Тұзды су
Бір кездері өз ісінің шеберлері шәкірттеріне бір кәсіпті үйретіп қана қоймай, оларға өмірлік сабақтар беріп, шын мәнінде ұстаз бола алатын.
Осындай өмір ұстазы бола алған ұста болған екен. Жыл сайын ұстаның шәкірттері кәсіпті үйреніп өз істерін ашып табысты болатын. Бір күні
ұстаның достарынан біреу ұлын ертіп келіп, ұстаға шәкірт етіп тастайды. Жаңа шәкірт ешбір нәрсеге көңілі толмайтын, жылаңқы біреу екен. Ағашқа жіберсең, қолдарына батқан шөгірді айтып қыңқылдайды. Бір жұмыспен
қалаға шықса, қайтқанға дейін жолдың қандай жаман болғанын, күннің қандай ыстық болғанын, алушының қандай қырсық болғанын айтып,
тағдырына зарлап қайтатын. Ұста қанша шағынданба десе де, шәкірт осы бір әдетін тастамайтын.
Содан бір күні ұста шәкіртті тұз алуға жібереді. Бір уыс тұзды бір кесе суға салып жіберіп ―осыны іш‖ дейді ұста. Шәкірт тұзды суды ұрттап, іше
алмай түкіріп жібереді. Ұста ―су қандай екен‖ деп сұрайды шәкіртінен. Шәкірт ―өте тұзды!‖ дейді. Мұны естіген ұста ―тұзды ал да, менімен жүр‖ дейді. Шәкірт тұзды алып, ұстаның артынан барады. Көлдің жағалауына
келіп, ұста бір уыс тұзды алып көлге төгеді. Бұл жолы да шәкіртіне ―көлдің суын ұртта да маған дәмі қандай болғанын айт‖ дейді ұста. Шәкірт көлдің суынан ішіп, ―өте дәмді!‖ дейді. Ұста ―тұздың дәмін сездің ба?‖ деп сұраса, шәкірті түк сезбегенін айтады. Сол кезде ұста шәкіртіне қарап былай дейді:
Өмірдегі жайсыз жағдайлардың барлығы бір уыс тұз секілді. Егер сен бір кеседей ғана су болсаң, су ішкендегідей барлық ащылықты татып, өміріңе кері әсер етесің. Егер де мейірімің мен көңілің көлдей кең болса, өміріңде кездесетін жайсыздықтардың ешбірі, бір уыс судың бір көлге әсер
етпегендей, өміріңе ащылығын сездірмейді.