БАҒАЛАУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ- КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ

А.К. Курманова
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті Көкшетау, Қазақстан
K_Ainash_K@mail.ru

БАҒАЛАУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ- КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ

Қазіргі кезде Республикамызда заманауи білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Осы тұрғыдан келгенде, бүгінгі білім беру жүйесінің ерекшелігі – білім алушының қандай да бір іс-әрекетке құзіреттілігін дамыту. Сондықтан оқушылардың білім нәтижелерін бағалау оқыту үдерісінің маңызды бөлігі болып табылады. Аталмыш мақалада бағалаудың жаңа жүйесі – критериалды бағалауға тоқталған. Оның міндеттері, түрлері, маңызын ашуға тырысқан. Сонымен қатар қалыптастырушы, жиынтық бағалаудың алгоримтін де берген.

Тірек сөздер: критериалды бағалау, қалыптастырушы бағалау, жиынтық бағалау, критерий, дескриптор.

Замануи білім беру «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.
Француз қайраткері «Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру. Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге бет алуы барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық – коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық — дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек «кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін» үнемі оқып – үйрену және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген [2]. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі.
Оқыту — мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл құзіреттіліктер білім алу үшін оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді. Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек. Осыған байланысты оқушылар арасында өзара түсіністік және ұжымдық қарым-қатынасты орнатып, оқушылардың сенімсіздіктерін жойып, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын критериалды бағалау болып табылады.
Критериалды бағалау — бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс. Егер оқушыға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, бұл оның үздік нәтижеге жетуі үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді. Ал егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіріп, талдау жасаса, онда оқушы өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінеді. Критериалды бағалау, міне, осы мүмкіндікті оқушыға береді [2, 107]. Сондықтан критериалды бағалауды енгізудің мақсаты мектепте оқыту сапасын жоғарлату, мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру болып табылады. Ол өз алдына төмендегі кестеде берілген міндеттерді шешуді көздейді.

Кесте -1. – Критериалды бағалаудың міндеттері.


Аталмыш міндеттерді шеше отырып, критериалды бағалаудың практикалық маңызын ашуға болады. Бұл ретте, біріншіден, тек қана оқушы жұмысы бағаланады; екіншіден, орындалған жұмыс алдын ала белгілі үлгі (эталонмен) салыстырылады; үшіншіден, оқушы өзінің жұмысын бағалауға мүмкіндік беретін нақты бағалау алгоритмін біледі және атаанасына толық ақпарат бере алады; төртіншіден, критериалды бағалау белгілі оқу мақсаты бойынша бағаланады. Міне, бұл айтылған мәселелер міндетті түрде критериалды бағалауда басшылыққа алынады.
Жалпы критериалды бағалау мұғалім үшін де, оқушы үшін де, ата-ана үшінде маңызды. Оның маңыздылығын кестеде бердік.



Кесте -2. – Критериалды бағалаудың маңызы.


Критериалды бағалау жүйесінің білім беру үдерісіндегі қолданысы оқушылардың жетістіктерін бағалау жүйесін жеке пәннің мақсаттымен байланыстырады. Оқушылардың мектептегі құзыреттіліктерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ белгілі критерийлерді қолдану арқылы тапсырманы орындауға машықтанады. Әр оқушының дайындық деңгейін, оқудағы жетістіктерін критериалды бағалау жүйесімен анықтау, тек оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын ғана емес, мектептегі білім беру үдерісінің де сапасын көтереді.
Негізі осы уақытқа дейін білім мен білікті тексерудің түрлі әдістері қолданылып келді. Бағалау оқушының жетістіктерін басқа оқушының нәтижесімен салыстыру арқылы жүзеге асырылып отырды. Оның бірқатар кемшіліктері бар. Атап айтсақ, біріншіден, мұғалімге, атаанаға және оқушыға түсінікті білім беру жетістігін бағалайтын нақты өлшемнің жоқтығы; екіншіден, мұғалім әр оқушының жетістігін алдын-ала айқындалған өлшеммен емес, сыныптың орташа білім деңгейімен бағалауы; үшіншіден, оқушыға қойылған баға оқу бағдарламасы бөлімдері бойынша алынатын нақты білімді, білікті, дағдыны көрсете алмауы, яғни, әр оқушының жеке мүмкіндіктерін аша алмауы; төртіншіден, қорытынды баға қоюда ағымдағы бағаларды есепке алуы; бесіншіден, оқу үдерісінде мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыстың болмауынан оқушының білім алуы төмендейді. Алайда қазіргі заманауи бағалау жүйесі мозайка құрастыру бағытында қарастырылып отыр 3,. Оған төмендегі сурет дәлел бола алады.




1-сурет. Оқушының өзін-өзі дамытуы

Себебі жоғарыдағы суретте берілген мозайка қалыптастырушы бағалаудың негізгі төрт бағытын айқындап тұр. Мәселен, сабақтың тиімді қойылуы, оқушымен бірге критерийлерді талдау, сыныптасын және өзін-өзі бағалау, кері байланысты қамтамасыз ету. Аталған компонеттер бірі-бірінсіз бұл үдерісті жүзеге асыру алмайды. Керісінше бұлар бірлесіп қолданғанда ғана біз белгілі бір мозайканы құра алып, қажетті нәтижеге қол жеткізе аламыз.
Біріншіден, сабақтың тиімді құрылуы дегеніміз – мұғалім сабақта белгілі бір оқу мақсатын жүзеге асыруды көздейді. Оған қол жеткізу үшін ол түрлі әдіс-тәсілдерді таңдайды, оқулықтағы жаттығуларды түрлендіреді, қосымша білім, білік, дағды қалыптастыру үшін арнайы тапсырмалар орындатады, барлығын сөйлеу әрекетінің түрлеріне негіздейді. Сабақты жоспарлау мен ұйымдастыруда сабаққа қойылатын барлық талаптар ескерілу керек.
Екіншіден, оқушымен бірге критерийлерді талдау қажет. Ол оқушылардың не үшін бағаланғанын түсіну уұін өте тиімді болады. оқушы өзінің бойындағы өзгерісті, прогрессті біліп отырады. Критерийлерді орындау арқылы ол өзін-өзі реттеу, өзін-өзі жетілдіру ісімен айналысады.
Үшіншіден, сыныптасын және өзін-өзі бағалауды иегерді. Өол жеткізген жетістіктеріне сараптама жасай алады. Алдағы уақытта немен айналысу керектігін біледі. Сол бағытта өзін дамыта алады.
Төртіншіден, тиімді кері байланысты қамтамасыз ете алады. Кері байланыс сабақтың әр кезеңінде қолданылады, мұғалімнің білім алушылармен үздіксіз өзара әрекет етуін жүзеге асыруға, нәтижесінде оқу үдерісін түзетіп, сабақты әрі қарай жоспарлауға мүмкіндік береді.
Кері байланыс беру кезінде мұғалімдерге:
• білім алушылардың жақсы жақтарын ескеру;
• тапсырманың дұрыс орындалмағанын нақты түсіндірмей тұрып, «олай емес»,
«дұрыс емес» деген сөздерді қолданбау;
• білім алушылардың жұмысын жетілдіру немесе кемшілік тұстарын жөндеудің жолдарына ұсыныс беру;
• кері әсер ететін сөздерді, білім алушыларды кекету, келемеждеуге қатысты, мысалы, «орынсыз жауап», «осыны ойлауға қалай ақылың жетті» деген сияқты сөздерді мүлдем қолданбау ұсынылады.
Кері байланыс беру кезінде мұғалімге де, білім алушыға да төмендегі кестеде ұсынылған сұрақтарды негізге алған дұрыс. Аталған сұрақтарға толық жауап беру кері байланыстың тиімділігін көрсетеді.

Кесте -3. – Кері байланыстың тиімділігін тексеру сұрақтары


Ол бір жағынан оқып үйренген материалдарын тиянақтап отырса, екінші жағынан алдағы іс-әрекетіне кенес алуға мүмкіндік береді. Әрі оқушының сыпайы сөйлеу мәдениеті де дамиды. Сонымен қатар, мұғалімдер суретте берілген келесі алгоритмдерге сәйкес өз бетінше бағалау құралдарын құрастырады.



2-сурет. Жиынтық бағалаудың тапсырмаларын құрастыру алгоритмі

1. оқу бағдарламасы, бөлім/ортақ тақырыптар бойынша оқу мақсаттарын меңгеру;
2. жиынтық бағалауда тексерілетін оқу мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлерін анықтау, ойлау дағдыларының деңгейлерімен сәйкестендіру;
3. ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес келетін тексерілетін критерийлердің, оқу мақсаттарының мазмұнын қамтитын бір немесе бірнеше тапсырмалар дайындау;
4. әр тапсырмаға дескрипторлар құрастыру;
5. білім алушыларға, олардың ата-аналарына жиынтық бағалау нәтижелерін ұсыну үшін бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауға рубрикалар құрастыру (бағалау критерийлерінің деңгейлерге сәйкестігін сипаттау). Осылайша мұғалім бөлім немесе ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау кезінде оқу мақсаттарының негізгілін көрсететін, ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес екенін белгілейтін бағалау критерийлерін анықтайды.
Десек те, бағалау жүйесі және оқушылардың оқу жетістіктерін тіркеу білім беру үдерісінің құрамдас бір бөлігі болып табылады. Ол оқушы және мұғалім мен ата-ананың арасында тиімді кері байланыс жасаудың негізгі құралы. Осы тұрғыдан келгенде, критериалды бағалауда оқушы оқытудың негізгі субъектісіне айналса, мұғалім кеңес беруші, маман, бағыттаушыға ауысады.
Жоғарыда айтылған мәселерді қорытындалай келе, білім беру жүйесін дамытуда критериалды бағалаудың орны ерекше. Себебі бағалау не үшін қажет деген сұраққа біз білім игерудегі жетістіктерді анықтау үшін, белгілі бір уақыт аралығында білімгердің өсу және даму қарқынын анықтау үшін, білімгердің белсенділігін арттыру үшін, ынталандыру үшін, топ жұмысына қосқан жеке үлесін анықтау үшін, алдағы білім игеру әрекеттерінде жетістіктерге жету үшін, алған білімін одан әрі дамыту үшін, білімгерлердің әрекеттері арқылы оқытушының деңгейін анықтау үшін қажет екендігін түсіндік. Себебі оқытушы шәкіртінің білімін әдеттегідей берілген мәліметті жаттап, мазмұндауына емес, оның сол тақырыпты игеруіне, ойының тереңдігіне, логикалық ұшқырлығына, мәліметтерді жинақтап, жүйелі түрде жеткізуіне мән беріп бағалайды. Осы бағытта жұмыс жасау болашақтың еншісінде болмақ.

Әдебиеттер тізімі
1 Қазақстан республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. http://adilet.zan.kz
2 Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық. Оқу-әдістемелік құрал. – Астана, 2016. – 48 б. 3 Тренерге арналған нұсқаулық. 1 басылым. – Астана, 2015. -120 б.

На сегодняшний день в Республике Казахстан стремительно развивается новая система современного образования, направленая на вхождение в мировое образовательное пространство. Это связано с сушественными изменеиями в теории педагогики и в учебновоспитательном процессе. Меняется пардигма образования, обновляется содержание образования, появляются новые взгляды и подходы. С этой точки зрения, особенностью современной системы образования является развитие компетенции обучающегося в соответствии с образовательной программой. Поэтому оценка итоговых знаний обучающихся является важнейшей частью процесса обучения. В данной статье рассматривается новая система оценивания – критериальное оценивание. Автор стремится раскрыть особенности, виды и значение критериального оценивания. Вместе с тем в статье приведен алгоритм совкупного и формирующего видов оценивания.

Nowadays a new system of modern education is rapidly developing in Kazakhstan. The Kazakhstan system of education is focused on entering the world educational space. It is connected with essential changes in the theory of pedagogy and educational process, changing of paradigm. It is important to point out that the content of education has been updated, new views and approaches have appeared. From this point of view the main characteristic feature of modern system of education is the development of the learner’s competence related to the curriculum. That`s why the evaluation of students` final achievement is an important part of the learning process. Thus this article considers a new system of assessment — the criteria-based assessment. The author discloses main principles, types and significance of criteria-based assessment as well as the algorithm of summative and formative assessment.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *