Түсінгенім…
Түсінгенім…, ешкімге қинап өзіңді жақсы көргізе алмайсың. ұнатылатын адам боласың да, қалғаның өздері біледі
Түсінгенім…, сенімге кіру үшін жылдар керек, сенімден шығу бір-ақ минут.
Түсінгенім…, өмірде қолда не бары емес, қасында кімнің болғаны маңызды.
Түсінгенім…, өзіңді ең жақсылармен салыстыру емес, ең жақсы өзіңмен салыстыру нәтиже береді.
Түсінгенім…, адамның басына не келгені емес, сол жағдайда не істегені маңызды.
Түсінгенім…, сөз қайтару, ойлап сөйлеуден жеңіл.
Түсінгенім…, жақындармен жақсы қоштасу керек соңғы кездесудің қайсысы екені белгісіз.
Түсінгенім…, егер сезімдеріңді басқара алмасаң сезімдерің өміріңді басқарады.
Түсінгенім…, кейбір адамдар қатты жақсы көрсе де сезімдерін қалай көрсету керегін білмейді
Түсінгенім…, екі адам бір нәрсеге қарап екі түрлі нәрсе көруі мүмкін.
Түсінгенім…, жақыныңды ренжітпеу мен көзқарасыңа берік болу арасындағы сызықты табу қиын.
Түсінгенім…, ең жақын достарың да ренжітуі мүмкін. оларды кешіребілу керек.
Түсінгенім…, кейде біреуді кешіру жеткіліксіз. өзіңді де кешіре білу керек.
Түсінгенім…, жүрегің қанша жылап сыздаса да дүние сен үшін тоқтап қалмайды.