«Жаңартылған бағдарлама – жаһандық қаблеттілік»
Жаңалықты сезінуге деген тұлғаның cезімдері, жаңалыққа ұмтылу, ойлаудың жоғарғы деңгейі, жаңа жағдайға қарай әрекет түрлерін тез арада өзгерте алу қабілеті
Ю.Н. Кулюткин Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Еліміздің әлемдік үрдістерге енуі білім беру жүйесінің жаңа сапалық дең-
гейіне, ұстаз әлеуметіне тікелей байланысты.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Біз қазір «білім – ғылым – инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз», «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің болашағы жоқ, XXI ғасыр – білімділер ғасыры», – деп атап көрсетті. Сондықтан біз мұғалімдер білімдерімізді әрі қарай тереңдете түсуіміз керек. Тек терең- детіп ғана қоймай жаңа тәсілдерді, жаңа ойларды, идеяларды қоса алуы- мыз қаже.
Бүгінгі Қазақстанға қалыптан тыс, ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл жеке тұлға қажет. Ол үшін бі- лім беру жүйесіне әлемдік стандартқа сай білім беру; бәсекеге қабілет- ті тұлға тәрбиелеу; табысты өмір сүру дағдыларын қалыптастыру; әлем азаматын тәрбиелеу; тәжірибелік дағдыларын дамыту; мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіру сияқты қажетті факторлар ықпал етеді.
Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік – экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Қазақстан Президенті республиканы әлемдегі бәсекеге қабі- летті 30 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойған болатын. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды роль атқарады.
Бағдарлама білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұйымдас- тырушылық негізі ретінде білім беру мен тәрбиенің, білім беру қызметі субьектілерінің мазмұны мен технологияларындағы өзгерістерді қамти- тын ресурстары мен мерзімі бойынша бір-бірімен өзара байланыстағы бағдарлама болып табылады.
Бұл бағдарламаның жүзеге асырылуы мен баланың білім алуында мұғалім маңызды роль атқарып келді. Заман ағымына ілесе алатын, мол ақпаратты меңгерте білетін әлеуметтік қарым қатынасқа түсе алатын оқу- шыларды даярлау ұшін мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін дамыту – бас- ты міндет болып табылады. Яғни Ұстаз «үйретуші мен білім көзі» емес,
«үйрену процесін ұйымдастырушы», «менеджер», «үйренуге жағдай жа- саушы». Бұл ұстанымнан «Шәкірт өздігімен үйрену керек », – деген түсі- нік қалыптасады. Бұл дегеніміз Ұстаз еңбегінің маңызын төмендетпейді. Мұнда мәселе – ұстаз міндеттерінің түбегейлі өзгеруінде. Педагог – білім тасушыдан – Білім әлеміне жол көрсетушіге айналуы тиіс. Осы жағдайда ғана Өнеркәсіптік революция дәуірінде бәсекеге қаблетті тұлға қалыптас- тыра отырып тұтынушы емес өндіруші мемлекет болуға қол жеткіземіз.