Жаңартылған білім– болашақтың кепілі
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»
Н.Ә. Назарбаев
Менің түсінігімдегі ұстаз – рухы таза, ой-өрісі биік, ұлты мен Отаны- ның болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратып, қоғамды өрге өркендетуші, жаңашылдық- тың бастаушысы, жүрегі – жылы, көңілі – дархан адам. Ұстаз ретіндегі негізгі ұстанымым: баланы тұлға деп тану, оның пікірімен санасу, кіш- кентай қуанышын, табысын бағалай білу.
Ұлтты тәрбиелейтін де, сол ұлттың болашағын қалыптастыратын да
– ұстаз. Бұл сөзіме ешкім дау айта алмас. Себебі, қоғам мұны дәлелдеп берді. Мұғалім шәкіртті ұлттық мәдениетке баули отырып, оны адамгер- шілікке, парасаттылыққа, жақсы қасиеттерге тәрбиелейді. Сайып келген- де, мұғалімнен білім алған әрбір жанның бойынан біліммен қатар, ұлтқа деген жанашырлықты байқасақ, онда ұстаз міндетінің өтелгені.
Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші
– білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан, әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Бұл мәселені шешудің кілті ұс-таз қолында. Өйткені, ұстаз елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу – ұлы міндет. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздан үлкен жауапкерші- лікті талап етеді. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз маман- дығын шексіз сүйетін, бала үшін өзінің ұстаздық ғұмырын арнайтын ма-
мандар ғана сапалы да, жемісті еңбек ете алады деп ойлаймын.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы оқушының сөйлеу әрекетінің төрт түрін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды жетілдіруге ба- ғытталған. Бұл сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша түйінді дағдылар оқу жоспарында «спиральді» тәсілмен берілген. Қарапайымнан күрделіге қа- рай, бірте-бірте білім, білік пен дағдылары кеңейтіліп қалыптасады. Оқу мақсаттары оқушылардың зерттеу дағдыларын, қарапайым бақылауға тә- жірибе арқылы білімі қалыптасуына, алған білімін қайта өмірде қолдана білуіне бағытталған. Оқушы бойында әлеуметтік дағдылар, жалпы білім- нің іргетасы, танымдық белсенділігі, жүйелі оқу әрекетінің қалыптасуы- на оқу бағдарламаларында көңіл бөлінген.
Өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын, білімді де білікті мұғалімдер саны көбейе берсін.