Шахантай

Шахантай
«Қосқұлақұлы Қаржау батыр халыққа танымал үйсіннің бір тармағы—Албанның Ханкелдісімен жолдас әрі сенімді серігі, бас сардары болған. ол Жоңғар шапқыншылығына қарсы ұрыстарда соғыс өнеріне жетілген, ерен ерліктерімен жұрт көзіне түседі. Абылай ұйымдастырған Қабанбай жорығына, қырғыз батыры Әтеке жырықты және қалмақ ханы Шахарды алу жорықтарына қатысады. Сондықтан: «қақ жарған қаһарлы Қаржау қасқа» атаныпты.
Қабанбай жорығынан босап қайтқан Қаржау еліне келсе, Қожбанбет-Жарты ауылдарын жау шауып, малдарын барымталап алып кеткен. Шапқан жау Жоңғардың Шахар ханы (кейде Шаған деп те айтылады) итішпестің Алакөліндегі шаһарында тұрады екен. Жау шапқан ел-жұртын көріп: «Түзге шықсаң, үйің жоқ, үйге келсең, күйің жоқ»,—деп қатты назаланды.
Сол түні шапқыншы жіберіп, төңіректен 300-ге жуық қол жияды. Әкесі Қосқұлақтың есігінің маңдайшасына маңдайын үш рет тигізіп, Бөрте үйінен дәм татып: «Жауға кеткен жыл қымды және кек алып келемін, не өліп келемін»,—деп серт берген екен. Алайда, Қаржау барғанымен өзінен күші басым, қорғаны мықты жауға тиісе алмай, үш күн бойы ториды. Соңында қорғанды бұза алмаған болып, жылыстап бойы тасалайды. Шағанның аңдаушылары қарсыласының қайтып кеткенін ханға хабарлаған.
Қаржау бірнеше күнді өткізіп барып түн қараңғысында бейғам жатқан қалаға шабуыл жасайды. Бірақ қақпаны қолмақол бұза алмай дағдарып, барлығы тұрып қалады. осы кезде Қаржау өзінің немере інісі денелі, алып қара күштің иесі атанған Сасбақ батыр оңайлықпен қозғала қоймағанда, астындағы нарын тебініп келіп, оның толарсағына найзасын сұғып, намысын оятып, қаһарын қозғаған екен. Жанына найза батқан Сасбақ кіші әкесіне үндей алмай, қолындағы ауыр шоқпармен қақпаның тас-талқанын шығарыпты. Қалаға кірген қазақтар қарсыласқанын қанға бояиды. Күн төбеге келмей-ақ хан мен уәзірдің бастарын кесіп, қаланың қарсы алдындағы қақпаға іледі. Тізе бүккендеріне тиіспей, халыққа өзінің шапқыншы емес, намыс қуып, кек алуға келгенін ұғындырады. Хан ордасының бірқанша дүние-мүкамалын, бірнеше қыздарын олжалайды және тұтқын адамдарды босатып, әкеткен мал-мүлкін қайтарып, елге келеді.
Қаржаудың шағын қосынмен барып шапқыншы Шағаннан кек алуы, ордасын ойрандауы ел арасында үлкен аңыз туғы за ды. олжа үлесі кезінде Шахар ханның қызын Қаржау батыр өзі алады. Аты—Қоңыр екен. Қаржау сүйікті әйелі болғандық тан, Қоңырды еркелетіп «Қоңыртай» деген, бірақ кейіндей келе бұл атау қалып қояды да, жұрт көбінесе әкесінің атымен Шахантай деп кеткен. Қаржау тұқымында ғы Шахантай әулеті осы ұлағатты ананың есімімен әлі күнге солай аталып келеді.

Один комментарий к “Шахантай”

  1. Ассаламуалейкум админ мырза. Каржау Қосқұлақұлы Ұлы жүз Албан елінен. Бұл деректерді қай жерден алдыңыз?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *