ТАМА РУЫ

ТАМА РУЫ
Тама руы
Халықтың аузында бар әңгімеде Таманың кейінгі аты «Қа рабура» деп айтады. оның мәнісі былай деп сөзін жал ғастырады қариялар: «Қожа Ахмет Йассуи өлгеннен кейін, оның өлі денесін қара бура мініп келіп, түсін ешкімге көрсетпестен мүрдені алып кетіп, қазіргі мешіттің орнына әкеліп, ақ жуып, арулап қояды. гөрінің үстіне қам кесектен сыпа салады. ол кезде қазіргі ғимарат жоқ, салынбаған».
Сұлтанның денесін алып кетуге келген Тама өзін дуана, шейх етіп көрсетіп, мүрдеге қара бура мініп келген. оның Тама екенін ешкім танып, білмеген. Бұл жағдайды Сұлтанның өзі өлер алдында, Тамаға керематымен білдіріп, сосын туыс-семьясына:
«Мен өлгесін, денем суымай тұрғанда, қара бура мінген бір дуана, шейх адам келіп, денемді бурасымен мәңгілік жататын жеріме алып кетеді. Сол жерге, сол адам денемді тазалап жуып, кебіндеп қояды. Сендер оның қолын қақпаңдар!»—деп тапсырады.
Сұлтанның сол айтқанындай, ол өлу бойына қайдан келгені белгісіз, Тама қара бурамен келіп, сұлтанның мүрдесін түйеге өңгеріп алып кетеді. оның кім екенін ешкім білмейді. Бет-аузын бүркеп алған Таманы ешкім танымайды. Мүрдені ол сұлтан ның айтып, тапсырған жеріне апарып жерлеп, өзі ешкімге көрін бей, қайтып кетеді. Кейін артынан барып біліп, жұрт сосын «Қара бура Әзі» деп атандырып кеткен. Кейін ұранға айналған. Таманың ұраны—«Қарабура».
309. Тама Сарыбас мерген
«Бір күні бір төбенің басына шыға келдім. Аяғымның астында бір торғын шатыр тұр. Айналасында құланның қодығы байлаулы жатыр. Бір жалаңдаған жас келіншек жылмаң етіп шатырдан шыға сала маған жүгіріп келіп:
—Жездеке, шатырға жүріңіз,—деп қолымнан жетектеп шатырға алып кірді. Ақ шымылдық құрулы, алаша, төсек салулы. Бір сәулеш қыз отыр, ұшып тұра келіп, төсек үстіне отырғызды. Керсен тола қымызды алдыма ап келіп қойды. Бір астау етті алдыма қойып:
—Керсен алдыңызда, кездік қолыңызда,—деп, келіншек шығып жүре берді. Етті жедім, қымызды іштім, қызды құштым. Аузымнан су ақты, балжырадым, қалжырадым. ұйықтайын деп едім, қыз жалынып, ағатайлап ұйықтатпады. Мені ұйықтатпасқа әңгімеге кірісті:
—Ғайып ерен, қырық шілтен аңның бақташысы болды. Сіз бір түн ұйықтамасаңыз, осы шатыр, барлық сайманымен басыңызда болады. Мен күндіз-түні қасыңызда боламын. Бір түнгі ұйқыңызды көтере алмай, ұйықтап қалсаңыз, сіз маған жоқсыз, мен сізге жоқпын. Анау ел мені ит жеген арам астай көреді. онан соң жалғанның жарық сәулесі екеумізге арам.
—Жарайды, неге ұйықтайын,—деген болдым. өйткенімен бола ма, ұйықтап қалдым. ояна келсем, сопайған өз басымнан бас қа дәнеме жоқ. Аң аулаудан қалдым. Бір жыл есік күзетіп, тырп ете алмай қалдым. Бір жылдан соң, басы қаралы, беті жаралы құланға мінген бір келіншек өңгерген бесігін, ішінде бір еркек бала бар, тастап жүре берді. Сол баланың атын Қайыпберді қойды. өсіп-өніп, оның жұрағаты «Қайыпберді—Тамамыз!» деседі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *