Асыл
[Түңқатар балаларының «Шала қазақ» атануы]
Байбағыстың екінші ұлы Түнқатар саудагерлікпен айналысқан адам екен. осы кәсібімен Қазанға барғанда бір әйел алады. ол әйелінің тілінің мүкісі болғандықтан қазақ арасында тым сіңісе қоймаған көрінеді. Түнқатардың Бұқара, Самарқанд қа барып жүріп алған екінші әйелі сарт болады. Бірі—ноғай, бірі—сарт екі әйелдің балаларының да тілі қазақша сү ріншектеу болса керек. Сапырылысып көшіп-қонып жүрген заманда Түнқатардың балалары көбінесе Арқадағы Қарқаралы ға қоныстанады екен. ондағы қазақтар: «мыналарың қазақ емес, шала қазақ қой» деп жүріп, ақыры олар «шала қазақ» атаныпты. Содан бері олардың бір ауылы «Шала қазақ» атанған күйі Қарқаралы төңірегін қоныстанып, біржолата қалып қойыпты.