Даналық кітабы
(«Диуани хикмет» еңбегінен)
Хикмет
Даналардың айтқаны келер болды,
Қияметтің қияпаты төнер болды, Ақымақтар айқаймен жеңер болды, Бұл не деген замана болды, достар?
Халайықтан мейірім мен рақым кетті, Момынға телітентек зақым етті, Тал түсте талапайда ақыл кетті, Бұл не деген замана болды, достар?
Үлкенкіші адамнан ибалық әдет кетті,
Қызбозбала жастардан әдеп кетті,
Мінезқұлықты бұзатын әлек жетті, Бұл не деген замана болды, достар?
Мұсылманды мұсылман түтіп жейді, Бірінбірі ұқпайды, түсінбейді. Мұриттер пірге көз қырын түсірмейді, Бұл не деген замана болды, достар?
Жамағаттың жақсыға құрметі жоқ,
Кішілердің үлкенге ізеті жоқ, Патшаларға әділдік міндеті жоқ,
Бұл не деген замана болды, достар?
Дәруіштер дұғасының шипасы жоқ,
Тым болмаса үстінде лыпасы жоқ,
Құнарсыз қу тақырдай бұтасы жоқ, Бұл не деген замана болды, достар?
Азған заман ғалымы залым болар,
Қошеметшіл қулықпен мәлім болар,
Анығын айтқан адалдар жазым болар, Бұл не деген замана болды, достар?
Айтылған сөз, уәденің байламы жоқ,
Жалғандыққа шындықтың қайраны жоқ, Шындықты айтып осылай шырқыраған, Құл Қожа Ахмет сөзінің жалғаны жоқ.