Тоғыз тақта Шылым
…Айтумыс баһадүр 19 жасында қалмақпен соғыста қаза тапқанда, оның жары Асылай жүкті болып қалып, өмірге ұл бала келді. Жас батырдың артында қалған тұяғына ат қоймақ болған ағайын біраз ойласты. «Жастай қыршын кеткен Айтумыс баһадүрдің атына сай ұл болып өссін, дүние тұрғанша тұрып, ұрпақ жалғастырсын, «үш ылымды (үш ілімді)— жердің, судың көктің ілімін меңгерсін»—деген тілекпен жас сәбидің атын «үш ылым» қойды. Бұл есім қазақты тілдің аталу ерекшелігімен «Шылым» делініп аталып кетті.
Айтумысұлы Шылымды Жеменей: «әкеңнің жүзін көрмедің» деп, асыл қамқа кигізді, «қара шаңырақ иесі» деп ақ ордаға кіргізді, қанаттыға қақтырмады, тұмсықтыға шоқтырмады, армансыз дәурен сүргізді. Ал Жеменейдің бәйбішесі емшек сүтін бермесе де, ене сүтін берген-ді, Шылым бала жасынан шандоздықты көргенді. «Көңіліне қаяу түсер» деп әкесі Айтумыстың жаугерлікте өлгенін білгізбеді. «Қу жалғыз сәл нәрсені кектеп қалар, сәл нәрсені кектеп қалса, тумаларынан шеттеп қалар»,—деген оймен Жеменей оған: «өзімнен туған ұлсың»,—деді. «үш ілім» деп жақсы ырыммен атап қойған есім текке қойылмапты. Көп тілегі қабыл болды. Атадан қалған бір жалғыз осылай өркендеп, өсіп-өнген-ді. Сол себепті Тоғыз тақта Шылымнан өрген үрім-бұтақ күні бүгінге дейін «Жеменейміз» деп келген-ді.
«өз әкелерің Айтумыстың атын ұмытып, неге Жеменейміз дейсіңдер?»—деген әзіл-қалжыңды сұраққа шежіреші Әбді рахманұлы: «Айтумыс—руымыз, Жеменей—ұранымыз! Әлбетте, рудан бұрын ұран ауызға алдымен ілігеді. Жеменей— үлкен әкем, қазақта інісінің баласын үлкен аға еншілейтіні ата-салтымызда бар емес пе! Әкемнің ағасын әке десек айтып па!»—деп жауап береді екен.
Не себепті жоғарыдағы Бұзау атамыздың аты руға айналмай, оның баласы Жеменейдің атағы шығып, бір тайпа елдің атауына айналды? Шежіреші шалдар айтады, қазақтың аузы дуалы, елге сыйлы бір ақсақалы айғыр топ нөкерлерімен жолаушылап келе жатып, Бұзаудың үйіне түседі. Күн кешкіріп қалған мезгіл дейді. Есіктің алдында үлкен тай қазанда ет асылып жатады. Бұл—бұрынғы сүрленіп қақталған ет. Бұзау келіп қалған қонаққа дайын болып, пісіп қалған етті тартқызбақ бо лады. Сол кезде бозбала жігіт Жеменей сапарлап кеткен жағынан келіп қалып, үлкен кісілермен амандасып болған соң, әкесіне қонақтарға арнап қонақасы соятынын айтады.
—Балам дайын ет пісіп тұр ғой, оның үстіне күн кешкіріп қалды.
—Келіп отырған құдайы қонаққа өлі ет асып беретіндей керегемізге қараған кедей емеспіз, атымызға ұят, абыройға сын!
Жеменей түн мезгіліне қарамай, таңдап семіз қой сойып, қонақтарға қонақасы беріп, риза етеді.
«Бір бала әкесіне жете туады, Бір бала кері кете туады, Бір бала әкесінен өте туады».
Сен соның осы соңғысы екенсің. Бақытың да, байлығың да әкеңнен өткей! Бұл сөзімді жаратқан ие қабыл еткей! Деге ніңе жет балам!» осылай деп Жеменейге бата берген ақсақал нөкерімен атта-
нып кетеді. Жолшыбай кездескен ауылдардың адамдары жөн сұраса: «өзі мәрт, өзі жомарт жас мырза Жеменейдің ауылы нан келеміз», депті.
Содан былай, ел ішіне мырза да мәрт Жеменейдің атағы жайыла беріпті. Шындығында, Шылым бабамыз Ақсұқсыр сұлудың бағын ашты. рулы елдің анасы ретінде атын ғасырдан ғасырларға жеткізді. Ақсұқсыр анамыз шекесі торсықтай үш ұлды дүниеге әкелді. олар: Ақбота, Көшке, ордек.
Сұқсыр сұлудың қадамы құтты болып, пұшпағы қанамай жүрген бәйбіше де бірінен соң бірі—төрт ұлды дүниеге әкелді, олар: Баба, рахан, Түгел, Теке. олардан өрбіген ұрпақтар, үлкен анамыздың құрметіне «Бәйбіше» атанды…
Ал Шылымның кіші әйелі, қараторының әдемісі Түймеден туған екі бала Қозым мен Қосақтан тараған ұрпақтар кіші анамыздың құрметіне «Қаратоқа» атанады. Түйме анамызды қайнылары қалжыңдап «қара тоқал» атаған деседі. Қаратоқа деген атау осыдан шыққан көрінеді.
Сонымен Шылымның бірінші әйелі Балжаннан туған төрт ұл, екінші әйелі Ақсұқсырдан туған үш ұл, үшінші әйелі Түймеден туған екі ұл—«Тоғыз тақталы Шылым» аталады. 