Суанның Бөлегі

Суанның Бөлегі
Бөлектің шешесі Айбике атты кісі екен. Бөлек өзінің ата қонысы «Долаңқара тауы» аталып кеткен жайлауда дүниеге келген. оның атын Бөлек қойған анасы көрінеді. ол жөнінде мынандай аңыз бар.
Бөргелтайдың Киікбай атты тұңғыш ұлы болған. Айбике екінші баласына жүкті болып жүргенде күйеуі қайтыс болып, жесір қалады. Жас қалған Айбикені қазақ салты бойынша күйеуінің жақын туыстарының біріне қосу жөнінде әңгіме болғанда, Айбике анамыз:
—Менің ішімде Бөргелтайдан қалған бала бар. Сол жарық дүниеге келмей мен ешкімге күйеуге шықпаймын,—деп кесімді сөз айтады.
ол ақылына көркі сай, әр істі кеңінен ойлап шешетін адам екен. Кейін сәби дүниеге келіп, оның атын қоярда осы көрегендігін жасапты.
—Бұл Бөргелтайдан қалған соңғы ұрпақ. Сондықтан бұл баланың жөні бөлек, аты—Бөлек болсын!—деп, өзі қойыпты.
Анасы: «Киікбайдан туған үмбетей жалғыз болмасын, екеуі бірге туғандай жұбын жазбасын»,—деп екеуін еншілес еткен екен. Содан үмбетей, Бөлек екеуінің аттары әлі күнге дейін қатар аталады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *