Ыстық күні ораза

Ыстық күні ораза
Жаздың ыстық күнінде бір топ ауылдастар көрші ауылға жолға шығады. Белгілі бір уақыттан соң жақын жердегі өзен жағасына жайғасып, жүрек жалғамақшы болады. Араларында біреу ―аш жүргенді
дастарханымызға шақырып, оны тойдырып сауап жинайық‖ дегенді
ұсынады. Сол кезде өзеңнің арғы жағында демалып жатқан бір кедейді көреді. Осы аш болар деп, қасына барып оятады.
— Біздің дастарханымыздан ауыз тиіңіз. Бірге тамақтанайық, – десе, кедей:
— Жоқ, сендердің ұсынынғандарынан да ұтымды ұсыныс жасалынып, керемет жерге шақырылғанмын. – деп еш ойланбастан бас тартады.
Адамның кедей әрі үй-жайсыз екенін көріп тұрған жолаушылар ―Қай жерге шақырылдыңыз? Қандай ұсыныс ол?‖ деп таңдана сұрайды.
— Ол Аллаһтың ұсынысы мен шақыруы. Мен оразамын.
Жолаушылар осындай ыстық күнде қалайша ораза ұстайсың, қиын емес па деп таңдана сұрайды. Сондағы кедейдің жауабы:
— Иә, оразамын. Ақыреттің ыстығына шыдай алмай азап көргенше, ыстық күні ораза ұстағанды жөн көрем.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *