Ионданғыштық потенциалы
Иондану потенциалы мөлшерінің ион радиусы мөлшеріне қатынасымен өлшенетін ион төңірегіндегі өріс күші.
Иондану
Электрлік бейтарап атомдар мен молекулалардың оң және теріс зарядталған иондарға айналу процесі; химиялық әрекеттесу барысында, заттарды қыздырған жағдайда, күшті электр өрістері, жарық сәулелері немесе басқа да сәулелер осерінен жүзеге асады. Заттар өздерінің үш түрлі жағдайында да, яғни қатты, сұйық және газ күйінде иондана алады. Заттардың иондану дәрежесі олардың табиғатына, температурасына, сәулелер түріндегі энергия мөлшеріне және т.б. жайттарға байланысты. Радиометрлік аспаптардың көпшілігі затгардың нақ осы иондану қабілетіне негізделіп жасалған.
Иондану потенциалы
Бейтарап атом құрамынан бір немесе бірнеше электрондарды жұлып алуға, сөйтіп оны оң зарядталған ионға яки катионға айналдыруға жеткілікті энергия мөлшері. Заттардың электронды қабаттарының құрылыс ерекшелікгерін ескере отырып, бір-бірімен байланыстағы атомдардың иондану потенциалын өзара салыстыру осы заттарға тән химиялық байланыстар табиғатын шамалауға мүмкіндік береді. Иондану потенциалы түсінігін ионданғыштық потенциалы және иондық потенциал түсініктерімен шатастыруға болмайды.
Иондану жұмысы
Иондану жұмысы — электронды атомнан немесе молекуладан оның олармен өзара әсерін есепке алмауға болатын кашыктыққа бөліп шығаруға жұмсалатын энергия.[1]
Иондық потенциал
Ион заряды мөлшерінің ион радиусы мөлшеріне қатынасымен өлшенетін ион төңірегіндегі өріс күші. Бұл көрсеткіш иондардың кристалдық тор немесе ерітінді өңірінде бір-бірімен қарым-қатынасын сипаттауға пайдаланылады.
Иондық тор
Кристаллография да: құрамбөліктері бір-бірімен иондық байланыстағы атомдардан тұратын кристалдық тор.
Иондық-тұздық кешен[өңдеу]
Таужыныстардың ішінде су ерітіндісі және қатты фаза түрінде болатын суда ерігіш тұздар мен адсорбталған иондардың қосындысы