Өсімдіктің вегетативті мүшелері

Өсімдіктің вегетативті органдарының морфологиялық құрылысы. Өсімдіктің вегетативті органдарының анатомиялық құрылысы.
Өсімдіктің вегетативті органдарына тамыр, сабақ, жапырақ және өркен жатады. Тамыр апикальды меристема арқылы оң геотропизм бағытында өседі. Тамыр әртүрлі қызмет атқарады. Өсімдіктерді топыраққа бекіндіріп тұрады. Тамырда қорлық заттар жиналады. Вегетативті көбею қызметін атқарады. Кейбір микроорганизімдер тамырмен селбесіп симбиоз құрады. Шығу тегіне қарай негізгі, жанама, қосалқы деп жіктеледі. Тамырлар жүйесіне қарай: шошақ тамырлар, кіндік тамыр және аралас тамыр деп бөлінеді. Экологиялық түрлері: ауа тамырлар, жер асты тамырлар, су тамырлары, гаустриялы тамырлар. Тамырдың ұзын бойында әртүрлі аймақтар болады. Олар: өсу, бөліну, сору, өткізу және тамыр аймақшасы. Тамырдың алғашқы құрылысын сору аймағынан көруге болады. Тамырдың алғашқы құрылысында сыртын қоршап жатқан ризодема қаптап жатады. Оның астында алғашқы қабық, орталық цилиндр орналасқан. Алғашқы қабық экзодерма, мезодерма, эндодерма қабаттарынан тұрады. Көптеген өсімдіктерде эезодерма бір қабатты, радильды бағытта созылыңқы орналасады. Мезодерма дөңгелек пішінді, ірі және тірі паренхималық жасушалардың экзодерма мен эндодерма арасындағы көп жасушалы қабат. Оның жасушалары шеттен орталыққа қарай іріленіп, борпылдақтанып эндодермаға жақындағанда қайта кішірейіп тығыздала түседі. Эндодерма алғашқы қабықтың ең ішкі қабаты. Эндодерменың жасушаларының радиальды және көлденең қабырғасы белбеу тәрізді қалыңдаған, ол жасушаларды Каспар белдемшелі жасушалар деп атайды. Олардың арасында қалыңдамаған өткізгіш жасушалар болады. Өткізгіш жасушалар арқылы орталық цилиндрге қоректік заттар өтеді. Орталық цилиндрдің алғашқы қабаты перицикл жасушалары. Орталық цилиндрде флоэма және ксилема кезектесіп радиальды шоқ құрайды. Тамырдың соңғы анатомиялық құрылысы орталық цилиндрде камбий түзілуден басталады. Камбий ксилема сәулесінің қарсысындағы перицикл жасушаларынан және ксилема мен флоэма арасындағы паренхима жасушаларынан жасалады. Олар радиальды және тангенталды бағытта бөліне келіп екі аймақ бір-біріне қосылады да ирек камбий сақинасын түзеді. Сөйтіп флоэма мен ксилема арасындағы паренхималық жасушалардың ығыстырылуының салдарынан радиольды шоқ ашық коллатериальды шоққа айналады.
Орталық цилиндрдегі өзгерістермен бір мезгілде ксилема сәулесінің қарсысындағы перицикл жасушаларынан феллоген түзіледі. Феллоген қызметінің нәтижесінде перидерма жасалып, алғашқы қабық орталық цилиндрмен байланысын жоғалтады. Алғашқы қабықтың өлген жасушалары жаңадан түзілген жас ұлпалар қысымынан айырылып, түлеп түседі.
Сабақ ұшында төбе меристемасы болуына байланысты үнемі ұшынан өсіп отыратын өсімдіктің вегетативті мүшесі. Қызметі: сабақ арқылы жапырақта фотосинтез процесі нәтижесінде пайда болған органикалық зат тамырға, ал тамыр арқылы қабылданған минералды заттарды жапыраққа қарай жылжытады. Өсімдіктерді кеңістікте ұстап тұру, жапыраққа бағыттау қызметін атқарады. Сабақта фотосинтез жүреді және вегетативті көбею мүшесі болып табылады.
Сабақтың анатомиялық алғашқы құрылысын зерттеген кезде қос жарнақты өсімдіктер сабағында үш бөлімді айқын көруге ьолады.: алғашқы қабық, орталық цилиндр жіне өзек. Алғашқы қабық бөллімінде колленхима, паренхима және эндодерма болады. Сабақтың сыртын өң қаптап жатады. Эндодермада крахмал жиналатындықтан , оны крахмал қынабы деп те атайды. Дара жарнақты өсімдіктерде эндодерма анық көрінбейді. Өң астын қаптарлай склеренхима қабаты орналасқан. Орталық цилиндрдің алғашқы қабаты- перицикл жасушалары. Қос жарнақты өсімдіктерде сосуд-талшық шоқтары шеңбер бойымен орналасса, дара жарнақтыларда сабақ бойында түзу спираль түзе орналасады. Өң қабатынан өзекке қарай шоқ көлемі үлкейіп, саны азая түседі. Өзек бірыңғай паренхима жасушаларынан тұрады. Қос жарнақты өсімдік сабағында камбий жасушалары қызметі нәтижесінде соңғы құрылыс түзіледі. Орталық цилиндрде камбий шоқ ішілік және шоқ аралық прокамбийден пайда болып, бөліне келіп бір-бірімен қосылып, камбий сақинасын түзеді. Сөйтіп сабақтың алғашқы анатомиялық құрылысындағы тұйық коллотериалды шоқ ашық коллатериалды шоққа айналады. Орталық цилиндрдегі өзгерістермен бір мезгілде алғашқы қабықтың эпидермис астындағы паренхима жасушаларынан Феллоген түзіліп, оның қызметінің нәтижесенде тоз, феллоген, феллодерма қабаттарынан тұратын соңғы қабық перидерма жасалады. Алғашқы қабық түлеп түседі. Ағаш тектес көп жылдық өсімдіктер сабағы жай көзге анық көрінетін үш бөлімнен – қабық, сүрек, өзектен тұрады. Камбийдің ұзақ мерзімге созылған қызметінің нәтижесінде жылдық сақиналардың түзілуі, өткізгңш элементтердің сүректенуі және соңғы жабындқ ұлпалардың пайда болуы көп жылдық сүректі өсімдіктердіңи сабағын қалыптастырады. Көп жылдық сабақ перидермасын қалың қабатты қыртыс алмастырады. Сабақтың негізін ксилема элементтері мен сүрек талшығынан тұратын сүрек бөлімі құрайды. Қылқан жапырақты өсімдіктердің сүрегі біртекті, су өткізумен қатар механикалық қызмет атқаратын трахеидтер мен паренхима жасушаларынан тұрады.
Жапырақ -өсу шектелген өркеннің бүйір мүшесі. Ол қыстырмалы меристеманың белсенділігінің нәтижесінде түп жағымен немесе барлық жағымен ұлғайып өседі. Жапырақтың атқаратын қызметтері: фотосинтез, газ алмасуын және судың булануын реттеу болып табылады. Сонымен бірге жапырақтарда артық қор заттары жиналады. Жеклеген жағдайларда жапырақ вегетативтік көбею қызметін атқарады. Жапырақ морфологиясы. Жапырақ мөлшері өзгеріп отырады. Бір өсімдікте әртүрлі пішіндегі жапырақтың болу құбылысы гетерофилия деп аталады. Жапырақтың үш түрлі формациясы болады: тқменгі, ортаңғы және жоғарғы. Жапырақтың төменгі формациясы әдетте арнаулы қызмет атқаруына қарай жетілмеген немесе түрі өзгерген болып келеді. Оларға тұқым жарнақтары, бүршіктердің қабықшалары, тамыр сабақтың, кейде жер беті сабағының редукцияға ұшыраған жапырақтары жатады. Жапырақтың ортаңғы формациясы өсімдіктің жапырақтарының негізгі массасын түзеді. Оларда хлорофилл дәндері болады. Жоғарғы формацияның жапырақтары гүл беретін өркендерде орналасады. Бұл жабындық жапырақтар, орама жапырақтар және т.б. . Олардың барлығы әдетте нашар жетілген, сағақтары болмайды. Жай және күрделі жапырақ . Сағақты және сағақсыз жапырақ. Жапырақ тақтасының жиегі тегіс, ара тісті, екі рет ара тісті, ирек т.б.
Жоғары сатыдағы өсімдіктер жапырағының анатомиялық құрылысы негізгі үш бөліктен тұрады. Олар: 1/ Жапырақ тақтасын астыңғы және үстіңгі бет жағынан қоршап жататын жабындық ұлпа үлпекқабат /эпидерма/. 2/ ассимиляциялаушы ұлпадан тұраиын негізгі бөлігі- мезофилл, 3/ мезофилл бөлігінде орналасқан өткізгіш шоқтар. Дорзовентральды жапырақтың үстіңгі бетінің үлпекқабат жасушалары астыңғы бетіне қарағанда ірі, түзу төрт бұрышты болады. Жапырақ тақтасының үстіңгі беті жарыққа бағытталған жағдайда лептесіктер негізіне жапырақ тақтасының астыңғы бетінде орналасады. Жапырақ тік бағытта өсіп жарық екі бетіне бірдей түскен жағдайда лептесік екі бетінде де болады. Қалқып жүретін су өсімдіктерінде лептесік жапырақ тақтасының тек үстіңгі бетінде болады. Мезофилл бағаналы және борпылдақ ұлпадан тұрады. Жапырақтары өткізгіш шоқтар әдетте тұйық коллатериалды. Қылқан жапырақтың үлпекқабаты өте қалыңдап, оның астында жабындық ұлпаның бір түрі гиподерма бар. Мезофилл гиподерманың ішкі жағында орналасады. Жасушалары біркелкі және қабықшалары қатпарлы болады. Қылқанның ортаңғы бөлігінде өткізгіш шоқ мезофиллден эндодерма арқылы бөлініп тұрады.
Бүршік жаңа өркен бастамасы. Бүршік өркеннің ұзарып өсуіне және бұтақтануын қамтамасыз етеді. Өркен өсімдік сабағының өсуі барысында бұтақтанады. Бұтақтанудың төменгідегідей түрлерін ажыратады:
Моноподийлі, дихотомиялы, симподийлі, жалған дихотомиялы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *