Ұқыптылық көрсеткіші
Исмаил Бухари Әз.Пайғамбардың хадистерін жинауға өмірін арнап, жаңа хадис есту немесе жазып алу үшін дала кезіп, апталап-айлап жол
жүрген кездері көп болатын. Бірде көп сахабалармен жүздескен бір кісі
туралы естиді. Әдеттегідей ұзақ жол жүріп жаңағы кісіні тауып алады. Үйіне жақындай бергенде, әлгі кісінің ноқтасын үзіп кеткен түйесін бос қаппен
алдап шақырып, ұстайын деп жүргенін көреді. Бухари ол кісіге жолықпай
кері қайтады.Неге бос қайтқанын, ең болмағанада бір-екі хадис жазып алмадың ба дегендерге былай деп жауап береді:
— Мен түйесін алдап ұстайтын адамның айтып беретін хадисіне сенбеймін.