Жаңартылған білім беру мазмұнындағы мұғалім мен оқушының рөлі

Жаңартылған білім беру мазмұнындағы мұғалім мен оқушының рөлі

Білім бақтың жібермейтін қазығы, Білімсіз бақ әлдекімнің азығы.
М. Әуезов Білім беру мазмұнының жаңаруы болашақ өсіп келе жатқан жас ұр- пақтардың кемел келешегі үшін түрлі өзгерістер қажет. Әр педагог өз іс-тәжірибесінде дұрыс бағытты жүзеге асыру қажеттігін сезінуінде үл- кен маңызды рөл атқаратыны сөзсіз ақиқат. Қазіргі таңда оқушылардың

бойында өз бетімен білім алу, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыра алатын, оқушылармен мұғалім арасында тиімді диалог жүргізе алатын, заман ағымына байланысты кез-келген өзгерістерге төтеп беру арқылы өз орнын таба алатын, ақпараттық технологияларды өз деңгейінде пайда- лануды жүзеге асыратын педагог мамандарды оқу үрдісін ұйымдастыруы үшін қажетті біліммен іс-тәжірибелік дайындығын шыңдауға жағдай жа- сау қажет. Мұғалім өз деңгейінде сабақ жүргізуі үшін күнделікті дайын- дық пен ізденісті талап етеді. Мұғалімнің рөлі әр қашанда оқушы үшін өте маңызды рөл екенін ескерген жөн. Білім беру барысында оқушы мен мұғалім арасындағы байланыс алшақтап кетпеуі қажет. Оқушы қашанда болмасын оқуға деген өзіне міндет ала отырса, өз деңгейінде мұғалім де тиісті деңгейде білім беруіне кәміл сенімдімін. Мұғалім білім беру ба- рысында оқушылардың сұраныстарын үнемі бақылауда ұстағаны дұрыс. Себебі білім беруде бірізділік деген ұғым қалыптаспаған. Түрлі деңгей- дегі тапсырмаларды оқушыға ұсынбас бұрын олардың қолданыс аясын өмірмен тікелей ұштастыру маңызды. Нәтиже жалғыз, оған жетудің түрлі әдіс-тәсілдердің көп болғанымен, сіздің оқушыға берер біліміңізге қан- шалықты сол таңдап отырған әдісіңіз тиімді екенін алдын-ала ескеру маңызды. Мұғалімнің шеберлігі арқылы оқушының білімді қаншалықты меңгергенін дер кезінде анықтап, дұрыс бағыт-бағдар бере алудың да ма- ңызы ерекше. Оқушыларға үнемі білімді игеруіне, шығармашылық пен зерттеушілік қабілеттерін арттыруға, алған білімдерін қолдану аясын өмірмен ұштастыра алуларына жағдай жасау.
Қорыта айтқанда білім беруші мен білім алушының арасында ай- тарлықтай алшақтық байқалмауы қажет. Неғұрлым мұғалім мен оқушы арасында тығыз қарым-қатынастың болуы, дұрыс бағытта жұмыстар жүргізілер болса, нәтижеге қол жеткізу қиынға соқпайтыны айдан анық. Оқушы өз рөлінің маңыздылығын түсінуі, өз бетінше білімді игеруіне міндеттенуі, сәйкесінше мұғалім міндеттенген оқушыға білімді сапалы беруіндегі рөлінің маңыздылығын, білім берудің жаңашыл мазмұнын екі тараптар бірлесе отырып жүзе асыру қажет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *