Ульштайнға қарасты газеттер

Ульштайнға қарасты газеттер:

  • “Берлинер цайтунг”
  • “Дойчес хайм”
  • “Берлинер гартенлаубе”
  • “Дойче уннон”
  • “Берлинер абендпост”
  • “Берлинер иллюстриерте цайтунг”
  • “Моргенпост – Нонес берлинер локальблатт”
  • “БЦ ам миттаг”
  • “Фоссише цайтунг”
  • “Моде вельт”
  • “Иллюстриерте фрауэнцайтунг”
  • “Дизес блат гекерт дер хауэзфрау”
  • “Практише берлиннерин”
  • “Ульштайн – шниттмустер”

Ульштайнның ең басты бәсекелесi – Авгут Гуго Фридрих Шерл болды (1849-1921ж.ж) 1880 ж. бастап әкесiнен мұра ретiнде қалған. “Иллюстрирте цайтунг” газетiн басқару Шерлге тиедi. Кейiннен Лейпцигтiк баспагер Генчпен бiрге бiрлесiп “Тэглихе Берлинер найихкайтен” (“Күнделiктi Берлиндiк жаңалықтар”) атты газет шығарды. Бiрақ, бұл газеттен ешқандай да түсiм болмағандықтан олар тағы да жаңадан Берлинге қоныстаған қала тұрғындары үшiн арнайы “Нью-берлинер” (“Жаңа берлиндiк “) атты “Чикаго денли трибюн” типтес газет шығарды. 1883ж. бастап Шерлдiң өмiрiнде алуан түрлi өзгерiстер бола бастады. Сол жылы Шерл Клара деген әпкесiмен бiрлесiп жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк құрады, көптеген жылдар бойы арман еткен идеясы жүзеге асып, “Берлинер локальанцайгер” атты жаңа газет шығады. Газеттiң басқа газеттерден айырмашылығы – барлық, жан-жақтан келiп жатқан, әлемдiк жаңалықтарды телеграфтан алып жариялап отырды. Газеттердiң өтуiн ойлап, Шерл газет тарататын екi мың адам жалдап, айлық бағасын еш өзгертпестей – 10 пфеннинг етiп қалдырды. 1885ж. “Берлинер локаль – Анцайгердiң” тираждық көрсеткiшi 150 мың данаға жетедi. Бастапқы уақытта Шерлдi ешкiмде мойынсынбай, мән берiп, санаспайтын едi. Бiрақ, ол өзiнiң әсерiн әр әлеуметтiк топқа, атап айтқанда, әйелдерге арнайы соңы жазылу науқасына дейiн бiтпейтiн романдар жариялауды машыққа айналдырып алады. 1888ж. 15 маусымда “Берлинер Ллокал анцайгер” Фридрих Хайзердiң өлiмi туралы хабарлаған газеттердiң бiрi болып, барлық бәсекелестерiне асық болып шығады. Әрине, бұл газеттiң қаржылық жағына оңды әсерiн тигiзгенi белгiлi. Шерлге нағыз атақ пен байланысты 1895 жылғы 3 сәуiрде ең бiрiншi Берлиндiк мекен -жайы кiтабын 30 мың данамен  (шығарды) шығарылған “Берлинер адресс бух глебх” (“Берлиндiк мекен-жай кiтабы”) атты фирма дүниеге келдi. Шерлге қарасты сол кезде шығып тұрған газеттер:

  • “Иллюстриерте цайтунг”
  • “Теглихе Берлинер Нойхкайтен”
  • “Нью Берлинер”
  • “Берлинер локал-анцайгер”
  • “Берлинер Абденц цайтунг”

“Найсте Берлинер Хангельс” – “унд Берзеннахрихтен”  (Берлиндiк сауда және биржалық  жаңалықтар таратады).

— “Ди Вохе”  (Апта)

—   “ Дер Таг”  (күн)

Қарапайым, ұсақ баспагерден үлкен концерн иесiне дейiн көтерiлген Шерлдiң еңбегi мұнда аз болған жоқ. Германияда ең алуан баспагерлердiң (қатарына) кейiннен үлкен, алып ақпараттың концерн иелерiне айналған К.Ф.Фосс, В.Г.Корн, Ф.И.Бертуха, Й.К.Ф.Шпенглердi айтпай кетпеске болмас. Бұлардың  әрқайсысы өз iсiнде iз қалдырған қарапайымнан күрделiге ауысқан жандар.  Өз заманында теңдесi жоқ iскер азаматтар болып, баспасөз тарихында жаңа жол салған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *