Адай руы туралы аңыз

Адай руы туралы аңыз
(ІІІ нұсқа)
Сегіз арыстың ағасы: Тәжіке (Тәзіке), Қосай, Құдайке балалары болған екен.
Құдайкенің үй-орманы, мал-мүлкі мұз ойылып, суға кетіп қалады. өзі ақтабан атпен жалғыз қалады да, Келімбердіге келіп жатып алады. Екі көзінен айрылып, қаріп болып қала ды. Бір күндері Келімбердінің үйіне арып-ашқан түрікпеннің әйелі тап болыпты. Келімбердінің жұбайы:
—Мына әйелді қайнағаға алып берелік,—депті.
Келімберді тұрып:
—Жатысы мынау, бұл әйелді не қылсын?—депті.
—Жоқ, әперген жөн. Дәретке отырған жерін көрдім. Әлі зәріңде көпіршік бар. Құдай берсе, әлі бір-екі бала таптырарлық халі бар депті. Сол әйелді әперіп, одан ұл туған. Баланың атын «Түрікпен Адай» қойған.
Сол Түркпен Адайдан Тәзіке, Қосай туыпты. Адай Әзіретті нің Алатауынан көшкен екен. Тәзіке сол жерден көшпей, қалып қойған екен деген аңыз бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *