Спорттық медицина, дене тәрбиесі мен спорттың денсаулыққа, дене дамуы мен организмінің функционалдық мүмкіндіктеріне әсерін зерттейтін медицинаның саласы. Спорттық медицинаның негізгі мақсаты — адамның үйлесімді дамуы, оның денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін арттыру, өмірдің белсенді кезеңін ұзарту үшін д/т-сімен спорттың құралдары мен әдістерін тиімді пайдалануға себепші болу.