ШАНЫШҚЫЛЫ (ҚАТАҒАН) РУЫ

ШАНЫШҚЫЛЫ (ҚАТАҒАН) РУЫ
Шанышқылыны үйлендіру
Алатау батырдың даңқы көпке жайылып, елін-жерін қорғап жүрген шағы. Бірде қазақ, бірде қалмақ жеңіске жетіп, кейде текетірес түсіп жатады. Бірде Хазар теңізі жақтағы Кіші жүз елінен «жау тиді» деген хабар келді. Алатау Қоңыраттың батырларын жинап, жорыққа әзірленеді. өздері қарамағында отыр ған Ташкендегі Тұрсын ханға жағдайла рын, «Елімізге, жері міз ге, малымызға бас-көз болыңыз, қараулық жасамаңыз!»—де ген ді айтады.
Хан уәдесін береді. Кіші жүз еліндегі соғыстан жеңіспен оралса, елі аңырап отыр. Хан Тұрсын антын бұзып, жарамды жігіттердің жоғын пайдаланып, елін шауыпты.
Алатау батыр сарбаздарын аттан түсірмей Ташкентке тартады. Хан ордасын «Хан Тұрсынды—ант ұрсын!» деп шабады. Хан Тұрсын қашып кетіп, оның айдай сұлу қызын олжалайды. Қызды жайдақ нарға мінгізіп алып келеді. ол сүйекке таңба екен. Асқан сұлу қызға Қоңыраттың батырлары көз тігіп, таласып қалардай халге жетеді. Сол кезде Алатау батыр:
—Кешегі Хазар теңізі маңындағы соғыста асқан ерлік көрсеткен найзагер жігіт болды. Жекпе-жекте де, қалың қол соғысында да жан шыдатпады. осы қызды «Шанышқылы» атанған батырға берелік,—дейді. Қалың Шанышқылы елі осылайша пайда болған деседі.

Один комментарий к “ШАНЫШҚЫЛЫ (ҚАТАҒАН) РУЫ”

  1. Бос сөз. шанышқылы қатаған ұрпағы. Қатаған қырғыны кезінде бір бөлігін қаңылы билеушілері аман алып қалады. Кейбір аңыз шежірелерде, бқл аман қалғандары қаңылының қызынан туған тармақ екен. Есім хан қағылыларды жазалай алмайды, онсызда жан жақтан қаумалаған жаулардан зардап шегіп отырғанда, қазақ жерінің түп иесі қаңылылармен жаға жыртысуға бара алмайды. Әрі басты қарсыласы, туысы Тұрсын ханды жазалап өз дегеніне жеткен Есім хан, жағдайды одан әрі ұшықтырғысы келмеген болса керек. Аман қалған қатағандардың осы бөлігі қаңылылардан енші алып, таңбасы мен ұраны «шанышқы» (найзагер ұғымында) болып бөлінеді. Ұраны «Айырлмас» бұл қаңылыдан іргемізді бұзбаймыз дегені, таңбасы шанышқы қаңылының бір таңбасымен бірдей. Маған қызығы олардың ұйғырға сіңгендері мен ауғанға ауып кеткендері бұл күнде кімдер? қазақтың басқа ру тайпаларына қосылғандары бар деген сөз баяғыдан келеді. Кім біледі? Менің ойымша олар қазақ арасына сіңсе тек ұлы жүз руларының құрамына кірсе керек еді. Ұйғырға (Қашғар-Моғол жеріне) өту қалайда болмасын ұлы жүз не қырғыз жері арқылы жүрді. олардың (қатағандардың) бәрі көшіп өттіп кетуі мүмкін емес, қәзірші замандағы миграцияға көңіл аударған адам не айтқанымды түсінеді.

Добавить комментарий для Арынов Бақытнұр Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *