АЙ ЧИҢНІҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

АЙ ЧИҢНІҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Бұл мақалада 1930-шы жылдардың танымал қытай поэзиясының өкілі ақын Ай Чиңнің Яньанға келіп, сол жылдары қытай халқы азаттық ұшын барша жастарды Яньанға келуге ықпал етті, жаңа дәуірде, Ай Чиң ұлт «алау» қолна ұстап, ол қаламын қайта бастап, жаңа бір тебінмен, үлкен шабытпен жазған өлеңдері қарастырылған. Сондай-ақ, ақын өлеңдері арқылы анасына деген сағынышы, екінші жағынан, қара түнек қоғамға болған өкпе-назы, кертартпа ескі қоғамда қытай халқының қараңғы дүниеде өмір сүргені бейнеленеді.

Тірек сөздер: Ай Чиңнің өмірі, Яньан, ұлттық «алау», шығармашылық, рухани болмыс, лирикалық өлең.

Ай Чиң Қытай Халық Республикасының әйгілі ақын оның шын аты Жаң най дың, бүркеме аты Е Жйа, Қы А, т.б. Ай Чиң 1910 жылы 27 наурызда (қытай күні есебімен 17 ақпан) Қытай Халық Республикасының Джи Жан өлкесі, Джин Хуа ауданы Фан Тянь Жень қыстағындағы бай-қуатты отбасыда дүниеге келді. Ай Чиң дүниеге келер кезде анасы бірнеше күн қатты қиналып, Ай Чиңді дүниеге алып келіп, өлім аузынан қалған. Олар туылған сәбиді дүниеге келмей жатып, отбасына алып келген қайғы-қасірет ретінде қабылдады. Ай Чиңнің әкесі дінге деген наным-сенімі мықты отағасы болғандықтан, Ай Чиңді сәби кезінде қарапайым, кедей отбасыға асыранды бала етіп береді. Осы тұрмыстың тауқыметі оның жазушылық жолына үлкен әсер етті. Бала кезінен бастап, осы тұрмыстың салдарынан ата-анасына қарсы көзқарас пайда болды. Өмірге тік көзбен қарау ұғымы ақырындап күшейе бастады.
Ай Чиң 5 жасында ауылдық жеке оқу орнында оқып, 15 жасында Джин Хуа өлкесінде 7 орта мектепте оқыды. Ол сурет салуды қатты ұнататын еді. 1928 жылы Хан Джоу мемлекетінің Ши Ху өнер академиясында сурет салу факультетінде оқуын жалғастырды. Сол кездері сол академияның ректоры Лен Фын Миен еді. 1929 жылдың көктемінде Францияда оқу мен жұмысты бірге алып жүрді. Сурет салудың қыр-сырын білу барысында, көптеген Еуропалық классикалық және қазіргі заманғы әңгіме, өлеңдермен тереңірек танысты. Соның ішінде Бельгия мемлекетінің ақыны Фар Ха Лын өлеңдері оған үлкен әсер етті. Францияда оқып жүрген кезде ол «Дүниежүзілік императорға қарсы тұру» одағына қатысты. 1932 жылы шілде айында « фу жа» атпен «беи ду» атты журналына алғаш рет «Кездесу» атты өлеңі жарық көрді.
Ақын 1930 жылдан бастап өлең жаза бастады. 10 жыл бойы өзімен халықтың тағдырын, заман тағдырын бір түйінде тоғыстырды. Өлең кеңістігінде, оның шығармашылығы қанатын жайған қыран құстай самғады. Өзінің өлеңімен өнерді, тарихты, патриоттық сезімді айқара ашты. Оның өлеңдегі жарқылдаған найзағайдай, сұңқылдаған құстай, бірде жылап, бірде күліп мемлекетіне, еліне, отанына деген махаббатын өз шығармашылығымен жеткізе білді.1932 жылдың 4-ші айында Шанхайға қайтып келіп, Қытайдың сол қанатты көркем өнер ұжымына мүше болып қабылданды. Әрі өзінің сурет үйірмесін ашып, патриотизмге балаларды оқыта бастады. Шілде айында осы себеппен оны тұтқынға алды. Бельгия ақыны Версайлестің 25 өлеңін түрмеде отырып аударды. Сол уақытта «Да Ян өзені — менің күтушім» өлеңі «Көктем шырағы» атты журналда алғаш рет Ай Чиң деген атпен жарық көреді. Оның бұл өлеңдері «поэзия әлемін» дүр сілкіндірді. Бұл өлеңде автор өзінің күтушісін күтуші ретінде емес, ана ретінде қабылдаған. Оған деген сағынышын, махаббатын, әйел қауымының орнының биіктігін жырлаған. Сондай-ақ ақын осы өлең арқылы бір жағынан анасына деген сағынышын, екінші жағынан, қара түнек қоғамға болған өкпе-назын, кертартпа ескі қоғамда қытай халқының қараңғы дүниеде өмір сүргенін бейнелейді. Осы өлең алғашқы өлеңдерінің бірі болып саналады.
«Поэзия әлемін» дүр сілкінткен бұл өлеңдері ақындық кезеңі ретінде өмірбаянынан ерекше орын алады. 1935 жылы қазан айында ақын кепілдікпен босатылады. 1936 жылы «Да Ян өзені — менің күтушім» атты алғашқы жыр жинағы жарық көреді.
ҚХР құрылғаннан кейін, әсіресе 50-ші жылдардың орта тұсынан бастап «Партиялық бағыт ұстанбаған», «Пролетариат табын жырламаған» шығармалар мен олардың авторлары жаппай қудалана бастады. Себебі ол кезде қытай қоғамы демократиялық-феодалдық қоғамнан, компартия басшылығындағы социалистік қоғамға енді ғана аяқ басқандықтан, компартияның алғашқы тәтті уағыздарына сеніп, нағыз демократиялы қоғам орнайды дегенге бар ділдерімен иланды. Алайда 1955 жылдан басталған «Кері төңкерісшілерді аластау қозғалысы» ең алдымен қолына қалам ұстаған жұртқа бағытталды. Тура сол кезден бастап әдебиет пен өнерге кәрін төгіп, қаһарына мінген компартия өзінің «Пролетариат диктатурасы» дейтін өткір қаруын оңды-солды сілтеп, «Кері төңкерісшілерді» қырып-жоя бастады. Қытай әдебиеті қазіргі кезеңінің даму барысын үлкен екі кезеңге бөлуге болады: Бірінші кезеңі — 1949-1979 жылдар аралығы. Екінші кезеңі — 1980 жылдан жаңа ХХІ ғасырдың басына дейін.
1949-1957 жылдар аралығында, қытай поэзиясында біраз жандану байқалды. ХХ ғасырдың 20-40 жылдары аралығында әдебиетке келіп поэзияның тұғырын биіктеткен, өзіндік тың тебінмен, жаңа ізденіспен келген бір топ ақындардың ішінен Ай Циңнің ізденісін ерекше атап өтуге болады. Әдебиеттен аластатылған айтулы ақындар жаңа дәуірде қаламдарын қайта бастан қолға алып, жаңа бір тебінмен, үлкен шабытпен, жапалы ізденіспен өрелі өлеңдер жазуға кірісті. Олардың арасында түрмеден босап келгендер де, еңбекпен өзгерту лагерлерінен оралғандардың бірі — Ай Чиң.
Қытай тарихында Жапонияға қарсы тұру соғысы басталғаннан кейін ақын Ай Чиң «Қайта жаңғырған жер», «Ақ қар басқан Қытай» сияқты өлеңдерін жазды. Осы өлең жолдары арқылы мемлекетінің құрып бара жатқанын бейнеледі. 1938 жылы Ай Чиң Гуй Линге барып Дай Уан Чумен бірге «Дин Ден» атты журнал шығарды. Осы кезде өлең жазудан басқа, тағы да басқа жұмыстармен айналысты. Мысалы, ол журналға жариялануға келген өлеңдерді сұрыптап, талдау жасап отырған. Ол өлең мазмұнына, құрылысына, теңеулеріне сипаттама беру туралы өз пікірін білдіріп сараптама жасады. Осы кезде тарихта елеулі орын алған өлең жинақтары шықты. «Кернейші», «Оның екінші рет өлгені».«Жазық дала»атты өлеңдер жинағы шыға бастады. 1940 жылы Ай Чиң Чун Чинде Уй Цай мектебінде филология кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалады. 1941 жылы ол Янь Аньге (Қытай халық революциясы) базасы болып саналады. Шань Гань Нинь аймағында мәдени іс-шара көмекшісі болып жұмыс жасайды. Осы кезде ақынның өлең жазу стилі түбегейлі өзгереді. Сөзі өткір, ашық жарқын отанды жырлайтын, отаны үшін жанын беретін күреске жастарды өлең арқылы жігерлендіреді.1944 жылы Ай Чиң үздік қызметкер атағына ие болып, Қытай халық коммунистік партиясына мүше болып тағайындалады. 1945 жылы азаттыққа қол жеткізгеннен кейін, Ай Чиң Хуа Бей мәдениеттік үйірмесімен бірге Джан Джа Куға келеді. Кейінгі жылдарда Хуа Бей бірлесттік университетінде, мәдениет институтында басшылық қызметін атқарады. Ол «Көкек» атты өлеңін жазды. Осы өлең арқылы бостандық алған халықтың көңіл-күйін жеткізді. Көктемнің алғашқы жылулығын білдіретін, осы көкектің даусы сияқты, Ай Чиңнің өлеңдері Қытайдың жер жеріне тарады.
Қытай егемендігін алғаннан кейін ақынның дипломаттық тәжірибе алмастыру барысында көптеген өлеңдері жарық көрді. 1957 жылы «оңшылдық» деген атпен Хей Лун Джиан өлкесімен Шин Джиан, Ши Ху Дзы еңбекпен өзгерту ұжымының түрмесіне жабылды. Ол түрмеде жиырма жылын үнсіздікпен өткізді. 1979 жылдың аяғында ол ақталып шығып қайтадан өлеңдерін жаза бастады. Бұл жолғы өлеңдерін жаңа нұсқада жаза бастады. Мысалы «Жол бойындағы өлең» , «Нұрға толған жыр» .
Өлең жазу стиліне қарағанда азаттықтан бұрын Ай Чиң тұйық мінезімен заманға қарсы тұратын күш қуатпен өткір қалам ұшымен сол кезеңдегі қараңғылық қоғамға бостандықты аңсауды өлеңдері арқылы ойын жеткізеді. Азаттық бостандықты алғаннан кейін халқын сүйе білді. Халық үшін жырлады. Отаны үшін өмірін арнауға жастарға үндеу тастады. Ақынның қылқалам шеберлігі сурет салумен байланысады. Эстетикалық ұғымға көп мән берген. Өлеңдерінде шыншылдық, кіршіксіз кәусар, жинақылық өткір көзқарасымен өлеңнің шыңына шыққан.Өлеңдерінде түр-түске басымдылық көрсетіп мән берген. Өлеңдері эстетикалық көркемділігімен де ерекшеленген.
«Қуаныш», «Қызыл нұрын шашқан жұлдыз» «Көктем» «Түске толған өлең» «Қарқалдақ» т.б. өлеңдерінде саналы ғұмырын күреспен өткізген жаужүрек ақынның жырлары кек пен жалынға, арман мен үмітке, өр рухқа толы болуымен қатар оқырманын бостандыққа, батылдыққа жетелейтіндігімен ерекшеленеді.Тарихтан белгілі болғанындай, ерте дәуірлердегі қытай қоғамында да поэзияның орны ерекше болғаны жасырын емес. Мәселен, шығыстың ұлы ойшылы, қытайдың әйгілі философы Кұң-фудзының «Жыр кітабы» антологиясында «Жырдан шабыттанам» дей отырып, поэзия жанрына «Поэзия жанры өзге жанрларға қарағанда жұрттың сана-сезіміне тезірек әсер етіп, тереңірек ұялайды», — деген.
Поэзия — қай халықта болмасын, әдебиеттің түп-тамыры, алтын қазығы болып есептеледі. Қытай әдебиетінде қытай поэзиясы да әлемдегі өзге де халықтардың поэзиясы секілді сонау ерте дәуірлерде туып қалыптасқан, ұлы тарих көші барысында толысып, пісіпжетілген кемелді жанр. Жалпы қытай елін поэзия елі деп атауға да болады. Қытай поэзиясының басты ерекшелігі – кез келген қытай ақындарының өлеңдерінде айтар ойы бөгетсіз, шырмаусыз айтылып, еркін бейнеленеді.
Бүгінгі қытай поэзиясының түрлеріне тоқталсақ, қытай поэзиясы да өз ішінен: лирикалық өлең, эпикалық өлең, сықақ өлең, халықтық жырлар, балалар жыры деген бес түрге жіктеліп жүр. Қытай поэзиясының құрылымы мәселесіне келетін болсақ, ол қытай тілінің ерекшелігімен тікелей қатысты. Атап айтқанда, поэзиялық шығармаға көбірек астарлы, сырлы сөздер қызмет ете алады десек, бұндай сырлы да сырбаз, астарлы сөздерге қытай тілі өте бай. Ал енді поэзиялық шығарма өз ойын көбінде образды да бейнелі сөздер арқылы жүзеге асырады дейтін болсақ, қытай тілін образды да бейнелі сөздердің кеніші десек артық айтқандық емес.
Сондай-ақ, Ай Чиң өлең-жырларында елмен қоштасу, туған жердің өткенін аңсау сарыны да орын алған. Туған жердің табиғатына қарап тұрып, өткен күннің елесін іздеу жастық дәуреннің еске алу үрдісі ата қоныстың бүліншілікке түсіп, өзгенің ойранына айналған сәтте туындаған мұң – шермен астасып жатады. Ай Чиң шығармаларының – жаңалығы мол, өзгеше дәстүрі бар күрделі құбылыс ретінде қытай әдебиеттану ғылымының тұрақты зерттеу нысанасы болып қала бермек.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1 陈志华:《艾青早期诗歌中色彩意象的绘画性表现》,德州学院学报, 2005年。
2 周义祥:《象征主义视角下的艾青诗歌研究》,湘潭大学学报,1993年。
3 王清波:《继续开来的旗帜论艾青抗战诗歌的大众民族化方向前进中的成就与地位》,文艺理论与批评,1991年。
4. 司真真:《东西方色彩观烛照下的土地和太阳——论艾青早期诗歌色彩 的文化内涵》,楚雄师范学院学报,2009年。
5. Maslova V.A. Lingvokulturologiya: ucheb. posobie/ V.A. Maslova. — 2-e izd., ster.- M.:
Akademiya, 2004.- 202 s.
6. Encyclopaedia Britannica 2008, Concepts in Linguistics, CD. 7.
7. Yusup A.N., Mamieva A.N. Abai KazNPU Series of “Philological Sciences” №1 (15), 2016 – p. 221-226.


Б. Матай
ЖИЗНЬ И ТВОРЧЕСТВО АЙ ЧИНЬ
В статье рассказывается о жизни и творчестве китайского поэта Ай Чин. Также изучалась поэзия поэта, которая приглашает читателя к свободе и мужеству, наряду с полнотой мести и пламени, мечтами и надеждами, духом духа.
B. Matay
AI JING’S LIFE AND CREATION
Ai Qing is a modern lyrical poet with rich experience in painting and rich artistic accomplishment in the history of modern Chinese literature. The greatness of the poetry, which reflects the greatness of the social worker, the life and creative work of Ai Jing, who is in the midst of the truth and the virtuousness of the reader and the supplicant, the curious reader.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *