Адамның ішкі дүниесінің бірегейі


Адамның рухани жан-дүниесі.
Құдіреті күшті Аллаһ Тағала бұл дүниені сынақ ретінде жаратқандықтан, ол – фәни, жалған дүние аталады. Атына сай жалған дүние жақсылық пен жамандық, арлы, намыстылық пен арсыз, намыссыздық, сұлулық пен көріксіздік, мейірімділік пен қатыгездік, адалдық пен харамдық тәрізді бір-біріне қарама-қайшылықтардан тұрады. Соның ортасында өмір сүретін адамдар осы қарама-қайшылықтар арқылы сыналып, кейбірі өз нәпсісінің жетегінде кетеді, кейбірі рухани кемелділікке ұмтылады. Әркімнің рухани байлығы мен рухани денсаулығы қандай, ол оның ісінен, мінез-қылығынан, еңбегінен, адамдармен қарым-қатынасынан, өмір сүру салтынан, ағайын, еңбек ұжымы, ел алдындағы абырой, сый-құрметінен айқын аңғарылады.
Тән мен жанның сәулесі. Адамдардың жұмбақ әлемін зерттеушілердің пайымдауынша, адам денесінің айналасы сәулеге толы, оны екі топқа бөлуге болады. Бірінші топ: жан сәулесі, екінші топ: тән сәулесі. Жан сәулесінде ата-бабаңның, өзіңнің жасаған күнәларың дертті дақтар түрінде жазулы тұрады. Тән сәулесінде ағзадағы әр мүшенің энергия қуаты мен дерті жазылып, атадан – балаға ауысқан тән дерті де көрініс табады. Экстрасенстер өздерінің алақандарындағы мол жылу қуатымен осы сәулелерді яғни, адам аурасындағы дертті дақтарды емдейді. Сонда дертті дақтар бітелетін болса, ол ағзадағы сырқаттың жазылуына жол ашады.
Жер бетінде нығмет жаратылған жан иесі – адам болса, оның өн бойындағы жақсы қасиеттердің негізі әубаста он нұрдан бастау алып, дамыйды. Олар мынандай нұрлар:
1. Нұр сыддық – адалдық, әділеттілік, шындық.
2. Нұр сабыр – төзімділік, табандылық, шыдамдылық.
3. Нұр шәкір – қадірлеу, құрметтеу, қастерлеу.
4. Нұр фәкір – тәкаппарлық, асқақтық.
5. Нұр зәкір – көркем келбет, сипат, Аллаһқа мадақ.
6. Нұр намаз – ғибадат ету, құлшылық жасау.
7. Нұр Ораза – өзін тыю, қанағат ету.
8. Нұр иман – ақиқатты түсіну және оған сену.
9. Нұр садақа – қайырымдылық жасау.
10. Нұр пәк жан – әрқашанда таза болу. Тәннің һәм жанның тазалығы.
Табиғаттағы заңдылықтың басы – ұлы үйлесімді зерттеушілердің айтуынша, адам бойындағы алғашқы бес нұр оған бесіктен даритын болса, оның жаны таза болады, рухани жағынан сомдалып, қалыптасып, жанның мәңгілігіне негіз қалайды. Осы он нұрдың адам бойында жинақталуы, соның нәтижесінде жан мен тән иесінің шығатын биігі – ұшпақ, ол – жанның мәңгілігі. Өйткені, ұшпаққа шыққан адамның мәңгілік орыны – қашанда жаннат (жұмақ) болмақ.
Адамдардың қарым-қатынас ережесі
«Бұл өмірде адамдар арасындағы қарым-қатынас белгілі бір ережеге бағынады да іс-әрекетіне байланысты пиғылы шартты сегіз топқа бөлінеді. Тіршіліктегі барша ғамалдары (іс-әрекеті) осы сегіз пиғылымен сипатталады» (Ғұзыхан Ақпанбек). Олар:
1. Парыз. Әрбір адам өз ісін, кәсібін жетік білуге тиіс. Бұл оның парызы. Әрине, ол үшін оқып үйрену, білгенін пайдалы іске жарата білуі қажет.
Ата-ананың парызы: ұрпағына ана тілін, ата-баба салтын, дәстүрін үйретіп, қастерлету, еңбекке, отансүйгіштікке, адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Бала парызы: ата-анасын сыйлау, бағу, олардың жақсы атына жаман істерімен кір келтірмеу, ренжітпеу, шаңырағын құлатпай, ұрпақ жалғастыру, дінін, тілін қастерлеу.
Ислам дініндегі бес парыз: иман, намаз, ораза, зекет, қажылық.
Парызын адал атқарған адамға Аллаһ Тағаланың мейірім-шапағаты мол, істері сауаптан. Парызын адал атқармайтындар – күнәһарлар.
2. Уәжіп. Адамдар бір-біріне жақсылық жасауға, іс-тәжірибесін, өнерін өзгелерге үйретуге, ақыл-кеңес беруге, көмектесуге, ізгі қарым-қатынаста болуға, отбасын асырауға, өнегелі өмір сүруге міндетті. Мұның бәрі уәжіп (міндет) амалдар. Ислам дінінде мұсылманның басты-басты 54 парызы бар болса, оны орындалуы – уәжіп. Азаматтық, інілік, ағалық, басшылық перзенттік, мұсылмандық, ата-аналық міндетін орындау – сауап, орындамау – күнә.
Ислам дініндегілер ғибадат жасаумен ерекшеленеді. Соған сәйкес, мұсылмандық ғибадат жөнінде айта кетсек: Жаратқан Иемізге сиынып, жалбарыну, шариғат талаптарын оқып-біліп, орындау, аруақтарға дұға, құран бағыштау, киелі жерлерге барып құлшылық ету-ғибадат амалдары. Сондай-ақ, Ұлық Пайғамбарымыз ғибадаттың ең абзалы адамдардың көңіл күйін көтеру, оларға қуаныш сыйлау екендігін де өсиет етіп айтып қалдырған. Мұны есімізде сақтап, бұлжытпай орындауымыз қажет.
3. Сүннет. Ибраһим Пайғамбар (ғ.с.) айтқан екен: «Арымас, ашықпас, талмас үш түрлі көлікке қол арттым. Олар: сабырлылық, шүкіршілік, ризашылық», — деп. Ислам дінінде басты сүннеттер: әр істі де бисмилләмен бастау, намаз, дұға, Құран оқудың алдында дәрет алу, адамдармен сәлемдесу және т.б. Адамгершілік мінез-құлық тұрғысында сүннет амалдар: қай кезде де сабырлы, ұстамды болу, ақылды сөзге тоқтау, зиянды әрекеттерден тиылу, үлкенге құрмет, кішіге ілтипат көрсету, барға қанағат, ризашылық ету, қызғаншақ болмау, т.с.с.
4. Мұстахаб. Әлсіздерге көмектесу, қайырымдылық жасау, кекшіл емес, көпшіл болу, өзіне жасалған қиянатқа кешірім жасай білу, дархан мінез таныту тәрізді ізгі істер мұстахаб болып саналады. Ислам дінінде нәпіл намаз оқу, нәпіл садақа беру, бос уақытында Құран оқу тәрізді істер мұстахабқа жатады.
5. Мұхаб. Өзіне де, өзгелерге де зияны жоқ, өзіне пайдасы тиюі мүмкін істер. Олар: дене шынықтыру, серуендеу, аң, балық аулау, түрлі коллекциялар жинау, сурет салу, табиғи, мәдени ескерткіштерді тамашалау. Ислам дінінде асты тойғанша жеу, ешкімге зияны жоқ бос сөздер айту, өлең, жыр оқу мұхаб саналатын істер қатарында.
6. Харам. Адамға, жан-жануарларға қаталдық, қастандық жасау, өлтіру, жаралау, қинау, қорлау, қанын төгу, ата-ананы сыйламау, жетімнің малын жеу, лауазымын, байлығын пайдаланып бір ізгі іске кедергі келтіру, жалған куәлік жасау, ғайбаттау, зінақорлық, ұрлық, қарақшылық, тонау, доңыз етін жеу тәрізді істер харам болып саналады. Білімнен қашу да – харамдық. Өзін харамнан тыю – сауапты іс. Харамды адал деу де – күнәһарлық. Харамдылықтың жазасы – тозақ.
7. Мәкруһ. Адам өзін мас қылатынын біле тұра спиртті ішімдіктер ішсе, есірткі тартса, ауырып қалуы мүмкін екенін сезе тұра бұзылған тағамдарды жесе ол – мәкруһ. Ислам дінінде мәкруһ істер: намазды себепсіз қойып кету, айт намазының тәкбирлерін біле тұра айтпау, құмар ойындарын ойнау, өсім алу, әдепсіз сөйлеу, біреуді балағаттау, қарғау, өтірік-өсек айту, кінәсіз жазғыру. Мәкруһ екі түрлі: 1. Мәкруһ тахрими. 2. Мәкруһ тәнзиһи. Адам мәкруһ тахримиден тиылмаса – күнәһар, Аллаһтың жазасына тартылады. Мәкруһ тәнзиһиден тиылған адам сауапқа бөленеді. Тиылмаса күнәһар емес. Халық даналығы: «Ауыздан шыққан түкірік, қайта жұтса – мәкруһ».
Мүфсуд. Ауызды қатты ашып тұрып есінеу, түрегеліп тұрып тамақ жеу, кісінің көңіліне келетін қатты әзіл-қалжың айту, әдепсіз іс, қимыл жасау тәрізді іс-әрекеттер. Ал Ислам дінінде мүфсуд – тағат – ғибадатты бұзатын істер, орынсыз әзіл-қалжың. Мүфсудтан тиылу – сауапты, тиылмау – күнәһарлық емес.
Адамның жұмбақ әлемі
Хадис – шәріпте баяндалғанындай, «Аллаһ Тағала Адам Атаны жер бетінің әр қиырынан әкелінген бір уыс топырақтан жаратқан». Адам баласы сол топырақтарға байланысты қызыл, ақ, қара, тағы да басқа, түрлердің араласуынан пайда болып, мейірімді, кейде қатал, жақсы немесе жаман (әртүрлі күш-қуат, ерекшелік, мінез-құлықта) мінездермен дүниеге келген. Осы хадисті түсіндіре отырып, хадис ғалымы ибн Қаюм әл-Жәузия адам нәпсісінің қандай екенін былайша баяндайды:
«Сүбханаллаһ! Нәпсіде Ібілістің тәкәппарлығы, Қабылдың көре алмаушылығы, һуд қауымының азғындығы, Сәмуд қауымының қарсылығы, Нәмруттың батылдығы, Перғауынның сандырақтауы, һаманның желігушілігі мен арамдығы, Харунның зұлымдығы мен бүлікшілдігі, Бәлғамның әуесқойлығы, Асхабү Сәбиттің айлакерлігі, Уәлид бин Мұтраның қасарысуы және Әбу Жәһилдің қараңғылығы бар. Бірақ риязат (аз ішіп – жеу, аз ұйықтау, көп құлшылық жасау) пен мүжәһәдә (нәпсімен күресу) осы жаман қасиеттерді тәрбиелеп, адамды мұндай жаман қылықтан құтқарады».
Адамның бойындағы жан-жануарларға тән қасиеттер: 1. Қарғаның ашкөздігі. 2. Иттің шектен тыс тәбеті мен озбырлығы. 3. Тауыстың өзін өзі ұнатуы. 4. Заузаның (қоңыздың) нәжіспен жақындығы. 5. Кесірткенің қиқарлығы. 6. Түйенің ызасы. 7. Жолбарыстың қарғуы. 8. Арыстанның айбаты. 9. Тышқанның пасықтығы. 10. Жыланның улауы (улылығы). 11. Маймылдың қажетсіз де ожар қылықтары. 12. Құмырсқаның еңбекқорлығы. 13. Түлкінің айлакерлігі. 14. Сауысқанның сақтығы. 15. Қыранның алғырлығы. 16. Күзеннің сасықтығы. 17. Қоянның қорқақтығы. 18. Аққудың адалдығы. 19. Шошқаның семіздігі. 20. Есектің ақымақтығы. 21. Қорқаудың жыртқыштығы. 22. Жылқының жүйріктігі мен жайсаңдығы.
Мінез-қылықтың 40 кеселі
Адам ағзасындағы көптеген аурулар, рухани күйзеліс пен жұтандық мінез-қылығына да, тәні мен жанының адалдығына да тығыз байланысты. Біз бүгін соның жұлдызды бір шоғырына тоқталсақ:
1. Әйелі еріне адал, өзі таза болса, күйеуі жақсы өмір сүреді, ешқандай еңбексіз, жаттығусыз-ақ оның жанына айрықша күш-қуат құйылады. Ол еркекті ешнәрсе де зақымдай алмайды, жеңбейді.
2. Күйеуі әйеліне адал, өзі таза болса, әйеліне байсалдылық, уаымсыздық, нәзіктік күш бітеді. Ері адал, таза болмаса, әйелі аурушаң, әлсіз болады.
3. Рухани кемелділік жолындағылар үш сағаттан алты сағатқа дейін ұйықтаса да тынығып қалады.
4. Зорығып баю жолында жүргендер жеті-сегіз сағат ұйықтаса да тыныға алмайды.
5. Сегіз сағаттан артық ұйықтайтындар – ісі кері кетіп, өзін-өзі ұйқымен улайтындар. Көп ұйықтайтындардың зейіні әлсірейді, ұмытшақ болады, нашақорлыққа бейім тұрады, өзін-өзі өлтіру жолына түсуі де мүмкін.
6. Жаман кездесу, ұрыстардың кесірінен суға түсіп, ой кірі мен тән кірінен тазарып құтылуға болады.
7. Күнәңнан біржолата арылып, нені ойласаң, өмірде сол тілегің қабыл болып, мақсатыңа жетесің.
8. Тұрақтылық (махабатта, еңбекте, мінезде, уәдеде) – мұратыңа жеткізетін жол.
9. Өзі үшін ғана өмір сүру – адамды даналығынан, ақылынан айырады.
10. Эгойстер ақыл күшінен айрылып, иммунитеттері әлсіреп, созылмалы ауруларға ұшырайды.
11. Оразаны парыз ретінде емес, беделін арттыру үшін ұстаса, намазға да сондай ниетпен жығылса, ол адамның жүйке жүйесі тозады.
12. Тамақаты, ұйқыны, төсек ләззатын ғана ойлау – адамды топастандырады, денесінде ісік аурулары пайда болады.
13. Бөлмесінде ит ұстап, ит асыраған адам – ағайынмен, көрші-көлеммен итше ырылдасып, итше қызғаныш сезімінде өмір сүреді. Халық даналығы: «Кіммен аралассаң, сол боласың».
14. Біреуге жамандық тілеген адамды Жаратқан Иеміз жарылқамайды.
15. Адамның жақсы мақсаты болмаса, сана бітпейді, бойына парасаттылық дарымайды.
16. Жайдары жүрмесең – ішкі құрылысыңның жұмысы енжарланып, тұнжырап ауырады.
17. Мейірімді, қайырымды болмасаң, бұлшық еттерің босаңсиды, әсіресе, іш құрылысының, жүректің бұлшық еттері босайды.
18. Өкпелегіштік, кешіре білмеушілік асқазан асты безін құртады.
19. Өмір сүретін ортасында адамдар ашуын басып, тыныштық орнамаса, көк бауыр, талақ ауырады.
20. Ашық, жайдары болмасаң – бүйрек ауруына шалдығасың, ішек-қарының, тоқ ішегің жаман жұмыс істейді.
21. Сараңдық – іште жиналатын улар, залалды қосылымдар. Жомарттық жасамасаң, сыртқа шықпай, өзіңді улайды.
22. Болашаққа сенімсіздік өкпені ауыртады, үміттің үзілуі – туберкулезге бастайды.
23. Момын, көнгіш, қарапайым болмасаң, қалқанша бездерің, шеміршектерің қозады, ауруға шалдығады.
24. Көз тоймайтын пайдакүнем, қанағатсыздық – лимфа түссіз сұйық зат жүйесінің қысымын жоғарылатады, адамды жағдайсыздыққа душар етеді.
25. Жақсылық ойлайтын адамға жұқпалы ауру дарымайды. Оларға барлық ауруды туғызатын паразит құрттар, вирустар жоламайды.
26. Дәмді сезіне білу – лимфа сұйығы сау, қанағатшыл адамдарға тән.
27. Маңайына, жұбайына сүйіспеншіліксіз қарайтындардың көзі ауырады.
28. Құдайға, ешкімге сенбеушілік буын ауруларына соқтырады.
29. Жүргіштердің иісі сасық болады, олар жыныс ауруларына ұшырайды.
30. Өз-өзіне сенбейтіндердің сүйегі ауырады, тістері түседі.
31. Қатыгез адамдарда тас пайда болады (бүйрегінде, өт жолында).
32. Біреулердің арқасында күнкөрушілердің ішінде дәл өзіндей құрттар пайда болып, сорады.
33. Біреудің еңбегін пайдаланып кеткісі келетіндерді қара жер тартып тұрады.
34. Терілердің құрғақтығы – сезімталдықты дұрыс пайдаланбаудан, табиғаттың еркек пен әйел заңдылығына қарсы шығушылықтан.
35. Бастың көп ауыруы – мақсатсыздықтан, өсекшілдіктен, кінәлағыштықтан.
36. Шаштың түсуі қиыншылықтан қорқудан.
37. Шаштың ағаруы бас көтертпес қиындықтардан.
38. Семіру – сараңдықтан.
39. Көзді шел басу – көргің келмесе көрмегенің дұрыс деген белгі.
40. Сары уайымға салыну – қанды азайтады, ағзадағы темір құрамын кемітеді.
Біздің данагөй халқымыз: «Әркім өз бақытының ұстасы», — дейді. Тәніміз бен жанымыз сау болсын десек, ең бірінші, материалдық игілікке емес, рухани кемелділікке ұмтылайық, мінез-қылығымызды түзейік, жамандықпен қас, жақсылықпен дос болайық бауырлар!

Қарым-қатынас — адамдар арасындағы өзара түсіністікке жетудің құралы ретінде. Дәрістің қысқаша мазмұны.
Әр адамды қызықты әңгімелесуші ететін қарым- қатынас. Практикада адамдар қарым- қатынас әрдайым ұтымды қалыптастыру және үлкен нәтижеге қол жеткізу үшін өзін төмендегідей етіп ұстау керек:
— ол алыстан, сырттай ашық, жарқын, тартымды болуы
— ол жақыннан түсінікті, жылы лебізді, көңілді болуы
— оның ішкі дүниесі мәселені терең түсінетін, адал, шыншыл, байсалды болуы
— оның ішкі дүниесі мен сыртқысын бөліп- жара қарамау керек.
Қарым- қатынастың негізгі бағдарлары:
Әңгімелесушіңізді сөйлетуге тырысыңыз. Ол түсінетін, қызықты тақырыпта әңгіме айтыңыз. Оған өз пікірін, тұжырымын білдіруге итермелейтін сұрақтар қойыңыз.
Қызықты түрде информацияны жеткізуге тырысыңыз. Қызықты оқиғалар жинастырып, есте сақтап оларды айта білуге үйреніңіз: жалпы өмір туралы, қоршаған ортаңыз туралы. Ауыз әдебиет, шығармашылық- бұл өнер, әрқашан бізбен бірге болады.
Әрбір адам «жылылықты» қажет етеді. Сіздің әңгімелесушіңіз өзін ақылды, қызықты, яғни, мықты болып сезіну керек. Әрбір адамды есімімен атаңыз. Бұл оған өзін жақсы сезінуге мүмкіндік береді. Онымен ең қызықты тақырыпта әңгімелесіңіз, оның өзі туралы, проблемалары, жетістіктері, табыстары туралы. Оған сізден гөрі өзі туралы қызығырақ. Ол жақсы білетін тақырыптарды қозғай отырып, оған жақсы жағынан көрінуге мүмкіндік беріңіз. Оның пікірін сұраңыз және кеңес алыңыз. Жоғарыға көтеретіннің негізі ол «төменнен жалғай салу» ситуациясы.
Зор қызығушылықпен және ынтамен тыңдай біліңіз. Сыйластық пен қызығушылықпен тыңдаңыз және сұраңыз. Тәуір әңгімелесуші- жақсы сөйлейтін кісі емес, керісінше жақсы тыңдай алатын адам.
Тыныш, байсалды атмосфера сақтауға тырысыңыз. Үндемей қалуға еркіңіз бар. Өз пікіріңізді айтуға да еркіңіз бар. Сырттан қарағанда бет әлпетіңізден байсалдылық, жайсаңдық, жылылық байқасын.
Ешкімді дөрекі сөздермен балағаттауға тырыспаңыз.
Өзіңізді ашық- жарқын адам ретінде көрсетіңіз. Сіз тұйық болсаңыз, әңгімелесушіңіз де тұйық болып шыға келеді. Өзіңіз естіген жайлар, оқиғаларға, пікіріңізді, қатынасыңызды жалтармай жеткізіңіз, шыншвл болыңыз. Ашық мінезді кісінің сыртқы көрінісі: қол мен аяқтың ашық түрде болуы, яғни тұлғасы тырысып, бүрісіп қалмау, ара қашықтықты жақындату сөйлескендегі көзқарасыңыздың әңгімелесушіге бағытталуы, бет әлпеттің айтар ойға сәйкестігі.
Әңгімелесушіңіздің ашық- жарқын, емін- еркін сөйлесуін қолдап отырыңыз.
Көпшілік алдында сөйлеушіде байқалатын ең негізгі сезім түсініктері мынадай:
1. Әңгімені қалай бастауды білмеушілік.
2. Толық ұғынықты, әрі түсінікті айтып бере алмаймын- ау деген қобалжу.
3. Қарым- қатынас мақсатындағы еленбейтін өзгерістер.
4. Бұрын пайдаланылған қарым- қатынас амалдарын өзгерту қажеттігі жайлы түйсік.
5. Қарым- қатынас жүйесінде бір нәрсені өзгерту қажет деген түсінік, бірақ не екені- онша айқын емес.
6. Жұрт алдында сөйлеуге дағдыланбағандық.
7. Бұрын табиғи болып келген дене қимылының, қозғалыстың, жалпы мінез- құлқының ерсілеу сияқты болып сезілуі.
8. Қарым- қатынастың өзгерген формадағы, мәнерлі атқару компоненттерін қажет етуі.
9. Өзіңді дұрыс түсінуі үшін, жоспарланған информацияны неғұрлым сол қалпында жеткізуге талпынушылық.
10. Тыңдаушыны қызықтыруға тырысу.
П.Информацияны сұрыптауға, мазмұндауға және беру формасы жайында өзіне едәуір талап қоюдың пайда болуы.
Психолог А.А.Леонтьевтің мұғалімнің «нашар» оқушымен қарым- қатынасы жайлы берген түсінігі үлгі- өнеге боларлық. Бір қызығы, мұндай мінез- құлықты педагогтар әрдайым мойындай бермейді.
1. Ол «жақсы» оқушыларға қарағанда, «нашар» оқушыға жауап беруіне аз уақыт береді, яғни оның ойлануына мүмкіндік бермейді.
2. Егер жауап дұрыс болмаса, ол сұрақты қайталап жатпайды, көмектеспейді де, сол мезетте басқасынан сұрайды немесе дұырс жауабын өзі айтады.
3. Ол «ымырашылдыққа» салынады, теріс берілген жауапты оң бағалайды.
4. Сонымен қоса ол «нашар» оқушының қате жауабы үшін жиі ұрсып- сөгеді.
5. Тиісінше дұрыс жауабы үшін сирек мақтайды.
6. «Нашар» оқушының жауабына құлақ аспауға тырысып, оның көтерген қолын байқамаған болып, басқасын шақырады.
7. Сирек күледі, «жақсы» оқушыдан гөрі «нашар» оқушыға сирек қарайды.
8. Сирек шақырады, кейде сабақта онымен мүлде жұмыс істемейді. Қарым- қатынас жасаудың алуан түрлі барлық функцияларын информация беруге, қарым- қатынас пен өзара түсінісу процесінде басқа адамның жеке басын тани білуге арналған міндеттерге жатқызуға болады.
Қарым- қатынасты оқытудың оқу функциясын жүзеге асыру былайша қамтамасыз етіледі:
— мұғалімнің оқушылармен нағыз психологиялық байланысы;
— мұғалімнің оқушылармен оқыту процесін оқу әрекетіне айналдыру;
— оқытудың қолайлы жағдайларын қалыптастыру;
— ұжымдық танымдық ізденіс пен бірлесіп ойластырудың психологиялық жағдайының пайда болуы;
— оқу процесінде жеке адамның өз бетінше жүзеге асыруы және өзінің творчествалық ойын айқындауы тиіс.
Қарым- қатынасты оқытудың тәрбиелік функциясын оқу былайша қамтамасыз етіледі:
— оқу процесінде педагог пен балалардың психологиялық байланысы негізінде тәрбие қарым- қатынасы жүйесін орнату;
— оқу әрекетін ойдағыдай қамтамасыз ететін педагогикалық қарым- қатынас жүйесін қалыптастыру;
— жеке адамның тұтастай танымдық бағыттаушылығын қалыптастыру;
— оқу әрекеті процесінде (танымдық, жас ерекшелік, эмоциялық, дидактикалық, т.б.) психологиялық кедергілерді жеңу;
— оқушыларға тұтастай комплексті тәрбие ықпалын жүзеге асырудың мүмкіндігі;
— оқушылар ұжымындағы өзара қарым- қатынасты ойдағыдай қалыптастыру.
Қарым- қатынасты оқытудың дамушы фукнциясы былайша жүзеге асырылады:
— оқу әрекетінде жеке адамның жан- жақты тұтастай дамуының әлеуметтік- психологиялық негізін орнату;
— жеке адамның дамуының қозғаушы күші ретінде көрінетін қарама- қайшылықтың диалектикалық жүйесін орнату;
— жеке адамның өз ойын жасырмай айтуына және өзінше дамуына (өз бетінше білім алуына және өзін- өзі тәрбиеленуіне) ықпал ететін, әрі мүмкіндік беретін психологиялық жағдай орнату;
— қарым- қатынас процесінде жеке адамның дамуына бөгет жасайтын әлеуметтік- психологиялық факторларды (бұйығылық, ұялшақтық, сенімсіздік т.б) меңгеру.
Сабақты жоспарлау барысында сізде нақты сынып, оқушылар, олармен өзара қатынас туралы ойлар туындайды. Осының өзі педагогикалық қарым- қатынасты моделдеу деп аталады, әрі ол алдағы сабақтың мазмұнымен және методикалық компоненттермен тығыз байланысты болады.
Қарым- қатынасты меңгеру. Мұнда педагог шартты түрде педагогикалық байланысы бар толып жатқан коммуникативтік міндеттерді шешеді, мәселен қарым- қатынас арқылы зейінділікті меңгереді. Кейбіреулер алаңдайды. Оларды оқу процесінде қалай «оралту» қажет. Ескерту керек пе? Мұқият көз салу, бет әлпетімен жаратпаған сыңай білдіру, сыныпта ерсілі- қарсылы жүру, тақтаға бормен тықылдату, мәнерлі тыныштық орнату.
Педагогикалық қарым- қатынас процесінде мұндай міндеттер көптеп туындайды. Оқушыларды материалға қалайша қызықтыруға, әсерлендіруге, сыныпта бірлескен ізденісті және ұжым болып ойластыруды қалайша туғызуға болады?
Қарым- қатынастың үш жағы бар- интерактивті, коммуникативті, перцептивті.
Г.М.Андреева бойынша қарым- қатынас құрылымы:
1. Коммуникативті (адам арқылы қарым- қатынас)
2. Интерактивті (білім, оймен ғана ауысу емес қимыл)
3. Перцептивті (өзара тіл табысу үшін, қарым- қатынасқа қатысып отырған партнерлердің бірін- бірі қабылдауы)
Қарым- қатынас жасаудың негізгі психологиялық сипаттарына жатқызамыз:
а) дара адамдар арасындағы қатынас және оның әлеуметтік бағыт- бағдары;
ә) оның психологиялық дамуы мен негізгі тірегі;
б) қарым- қатынас жасауының белгі таңбалары және оның қимыл қозғалысы, бет құбылысының, ым- ишаралары мен көзқарасынан айқын бақылау;
в) әлеуметтік өміріндегі тіршілік бейнесінен көрінетіндігі.
Ал қарым- қатынас жасау әркетінің психологиялық құрылымына келсек, олар: қарым- қатынас орнатуға ықылас- ынталы болу; қарым- қатынас жасауға ұмтылып әрекеттер жасауға бағдарлану; діттеген ойын жеткізуді жүйелі жоспарлау; мақсат- мүддесін айтып жеткізуді жүзеге асыру; белгіленген ісімен бағдарларының іс жүзінде орындалуын түрліше деңгейде бақылау.
Қарым- қатынас жасаудың әлеуметтік және әлеуметтік психологиялық қызметі төмендегі мақсат- міндеттерді жүзеге асыруды көздейді: адамдардың ұжымдық іс- әрекеттері мен олардың нәтижелі болуын ұйымдастыру, өзара қатынас орнатып байланысқа түсу, тіршілік ортасымен әлеуметтік жағдайға икемделу, адамдардың тобына, олардың іс- әрекеттеріне орай ыңғайлануы, өздерін топтағы адамдармен салыстыра отырып, жеке басының ерекшеліктерін аңғарып білу, топтар арасындағы қарым- қатынасты, байланыстарды нығайту сияқты әртүрлі жағдайларға төзімділік көрсетуге бейімделуге тиіс.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *