Темірдің «Есентемір» атануы

Темірдің «Есентемір» атануы
(ІІІ нұсқа)
Қазақтың қария сөзінде: Алшынның Сыр бойын қоныстап қалған Байқожа деген немересі ауыл-аймағымен жаугершілік ке ұшырайды. Сол жаугершілікте Байқожа өз кіндігінен туған Ата, Қалпақ, Естай деген балаларымен бірге жау қолы нан қаза табады. осылардың ішінде Атаның Темір деген баласы ғана тірі қалады. Темір бүкіл әулеттегі жетім-жесір қалғандарды ертіп, атасы Қыдырқожаның (Байұлы) қолына көшіп келеді. Малы көп болған соң «Бай» атанған Қыдырқожа Темірге жылқысын бақтырады.
Бір жылы қыс қатты болып, Темір қалың жылқымен бірге ығып кетеді. Боран басылған соң, Қыдырқожаның жігіттері мал амандауға шығады. Алайда, Темірді де, ол бағып жүрген қа лың жылқыны да таба алмайды. Аяқ жетер сұрау салады, бірақ еш дерек болмайды. Ел-жұрт Темірден де, жылқыдан да кү дер үзе бастайды.
Содан қар кетіп, жер көгеріп, ауыл-ел желпініп жайлауға шыққан күндердің бірінде көкжиектен мұнартып шаң көте ріледі. «Жау ма, дос па?» деп үрпиіскен ауыл-үйдің адамдарынан оқшаулау шығып, Қыдырқожа да көз тігеді. Әлден уақытта белгілі болады, жер қайысқан қалың жылқы ауылға беттеп келеді. Қалың жылқыны бастап алпамсадай Темір ат үстінде келе жатса керек. Сонда көңілі өскен Қыдырқожа «Темірім есен екен ғой!»—деп дауыстап жіберіпті. Темірдің «Есентемір» атануы осыдан еді дейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *