«Сары үйсін» руы аталуы туралы


(V нұсқа)
Бәйдебек бидің бәйбішесі Арыстан бидің қызы Марау (шын аты—гүлжамал) «Сары бәйбіше» атанған текті, жақсы адам болған дейді. Сол бәйбішеден тоғыз ұл болған дейді. Қытайлар оның малдарын барымталап айдап алып кеткенде артынан сол тоғыз ұлы қуып жеткен, тоғызын да өлтіріп кетіпті.
Сарыбәйбіше бетін жыртып, Құдайды қарғап, күндіз-түні күңіреніп жүргенде Құдай оны келеке қылғандай, аяқ-қолы бүріскен, іштен кеміс бір ұл туыпты. Атын Байтоқты қойып, кейін Сирықты немесе «Силықсары» атап кетіпті дейді.
Байтоқты—Силықсарының аяқ-қолы кем болғанымен, ақыл-ойы бүтін болған. оған ер жеткен соң ұшан деген қызды әйелдікке алып берген. Сол ұшаннан бір сары үрпек бас ұл туып, атын Түргеш қойыпты.
Кейін сол баланы Сары немесе «Сергексары» атап кетіпті де, осы баладан тараған ұрпақтар кейін «Сары үйсін» руы аталып қалып еді дейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *