Жаңа ғасырға – жаңа білім
«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім»
Мұхтар Әуезов
«Педагог кадрларды даярлайтын колледж оқытушыларының білікті- лігін арттыру» курсы туралы, оған оқуға баратынымды естігенде қатты қуандым. Мен ағылшын тілі пәнінің оқытушысы ретінде ағылшын ті- лінде жазылған интернет материалдарын еркін қолдана алсам да, соңғы кезде оқыту үдерісінде пайда болған көп өзгерістерді нақты, терең оқып, қолдануым керек екенін түсіндім. Әлемдік білім беру кеңістігіне ену жаңа білімді, жаңа мазмұнды, жаңа әдістерді қажет етеді. Білім мазмұ- нын жаңарту қажеттіліктен туған, үлкен еңбек пен қаржыны, ең бастысы мұғалімнің білімі мен кәсіби құзыреттілігіне негізделген күрделі үдеріс. Қазіргі мұғалім «нені оқытамын» деп емес, «қалай оқытамын» деп ой- лануы қажет. «Егер бір нәрсені оқытқың келсе, ол жөнінде айтпа, оны іс жүзінде көрсет» деген Уилл Роджерстің сөздері менің педагогикалық ұстанымым деуге болады.
Курс бағдарламасымен танысқаннан кейін әр сабақта «Қалай оқыта- мын» деген сұраққа жауап іздедім. «Дивергентті ойлау», «кең ауқымды дағдылар» сияқты жаңа ұғымдарды қызыға үйрендім. Білім берудегі құн- дылықтарды, олардың 21 ғасыр адамын тәрбиелеудегі маңызын, ерек- шеліктерін талдау қатты ұнады. Өзімді мазалап жүрген «Пәндік тілдік кіріктірілген оқытудың» ерекшеліктерін, ондағы тілдердің ара-қатысын, кіріктірудің әдіс– тәсілдерін, оқытудың «жеңіл» және «ауыр» түрлерін анықтадым, алған ақпаратты осы тақырып бойынша ғылыми-әдістемелік жұмысымда пайдаланбақпын. Оқу үдерісіндегі психологиялық құбылыс-
тарды негіздеген Л.С. Выготскийдің «жақын арадағы даму аймағы» тео- риясының маңыздылығын, Жером Брунердің «scaffolding» теориясының өзектілігін әр мұғалім есте сақтайтын қағида деп есептеймін. «Ойлау дағ- дыларының деңгейлерін» анықтайтын Блум таксономиясы әр мұғалімнің жазу үстелінде тұратын бағдаршам болуы тиіс, ол баланы ойлауға үйре- тудің, «ойлау туралы ойлауға» үйретудің бірден – бір жолы.
Қазір ақпарат кеңістігіндегі білім көздерінің 45-50 % ағылшын тілін- де беріледі, болашақта білім көздерінің 46% цифрланады. «Мектеп түлек- тері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеріп шығуы тиіс. Оқытудың нәтижесінде оқушылар сын тұрғысынан ойлау дағдыларын, өз бетінше зерттеу жүргізу және ақпаратты терең талдау дағдыларын меңгеруі тиіс» деген Елбасының сөздері әр мұғалімнің алдына мақсат қойса, осы курс оны жүзеге асыруда тиімді, пайдалы, дер кезінде ұйымдастырылған жұ- мыс болды. Курста алған білімімді болашақ ұстаздар даярлауда жемісті қолдана алатыныма сенімдімін.