Жаңашыл ұстаз – білімді елдің көшбасшысы

Жаңашыл ұстаз – білімді елдің көшбасшысы

Дәл қазір қолыма қалам алып, ойым сан жаққа жүгіріп отырғанда, сағымдай болып артта қалған өзімнің оқушылық кезеңім, білім алаған жылдарым есіме оралып отыр…
Заман талабына қарай өркениетке бет бұрған еліміз қазір қарқынды даму жолында. Ата-бабамыз «Оқу – инемен құдық қазғандай» демекші, шығармашыл, ізденімпаз, жаңашыл ұстаз ғана табысты болады, нәтижеге жетеді. Мен «Педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының оқытушы– профессор құрамының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы» бойынша біліктілікті арттыру курсына өз тарапым- нан ниет білдіріп қатыстым. Курс барысында жаңартылған орта білім беру мазмұнын оқу процесңне енгізудің маңызын түсіндім. Шындығын- да, жоғары оқу орындары оқытушыларының алдында білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Қазіргі таңда, мектеп пен университет арасындағы әдістемелік байланысты нығайту керек.
Бұл заман-талабы. Әрбір студент-ертеңгі маманды оқытып тәрбие- леуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек Білім беру мазмұнын жаңарту білім берудің қазіргі заманғы үрдістерін және қазақстандық білім берудің үздік практикасын кіріктіруге бағытталған.
Ертеңінен үміт күткен Мәңгілік еліміздің ұрпағы білімді, білікті болу үшін нақты жоспар, нақты қадам керек. Осы орайда маман дайындауда тиімді оқу мен оқыту тәсілдерімен таныса отырып, өзімнің педагогика- лық қызметімде белсенді оқу қағидаттарын енгізуді басты назарда ұста- намын. Жаңа бағдарлама бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің негізігі мақсаттары мен дағдыларын «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету» модулін

пайдалану арқылы студенттердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеті жетіле түсті. меңгерте отырып, маңыздылығын ұғындыра білуде кей сәттерде өзімнің де студенттер алдында шәкірт секілді, оқушы секілді оқу үдері- сіне қатысып отырған қызықты сәттерім де болды. Б. Момышұлы «Ұс- таздық – ұлы құрмет. Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді», – дегендей, сапалы білім, саналы тәрбие берген қоғамдағы ұстаз қауымының атқарар міндеті де зор болмақ.
Осы міндетті абыроймен түсіне білген білім бағбаны ретінде барынша белсенділік танытып, жаңартылған білім берудің маңыздылығы мен мақса- тын меңгеруге жұмыла кірістім. «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі студенттердің ынтасын жақсартып, жігерлендіре отырып, бірін-бі- рі бағалауға үлкен қадам жасауға жетелейді. «Цифрлы Қазақстан» мемле- кеттік бағдарлама аясында жаңашыл ұстаз ретінде әр сабағымда сандық технологияны, АКТ-ны, диалогтік оқытуды кеңінен қолдана бастадым. Со- нымен қатар «Топқа бөліну», «ЖИГСО», «Ойлан-жұптас-бөліс», «Рөлдік ойын», «АВС» стратегиялары, «Венн диаграммасы т.б. өз сабақтарымда жиі пайдалануға болады. Студенттер семинар сабағы кезінде критериалды бағалау, жүйесін түсінеді, қолданады.
Мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Сту- денттердің тұлға ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Мәңгілік ел идеясымен ұштасып жатқан білім берудегі жаңа бағдарлама жаңаша сипат алып, әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбие- леуде еліміздің болашағын жарқын етеді деп сенемін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *