1. Данышпан Әбу — насыр әл-Фарабидің пікірі бойынша, бір халық екінші халықтан табиғи үш қасиетімен ерекшеленеді: болмысы, мінезі және тілі. Әл-Фараби өзінің әлеуметтік, этикалық көзқарастарының кіндігіне адамды алады. Тек қана өзіндік еркін әрекеттене алатын белсенді пенде қоғамдық пайдалы қызметін жеке бақытын жасай алады. Музыканы, тіл білімін және логиканы педагогикалық ғылымға біріктіре отырып, осы арқылы Әл-Фараби дара тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуындағы тәрбие мәселесіне айтарлықтай мән берген.
Тұлғаны тәрбиелеу, оған кешенді білім беру, машықтануға дағдыландыру және мүмкіндікті дамытудың тарихы әріде жатыр. Алғашқы адамды тәрбиелеу процесі тіпті алғашқы қауымдық құрлыста қалыптасты десек те қателеспейміз. Себебі, алғашқы құрылған жанұя ондағы бала тәрбиесі бертін келе ашылған мектептер, бұлардың барлығының объектісі ол дара тұлғаны қалыптастыру тәрбиесі. Тәрбие қоғамдық құбылыс ретінде өздігінен пайда болып, жасалмай, тұлғаны қалыптастырып оны өмірге дайындаудың және оған қажетті қоғамдық сана мен қасиеттері дамытудың құралы болып табылады. Осыдан келіп тәрбие заңдылықтары, оның сипаты мен әдістемелік негіздері тәрбиелік қызметтің өзінде ғана көрінбей, әлеуметтік тұлға сипатына ие, адамның даму және қалыптасу заңдылықтарына негізделеді.
Қазіргі қоғамда тұлғаның дамып қалыптасуында рухани — өнегелі тәрбиенің жетіспеушілігі айқындалуда. Өзін-өзі тану дегеніміз-ол өзін тану, өзінің ішкі дүниесін тану, сол арқылы өзін-өзі тәрбиелеу, өзінің көзқарасын қалыптастыру, өзін-өзі сезіну және өзін-өзі бағалау. Өзін-өзі тану негізінен педагогтар дайындайтын мамандықтарға қажетті ілім болып табылады. Себебі, оқытушы және оқушы арасындағы байланыс кезеңінде мұғалім баланың ішкі дүниесін көріп және оның ішкі қуатын сезініп, сол арқылы табиғи түрде оны дамыта білуі қажет. Жан дүниесінің жалпы ағынымен таныс болу, әр адамның өз жан құбылыстарымен танысып, зерттеуге пайдасы бар. Өйткені, жан жүйесінің мақсаты: жалпы адамның жан құбылыстарын, олардың қатынасын, себебін тексеру. Бірақ, жалпы адамдарда тиісті жанның қасиеттерінен басқа, әр адамға қас, өзгеше сипаттар да бар. Адам өзін және өзгелерді ұғыну үшін ғылымнан жол басшылық керек. Ондай жол басшы болуға жарайтын ғылым “Өзіндік таным” пәні адамның жан жүйесінің ішкі дүниесіне жол ашатын, ішкі толқыныстар мен сезімдерді жеке адамдар өзгешелігін зерттейтін ғылым. Рас, бұл курс әлі жас, жеке адамда болатын алуан-алуан мінез қасиеттерін түгел тексеріп, ішкі күш, қуат пен жан заңдарын түгел ашты деуге болмайды. Бұл бөлімнің болашағы алдында. Бірақ жас та болса әр адамның өзгеше сипаттары мен сан қилы қырларын тексеріп, жеке адамды дамытуға бұл бөлімнен көмек табылады. Өзімізді бақылау, сынау үшін қақ жарылуымыз керек. Өзімізді ірі сыншының, ірі сыналатын заттың орнына қоя білуге үйрететін бұл ғылымның саласына өзіңді өзің тани отырып сол арқылы өз бойыңдағы шығармашылық белсенділікті арттыруға икемдейтін модельдер қалыптастыру артық етпейді. Ал, өзіндік танымның шығармашылық белсенділігін ХХ ғасырдың ұлы ойшылдары Сай Баба және Ошо былай сипаттап көрсетеді «шығармашылық белсенділік бұл өзіндік танымның жетем деп көздеген жұлдызды мақсаты», яғни өзіндік таным арқылы шығармашылық белсенділікті қалыптастыру керек. Себебі, шығармашылықта дамыту үшін адамда топтың бөлшегі емес, оны жеке тұлға ретінде бөліп алып қалыптастыру қажет. Өзінің көзқарасы жоқ топтың немесе қоғамның меңзеуімен жүретін, солардың идеасын қайталаумен жүретін адамның бойында шығармашылық белсенділігі болмайды. Шығармашылық дегеніміз-жеке “меннің” бостандығы, еркіндігі. Өзіндік таным шығармашылығы дамыған адам, кез -келген құбылысты ерекше көреді. Олар өзгелерге естілмейтін дыбысты жанымен сезініп, ішкі дүниесі жүрегі арқылы қабылдап, өзгеден ерекше естиді. Көрініс, құбылыс, дыбыс, ой іс -әрекет қарама- қайшылықтарынан үндестік, гормония, тұтастық өзара байланысын тауып, оны өз алдына бөлек ешнәрсеге ұқсамайтын қайталауы жоқ, шығарма ретінде дамытады.
3. Отбасы тәрбиесінің мазмұны демократиялық қоғамның басты мақсатымен анықталады, яғни, жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу. Отбасы денелік және психикалық жағынан сау, адамгершілік, интеллектуалдық, дамыған, болашақ еңбектік, қоғамдық және отбасылық өмірге даяр тұлғаны қалыптастыруға міндетті. Отбасы тәрбиесінің мазмұнының құрамдас компоненттері: денелік (салауатты өмір салты, күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру, спортпен айналысу, организмді шынықтыру), адамгершілік (мәңгі адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу — сүйіспеншілік, адалдық, борыш, әділеттілік т.б.), интеллектуалдық (оқушылардың біліммен сусындауына, оқуға деген сұраныс-ты тәрбиелеуге ата-аналардың қатысуы), эстетикалық (балалардың талантын және дарындылығын, өмірдегі әсемдік туралы білімдерін дамыту), еңбек /болашақ еңбекқор адамның негізін қалыптастырады/ тәрбиесі. Олар экономикалық, экологиялық, саяси, жыныстық білім берумен толықтырылады.
Отбасында балаларды тәрбиелеудің әдістері — бұл ата-аналардың балалардың санасына және мінез-құлығына мақсатты бағытталған педагогикалық әсердің тәсілдері. Олардың өздерінің ерекшеліктері бар: нақты қылықтарға негізделген және тұлғаға үйлестірілген, сәйкестендірілген балаға жекелік әсер; әдістерді таңдау ата- аналардың педагогикалық мәдениетіне байланысты (тәрбиелеу мақсатын түсінуі, ата-аналар рөліне, отбасындағы қатынастар стиліне т. б.).
Отбасы тәрбиесінің әдістері: сендіру (түсіндіру, ақыл-кеңес, иландыру); жеке өнеге; мадақтау (мақтау, сыйлық, балалар үшін қызықты перспектива); жазалау (достықтан бас тарту, рақаттылыққа рұқсат бермеу, денелік жазалау). Кейбір отбасыларында педагогтың кеңесі бойынша тәрбиелеушілік ситуациялар қолданылады.
Отбасында тәрбиелік міндеттерді шешуде әртүрлі құралдар баршылық: сөз, ата-ана беделі, оқу, табиғат, үй тұрмысы, ұлттық салт-дәстүр, қоғамдық пікір, отбасының рухани және моральдық ахуалы, күн тәртібі, әдебиет, спорт, мейрамдар, символ, атрибуттар, т.б.
Қазіргі қоғамда барған сайын отбасы дағдарысы көріне түсуде және одан шығудың жолы әлі де бұлыңғыр. Дағдарыстың бір көрінісі
— отбасы өзінің басты функциясы, яғни бала тәрбиелеуді нашар жүзеге асыруда.
Дағдарыстың себептері: елдегі экономикалық жағдайдың нашарлауы, қоғамдық өмірде мәдениетінің төмендігі, отбасында әйелге көп жүктеменің түсуі, ажырасудың жоғары пайызы, ұрпақ арасындағы тартыстың асқынуы, отбасы мен мектептің байланысының нашарлауы т.б.
Отбасының тәрбиелік әсерін арттырудың жолдары: отбасындағы қатынасты гуманизациялау, мектеп, діни ұйымдардың және отбасының бірлескен қызметі, гуманитарлық фондылармен, қоғамдармен жұмысын үйлестіру т.б.
Тәрбие көзделген әрекет-қылық (поведение) типін қалыптастыруы міндетті. Тұлға тәрбиелілігі түсінік, ұғымнан көрінбейді, ол адамның нақты іс-әрекетімен бағаланады. Бұл тұрғыдан іс-әрекет ұйымдастыру мен қылық қалыптастыру тәрбие процесінің өзегі ретінде қарастырылады. Аталған топтағы әдістердің бәрі тәрбиеленушілердің практикалық іс-әрекетіне негізделген. Мұндай іс-әрекетті басқару үшін педагог оны құрамды бөліктерге — нақты істер және қылықтарға жіктейді.