Еківалентті кобальттың кейбір тұздары
Хлорлы кобальт CoCl2.6H2O қызғылт – қызыл түсті, оның қызғылты ерекшелігі бар кристаллизациялық суды жоғалтқан кезде түсі өзгереді. Мысалы, осы тұзбен өңделіп, ауада кептірілген қағаз, болжамдау гигрометр ретінде пайдаланыла алады, өйткені бұл қағаз ылғалды ауда қызара бастаиды, ал құрғақ ауада – көгереді. Егер сұйытылған кобальт хлоридінің ертіндісімен жазса, онда ондаи жазуды байқау мұмкін емес, бірақ қағазды қыздырған тұста әріптер көк болады – ол тұздың дегидратсиалну нәтижесі.
Кобальт нитраты Co(No3)2.6H2O ауда қызыл түске айналып, балқитын кристалл түрінде болып келеді.
Кобальттың купрос CoSo4.7H2O – қызғылт түсті кристаллдық тұз, ауада тұрақты жане суда жеңіл ериді. Сусыз күиде – ол қызыл кристалдар суда баяу ериді.
Көк түсті тиоц янаттың түзілуі Со(ІІ)Иондарына сапалық реакция болады: 2KNCS+CO(NCS)2=K2[Co(NCS)4]
Кобальт (ІІІ) оксиді Со2О3 – қара қоңыр түсті зат, суда ерімейді. Оны кобалбт нитратын қыздырған кезде алады. 4Co(OH)3+4H2SO4=2CoSo4+10H2O+O2 Co2 O3 катализатор ретінде және әйнекті көк түске бояу (кобальттық айнек) үшін пайдаланылады.
Кобальт (ІІІ) гидроксилді Со(ОH)3 – қоңыр–сұр зат, негіздік сипаты бар. Ауада Со(ОH)3 баяу тотыққан тұста ақырын, ал тотықтырғыштар (мысалы, NaOCl) қатынасында – тездеу түзіледі: 2Co(OH)2+NaOCl+H2O=NaCl+2C(OH)3 Co(OH)2 тотықтырғышты қышқылдармен тұз түзеді де оттекті бөледі: 4Co(OH)3+4H2SO4=4CoSo+10H2O+O2 Ал тотықсыздандырғышты қосылыстармен әрекеттескенде реакция басқаша өтеді: 2Co(OH)3+6РСl=2CoCl2+6H2O+Cl2 Кобальт, осы топшаның басқа элеметтері сияқты, кешенді қосылыстарды түзуге бейім. айталық, Кобальттың сусыз галогенидтері, тиоцянатты, сульфатты және басқа қосылыстары амиак молекуласын қосып амияктарды түзе алады. олар сумен жеңіл бұзылады: [CO(NH3)6]Cl2+2H2O = Co(OH)2+4NH3+2NH4Cl Кобальттың қолданылыуы
Кобальт – ол тез кесетін болаттың басты бес (темір, Кобальт, вольфрам, хром және ванадий) құрамдастың бірі.
Оны жоғарғы отқа төзімділігімен және химиалық енжарлығымен сипатталынатын қортпаларды (виталиум, стели және т .б.) дәиіндеу кезінде қолданылады .
Кобалттың қосылыстары көктүсті әйнекті, минералды бояуларды және кіреукелерді (эмаль) дәйындеуға жұмсалады.
Кобальттың биологиялық рөлі. Кобальт тірі ағза үшін тіршіліктік маңызды элемент. Ол қан жасау, гемоглобиннің түзілу процесіне қатынасады және В12 дәруменнің негізгі құрамдас бөлігі болып келеді.
Оның жетіспеушілігі жануарларда әр түрлі ауруларды туындатады. өсімдік массасындағы кобальттың керекті мөлшеріне жету үшін микротыңайтқыш ретінде жер қыртысына кобальт сульфаты мен хлоридты қосымша қорек ретінде береді.