ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМГЕ – ЖАҢАША КӨЗҚАРАС
«Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе,
сол өзгерісті уақытында жаса»
Махатма Гандидің Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілеті мен бел- сенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірде оны қолдана білуге бағыттау – ұстаздың басты міндеті болуымен қатар, оларға жүкте- лер жауапкершілік жүгін де еселейді. Өйткені, сапалы білім мен кәсіби бі- лікті мамансыз бәсекеге қабілетті өскелең ұрпақты тәрбиелеу мүмкін емес. Осы мақсатта жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша өткі- зіліп жатқан курста біз тыңдаушылар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен инно- вациялық технологияларды «Топтастыру», «Ойлан, жұптас, бөліс», «Де Бононың қалпақтары», «Шеринг» әдісі сынды бірнеше тиімді әдіс– тәсіл- дерді қолдану жолдарын үйреніп, оны тиімді қолдана білудің жолдарын меңгердік. Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану щәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой – өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді. оқыту мен дамыту әдістерінің барлығыда жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал
ететін маңызды әдіс-тәсілдер болып саналады.
Жаңалықтарға толы білім мазмұнын бірден меңгеріп, тәжіриде қол- данып көшке лесуімізге бірден бір себепкер, бапкер– тринер екені дау- сыз. Алғашқы күннен бастап жаңалықтарға толы ақпараттарды санамыз- ға сіңіре айтып, білімімізді толықтыруда үлкен үлес қосқан Қалшабеков Абай Батырұлы өз жұмысының шебері, майталман маман деп айтар едім. Курста дәріс, практикалық жұмыс және тренинг кезінде тыңдаушы- лардың қызығушылықтары күннен күнге арта түсті. Критериалды баға-
лау, қалыптастырушы бағалау, жиынтық бағалау үдерісімен, тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясымен, танысып, қысқа мерзімді жоспар құрудың қыр-сырын үйрендік.