can say that the trinity of language is the basis for the formation of multicultural personality. Multilingual education tells us that the younger generation is the key to today’s self-realization, which opens the way for free expression in the education space. It is important to understand that the knowledge of modern technology is important for the realization of the idea of lifelong learning.
In today’s world, it is important to ensure that children speak several languages.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *