Құрамайтын ағаш

Құрамайтын ағаш
Жаңадан құрылған бір отбасы. Үйленгендерінің алғашқы айларында ақ,
―үйлену оңай, үй болу қиын‖ екенің анық түсінгендей. Бір бірін жақсы
көрмейді емес, бірақ бұрынғыдай махаббат сезімдерін ашық айтуды былай қой, бір сөз немесе бір түкке тұрмайтын оқиға араларында үлкен бір ұрысқа себеп бола алады.

Бір күні бәрін бір жолата шешу ниетімен әңнімелесуге отырады. Екеуі де ажырасуды қаламаумен бірге, осындай қарым-қатынас одан ары бірге тұруды мүмкін қылмайтынын мойындайды.
Ер кісі, ―ойыма мынандай бір ой келді‖ дейді. ―Үй алдындағы
бақшамызға бір ағаш отырғызайық. Бұл ағаш 3 ай ішінде құрап кетсе – ажырасамыз! Егер де ағаш құрамаса, отбасымызды сақтау үшін қайта отырып әңгімелесеміз. Осы уақыт ішінде де бөлек бөлмелерде тұратын
боламыз.‖ Осындай ұсыныс қыздың да көңілінен шығады. Ертеңіне базарға барып жас алма ағашын сатып алады да, бірігіп сол ағашты отырғызады.
Бір ай өтіп, бір түні екі жас бақшада кездесіп қалады. Екеуінің де қолында су толған шелек…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *