Қаптағайдың бүкіл Матайға ұран болғаны

Қаптағайдың бүкіл Матайға ұран болғаны]
Найманнан тарайтын төрт Төлегатайдың бірі Матайдан 3 бала туған. олар: Келдәулет, Дүзжігіт, Кенже деп аталады. Бұларды «үш матай» деп те атайды. Матай көп жас жасап, Кенженің қолында тұрған екен. Бір күні Келдәулеттің ауылына барғысы келіп, атқа мінеді. Аталарының келе жатқанын көрген Келдәулеттің балалары дереу ақылдасып: «Біріміз ат байлайық, біріміз атамызды аттан түсіріп сүйемелдейік, біріміз төрге көрпе салып, беліне жастық қояйық» ,—деседі де, айтқандарындай істейді.
Бұған разы болған Матай шал:
—Ата көрген аңғарлы азамат екенсіңдер, кейін аталықты адам болады екенсіңдер,—деп ыстық ықылас білдіріпті. осыдан кейін Келдәулет «Аталық» атаныпты. Матай шал Дүзжігіттің ауылына барғанда, оның балалары:
—Атамды мен түсіремін,—деп арт-артынан келіп қаптаған екен. Мұны көрген Матай шал:
—Атаң келсе, қаптағайсың, жалқауланып жатпағайсың!— депті. Сонымен Дүзжігіт «Қаптағай» атаныпты. Кейін осы Қаптағай бүкіл Матайға, тіпті, тұтас Найманға ұран болған екен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *