Қарым- қатынас адамдар арасындағы өзара түсіністікке жетудің құралы ретінде


1. Жастарға рухани тәрбие, білім беру адам дамуының тәндік, жандық, рухани үйлесімділігін, өмірді құндылық деп түсінуін өзін
Жаратқанмен, табиғатпен үйлесімділікте ұстай білуін, жердегі тіршілікті сақтау үшін өзінің қажеттігін түсінуді қамтамасыз етеді. Рухани тәрбие адамның ізгілік, имандылық ұстанымдарын тәрбиелейді, адамның ақыл-ойы мен іс-әрекеттерін жүрек арқылы ізгілік мұраттарға бағыттап, өмірдің күрделілігін түсінуге рухани көзқарас қалыптастырады. Әр адам өзін-өзі рухани жетілдіру үшін өзін-өзі тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға, өздігінен оқуға ұмтылуы тиіс.
Студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың нәтижелігі, олардың бойына биік адамгершілік мінез-құлық нормаларын сіңдіруге және моральдық сананың қалыптасуын жақсартуға ықпал етуші-нақты орта, объективті жағдай мен субъективтік факторларды /оқу-тәрбие процесі, қарым-қатынас, көзқарас, т.б./ үнемі есепке алып отыруға тікелей байланысты. Сондықтан да университет жоспарына еніп отырған бүгінгі “Өзін-өзі тану” тәжірибелік курсы және философия, мәдениеттану, саясаттану педагогика, психология пәндеріне қосымша арнайы курс, арнайы семинар, арнайы ғылыми конференция бөлімдер жанынан ашылған үйірмелер негізгі рухани-адамгершілі құндылық-тарын қалыптастыруды жүзеге асырудың негізі болып табылады.
Осыған байланысты, ел басымыздың: “Адамгершілік ұстанымдар ортаның өмір салтына сәйкес қалыптасуға тиіс. Біз қалыпты, дұрыс тәрбие алдық. Бізде көшеден бір таба нан немесе тұз сұрап алу, өзара көмектесу дәстүрі сақталған. Осынау адамгершілік қасиеттерді жоғалтуға болмайды. Ал, жаңа адамдық ұстанымдар жастар тәрбиесінен басталуы керек. Ол үшін Отанды, Қазақстандық құндылықтарды тәрбиелеу қажет. Осы орайда идеологиядан гөрі насихат туралы баса айтқан жөн. Адамдарды ұлтына, дініне, тіліне қарап бөлуге болмайды. Халықтардың достығы, теңдігі, өзара келісім мен сенім-біздің идеологиямыз осылар болуға тиіс”- дей келіп Елбасы мемлекеттік идеологияның, тәлім-тәрбиенің өзегі, негізгі діңгегі ретінде бес мәселені айрықша атап көрсетті. Олар: достық, ұлттық, идея мен мәдениет, діни төзімділік, халықты заңға бағынуға тәрбиелеу және Экономика. Осы міндеттер жүзеге асар болса, ол мемлекетіміздің өркендеуінің кепілі болмақ”.
Рухани-адамгершілік құндылық тәрбиесіндегі басты нысана тұлғаны құрметтеу. Оның рух иесі, бойында Жаратқанның ұлы қуаты бар-Кіші ғарыштық әлем, ғарыштың тіршілік иесі екенін және дүние мен, әлеммен біртұтастығын саналы түрде түсініп, оған бой ұсынуы, оны мұғалім солай қабылдауы шарт.
Адамгершілік сапалары:
— адалдық;
— махаббат;
— сүйіспеншілік;
— парасаттылық;
— ізгілік;
— моральдық сана сезім.
Адамгершілік тәрбие беруде жеке тұлғаның әлдебір әрекетке баруына түрткі болатын сенімді туғызатын сана мен мінез-құлық қалыптасады. Олар өз кезегінде түрлі іс-әрекеттер арқылы көрніс тауып, тұлғаның өз қызметінде тікелей басшылыққа алынып отырады. Мұндай іс-әрекеттер мен себептер әрбір тұлғаның адамгершілік қасиеттерінің сапасын ашып көрсетіп отырады.
Адамгершілік моральдық қадір — қасиеттеріне:
Қоғамға:
— идеялық;
— ұжымдық;
— отаншылдық;
еңбекке, оның нәтижелеріне:
— еңбекқорлық;
— тәртіптілік;
— ұқыптылық;
өзіне және өзге де адамдарға:
— қайырымдылық
— мейірімділік;
— принциптік;
— табандылық;
Әрине, адамзат тарихында пайда болған адамгершілікке байланысты көптеген категориялар — жомарттық, батылдық, шыншылдық, сыпайыгершілік, әділдік пен достық, ар мен намыс, т.б. сонау көне дәуірден басталып, күні бүгінгі күнге дейін маңызын жоғалтқан жоқ. Сондай-ақ адамзаттың, әрбір адамның ішкі рухани — адамгершілік дүниесінің негізгі нысандары — үміт, сенім және махаббат үнемі даму үстінде.
2. Сезім күйлері (жайлы немесе жайсыз) адам өмірінің қалпына әсер етеді. Ішкі сезім, көңіл күйдің бұзылуы адамның адамдық негізгі қасиеттерінің көрінісіне өз әсерін тигізеді. Бұндай уақытта адам өз сезімін қолына ұстап басқара алатындай жағдайда болу қажет. Сонда ғана студент үшін жайсыздық туындап тұрса да ол басқа адамдармен қарым-қатынас уақытында өз сезімін қолға алып басқара алу негізінде өз күйін өзге адамға көрсетпей біркелкі дұрыс қарым- қатынас жасай алады. Осы арада педагог Н.В Данилов: «Егер сезім адамды басқаратын болса, онда бұндай жағдайда күйзеліс пайда болады» — деп суреттейді. Сол себептен біздер зерттеу барысында ішкі сезім күйін студенттің өзі басқара алатындай жағдай туғызу жолдарын “Өзін-өзі тану” сабағындағы жетістікке жету, сәтсіздіктен қорқу әдістерін реттеп отыруға қолдандық. Сезімді реттеу, бойындағы күйзелістік жағдайды тарқату, бұл үнемі өзін қандай күйде де (қатты ашулану, өкпелеу, шексіз қуану) үлкен шыдамдылықпен, өзін-өзі жеңе білумен ішкі және сыртқы әрекеттерге қарсы тұра алу төзімділігін қалыптастыруға өз әсерін тигізеді. Сезім толқыныстары адамның бойындағы ішкі және сыртқы өзгерістердің пайда болуына әкеліп соғады. Сыртында: адамның келбеті, тұрысы, ымдауы, ишараты, дем алуы, дауысының өзгерісі, көзінің қозғалысы, терінің түсі, күлуі, жылауы т.б. өзгерістерге әкеліп соғады. Ал ішкі өзгерістерге: — организмде ішкі секреция бездерінің бөлінуі, адреналиннің қанға көптеп шығуы, жүрек жүйесінің кеңеюі, қан ұюының күшеюі, ас қорыту жүйесінің жұмысының тежелуіне т.б. әкеліп соғады. Осы жағдайларды студент біліп қана қоймай, осы кезеңде сезім күйін қалай реттеу жолының әдістерін игере білуі оның рухани мәдениетінің дамуына, интелектілік жоғарлауына, адамгершілік сапаларының артуына тікелей ықпал жасайды. Бұл үшін әрбір студент өзін-өзі тану әдістері арқылы өзіндік сезім, көңіл күй, белсенділік диагностикасын өткізу арқылы бойындағы адамгершілік қасиеттерін дамытуға бірден-бір әсер ететін өзіндік сезімін қалыпқа келтіріп, басқару жолдарын есепке алуды үйрету қажет. Өзін-өзі тәрбиелеу процесі үлкен ауқымды қамтиды. Тұлғаның интелектік дамуы, адамгершілік сапасын арттыру, білімділік, еңбексүйгіштік, еңбекке икемділік т.б. қамтиды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *