ТАЗ РУЫ

ТАЗ РУЫ
 «Таз» атануы
(І нұсқа)
Байдың үйінде жаугершілікте қалмақтан алып келген қызметші бір қыз жүреді екен. Мойнында моншақ тағып жүргендіктен оны «Моншақ» деп атап кетіпті. Сонымен қатар Ерназар («Қалпақ» атанған) деген басы таз жігіт малын бағып, жалшылықта жүріпті. Бай Моншақты сол Ерназарға некелеп қосады. Бұлардан бір ұл туып, атын «Таз» деп қойыпты. Кейін Таз да Байдың бір баласы есебінде саналып кетіпті.
 (Таз руы атануы)
(ІІ нұсқа)
Қыдырқожа тағы бір жаугершілік кезінде қарсы жақтың 14-15 жасар қалмақтың қара қызын қолға түсіріп, ат артына мінгестіріп әкеледі. Қыз қазақшаға түсінбегендіктен, өзінің атын айта алмайды да, Бай оны бетіндегі меңіне және мойнындағы моншағына қарап: «Меңді қара, моншақты күң» деп атайды. Бұдан туған ұлдың атын Таз қояды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *