Сұлықсары ұрпақтарының «Сары үйсін» руына сіңуі

Сұлықсары ұрпақтарының «Сары үйсін» руына сіңуі
Кейбір шежірелерде Кішкене Палуанға өкпелеп кетіп қалып, ұлы жүзге барып, үйсіндерге қосылып, Бәйдебек бидің бәйбішесінен туған Сарыүйсін баласы Байтоқты байға келіп малын бағып, жалшы болады. Байтоқтының Мырзатаз деген бір ұлы, Қоңыр деген бір қызы бар еді дейді. Кішкененің жұмысы жағып, қойдан жылқы бағуға ауысыпты. Бір жылы қыс қатты боранды болып, жылқы оңтүстікке қарай ығады. Жылқымен бірге Кішкене де ыға береді. Жылқы Боқан тауына барып тоқтайды. Жылы жерге барып, жылқы қыстан аман шығады.
Жаз шыға Кішкене жылқыны айдап аман-есен Байтоқты ауы лына қайтып оралады. Жылқыны аман қыстан алып, шыққан еңбегіне риза болған Байтоқты қызы Қоңырды Кішкенеге бе реді. Сол төркінінде тұрып, Қоңыр ұл бала туады, атын Сұлықсары қояды. Сол баланы Байтоқтының бәйбішесіне бала етіп беріп, елге көшерде қалдырады. Сол Сұлықсарыдан Жақып, Қалша туады да «Сары үйсін» аталып, сіңіп кетіпті дейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *