Жаңа технологиямен білім беру – заман талабы
«Ғылымды күшті меңгерген және оны сүйетін мұғалім ғана өз шәкірттерінің бәріне жемісті ықпал жасайды»
Д. И. Менделеев
Бүгінгі таңда білім беру әлеуметтік құрылымының маңызды элемент- терінің біріне айналуда. Дүние жүзінде білімнің әлеуметтік рөлі артып адамның болашағы оның алған білімінің сапасының көлеміне, ойлау дең- гейіне байланысты. Осы тұрғыда бүгінгі күні жаңа технологияның тиімді әдіс– тәсілдерін, жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып, қоршаған ортаны қорғау арқылы экологиялық тәрбие беру ұстаздардың басты міндеті. Ол үшін әрбір ұстаз үнемі шеберлігін арттырып отырмаса, бала деңгейінің дамуы төмендейді. Осының бәрі бір күннің іс әрекеті емес, оған уақыт керек. «Ұстаздық ету уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзінің уақы- тын аямау» деп Ж.Ж. Руссо бекер айтпаған.
Биология пәнін оқушыға меңгерту үшін стандарттық бағдарламаны игеруде оқушыны қалыптастырып, оны қызықтыру үшін сабақ берудің оңай жолдарын тәсілін табу мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
Оқушылардың ой – өрісін дамытып, танымдық қызығуын арттыруда биологиялық ойындарды сабақта тиімді пайдалануды мұғалімнің мең- гергені жөн. Ойынның түрлері өте көп.
Оқушылардың алған білім дәрежесін саралауға өзі қызығатын пән төңірегіндегі білімін тексеруге, білмегенді білуге ұмтылдыратын, миды шынықтырып жаттықтыру танымдық ойындар деп аталады. Танымдық ойындарға : сөзжұмбақтар, сауалғылар, басқатырғылар және сәйкес сөз- дерді табу, жұмбақтар, тірек сызбалар жатады.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау».
Жобасымен танысып, оның стратегияларын өз тәжірибемде қолдан- ғаннан бері өзімнің кәсіптік біліктілігімнің жетіле түскенін аңғардым. Сабақтарымда үнемі қолданатын «Кубизм», «Топтастыру», «Бес жолды өлең», «Түртіп алу жүйесі», «Вен диаграммасы», стратегияларын жиі пайдаланамын.
Сондай-ақ, осы курстан алған тәжірибелерімді өз сабақтарымда жиі пайдаланатын боламын. Мәселен жаңартылған оқу бағдарламасы мен кретериалды бағалау жүйесін тренеріміз өте жақсы түсіндіріп өтті. Яғни өз білімін тәжірибесін бізбен бөлісіп отырды. Сондай ақ бірлескен оқу, белсенді оқу, саралау, электронды оқу және жаңа технологияларды пай- далану, бағалау критерилері, дескриптор, модельдеу жөнінде әріптестер- мен жасаған тәжірибе алмасу жұмыстары маған өте күшті әсер берді.