1000 алтын тұратын білім
Сократтың шәкірті болған философ Аристиппостың қасына бір кісі баласын ертіп келіпті. Философтың бала тәрбиесімен айналысып, оған білгендерін үйретуді сұрайды. ―Әрине‖ дейді философ, ―бірақ баланы шәкірттікке алғаным үшін 1000 алтын сұраймын!‖. Баланың әкесі шошып
―Немене?! Мың алтын ба?! Мың алтынға бір құл сатып алар едім!‖.
Аристиппос оған ―Иә, мың алтынға бір құл сатып алсаң болады. Бірақ, ол кезде үйіңде бір емес, екі құлың болмайды ма‖ деп жауап берген екен.